20.5 Өзге де химиялық өнімдер өндіру
Бұл бөлімге басқа топтамаларға енгізілмеген жарылғыш және пиротехникалық заттар, желімдер, эфир майлары мен химиялық өнім, мысалы, фотографияларға арналған химиялық өнімдер (пленканы және жарыққа сезімтал қағазды қоса), түрлі реактивтер және т.б. өндіру кіреді.
20.51 Жарылғыш заттар өндіру
20.51.1 Жарылғыш заттар және өзге де пиротехникалық бұйымдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- лақтыратын жарылғыш заттар өндіру
- жарғыштар, тұтатқыштар, дабыл беру жарқылдарын және т.б. қоса алғанда, жарылғыш және пиротехникалық заттар өндіру кіреді
20.51.2 Сіріңке өндіру
Бұл ішкі класқа:
- сіріңке өндіру кіреді
20.52 Желім өндіру
20.52.0 Желім өндіру
Бұл ішкі класқа:
- резеңке негізіндегі желімдеу заттарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу заттарын өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- желатин және оның негізінде жасалған өнімдер өндіру кірмейді, (20.59.2 қараңыз)
20.53 Эфир майларын өндіру
20.53.0 Эфир майларын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- табиғи хош иісті өнімдерден сығындылар өндіру
- шайырлы заттар өндіру
- әтірлер немесе тамақ өнімдерін өндіру үшін ароматталған қоспалар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- синтетикалық хош иісті өнімдер өндіру, (20.14.9 қараңыз)
- косметикалық және парфюмерлік құралдар өндіру кірмейді, (20.42.0 қараңыз)
20.59 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де химиялық өнімдер өндіру
20.59.1 Фотоматериалдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- фотографиялық пластиналар, фотоүлдірлер, фотографияларды басып шығаруға арналған қағаздар және фотографияны айқындауға арналған өзге де материалдар өндіру
- фотографияда пайдалануға арналған химиялық препараттар өндіру кіреді
20.59.2 Желатин өндіру
Бұл ішкі класқа:
- желатин және оның негізінде жасалған өнімдер өндіру кіреді
20.59.3 Тоқыма бұйымдарын мен былғарыны өңдеу үшін пайдаланылатын заттар мен препараттар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- тоқыма бұйымдары мен былғарыны түпкілікті өңдеу үшін пайдаланылатын заттар мен препараттар өндіру кіреді
20.59.4 Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелер, наноталшықтар және басқа көміртекті наноматериалдар өндіру
20.59.9 Басқа химиялық өнімдер өндіру
Бұл ішкі класқа:
- түрлі химиялық өнімдер: пептондар және олардың туындыларын, басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де ақуыз қосылыстарын және олардың туындыларын; химиялық түрлендірілген майлар мен тоңмайлар; жұмсақ жабыстырғышпен ысытып жабыстыру, қатты жабыстырғышпен ысытып жабыстыру кезінде немесе дәнекерлегенде қолданылатын ұнтақтар мен пасталар; металл өңдеуде қолданылатын заттар; цемент дайындауға арналған дайын қоспалар; белсендірілген көмір, майлайтын майларға арналған кірікпелер, каучукты вулкандаудың дайын үдеткіштері, резеңке катализаторлар және өнеркәсіптік мақсаттағы өзге де химиялық өнімдер; антифриздер; гидравликалық берілістің дүмпібасқылар жұмыс сұйықтықтар; диагностикалық құрамдар немесе зертханалық реагенттер өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- сия және туш өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- белгілі химиялық құрамы бар өнімдерді өндіру, (20.13.0, 20.14 қараңыз)
- тазартылған су өндіру, (20.13.0 қараңыз)
- өзге негізгі органикалық химиялық заттар өндіру, (20.14 қараңыз)
- баспаханалық бояу өндіру, (20.30.1 қараңыз)
- асфальт негіздегі байланыстырғыш заттар өндіру кірмейді, (23.99.5 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |