Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Саланың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерi мен қауiп-қатерлердi талдау



бет2/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148099
1   2   3   4   5   6

3.2 Саланың күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерi мен қауiп-қатерлердi талдау

      Қазақстанда машина жасауды одан әрi дамыту стратегиясын дамыту мен айқындауды объективтi талдау үшiн оның күштi және әлсiз жақтарын, сондай-ақ қолда бар мүмкiндiктер мен қауiп-қатерлердi нақты айқындау қажет.


      Төменде келтiрiлген 6-кестеде Қазақстандағы машина жасаудың негiзгi күштi және әлсiз жақтары, мүмкiндiктерi мен қауiп-қатерлер ұсынылған. Одан арғы шараларды айқындау үшiн келеңсiз факторларды жою, қауiп-қатерлердiң алдын алу және сонымен бiрге оң факторларды күшейту, мүмкiндiктердi пайдалану қажет.

6-кесте. Машина жасау жағдайын SWОТ - талдау



Күштi жақтары:
1. Iшкi сұраныстың бiрiншi кезекте жанама салалар тарапынан артуы.
2. Көлiктiк және энергетикалық инфрақұрылымның негiзгi өндiрiстiк кластерде болуы.
3. Iрi кәсiпорындарда өндiрiстiк инфрақұрылымның болуы.
4. Қолда бар машина жасау кәсiпорындары.

Әлсiз жақтары:
1. Iшкi нарықтың тiптi болашақта да салыстырмалы кiшi көлемi.
2. Бiлiктi кадрлар тапшылығы, соның iшiнде мамандардың шет елге кетуi.
3. Қазақстанның машина жасау өнiмiнiң бәсеке қабiлеттiгi деңгейiнiң төмендiгi (негiзгi қорлар тозуының жоғары болуы, қуаттардың төмен жүктемесi себебiнен және т.б.).

Мүмкiндiктерi:
1. Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Кеден одағына кiруiне байланысты нарықтың кеңеюi.
2. Белгiлi бiр сегменттерде және тауашаларда технологиялық көшбасылар болып табылатын АҚШ және Еуропа компанияларымен бiрлескен кәсiпорындар құру есебiнен технологиялар трансфертi (дағдарыс мүмкiндiктерiн қолдана отырып).
3. Елдiң iшкi және халықаралық кооперацияларының дамуы, соның iшiнде әлемдегi iрi шикiзат және төменгi шектегi компоненттi базаларды жеткiзушiлер ретiнде Ресей және Қытайға жақындықты 1 пайдалану.

Қауiп-қатерлер:
1. Шикiзат тауарларына баға мен сұраныстың және өз кезегiнде Қазақстанның машина жасау өнiмiне iшкi сұраныстың қысқаруына әкелетiн әлемдiк дағдарыс ұзақтығының сипаттамасы.
2. Басқа елдердiң машина жасау кәсiпорындары тарапынан бәсекелестiк.
3. Бiлiктi кадрлардың жас шамасының ұлғаюы.

3.3 Машина жасаудың басым сегменттерiн айқындау және талдау

      Жүргiзiлген талдаудың негiзiнде бiрiншi және екiншi басымдығына жататын машина жасау сегменттерi айқындалды.


      Бiрiншi басымдықтың сегменттерi жоғары тартымдылығымен және iске асырылатындығымен ерекшеленедi (2-сурет).
      Екiншi басымдық сегменттерiнiң не жоғарғы тартымдылығы бар, бiрақ салыстырмалы түрде iске асырылуы төмен, не iске асырылуы жоғарғы, бiрақ тартымдылығы орташа.
      Мынадай Қазақстан Республикасының машина жасау сегменттерi бiрiншi басымдыққа жатады:
      мұнай-газ өнеркәсiбi үшiн машина жасау;
      тау-кен және металлургия өнеркәсiбi үшiн машина жасау;
      темiр жол машиналарын жасау;
      ауыл шаруашылығы машиналарын жасау;
      электр жабдықтарын өндiру.

      2-сурет. Қазақстан Республикасында машина жасаудың басым сегменттерiн таңдау матрицасы.

       Бұл сегменттер iшкi сұраныстың едәуiр деңгейiмен, экспорт мүмкiндiгiмен (көбiнесе ТМД-да), қазiргi өндiрiстiк базаның болуымен, қалыпты тәуекелмен және бәсекелестiкпен ерекшеленедi.
      Екiншi басымдыққа мынадай сегменттер жатады:
      антомобиль өнеркәсiбi;
      құрылыс техникасы;
      станок жасау;
      тұрмыстық техникалар өндiрiсi;
      компопенттiк база.
      Бұл сегменттер белсендi мемлекеттiк қолдау кезiнде саланың айтарлықтай өсуiн қамтамасыз етуi де мүмкiн. Тартымды, бiрақ күрделi iске асырылатын сегменттер кезiнде (бiрiншi кезекте, автомобиль өнеркәсiбi, станок жасау, тұрмыстық техника өндiрiсi) кiруге тосқауылдарды жеңуде, өндiрiстi ұйымдастыруда (мүмкiн бiрлескен) және одан әрi бәсекелестiктi арттыруға жәрдемдесу қажет. «Компоненттiк база өндiрiсi» сегментiне бiрiншi кезекте, экспортты қолдау және қолда бар өндiрiстi ұлғайту талап етiледi.

3.3.1 Мұнай-газ машиналарын жасау

      Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту басымдығы мұнай-газ секторы машина жасау өндiрiсiнiң iрi тұтынушысы болып табылуына негiзделген.


      2008 жылы Қазақстан Республикасының нарық көлемi 168 млрд. теңгенi құрады, оның 12 %-ын отандық өнiмдi сату құрады. Қалған мұнай-газ жабдықтарына қажеттiлiктi импорт қанағаттандырды, оның көлемi 2008 жылы 150 млрд. дерлiк теңгенi құрады.
      Қазақстан кәсiпорындары бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай мен газды өндiру, дайындау, тасымалдау, өңдеу үшiн әртүрлi күрделi жабдықтарды шығаруды iске асырады, бұл теңiз платформалары өндiрiсiн игеруге мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасында 2008 жылы 250 астам атаулы мұнай-газ машиналарын және олардың бөлшектерiн жасау ойдағыдай игерiлдi, олардың көбi әлемдiк стандарт бойынша өндiрiледi.
      Осы сегменттiң басымдығы мұнай-газ жабдықтарына сұраныс бiрiншi кезекте Қазақстандағы мынадай негiзгi кен орындарында мұнай өндiру көлемiнiң ұлғаюына негiзделген: Теңiз, Қарашығанақ және Қашаған. Өндiрушi iрi компаниялардың жоспарына сәйкес 2020 жылға мұнай өндiру көлемi 2,4 есе ұлғаяды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында Каспий қайраңында жаңа iрi кен орындарын игеру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
      Сұраныстың жоғарлауының екiншi маңызды факторы технологиялық артта қалудың және мұнай өңдеу өнеркәсiбi қуатының тозуы, сондай-ақ мұнай және газ құбырларының тозуы болып табылады. Қазақстан Республикасында мұнай және газ құбырлары жалпы ұзындығының 80 %-ы 20-30 жылдан астам жөндеусiз пайдаланылуда.

7-кесте. Қазақстан Республикасында мұнай-газ машина жасау өнiмi өндiрiсi



Көрсеткiш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Сұйықты қайта айдауға арналған ортадан тепкшi сорғы; өзге сорғылар; сұйық көтергiштер, дана

7115

5758

7773

10253

12900

Мұнай-газ өңдеу жабдықтары, млн.теңге

535

366

133

148

398

Мұнай кәсiпшiлiк жабдықтары, млн.теңге

1547

1434

1902

1386

1452

      7-кесте деректерiне сәйкес республикада сорғылар және көтергiштер өндiрiсiнiң өсуi байқалады (2009 жылы өсу қарқыны 2005 жылмен салыстырғанда 181 %-ды құрады). 2008 жылға дейiн өнiмнiң мына түрлерi бойынша өндiрiстiң төмендеуi байқалды: мұнай кәсiпшiлiгi жабдықтары және мұнай-газ өңдеу жабдықтары, бiрақ 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өсуi өнiм түрлерi бойынша өсу байқалады: мұнай-газ өңдеу - жабдықтары 2,7 есеге дейiн, ал мұнай кәсiпшiлiгi жабдықтары 4,8 %-ға өстi.

3.3.2 Тау-кен металлургиясы машиналарын жасау

      Әсiресе 2008 жылдың соңына дейiн шикiзаттық өрiс кезеңiнде Қазақстан Республикасында көмiр, кендер мен металлургия өндiрудi белсендi даму нәтижесiнде тау-кен металлургиялық машина жасау саланың тез өсетiн сегменттерiнiң бiрi болып табылады.


      Машина жасау өнiмiне iшкi сұраныс көлемi Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсiбi мен металлургиясы үшiн 2008 жылы 145 млрд. теңгенi құрады. Сұраныстың елеулi бөлiгi машина жасау өнiмiнiң импорты есебiнен қанағаттандырылып, iшкi өндiрiс көлемi 27 млрд. теңгенi құрады (сұраныстың 18 %-ы).
      Импорт алмастыруға бағытталған мемлекеттiк саясат 2008 жылдары Қазақстан Республикасының өзiндiк өндiрiсiнiң iшкi сұраныс үлесiн өсiруге ынталандырды, ол 2006 жылы 2 есеге дейiн өсiп, 16 % құрады (2006 жылы 8 %). Одан әрi мемлекеттiк қолдау көрсету және салада ннжинирингтiк қызмет пен технологиялар трансфертiн дамыту кезiнде iшкi өндiрiс iшкi сұранысты 2014 жылға қарай 30 %-ға дейiн қанағаттандыруы мүмкiн
      Тау-кен шахталары жабдығы зауыттарының жай-күйiне жүргiзiлген  талдау олардың бiрқатары бұрын шығарған номенклатураларды қалпына келтiруге немесе жаңа өндiрiстi ұйымдастыруға қабiлеттi екенiн көрсетедi.
      Тау-кен металлургиясы машиналарын жасауда отандық өнiмi iшiнде барынша перспективалық салалар: өздiгiнен жүретiн бұрғылау және тиеу-көлiк жабдығы, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, редукторлар, таспалық конвейерлер, прокат жабдығының ауқымды номенклатурасы, қосалқы бөлшектер өндiрiсi және т.б. болып табылады.
      Қазақстан Республикасында тау-кен және металлургиялық машина жасау өнiмiне сұраныс көлемi орташа жылдық серпiнмен 7 % өседi деп болжанып отыр.
      Сегмент өнiмiне сұраныстың өсуiнiң негiзгi факторлары мыналар болып табылады:
      пайдалы қазбалар көлемi мен болат және басқа да қорытпалары көлемiнiң ұлғаюы;
      тау-кен металлургия секторының негiзгi қорларын жаңарту қажеттiлiгi.

8-кесте. Тау-кен металлургия машиналарын жасау өнiмi өндiрiсi



Көрсеткiш атауы

Өлшем бiрлiгi

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiне арналған машиналар

дана

184

480

430

372

341

Пайдалы қазбаларды өндiруге және құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтар өндiрiсi

млн. теңге

9 168,0

11 233,1

21 201,4

27 948,2

25401,8

Металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндiрiсi

млн. теңге

7 548,7

7 763,4

11 180,8

14 657,2

12 054,6

Көтеру көлiктiк жабдықтары өндiрiсi

млн. теңге

3 625,6

4 131,3

5 397,8

6 785,6

7866,0

      Келтiрiлген 8-кесте деректерi бойынша өнiмнiң мына түрлерi бойынша өндiрiстiң төмендеуi байқалады: тау-кен өндiру өнеркәсiбiне арналған машиналар (2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға төмендедi), машина және пайдалы қазбаларды өндiруге және құрылыс өндiрiсi (9 %-ға), металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндiрiсi (17,7 %-ға).

3.3.3 Темiр жол машиналарын жасау

      Әлемдiк машина жасау өндiрiсiнiң жалпы көлемiнде темiр жол машинасын жасаудың үлесi аз - 1 % қамтиды. Осыған қарамастан, темiр жол машиналарын және жабдықтарын сату өсiмiнiң серпiнi орта есеппен жылына 23 %-ды құрады - бұл саладағы ең жоғарғы көрсеткiштердiң бiрi болып табылады.


      Қазақстандағы жалпы локомотив паркi - 1 689 локомотивтi, оның iшiнде, 578,5 электровозды, 1 110,5 тепловоз және 29 паровозды құрайды. Пайдалану паркi 1220 бiрлiктi (78 %-ы мүкәммалдық).
      2009 жылы Қазақстан Республикасының жалпы жүк вагондары паркi 94 348 бiрлiктi құрады, оның iшiнде 59 381 бiрлiгi (63 %) мүкәммалдық, ал 34 967 бiрлiгi (37 %) - жекеменшiк болып табылады. Пайдаланатын парктiң жалпы мүкәммал вагондар санындағы үлесi 75 % (44 563 бiрлiктi) құрайды. Жүк вагондарының қызмет мерзiмi және техникалық жағдайы бойынша iстен шығуы жаңару және мүкәммал паркiн толықтырудан айтарлықтай озық болып отыр.
      Қазақстан Республикасының темiр жол машиналарын жасау өнiмiне iшкi сұранысты жүк вагондары мен локомотивтердiң негiзi тұтынушысы — «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - «ҚТЖ» ҰК АҚ) қалыптастырады. Компанияның жоспарына сәйкес 2014 жылға дейiн жыл сайын шамамен 1,4 - 5,2 мың вагон және 100 локомотив сатып алынады, сондай-ақ қолда бар вагондар мен локомотивтер паркiне күрделi жөндеу жүргiзiледi. Темiр жол машиналарын жасау өнiмiне сұраныстың өсуiне негiз болатын негiзгi факторлар жүк айналымының өсуi мен темiр жол техникасы паркi тозуының жоғарылығы болып табылады.
      Экономика үшiн көлiк түрi ретiндегi темiр жолдың жоғары маңызы (жүк тасымалының 60 %-ы, жолаушылар тасымалының 50 %-ы темiр жол арқылы жүредi) экономиканың жоспарланып отырған өсiмiмен бiрiге жүк тасмалының өсуiне алып келедi (темiр жол жүк тасымалы өсуiнiң орташа жылдық болжамы 2008 - 2014 жылдар аралығында жылына - 4 %-ды құрайды).
      Сұраныстың өсуiне әсер ететiн басқа маңызды фактор жұмыс iстеп  тұрған техника паркi тозуының жоғары болуы болып табылады. Қазақстанда пайдаланылатын тепловоздардың орташа тозуы 75 %-дан асады, жолаушылар вагондарының сындарлы тозу шегiнiң 70 %-ынан асады.
      Қазақстандағы жиынтық импорт 2008 жылы 97,7 млрд. теңге сомасына шамамен 5,5 мың әр түрлi үлгiдегi жүк вагондарын құрады (шамамен 45 %-ы цистерналарға тиесiлi), бұл импортты-алмастыратын өндiрiстер құруға маңызды әлеует қалыптастырады.
      Жоспарға сәйкес «ҚТЖ» ҰК АҚ отандық тауар өндiрушiлер игеретiн темiр жол өнiмiнiң номенклатурасын 2 мыңнан 5 мың атауға дейiн ұлғайтуды және отандық тауар өндiрушiлерден машина жасау өнiмiн сатып алудың көлемiн он есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

3.3.4 Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау

      Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығының көлемi 2008 жылы 127 млрд. теңгенi, тұрақты бағалардағы өсiм қарқыны - 6,6 %-ды құрады. Бұл ретте сұраныстың 90 %-ы импорттық техника жеткiзiлiмдерiнiң есебiнен қанағаттандырылды. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнiмi экспортының көлемi 2008 жылы  шамамен 2 млрд. теңгенi құрады.


      Қазақстан Республикасындағы тракторлар паркi 137 мың бiрлiктi, астық жинау комбайндары - 45 мың машинаны, дән себетiн машина - 91 мың бiрлiктi, егiн оратын машина - 15 мыңды құрады. 2001 - 2007 жылдардағы техниканы жаңғыртудың жылдық орташа қарқыны 0,8 - 3,2 %-ды құрады, бұл 10 - 12 жылға машиналардың орташа қызмет көрсету мезгiлiне шарттасқан оңтайлы деңгейiнен 8-10 %-ға төмен. Жаңартудың төмен қарқыны техникалар тозуының жоғары болуына алып келдi: Қазақстан Республикасында машиналардың шамамен 85 %-ы амортизациялау мерзiмiнен тыс пайдаланылады. Мәселен, комбайнның қызмет көрсету мерзiмi 8-10 жылдан аспайтын болғанымен, комбайндар паркiнiң 70 %-ы 16 жылдан астам мерзiм бойы пайдаланады. Барлық қолда бар
машиналардың iшiнде тракторлардың 74 %-ы, астық жинайтын комбайндардың 60 %-ы, егiн оратын машиналардың 71 %-ы және егiн себетiн машиналардың 77 %-ы есептен шығарып алуға жатады.
      Тозудың жоғары болуынан басқа болашақта сұраныс ауыл шаруашылығы машиналарымен қамтамасыз етудi арттыру қажеттiлiгiне байланысты болады. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында астықты алқаптың 1000 га жерiне - 4, ал Канадада - 9, Италияда - 17, Германияда - 20 комбайн келедi. Машинамен жеткiлiксiз қамтамасыз ету агротехникалық операцияларды (жер жырту, егiн жинау және т.б.) орындау уақытын ұлғайтуға алып келедi, бұл нәтижесiнде егiннiң сапасын төмендетедi.
      Қазақстанның трактор паркiнiң құрылымында жалпы мақсаттағы тракторлардың шамамен үштен екiсiн: «Кировец» типi 5 тарту класының, Т-150К 3 тарту класының дөңгелектi тракторлары, шынжыр табанды тракторлардың үштен бiрi Т-4А, Т-95.4 4 тарту класының және ДТ-75М 3 тарту класының тракторлары құрайды. Қазақстан Республикасының шаруа қожалықтарында 65 мыңнан астам МТЗ-80/82, ЮМЗ-8040.2 1,4 тарту класының дөңгелектi тракторлары пайдаланылады.

9-кесте. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнiмiн өндiру



Көрсеткiш атауы

Өлшем бiрлiгi

2005

2006

2007

2008

2009

Ауыл шаруашылығы тракторлары өндiрiсi

млн теңге

2 240,9

2 433,0

3 246,8

5 532

4 686,1

Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндiрiсi

млн. теңге

4 329,6

4 243,6

8 853,2

12 198,6

12 112,8

Қатарлық жатқалар

дана

338

222

259

367

188

      Ауыл шаруашылығы тауарлары (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсiм қарқыны 209 %-ды, ал 2008 жылмен салыстырғанда 84,7 %-ды құрады), ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсiм қарқыны 280 %-ды ал 2008 жылмен салыстырғанда 99,3 %-ды құрады) өндiрiсiнде тепе-тең емес серпiн байқалады, қатарлық жаткалар өндiрiсi 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге қысқарды (9-кесте).
      Қазақстанның ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығын қазiргi кезде түгелге дерлiктей импорт өнiмдерi иеленедi. Отандық өндiрушiлер барынша басым үлеске ауыл шаруашылығы машиналары (сиыр сауу кешенi, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеуге арналған машиналар т.б.) сегментiнде, компоненттер мен қосалқы бөлшектер сегментiнде - 50 %-дан астам, комбайндар мен аспа жабдығы сегментiнде ең аз үлеске ие.
      Бүгiнде Қазақстанда астық жинау комбайндары өндiрiсi Қостанай дизель зауытының базасындағы «АгромашХолдинг» акционерлiк қоғамында (бұдан әрi — АҚ) ғана жүргiзiледi. 2008 жылы 467 комбайн құрастырылды.
      Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту үшiн 3 және 4 сыныпты астық жинау комбайндары, дөңгелектi тракторлар, аспа жабдығы мен астық және жемдiк дақылдарды қайта өңдеуге арналған машиналар сегментiнде барынша жоғары әлеует бар.
      Қазақстан Республикасында оның әртүрлi өңiрлерiнiң климаттық жағдайларына барынша бейiмделген аспа жабдығын жасайтын жағдайлары бар. Парктi жаңарту және өңделетiн жердiң ұлғаюына орай оған елеулi сұраныс та бар.

3.3.5 Электр жабдығы

      2008 жылы Қазақстан Республикасында нарық көлемi 159 млрд. теңгенi құрады, олардың 26 %-ын отандық өнiмдi сату құрады. Сегмент өнiмiндегi қажеттiлiктiң елеулi бөлiгi 2008 жылы көлемi шамамен 118 млрд. теңгенi құрған импорт есебiнен қанағаттандырылады.


      2008 жылы Қазақстанның электр жабдығы экспорты өнiмiнiң 79 %-ын  Рессей импорттады және Ресеймен отандық импорт көлемi орташа есеппен жылына 62 %-ға өстi.
      Қолда бар өндiрiстердiң арасында 2008 жылғы Қазақстан Республикасының электр жабдықтары экспортының төрттен үшiнен астамын аккумуляторлар мен трансформаторлар өндiрiсi иелендi (3-сурет).
      Бұдан өзге, Қазақстан Республикасында мыналар өндiрiледi:
      электрлiк тiзбектi қайта қосу немесе қорғауға арналған аппаратура;
      электр конденсаторлары;
      электр қозғалтқыштары;
      оқшауланған өткiзгiштер мен кабельдер (оның iшiнде оптикалық талшықты) және т.б.

3-сурет. Қазақстан Республикасының электр жабдықтары экспортының серпiнi, ағымдағы бағамен млрд. теңге



10-кесте. Электр жабдықтары өндiрiсi

Көрсеткiш атауы

Өлшем бiрлiгi

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

Электрлiк трансформаторлар

мың кВа

650

1308

1587

2056

1511

Электр аккумуляторлары мен олардың бөлiктерi

млн. теңге

4337

4151

6737

8523

4070

Қозғалтқыштар мен көлiк құралдарына арналған электр жабдықтарын өндiру

млн. теңге

25,6

28,6

32,4

23,6

32,1

Қозғалтқыштар мен көлiк құралдарына арналған электр жабдықтарынан басқа, өзге де электр жабдықтарын өндiру

млн. теңге

4 110,6

5 681,3

6 771,2

2 949,5

4 433,9

Электр қозғалтқыштары, генераторлар мен трансформаторлар өндiрiсi

млн. теңге

8 898,1

10 799,3

13 189,2

14 142,1

13 464,8

      10-кестедегi деректерге сәйкес 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда республикада электрлiк трансформаторлар (27 %-ға) және аккумуляторлар (52 %-ға) өндiрiсiнiң көлемi төмендеген, қозғалтқыштар мен көлiк құралдарына арналған электр жабдықтары өндiрiсiнiң көлемi 36 %-ға, өзге де электр жабдықтары өндiрiсiнiң көлемi 50 %-ға артқаны байқалады.
      Электр энергетикасының негiзгi қорлары айтарлықтай тозған. Бөлу желiлерiнiң тозуы сарапшылардың бағалауы бойынша 70 %-дан асады. Олардың ұзындығы 370 мың км құрайды; басым бөлiгi 30-35 жыл бұрын салынған болатын. Бұл электр жабдықтарына, атап айтқанда, трансформаторларға және оқшауланған өткiзгiштерге жоғары жедел сұранысқа әкеледi.
      Электр жабдығына сұранысты дамытудың екiншi маңызды факторы электр энергиясы генерациясының көлемiн арттыру болып табылады. Болжамдарға сәйкес таяу бес жылда Қазақстан Республикасы Бiрыңғай энергетика жүйесi бойынша барынша электр жүктемесi шамамен ширекке ұлғаяды. Бұл үшiн жинақтаушы қуаттылықтар мен электр жүйесiнiң құрылысын дамыту қажет.
      Ауылдық жерлерде 112 мың км астам 110 кВ және одан төмен кернеулi жоғары вольтты желiлерiн, жиынтық қуаты 4,13 млн. кВт 110 және 35 кВ кернеулi 614 бөлу қосалқы станцияларын және жиынтық қуаты 4,3 млн. кВт астам 23,7 мың тұтыну қосалқы станцияларын салу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет