10 Тамақ өнімдерін өндіру
Бұл бөлімге тамақ өнімдерін, жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру үшін ауыл, орман және балық шаруашылықтарының өнімін қайта өңдеу кіреді, сондай-ақ жартылай фабрикаттарды өндіру кіреді. Осы қызмет көбінесе белгілі осындай немесе басқаша дәрежеде көлемі үлкен немесе кіші жанама өнімді (мысалы, мал сою процесінде алынатын терілер мен былғарылар, немесе май өндірісінен алынған күнжара) өндірумен байланысты.
Бұл бөлім өндірілген өнім түрі бойынша аса ұсақ топтама: ет, балық, жемістер мен көкөністер, майлар мен тоң майлар, ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін, жануарларға арналған жемдерді, сусындарды, темекі өнімдері мен өзге де тамақ өнімдерін қайта өңдеу және өндіруге бөлінген. Өндіріс жеке қажеттіліктері үшін, сондай-ақ үшінші тараптар үшін, мысалы малды сойған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
Өнімді өндіретін (наубайхана, кондитерлік және т.б.) және оны өндіріс орнында кәсіпорын қызметі сататын, өңдеу өнеркәсібіне кіреді. Алайда, егер бастапқы өнімдердің анық өзгеруіне әкелмесе және өнімнің өңдеу аз болса, онда кәсіпорындар G-секциясына кіреді.
Өндіру орындарында тез арада пайдалану үшін тамақ өнімдерін дайындау «Тамақ өнімдерімен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету» 56-бөлімде жіктеледі.
Малды сою кезіндегі қалдықтардан алынатын жануарларға арналған дайын азықты немесе қосалқы өнімдерді өндіру 10.9-тобында жіктелген. Тамақ өнімдерін және сусындарды өндіруден шығатын қалдықтарды қайталама шикізатқа қайта өңдеу 38.3-топта және тамақ өнімдерінен және сусындардан қалдықтарды жою 38.21.0 ішкі класында жіктелген.
10.1 Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру
10.11 Етті қайта өңдеу және консервілеу
10.11.0 Етті қайта өңдеу және консервілеу
Бұл ішкі класқа:
- қасапханаларда мал сою, ұшаларды бөлу немесе ірі қара малдың етін, шошқа етін, қой етін, жылқы етін, қоян етін, түйе етін және басқа да мал етін өлшеп-орау
- жас, мұздатылған немесе тоңазытылған етті ұша түрінде өндіру
- шабылған ет кесектеріне бөлінген жас, мұздатылған немесе тоңазытылған етті өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сонымен қатар:
- киттерді сою және құрғақ жерде немесе мамандандырылған кемелерде қайта өңдеу
- үлбір терілерді қоса алғанда, қасапханалардан алынатын теріні және былғарыны өндіру
- жануарлардан алынған тағамдық тоң майларды қорыту
- жануарлардың ішек-қарын субөнімдерін қайта өңдеу
- түйілген жүнді өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- ауылшаруашылығы құсының майын қорыту, (10.12.0 қараңыз)
- етті қаптамаға орау кірмейді, (82.92.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |