Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi



бет4/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148099
1   2   3   4   5   6

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Бағдарламаның орындалуы оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.


      Бiрiншi кезең (2010 - 2011 жылдар) - машина жасау кәсiпорындарында технологиялық аудит жүргiзу, салалық конструкторлық бюро құру және саланың инфрақұрылымын нығайту.
      Бiрiншi кезеңнiң мақсаттары мен нәтижелерi:
      жалпы қосылған құнның 2012 жылға 10 %-ға өсуi (13-кесте);
      машина жасау өнiмiнiң өндiрiс көлемiн 2012 жылға 10 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      саладағы еңбек өнiмдiлiгiн 2012 жылға 64 %-ға ұлғайту (13-кесте).
      Екiншi кезең (2012 - 2014 жылдар) - машина жасау кәсiпорындарының потенциалын жүзеге асыру, интенсивтi өсу. Бұл кезеңде бiрiншi кезеңде алынған позитивтi нәтижелердi тарату, саланы қолдау мақсатыңда қолда бар инфрақұрылымдарды жүйелi нығайту және жаңа инфрақұрылымдарды құру, саланы жүйелi нығайту, мұнай-газ, тау-кен металлургиялық, ауылшаруашылық, электрлiк техника және темiр жол машина жасау салалары үшiн жаңа өнiм түрлерiн игеру жүзеге асырылады.
      Екiншi кезеңнiң мақсаттары мен нәтижелерi:
      жалпы қосылған құнның 74 %-ға өсуi (13-кесте);
      машина жасау өнiмiнiң өндiрiс көлемiн 95 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      саладағы еңбек өнiмдiлiгiн 3,5 есе ұлғайту (13-кесте).

13-кесте. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi





Негiзгi көрсеткiштер

2008

2009

Күтiлетiн нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Жалпы қосылған құн, млн. теңге

130 764

115 614

133 380

143 841

163 455

189 608

227 530

2

Жалпы қосылған құнның өсуi, 2008 жылға %

100

89

102

110

125

145

174

3

Өндiрiс көлемi, млрд.теңге

302,8

282,5

306

333

396

485

588

4

Өнiмдiлiк, мың.теңге/ адам

2 205,9

2 633,9

3 150

3 600

4 350

5 550

7 800

      Нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн саланы дамыту бойынша келесi негiзгi iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
      1. Шығарылатын ассортименттi кеңейту жөнiндегi икемдi өндiрiстер құру мақсатында жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңғырту және машина жасау өнiмiнiң жаңа түрлерiн игеру.
      Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жаңғырту және қолда бар кәсiпорындарды қайта құрылымдау машина жасау кәсiпорындарында технологиялық аудит жүргiзу нәтижесi бойынша, перспективтi технологияларды сатып алу/енгiзуге инновациялық гранттарды беру арқылы, өндiрiстiк процестердiң үнемдiлiгiн қамтамасыз ететiн басқарушылық технологияларды енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
      2014 жылға қарай «Өскемен арматура зауыты» АҚ-ның өндiрiстiк қуаты жаңғыртылады, Өскемен қаласы.
      Сондай-ақ, Қостанай қаласы «Агромашхолдинг» АҚ-ның ауыл шаруашылығы техникасын қызмет көрсету бойынша сауда-сервистiк орталықтары жаңғыртылатын болады.
      2. Бөлшектер мен құрамдас бөлiктер өндiрiсiн игеру арқылы оқшаулау деңгейiн ұлғайта отырып, iрi құрастыру өндiрiстерiн ұйымдастыру.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберiнде бөлшектер мен құрамдас бөлiктер өндiрiсiн игеру арқылы оқшаулау деңгейiн ұлғайта отырып, мынадай iрi құрастыру өндiрiстерiн ұйымдастыру жобаларын жүзеге асыру қарастырылады: «Жолаушы вагондарының өндiрiсi», «Электровоздар өндiрiсiн ұйымдастыру», «Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдар шығаратын технопарк салу». Негiзгi инвестициялық жобалар осы Бағдарламаның 2-қосымшасында келтiрiлген.          3. Қосылған құны жоғары машина жасау өнiмiн өндiру бойынша қазiргi заманғы жаңа кәсiпорындар құру.
      Көлiк машинасын жасауда 2014 жылға қарай Қарағанды және Қостанай қалаларында оқшаулау деңгейiн 30 %-ға дейiн жеткiзе отырып, жеңiл автомобильдер құрастырып өндiру ұйымдастырылатын болады.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберiнде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
      Өскемен қаласында «Азия Авто» АҚ базасында құрамдас бөлiктердiң өндiрiсi ұйымдастырылады, соның iшiнде: пластиктен жасалған өнiмдер (бампер, панель), резинатехникалық өнiмдер, пайдаланылған жүйелер, жанар-май бактары, Аталған жобаны жүзеге асыруға инвестиция көлемi 74 млрд. теңгенi құрайды.
      Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ-ның базасында жылына 200 бiрлiк көлемiнде жол-құрылысы техникасын өндiру жолға қойылады (автогрейдерлер, жаппай тиегiштер, гидравликалық экскаваторлар, тракторлар). Инвестиция көлемi 2,1 млрд. теңге.
      Темiр жол машинасын жасауда да инвестициялық жобалар жүзеге асырылады:
      «Таман» ЖШС, Екiбастұз қаласы жүк вагондарын өндiру, қуаты жылына 2500 бiрлiк. Инвестиция көлемi 7,6 млрд. теңгенi құрайды.
      «Байтерек А» ЖШС, Атбасар қаласы, электровоздарды құрастырып шығару, қуаты жылына 50 бiрлiк. Инвестиция көлемi 9,9 млрд. теңгеден астамды құрайды.
      Бұдан басқа, Астана қаласында «Локомотив Лизинг» ЖШС локомотивтер өндiрiсi ұлғайтылатын болады.
      Аталған жобаларды жүзеге асыру есебiнен локомотивтер мен жүк вагондарының өндiрiсi ұлғаяды.
      Петропавл қаласында «ЗИКСТО» АҚ базасында қуаты жылына 1200 бiрлiкке дейiнгi мамандандырылған платформа, жылына 5000 бiрлiк темiр жол арбасын, жылына 400 бiрлiк хоппер-вагон өндiру игерiледi. Аталған өндiрiстердi жүзеге асыру үшiн инвестиция көлемi 832 млн. теңгенi құрайды.
      Өскемен қаласында «Шығысмашзауыты» АҚ базасында және Қарағанды қаласында «Пархоменко атындагы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ базасында iрi габариттi құйма өндiру, оның iшiнде темiр жол машинасын жасаудың мұқтажы үшiн жылдық шығару көлемi 30 мың тонна болатын өндiрiстер ұйымдастырылатын болады. «Шығысмашзауыты». АҚ жобасын жүзеге асыру үшiн қаржы көлемi 7,1 млрд, теңге, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ - 3,1 млрд. теңгенi құрайды.
      Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнiм шығару 2 есеге ұлғаятын болады.
      Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ-ң базасында «Енисей» және «Еssil» комбайндарын жасау жылына 800 бiрлiкке дейiн ұлғаятын болады.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберiнде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
      Семей қаласында «СемАз» ЖШС базасында қуаты жылына 1 мың бiрлiк көлемiнде «Беларусь» тракторларын құрастырып шығару ұйымдастырылатын болады. Инвестиция көлемi 1,36 млрд. теңгенi құрайды.
      Ақмола облысы Ақкөл қаласында «Астакар» ЖШС базасында «ЛЕМКЕН» герман фирмасымен бiрлесiп аспалы жабдық жасау, оның iшiнде: культиваторлар қуаты 34 бiрлiкке дейiн, тырмалар қуаты 25 бiрлiкке дейiн, бүрiккiштер қуаты 12 бiрлiкке дейiн, шөп шабатын машиналар қуаты 36 бiрлiкке дейiн ұйымдастырылатын болады. Инвестиция көлемi 85 млн. теңгенi құрайды.
      Елдiң iрi облыстарында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистiк орталықтан тұратын желi құрылады, атап айтқанда: Солтүстiк Қазақстан облысында екеу, Шығыс Қазақстан облысында бiреу, Ақмола облысында үшеу, Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында бiр-бiрден.
      Мұнай-газ машиналарын жасауда 2014 жылға қарай отандық өнiм үлесiн 22 %-ға артып, өнiм шығару 2,5 есеге артады, оның iшiнде: құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары, ұтқыр-бұрғылау қондырғылары, сыйымдылық құралдары қондырғылары.
      Алматы қаласында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Белкамит» бiрлескен кәсiпорны» АҚ, «Имсталькон» АҚ базаларында; Өскемен қаласында «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Шығысмашзауыты» АҚ, «Машзауыты» АҚ базаларында; Петропавл қаласында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Қазмұнайгазмаш» АҚ базаларында; Ақтөбе қаласында «Ақтөбе мұнай құрылғылары зауыты» АҚ базасында құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары мен ұтқыр - бұрғылау қондырғылары өндiрiсi дамитын болады.
      Орал қаласында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ базасында жылына 8 бiрлiк газ айдайтын агрегат және жылына 6 бiрлiк газ-турбина электр станциясын өндiру игерiледi. Инвестиция көлемi 3 млрд. теңге.
      Атырау қаласында «ҚазТурбоЖөндеу Сервистiк орталығы» ЖШС базасында газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистiк қызмет көрсету, оның iшiнде 18 күрделi және 12 ағымдағы жөндеу ұйымдастырылатын болады. Аталған жоба «ҚазТурбоЖөндеу» ЖШС компаниясымен «Siemens» герман компаниясы арасындағы лицензиялық келiсiмдi жүзеге асыру арқылы енгiзiледi. Инвестиция көлемi 5,2 млрд. теңге.
      Кен машиналарын жасауда 2014 жылға қарай прокатты орнақ, рольганг, шахталық гидробагандар, гидрожылжытқыштар өндiрiсiн дамыта отырып, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Целингормаш» ЖШС (Степногорск қаласы) секiлдi және Қарағанды машина жасау консорциумының кәсiпорындары өндiрiсiн дамыту арқылы өнiм шығару көлемi 2,7 есе артады.
      Сонымен қатар Қарағанды машина жасау консорциумының базасында гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, өздiгiнен жүретiн бұрғылау және тиеу-көлiк жабдығын өндiру игерiледi.
      Электр техникалық машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнiм шығару 1,77 есеге артады.
      Талдықорған қаласында «Қайнар АКБ» ЖШС қорғасын аккумуляторларының өндiрiсi ұлғаяды, қуаты 600 мың бiрлiк. Аталған өндiрiсте инвестиция көлемi 570 млн. теңгенi құрайды.
      Кентау қаласында «ҚазТрансформатор» АҚ-да трансформаторлар өндiрiсi 2010 жылы 2 млн.кВА-тан 2014 жылы 4 млн.кВА дейiн ұлғаяды, сондай-ақ кернеулiгi 220 вольт және одан да жоғары, қуаты 1 млн.кВА дейiн трансформаторлар шығару игерiледi.
      Павлодар қаласында «Қазэнергокабель» АҚ базасында және Сарань қаласында «Қазцентрэлектропровод» ЖШС негiзiнде, «EAST INDUSTRY COMPANY ltd» ЖШС базасында оқшаулағышпен оралған сым жасау артады, қуаты жылына 33 600 км. Инвестиция көлемi 753 млн. теңгенi құрайды.
      Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы шеңберiнде инвестициялық жобалар жүзеге асырылады.
      Жүзеге асыруға ұсынылатын саладағы негiзгi инвестициялық жобалар осы Бағдарламаның 2-қосымшасында көрсетiлген.
      Қорғаныс өнеркәсiбiнде 2014 жылға қарай қазiргi бар проблемаларды шешуге және республиканың мемлекеттiк қорғаныс тапсырысындағы қазақстандық қамтудың үлесiн барынша ұлғайту үшiн нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар iске асырылатын болады.
      Қазақстанның қорғаныс өнеркәсiбi кешенi кәсiпорындарын дамытудың негiзгi бағыттары мемлекеттiң Әскери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларына деген барынша перспективалы қажеттiлiктермен айқындалатын болады.
      Мемлекеттiк органдар мен қорғаныс кәсiпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнiмдердiң экспортын ұлғайту жөнiнде тиiмдi, келiсiлген шаралар қабылдайтын болады.
      Мемлекет пен қорғаныс кешенiнiң қорғаныс өндiрiсi саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны мен сапасын ұлғайтуға бағытталған өзара iс-қимылы жанданатын болады.
      Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту бойынша шаралар қорғаныс өнеркәсiбi саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын өкiлеттi мемлекеттiк органмен қабылданады.
      Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз етуi.
      Бiлiм беру жүйесi басымды салалардың ағымдағы қажеттiлiгiн кадрлардың қажеттi санымен қамтамасыз етедi. Алайда, перспективтi қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн басымды салалардағы жаңа жобаларды жүзеге асыру үшiн кадрлық қажеттiлiктер туралы мәлiметтердi ескеру қажет. Осылайша, бiлiм беру жүйесi мамандандырылған кадрлармен бүгiнгi күннiң мiндеттерiн ғана емес, сонымен қатар саланың болашақтағы жалпы дамуын да қамтамасыз етуi қажет.
      Жаңа iрi кәсiпорындардың ашылуы кезiнде саланың интенсивтi даму қажеттiлiктерi мамандандырылған кадрлардың қосымша санын талап етедi.
      Машина жасау саласы үшiн 16 мамандық бойынша: бақылау-өлшеу құралдарын және автоматиканы жөндеушi, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бойынша темiр ұстасы, темiр ұстасы-электрлiк монтаждаушы, қырнаушы, жонушы, кең профильдi станокшы, темiр ұстасы-сайманшы, механика-құрастыру жұмыстарының темiр ұстасы, темiр ұстасы-жөндеушi, техник-механик, дәнекерлеушi (барлық атауы), электрлiк газ дәнекерлеушi, жылжымалы құрамды жөндеу бойынша темiр ұстасы, электр құралдарын жөндеу бойынша темiр ұстасы-электршi, машина жасау саласы үшiн технологиялық құралдарды жөндеушi кадрларға қажеттiлiк жоғары оқу орындарында және Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 19 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебiнен өтелетiн болады.
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 005 «Бiлiм және ғылым объектiлерiнiң құрылысы және қайта жөндеу» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттардың шеңберiнде 2012 жылы Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшiн Өңiраралық кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi орталық салу басталады. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi 2 300 млн. теңгеден астам құрайды.
      Дамыған елдердiң алдыңғы қатарлы машина жасау кәсiпорындарында басқару кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру кәсiпорындардың жеке қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
      Мысалы, «Агромашхолдинг» АҚ-ның басқарушы кадрлары «Ssang Yong» компаниясында (Оңтүстiк Корея), «АЗИЯ АВТО» АҚ «Volkswagen» концернi зауыттарында (Германия), «Daewoo Bus Казахстан» АҚ «Daewoo Bus Global Corporation» компаниясында (Оңтүстiк Корея), «Lokomotiv-leasing» ЖШС «General Electric» компаниясында (АҚШ) және т.б. өз бiлiктiлiгiн арттыратын болады.
      өз қызметiн ел аумағында жүзеге асыратын шетелдiк инжинирингтiк компаниялар үшiн (жылына персонал санының кемiнде 30 %) қазақстандық кадрларды оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында компаниялардың жанында оқу орталығының болуы жөнiндегi мiндеттi талаптар енгiзiледi.
      Машина жасау саласы бойынша iрi инвестициялық жобалардың кадрлық қажеттiлiктерi осы Бағдарламаның 1-қосымшасында келтiрiлген.

Техникалық регламенттердi енгiзу

      Экспортқа шығарылатын өнiмнiң сапасын дүниежүзiлiк ұқсас деңгейiне дейiн жоғарылату, шетелдерде отандық өнiмнiң тартымдылығын жоғарылату мақсатында технологиялық регламенттердi ендiру, халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу және енгiзу қарастырылады.


      2010 - 2014 жылдар аралығында 013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде: автокөлiк құралдарының объектiлердi қорғау үшiн өрт техникасының желдету жүйелерiнiң, төмен вольттi жабдықтардың ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тiркемелерi мен машиналарының мұнай-газ кәсiпшiлiгiнiң бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының ауыл шаруашылығы шикiзатын және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өңдеу жабдығының ауыл шаруашылығы шикiзатын және мал шаруашылығы өнiмiн өңдеу жабдығының, су жылытатын және бу қазандарының, шахтаға көтеру қондырғыларының қысыммен жұмыс iстейтiн жабдықтың лифтiлердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент және 169 мемлекеттiк стандарт әзiрленедi және енгiзiлетiн болады (оның iшiнде сынақ әдiстерiне - 98, өнiмге - 80 және менеджмент жүйесiне - 7).
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру бойынша бағдарламасының шеңберiнде машина жасау өнiмiн өндiрудi метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау үшiн геометриялық шама мен физика-химиялық өлшемдердiң мемлекеттiк эталондары жетiлдiрiледi.
      Техникалық регламенттер мен стандарттар, сонымен қатар оларды орындамағаны үшiн жауапкершiлiк шаралары өз қызметiнде пайдалану үшiн машина жасау өнiмiн өндiретiн және тұтынатын өнеркәсiп кәсiпорындарына, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға жiберiлетiн болады. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң сайтында орналастырылады.

Инновацияларды дамыту және технологиялық
жаңғыртуға жәрдемдесу

      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатында Ғылымды, инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберiнде сегменттер бойынша кәсiпорындардың қажеттiлiктерiне қызмет көрсету үшiн 5 конструкторлық - ауыл шаруашылығы, электр техникалық, кен, көлiк және мұнай-газ машиналарын жасау бюросын құру.


      Машина жасау кәсiпорындарының негiзгi қорларын жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру үшiн жеңiлдiктi шартпен жабдықтар лизингi ұйымдастырылады.
      Жыл сайын «Қазақстанның Даму Банкi» АҚ, «ДАМУ» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ арқылы жабдықтарды ауыстыруға жеңiлдiкпен кредит беруге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау және жеңiлдiктi жағдайлармен жабдықтар лизингiн беру үшiн қаражат бөлiнетiн болады.
      Корпоративтiк табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКӘ бойынша нәтижелердi енгiзу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКӘ дамытуды ынталандыру мақсатында өкiлеттi мемлекеттiк органмен Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.

Тiкелей инвестициялар үшiн тартымды жағдай жасау

      Лизингтiк компанияларға өндiрiстi қаржыландыру кезiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң өтiнiмдерi болмаса да, лизингке одан әрi беру үшiн ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асыруға мүмкiндiк беру бойынша мәселелер талқыланады.


      Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттiк органдардың сала кәсiпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерiн басымдықпен сатып алуы үшiн саланың дамуын қолдау «Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және мониторингтi күшейту арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Ауыл шаруашылығы техникасына iшкi сұраныс «ҚазАгроҚаржы» АҚ базасында отандық өндiрiстiң техникасын жылдық 4 % жеңiлдiк шартпен лизингке сатып алу есебiнен қамтамасыз етiледi.
      Отандық машина жасау өнiмiне iшкi сұраныс отандық машина жасау өнiмiн сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бiр бөлiгiн өтеу тетiгiн пысықтау арқылы қамтамасыз етiледi.
      Автомобиль машинасын жасау өнiмiне атқарушы билiктiң мемлекеттiк органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшiн автомобиль техникасын сатып алу мәселесi «Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және мониторингтi күшейту арқылы пысықталады.

Сауда саясаты

      Қазақстандық машина жасау өнiмдерiн Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан және Ауғанстан нарықтарына iлгерiлету:


      ақпараттық, сараптамалық қызмет көрсету;
      өндiрушiлерге экспорттық нарықтар бойынша маркетингтiк-талдау ақпараттарын ұсыну;
      экспорттаушыларға көмек ретiнде нұсқаулық материалдарды жариялау;
      нақты өнiмдердiң тауарлық белгiлерiн жылжыту;
      шетелдерде сауда миссияларын ұйымдастыру;
      шетелдiк өкiлеттiлiктер желiсiн құру.
      Машина жасау өнiмiн экспорттаушыларды гранттық қолдау өз өнiмдерiн экспортқа шығаруға байланысты шаралар бойынша экспортшы шығындарының 50 %-ың орнын толтыру, оның iшiнде:
      сыртқы нарықта нақты өнiмдi (қызметтi) жылжыту (брендинг) және айналдыру;
      шетелде тауар белгiсiн тiркеу және сертификаттау рәсiмдерi;
      экспортты басқару сферасындағы кәсiпорын қызметкерлерiн оқыту;
      қызметiнiң алғашқы үш жыл көлемiнде шет елде өкiлеттiлiк/өкiл/шоу-бөлме/офис ашу;
      саланың экспорттық өнiмдерiнiң, нарық сегменттерiнiң, аймақтарының каталогтары;
      франшизаларды тарту;
      ағылшын тiлiнде экспортшының веб-сайтын құру және iске қосу;
      нақты нарыққа нақты өнiм (қызмет) түрiмен кiру бойынша маркетингтiк зерттеулер.
      Қазақстандық машина жасау өнiмiнiң экспортын жылжыту үшiн қаржылық ынталандыру жасау 022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберiнде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу» Республикалық бюджеттiк бағдарламасымен қарастырылған экспортты қолдау шараларына шығындардың орнын толтыру шеңберiнде жүзеге асырылады.

6. Қажеттi ресурстар

      Бағдарламаны қаржыландыру даму институттары қаражатының, кәсiпорындардың меншiктi қаражатының, отандық және шетелдiк инвестициялардың есебiнен және республикалық бюджетте көзделетiн қаражат шегiнде жүзеге асырылады.


      Республикалық бюджет есебiнен қажеттi қаржыландыру көлемi 2 430,182 млн. теңгенi құрайды:
      100 млн. теңге технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндiрiстер құруға;
      2 330,182 млн. теңге саланы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету үшiн оқу орнын соғуға.
      Оның iшiнде:
      2010 жылы - 439,173 млн. теңге;
      2011 жылы - 1 991,009 млн. теңге;
      2012 жылы - көзделмеген;
      2013 - 2014 ж.ж. - 2013 - 2015 жылдарға бюджеттi бекiту кезiнде көзделедi.
      Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы негiзiнен кәсiпорындардың меншiк қаражаты және қарыз қаражаттар есебiнен жоспарланып отыр, барлығы - 425 242,15 млн. теңге.
      Оның iшiнде:
      2010 жылы - 22673,4 млн. теңге;
      2011 жылы - 263 830 млн. теңге;
      2012 жылы - 54 380 млн. теңге;
      2013 жылы - 9261 млн. теңге;
      2014 жылы - 75 097,75 млн. теңге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет