10.12 Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу
10.12.0 Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу
Бұл ішкі класқа:
- қасапханаларда ауылшаруашылығы құсын сою, етін ұшаларға бөлу және өлшеп орау
- бөліктерге бөлінген жас, мұздатылған немесе тоңазытылған ауылшаруашылығы құсының етін өндіру
- ауылшаруашылығы құсының тоң-майын қорыту кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- кесілген қауырсынды және мамықты өндіру кіреді
Бұл класқа:
- етті қаптамаға орау кірмейді, (82.92.0 қараңыз)
10.13 Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру
10.13.0 Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру
Бұл ішкі класқа:
- кептірілген, тұздалған немесе ысталған етті өндіру
- ет өнімдерін: сосискалар, салы, шұжық өнімдерін, қызыл шұжық, сүрленген құрғақ шұжық, сервелат, болон ысталған шұжығы, паштеттерді, орамалар, пісірілген сан етін, етті және құрамында ет бар (ет өсімдікті) консервілерді өндіру
- тартылған етті және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда, етті және құрамында ет бар шикізаттарды өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- өңделген тоңазытылған етті және ауылшаруашылық құсының етін өндіру, (10.85.0 қараңыз)
- еті бар сорпаларды өнімдерді өндіру, (10.89.1 қараңыз)
- етті көтерме саудада сату, (46.32.0 қараңыз)
- етті қаптамаға орау кірмейді, (82.92.0 қараңыз)
10.2 Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу
10.20 Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу
10.20.0 Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу
Бұл ішкі класқа:
- балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу: тоңазыту, мұздату, кептіру, өңдеу, ыстау, тұздау, қақтау, тұздық құю, консервілеу және т.б.
- балықтан, шаян тәрізділерден және моллюскалардан өнім өндіру: балықтың сүбе еті, молок, уылдырық, уылдырықты алмастырушыны және т.б. өндіру
- адамдардың тамаққа пайдалануы үшін немесе жануарлар азығы үшін балық өнімдерін өндіру
- балықтан және адамдардың тамаққа пайдалануына жарамсыз өзге де жануарлар түрлерінен ұн, ұнтақ және түйіршік өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сонымен қатар:
- балықты қайта өңдеумен және консервілеумен айналысатын кемелердің қызмет
- теңіз балдырларын қайта өңдеу кіреді
Бұл ішкі класқа:
- балық аулауға арналған кемелерде балық өңдеу және консервілеу, (03.11.0 қараңыз)
- жер бетінде немесе мамандандырылған кемелерде киттерді өңдеу, (10.11.0 қараңыз)
- балық майын және теңіз сүтқоректілерінің тоң майын өндіру, (10.41 қараңыз)
- балықтан дайын тоңазытылған тамақ өндіру, (10.85.0 қараңыз)
- балық сорпаларын жасау кірмейді, (10.89.1 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |