Қазақстандағы ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің ұйымдастырылуы денсаулық сақтау ұйымының негізгі қағидаларынан құрылады. Дегенмен ауылдық медициналық ұйымдар жұмысының әдісі мен ұйымдастыру формасына әсер ететін факторлар бар:
-ауылдағы адамдардың орналасуы жиілігі, ауылдық пункттегі адамдардың орташа саны;
- қызмет көрсету радиусы, көліктің болуы, жолдың қашықтығы;
-ауыл шаруашылық жұмыстың және тұрмыс жағдайының сипаты;
- кейбір халықтардың ұлттық дәсүрлері мен ерекшеліктері;
- дәрігерлік кадрлардың ағымдылығы;
- экономиканың және мәдениеттің деңгейі;
- географиялық және климаттық жағдайлар
Санитарлық авиацияны пайдалану арқылы жедел медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2011 жылы Қазақстанда алғашқы рет Республикалық санитарлық авиация орталығы құрылған еді. 2013 жылы болған 1355 ұшырылымда науқастар өңірлерден орталықтарға тасымалданып, оларға 135 ота жасалған, 502 консультативтік, 1813 медициналық қызмет көрсетілді.
Жолдарда жарақаттануды және өлімді азайту, уақытында жедел медициналық көмек көрсету үшін республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарының қауіпті учаскелерінде 26 трассалық медициналық-құтқару пунктері ашылды.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде ауыл тұрғындарына 179 орталық аудандық аурухана, 140 ауылдық аурухана, 1495 дәрігерлік амбулатория, 4454 фельдшерлік-акушерлік пункттер, фельдшерлік пункттер және медициналық пунктер қызмет көрсетуде.
Созылмалы ауру түрлеріне шалдыққан науқастарға патронаж жасау, науқастар үйге шақырғанда көмектесу үшін учаскелік дәрігер, педиатр, екінші мейіргер лауазымдарын енгізу арқылы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру үлгісін жетілдіру жұмыстары жалғастырылуда. Сондай-ақ, профилактикалық жұмыс (скринингтер, мақсатты топтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтына және профилактикаға үйрету) жүргізу үшін үшінші мейіргер де тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына арнайы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 14 облыста, Астана және Алматы қалаларында телемедицина енгізілді. 2013 жылы 17752 астам телемедициналық кеңес және шалғай ауылдардағы тұрғындар үшін 4258 бейнеконференциялық байланыс сеанстары өткізілді.
2013 жылы жылжымалы медициналық кешендер арқылы 871 мыңнан астам ауыл тұрғындары, оның ішінде 211 мыңнан астам балалар медициналық тексеруден өткізілді, 1,1 млн. лабораториялық-диагностикалық зерттеулер жасалып, 795 мыңдай бейінде мамандардың кеңестері ұйымдастырылды. «Денсаулық», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық пойыздарының дәрігерлер бригадасы 301 стансаның 65 мыңдай тұрғынын тексеруден өткізген.
Достарыңызбен бөлісу: |