Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет3/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148099
1   2   3   4   5   6

3.3.6 Автомобиль жасау

      Қазақстан Республикасының автомобиль жасау сегментi саладағы барынша iшкi сұранысқа ие және 2008 жылы машина жасау өнiмдерiнiң көлемi 16 %-ды құрады, бұл ретте 2004 - 2007 жылдар кезеңiнде халық табысының артуы мен жеңiл автомобильдердi сатып алу арқасында нарық 28 %-ға өстi. Қазақстандық автокөлiк нарығы сол бұрынғы күйiнде молықпай отыр. Егер Еуропада 1000 тұрғынға орташа алғанда 450 - 500 жеңiл автомобильдерден келсе, Ресейде бұл көрсеткiш 231 автомобильдi құрайды, ал Қазақстанда 2008 жылы автомобильдендiру деңгейi 1000 тұрғанға 164 автомобильдi құрады.


      Республикалық автокөлiк паркi 2 621,1 мың жеңiл, 370,5 мың жүк автокөлiк құралдары және 92,4 мың автобус (Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша мәлiметтерi) бар.
      Автомобильдер паркi жоғары тозуымен сипатталады. 12 жылдан астам пайдаланылған автокөлiк құралдарының үлес салмағы 63 %-ды, оның iшiнде автобустар 57 %-ды, жеңiл автомобильдер 59 %-ды және жүк автомобильдерi 84 %-ды құрайды.
      Қазақстан Республикасында автомобиль жасау өнiмiне iшкi сұраныстың көлемi 2008 жылы 300 млрд. теңгеден асты. Сұраныстың айтарлықтай бөлiгi машина жасау өнiмi импортының есебiнен қанағаттандырылды - iшкi өндiрiс көлемi 14 млрд. теңгенi (сұраныстың 5 % -ы)құрады.
      Автомобиль жасаудың негiзгi өнiмдерiн өндiру 11-кестеде көрсетiлген.

11-кесте. Автомобиль жасау өнiмдерi өндiрiсi



Көрсеткiш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Жеңiл жолаушылар автомобильдерi, дана

2268

2945

6311

3271

1245

Он немесе одан көп адам тасымалдайтын автомобильдер, дана

91

119

40

115

2

Жүк автомобильдерi, дана

144

1523

2043

1013

353

Арнайы және мамандандырылған автомобильдер, дана

132

170

321

61

80

Тiркемелер және жартылай тiркемелер; контейнерлер, дана

213

136

99

57

38

      «АЗИЯ АВТО» АҚ 2003 жылдан берi жеңiл автомобильдер шығарумен айналысады және «General Motors» (Сhevrolet және Саdilaс маркалары); «Volkswagen» (Skoda маркасы), «КIА Моtоrs» (КIА маркасы), «АВТОВАЗ» (LADА маркасы) компанияларының әрiптесi болып табылады. Жаңа автомобильдер сегментiнде 2008 - 2009 жылдары қазақстандық зауыт өнiмi 10-12 %-ды иемдендi.
      Кеден одағына (бұдан әрi - КО) кiру және кейiннен импорттық баж салығының ұлғаюы әлемдiк жетекшi автомобиль компанияларымен және бiрлескен құрастырмалы өндiрiстердi ұйымдастыру үшiн КО елдерi аумағындағы өнiм экспорты жақсы ынталандыру болып табылады.
      «АЗИЯ АВТО» АҚ ресейлiк он тоғыз және белорустық бiр зауытпен қатар, импорттық баж салығын төлемей өз өнiмiн КО аумағы бойынша орналастыруға құқығы бар кәсiпорындардың ресми тiзбесiне енгiзiлген. Бұл Қазақстанда шығарылатын автомобильдердi сату үшiн нарық көлемiн ұлғайту республикада толық циклдi (дәнекерлеу, бояу, құрастыру) автоөндiрiстi ұйымдастыруға, автокомпоненттер өндiрiсiн құруға, құрастырылатын автомобильдердегi қазақстандық қамтудың ауқымын бiртiндеп көтеруге мүмкiндiк бередi.
      Ең тартымды сегмент сұраныс құрылымының 48 %-ын құрайтын жеңiл автомобиль өндiрiсi, сондай-ақ қолда бар парктегi жоғары тозумен және экономиканың әлеуеттi өсуiмен байланысты жүк автомобильдерi өндiрiсi болып табылады. Мысалы, «АЗИЯ АВТО» АҚ (жеңiл автокөлiктерi), «Камаз инжиниринг» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - ЖШС) (жүк автокөлiктерi), «Агромашхолдинг» АҚ («Sang Yong» жолсызда жүретiн көлiктер) негiзiнде автомобиль құрастыру жоспарланып отыр.

3.4 Саланы дамытудың негiзгi проблемалары

      Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытуға мынадай проблемалар кедергi болады:


      1) өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға кедергi келтiретiн жабдық тозуының жоғары деңгейi (43 - 80 %);
      2) машина жасау өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi, ауқымсыз номенклатура және қазақстандық машина жасау өнiмiн тұтынудың үлесiнiң төмендiгi;
      3) өнеркәсiптiк-өндiрiстiк қорлардың белсендi бөлiгiнiң, төмен техникалық жағдайы және саладағы инновациялық белсендiлiктiң мардымсыз деңгейi;
      4) қолда бар өндiрiстiк қуаттарды толық пайдаланбау;
      5) саланың инвестициялық тартымсыздығы және кәсiпорындарда айналым қаражатының жеткiлiксiздiгi;
      6) iрi металлургиялық өндiрушiлердiң машина жасау кәсiпорындарына қатысты жосықсыз баға саясаты;
      7) өндiрiс және кәсiпорынды басқару саласында бiлiктi кадрлардың тапшылығы;
      8) машина жасау кешенi инфрақұрылымының жеткiлiксiз дамуы: инфрақұрылымның маңызды бөлiгiн (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюролар, тәжiрибе-экспериментальдық базалар, сынақтар мен техникалық бақылау орталықтары) жоғалту, стандарттау, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың болмауы, т.б.;
      9) республиканың машина жасау кәсiпорындары мен таяу шетел кәсiпорындарының және жетекшi әлемдiк соған ұқсас өнiм өндiрушiлердiң арасындағы кооперациялық байланыстар деңгейiнiң төмендiгi;
      10) мемлекеттiк сатып алу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жетiлмегендiгi;
      11) технологиялық болжау тетiгiнiң болмауы;
      12) өндiрiсте қосылған құны жоғары ғылымды қажетсiнетiн өнiмнiң, жоғары технологиялық бұйымдар үлесiнiң төмендiгi;
      13) көптеген кәсiпорындар өнiмдi жекелеген мөлшерлерде және ұсақ партиялармен шығаруды жалғастыруда, бұл кәсiпорындардың экономикалық көрсеткiштерiнде (бағада) терiс көрiнiс табады, яғни, сұрыпы мен сапасы бойынша соған ұқсас өнiм импортына себеп болып табылады;
      14) кәсiпорындардың қазiргi заманғы сапа менеджментi жүйесiнiң болмауы, өндiрiстi басқарудың әлсiз маркетингi мен менеджментi;
      15) сатудан кейiнгi машина жасау өнiмдерi сервисi деңгейiнiң төмендiгi;
      16) мұнай және т.б. компаниялар мен ұйымдардың жер қойнауын пайдаланушыларды техникалық қайта жарақтау жоспарлары туралы ақпараттың болмауы.

3.5 Саланы дамытуда мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы
саясатын талдау

      «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңында машина жасау басқа салалармен қатар экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатқызылған.


      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 қарашада № 1115 қаулысымен бекiтiлген Отандық машина жасауды дамыту жөнiндегi шаралар кешенi iске асырылу үстiнде, оның iске асырылу барысын талдау онда қойылған мiндеттер толығымен орындалып жатқанын көрсетедi.
      Машина жасау саласына мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету мақсатында жеткiлiктi қайта өңдеу тауарлары өлшемдерiн 50 %-дан 30 %-ға дейiн төмендетудi көздейтiн «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 62 қаулысы қабылданды.
      Сондай-ақ, бәсекеге қабiлеттi отандық автокөлiк құрастыру өндiрiсi өнiмiн құру мақсатында «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркiн қойма» кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi № 355 қаулысына толықтырулар енгiзiлдi.
      Қазақстанда мемлекеттiк қолдау көрсету шараларын жасау нәтижесiнде дөңгелектi және шынжыр табанды тракторлар, комбайндар, жүк және жеңiл автокөлiктерi, тұрмыстық техникалар, мұнай-газ жабдықтары және т.б. құрастыру өндiрiстерi құрылды.
      Елде жүргiзiлген жұмысқа қарамастан, әзiрге машина жасаудың негiзгi проблемалары шешiлген жоқ: оның өсуi тұрақсыз, кәсiпорындардың жүктемесi әлсiз, инновациялық белсендiлiк төмен, түпкiлiктi өнiмдi шығаратын кәсiпорындардың үлесi төмен және т.б.

3.6 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейiмделуi мүмкiн қазiргi проблемаларды шешу бойынша шетелдiк оң тәжiрибенi шолу

      Әлемдiк көшбасылар - негiзiнен әр түрлi сегменттердегi өнiмдi шығаратын iрi әртараптандырылған компаниялар (Вusher, Саterрillar), алайда бiрқатар жағдайларда мамандандырылған компаниялар (Jоу Global Inc.) табысты болуы мүмкiн. Жоғары еңбек өнiмдiлiгiнiң (шамамен - бiр адамға 250 - 450 мың доллар), басқарудың тиiмдi жүйелерiнiң және ауқым әсерiн пайдаланудың есебiнен компаниялар жоғары маржиналдықты (10 - 15 %, темiр жол машиналарын жасау сегментi бойынша - 4 %) сақтап қала алады. Барлық әлемдiк көшбасы компаниялар тiгiнен ықпалдасқан болып табылады: олар әзiрлеуден сатуға дейiн делдалдық жүйелер арқылы құндылық құру тiзбегiнiң барлық буындарын бақылайды. Өндiрiстiң бiр бөлiгi (негiзгi емес не ерекше элементтер) әдетте аутсорсингке берiледi. Барлық iрi әлемдiк компаниялар өз қызметiнде сервистiк жүйелердiң, сатудан кейiнгi қызмет көрсетуге, сондай-ақ, бiрқатар жағдайларда өздерiнiң клиенттерi үшiн қаржылық өнiмдердi дамытуға айрықша көңiл бөледi.


      1. Инновациялық белсендiлiктi арттыру және ғылыми зерттеу мен тәжiрибелiк конструкторлық әзiрлемелердi (бұдан әрi ҒЗТКӘ) ынталандыру.
      Машина жасауды дамыту кезiндегi мемлекет алдында тұратын маңызды мiндеттердiң бiрi бизнестiң инновациялық белсендiлiгiн көтеру болып табылады. Аталған сала барынша ғылымды қажетсiнетiндердiң бiрi болып табылады. Барлық дамыған елдер және әсiресе көшбасы елдер машина жасауда жыл сайын бюджеттен қомақты сомаларды ҒЗТКӘ-ны қабылдауға және ынталандыруға жұмсайды. Мемлекеттiк қаржыландырудың әрбiр доллары әртүрлi бағалаулар бойынша ҒЗТКӘ-ға тартылған қосымша жеке инвестициялардың 0,35-тен 1,74 долларға дейiн қамтамасыз етедi.
      Әлемдiк тәжiрибеде ҒЗТКӘ-ны салық әдiстерiмен қолдаудың әртүрлi тетiктерi бар, олардың iшiнен мынадай 3 негiзгiсiн бөлiп көрсетуге болады:
      ҒЗТКӘ-ға тепе-тең шығыстар мөлшерiне салық салу базасын азайту;
      салық жеңiлдiктерiн ұсыну - ҒЗТКӘ-ға арналған шығыстардың үлесi төлемiне салықты азайту;
      уақытша босату немесе салықтарды азайту.
      Дамыған еуропалық елдер ғылыми зерттеулердi қолдауға және оларды кейiннен коммерцияландыруға көңiл бөледi, әрi iрi кәсiпорындардың ҒЗТКӘ жүргiзуiн қолдайды. Мәселен, француз үкiметi жоғары технологиялық фирмаларды (бюджетi шамамен 100 млн. франк) ұйымдастыру бойынша конкурс өткiздi, iске асыру үшiн 244 жоба iрiктелiп алынды, олардың 23 %-ы машина жасау саласында болды. 2006 жылы Франция үкiметi RRJ ресейлiк өңiрлiк ұшағын әзiрлеудегi француздық үлестiң бөлiгiн қаржыландыруға 140 млн. евро бөлдi.
      2. Шағын және орта бизнестi дамыту.
      Машина жасаудың дамыған көшбасы елдерiнде қосылған құнның және сала шығарылымның едәуiр бөлiгi (Европалық одақ бойынша машина жасау қосылған құнының 30 %-дан астамы, Ұлыбританияда - 41 %, Португалияда - 49 %, Норвегияда — 46 %) шағын және орта бизнеске (бұдан әрi - ШОБ) жататын кәсiпорындар қалыптастырады. Германия мен Австрияда шағын және орта кәсiпорындар да машина жасау өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне едәуiр үлес қосуда. Мәселен, Германияның үлгiлiк машина жасау компаниясы шамамен 150 адам штаты бар және айналымы 25 млн. евро компания болып табылады. Австрияда сектордағы шамамен орта есеппен 90 қызметкер штаты бар 800 компания шағын және орта бизнеске жатады, компаниялар, әдетте ауқымсыз нарықта және арнайы өнiм шығарумен мамандандырылады (мысалы, тауда жұмыс iстеуге арналған машина). Қытайдағы машина жасауды дамытуды, көбiнесе шағын және орта бизнес қамтамасыз етедi, Мысалы, 2007 жылы экспорттың шамамен 47 %-ын машина жасау өнiмi құрайды, бұл ретте экспорттың жалпы көлемiндегi шағын және орта бизнестiң үлесi 65 %-дан жоғары болды.
      Дамыған елдердегi ШОБ-тың дамуын талдау ШОБ-ты дамыту үшiн барынша тартымды машина жасау сегменттерiн айқындауға мүмкiндiк бередi. Германия, Ұлыбритания және Францияның машина жасау саласына жүргiзiлген талдау ШОБ-ты дамыту үшiн көптеген мүмкiндiктер станок жасау және ауыл шаруашылығы техникасы өндiрiсi сегментiнде, ал аздаған мүмкiндiктер - тұрмыстық аспаптар мен кеңсе техникалары өндiрiсiнде екендiгiн көрсетедi.
      Шағын және орта кәсiпорындарды табысты дамыту себептерiнiң бiрi iрi өндiрiстiң ШОБ-қа қарсы қойылмайтындығында. Дамыған елдерде iрi, шағын және орта кәсiпорындарды кооперациялау қағидаттары таратылған, бұл ретте олар әсiресе жеке өндiрiстердi мамандандыру және инновациялық әзiрлемелер саласында бiрiн бiрi өзара толықтырып отырады.
      3. Экспортты мемлекеттiк қолдау.
      Өнеркәсiптiк дамыған, елдерде экспортты мемлекеттiк ынталандыру тетiгi көпжақтылығымен және мемлекеттiң белсендi қатысуымен сипатталады. Мемлекеттiк шығыстар сыртқы саудадан түсетiн пайданың өсуi, өндiрiс пен жұмыспен қамтылудың өсуi, салықтар мен басқа да көздерден түсiмдердiң артуы есебiнен жабылады.
      Өнеркәсiптiк дамыған және дамушы елдерде де экспортты ынталандырудың барынша тиiмдi құралдарының бiрi экспорттық операцияларды жеңiлдiкпен қаржыландыру және экспорттық агенттiктердi құру болып табылады.
      Iрi әлемдiк экспорттаушы болып табылатын АҚШ-та (тауарлар мен қызметтер экспортының көлемi 2007 жылы 1,6 триллион АҚШ долларын құрады) экспорттаушылардың мүддесiн қамтамасыз етуде негiзгi рөлдi Саудаға жәрдемдесу жөнiндегi үйлестiру комитетi атқарады. Бұл комитет АҚШ аумағынан экспортты дамыту бойынша 19 агенттiктiң күш-жiгерiн үйлестiредi.
      Экспортты дамыту бойынша мемлекеттiк шығыстардың мөлшерi әрбiр 100 000 долларға (экспорттық қаржыландыруды және ауыл шаруашылығы қолдауын қоспағанда) 0,1 - 0,8 доллар деңгейiнде тұр. Бұл ретте қолдау көрсетудiң неғұрлым үлкен деңгейiн Испания, Ұлыбритания және Италия үкiметтерi - 0,7 - 0,83 доллар, неғұрлым төмен деңгейiн - Германия, АҚШ және Жапония — экспорттың әрбiр 10 000 долларына - 0,11 - 0,3 доллар көрсетiп отыр.
      Экспорттық агенттiктердiң негiзгi мiндеттерi жергiлiктi компанияларға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету болып табылады. Әдетте, бұл:
      басым нарықтарда маркетингтiк зерттеулер жүргiзу;
      бiрыңғай база құру және ШОБ кәсiпорындарына экспорттық мүмкiндiктер туралы ақпаратты ұсыну;
      экспорттық және импорттық рәсiмдер туралы ақпаратты ұсыну;
      сыртқы нарықтарды жергiлiктi өндiрушiлердiң мүдделерiн бiлдiру.
      Халықаралық сауда тәжiрибесiнде экспортты ынталандырудың кең таралған және агрессивтiк деп айтуға болатын нысаны оны тiкелей субсидиялау болып табылады. Экспортты субсидиялау экспорттаушыға тауарларға бағаны айтарлықтай дәрежеде төмендетуге, ал көп жағдайларда тiптi оны өзiндiк құннан аз етуге мүмкiндiк бередi. Жалпы субсидияларды пайдалану (ауыл шаруашылығы өнiмiн қоспағанда) шартты нысанда Дүниежүзiлiк сауда ұйымы шеңберiнде жасалған субсидиялар мен өтемдiк баждар туралы келiсiмнiң нормаларымен регламенттеледi.
      Көптеген елдерде (Ұлыбритания, Жапония, Франция, Германия) мемлекеттiк органдар ұлттық кәсiпорындардың экспорттық қызметiне ұйымдық және ақпараттық қолдау көрсетедi. Бұл сауда көрмелерi мен жәрмеңкелерiн ұйымдастыру, сауда миссияларын шетелге жiберу, фирмаларды сауда-экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету.

3.7 Қоршаған ортаға әсердi бағалау

      Қоршаған ортаға түсетiн өнеркәсiп шығарындылары iрi көлемi iшiнде машина жасауға оның болмашы бөлiгi - 1 - 2 % тиесiлi. Бұл көлемге машина жасау кешенiнiң маңызды құрамдас бөлiгi болып табылатын әскери бағдарланған салалар, қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындарының шығарындылары да жатады.


      Қазақстан Республикасында 2016 жылға дейiн есептелген табиғатты қорғау шараларының кешенi жүргiзiледi. Зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшiн негiзгi табиғатты қорғау шаралары жоспарланды және орындалды.
      Кәсiпорындарда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қысқарту мақсатында газ тазалау қазандарын күрделi жөндеу, атмосфераға құрамында кремний бар шаң шығарындыларын қысқарту мақсатында пештердi газбен тазалау жүргiзiледi. Шығарындыларды азайту брикеттер мен күйдiрiлген шекемтастарды пайдалану есебiнен жүргiзiлiп жатыр. Санитарлық қорғау аймағын жайластыру: учаскелердi жоспарлау, аймаққа шаң жүктемесiн төмендету мақсатында ағаш және бұта отырғызу жүргiзiледi.
      Зауыттардың өнеркәсiп алаңдарында топырақ суларын азайту бойынша iс-шаралар, су жоғалтуды қысқарту және жерасты сулары мен топырақтың ластануын болдырмау мақсатында түрлi мақсаттағы суағарларды күрделi жөндеулер және олардың жай-күйiне мониторинг жүргiзе отырып, жерасты суларын қорғау бойынша iс-шара өткiзiледi.
      Кәсiпорындардың көпшiлiгiнде ИСО 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық менеджмент жүйесi әзiрленiп, енгiзiлдi. Бұл жүйе күш-жiгердi барынша маңызды проблемаларға бағыттауға мүмкiндiк беретiн қоршаған ортаға әсердi тұрақты талдауды болжайды.
      Энергия ресурстары шығынын төмендету шеңберiнде белгiлi бiр жұмыс жүргiзiледi. Бiрқатар кәсiпорындарда өндiрiстi қайта жаңарту және жаңғырту жүзеге асырылды, жабдықтар ауыстырылды. Iрi кәсiпорындарда жыл сайын энергия ресурстарының азаю жағына шығыстарының үлестiк нормалары қайта қаралады.
      Алдын ала талдау негiзiнен энергияны қажетсiнудiң төмендеуi электр энергиясы шығындарын үнемдеу жолымен, ал еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы жабдықты жаңғыртудың есебiнен жүредi.
      Пайдаланылатын тәсiлдерден басқа энергетикалық және материалдық ресурстарды болмашы өсiмiмен жалпы iшкi өнiмдi ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құру бойынша белсендi жұмыс жүргiзу қажет.
      Қазiргi уақытта машина жасаушы кәсiпорындар инвестициялар тарту және парниктi жаңа технологияларды қолдануға, газдардың шығарындыларын қысқарту, энергияны және ресурсты үнемдеу, жердi және орман отырғызуды рекультивациялау жолымен саланың экологиялық қауiпсiздiгi мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды iске асыру бойынша жұмыс жүргiзуде.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және оны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

      Бағдарламаның мақсаты


      Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010  - 2014 жылдарға арналған Бағдарламаның негiзгi мақсаты қосылған құны жоғары түпкi өнiм өндiрудi ұлғайту есебiнен iшкi нарықтың қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту болып табылады.

      Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi


      1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндiрiстер құру.
      2. Iшкi нарықтың мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану.
      3. Машина жасау өнiмiнiң экспортын қолдау және дамыту.
      4. Машина жасау саласын дамытуды қажеттi кадрлармен қамтамасыз ету.

      Нысаналы индикаторлар


      Бағдарламаны iске асыру мыналарды қамтамасыз етедi:
      1. Жалпы қосылған құн салығының 74 %-ға өсiру.
      2. Саладағы еңбек өнiмдiлiгiн жылына бiр адамға 7 592 мың теңгеге ұлғайту.
      3. Өндiрiс көлемiн 588 млрд. теңгеге дейiн ұлғайту.
      Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер көрсеткiшерi 12-кестеде көрсетiлген.

12-кесте. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер көрсеткiштерi





Негiзгi көрсеткiштер

Өлшем бiрлiк

Күтiлетiн нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Көлiк машинасын жасау, соның iшiнде:






















жеңiл автомобильдер мен құрамдас бөлiктердi жинақтауыштарды өндiрудi оқшаулау деңгейi

%

-

5

10

20

30




жол-құрылыс техникасын өндiру

бiрлiк

-

200

200

200

200




мамандандырылған платформа өндiру

бiрлiк

-

300

300

300

300




темiр жол арбасын өндiру

бiрлiк

-

-

5000

5000

5000




хоппер-вагон өндiру

бiрлiк

-

300

400

500

600

2

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, соның iшiнде:






















комбайндарды өндiру

бiрлiк

-

500

600

700

800




трактор өндiру

бiрлiк

1000

1000

1000

1000

1000

3

Мұнай-газ машиналарын жасау, соның iшiнде:






















газ айдайтын агрегат өндiру

бiрлiк

-

-

-

8

8




газ-турбина электр станциясын өндiру

бiрлiк

-

-

-

6

6

4

Тау-кен машиналарын жасау - өнiм шығару көлемiн ұлғайту

%

110

140

175

210

270

5

Электр техникалық машиналарын жасау - өнiм шығару көлемiн ұлғайту

%

106

115

135

155

170


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет