06 Шикі мұнай және табиғи газ өндіру
Бұл бөлімге шикі мұнай, соның ішінде битуминоздық тақтатастардан және битуминоздық құмнан шикі мұнай өндіру, табиғи газды және сұйық көмірсутектерді өндіру кіреді. Бұл бөлімге бар мұнай-газ кен орындарын пайдалану және/немесе жаңа учаскелерін игеру жөніндегі қызмет: бұрғылау, бұрғылау мұнараларын және жабдықтарын монтаждау; сеператорлардың жұмысын қамтамасыз ету, эмульсияны қабатсыздандыруға арналған жабдықтар, тазалайтын жабдықтар және және шикі мұнайды жинауға арналған жабдық; сондай-ақ мұнай немесе газды және кен орнынан тиеу орнына жеткізілгенге дейін өңдеу жөніндегі басқа да қызмет түрлері кіреді
Бұл бөлімге:
- мұнай мен газды сыйақыға немесе шарт негізде өндіру жөніндегі қызметтерді ұсыну, (09.10.0 қараңыз)
- мұнай мен газ кен орындарында іздестіру-барлау жұмыстары, (09.10.0 қараңыз)
- барлау мақсатымен бұрғылау, (09.10.0 қараңыз)
- мұнай өнімдерін тазалау (қайта өңдеу), (19.20.1 қараңыз)
- геофизикалық, геологиялық және сейсмикалық зерттеулер кірмейді, (71.12.2 қараңыз)
06.1 Шикі мұнайды өндіру
06.10 Шикі мұнайды өндіру
06.10.0 Шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- шикі мұнайды өндіру
- битуминоздық немесе мұнай тақтатасын және битуминоздық құмды өндіру
- битуминоздық немесе мұнай тақтатасынан және битуминоздық құмнан шикі мұнайды өндіру
- шикі мұнайды алу процестері: қалқымалау, сусыздандыру, тұзсыздандыру, тұрақтандыру және т.б. кіреді
Бұл ішкі класқа:
- мұнайды және табиғи газды өндіруге ықпал ететін сыйақыға немесе шарт негізінде көрсетілетін қызметтерді ұсыну, (09.10.0 қараңыз)
- мұнай мен газ кенорындарын барлау, (09.10.0 қараңыз)
- тазартылған мұнай өнімдерін өндіру, (19.20.1 қараңыз)
- мұнайды қайта айдау процесі кезінде сұйылтылған мұнай газын айырып алу, (19.20.1 қараңыз)
- құбыржолдарын пайдалану кірмейді, (49.50.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |