«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі» пәні бойынша


Лекция № 27 Тақырыбы: Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев



бет11/16
Дата13.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
#133478
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Лекция № 27 Тақырыбы: Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев.

Жоспар:

1. Өмірі


2.Қызметі

3. Мұрасы



Пайдаланатын әдебиеттер.

а)негізгі
1. Д. А. Кунаев. От Сталина до Горбачова. 1995 Алматы „ Санат” 31 бет

2. Д.А. Қонаев. „ Халықтық Қытайда өткізген 30 күн ” Алматы Дәуір баспасы 1991, 44 бет.



б)қосымша
1. Тулепбаев. Б.А. Тулепбаева К.У. Д. А. Кунаев - Выдающийся государственный и политечиский деятель. Алматы „ Наука” 1998, 39 бет

2. Акуев М. Рядом с первым. Алматы „Дәуір”, 2002, 84


Лекция мәтіні
Д. А. Қонаев 12 қаңтар 1912 ж Верный, қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақта “ түбін білмеген - түгін білмейді деген сөз бар. Жеті атасына дейін жазбай білетін халқымыздың айрықша қасиеті де осында.

“Менің ата тегім Бәйдібек атадан бастау алдады. Оның екінші әйелі Зеріктен туған Жолманбектің Ысты деген бел баласынан тарайды. Менің атам Жұмабай Мекке мен Мәдинеге барып қайтқан Қажы кісі болған. 1886 жылы Жұмабайдан Меңліахмет атты ұл туылады.

Жұмабай 14 жасындағы ұлын Алматылық көпес Ысқақ Ғабдулуәлиевке жұмысқа орналастырады. Қазан революциясына дейін әкем сонда жалданып жұмыс істейді. Ата- анам мектеп есігін ашып, оқыған кісілер емес. Тек оны ширақтығы , көргенін көкейге түрте білгендігімен ел қатарлы ғұмыр кешкен „ Кеңес өкіметі орнағаннан кейін , мына беріде зейнетті демалысқа шыққанға дейін Алматы обылысының ауылшаруашылық және сауда саласында қызмет істеді.

Шешем Зәуре Байырқызы осы күнгі Шелек ауданының орталығында сіңірі шыққан кейдейдің қызы. Әкем мен шешем 70 жылдан астам уақыт бірге ғұмыр кешті.”

„ Мен Чернышевский атындағы № 19 мектептің бірінші сатысында оқыдым . Мектеп Алматы көшесінің бойында ескі үйде болатын . Төртінші класты бітірген соң № 14 мектепке ауыстым, ол осы күнгі тәтті тағамдар фабрикасы тұрған жерде болатын”іне.

№ 14 мектепте дәріс берген елгезекте ерекше сезімтал мұғалімдерім орыс тілінің маманы Л.А. Федулованы. математик С.И. Соколовты, физиктер А.А.Астраханцовты, И.Л. Масленнековты, географ Тугаринді, жаратылыстанушы Б.Н. Дублицкийді, қоғамтанушы Е. Войцеховскийді ылғида есіне алып жүрген.

Мектеп бітірген соң, жоспарлау органдарында статист болып жұмыс істеді, және кешкілік институттың дайындық курысында оқыды.

1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Мәскеудегі түсті металдар институтына түсуге Мәскеуге келеді.

Мәскеуде Әмина әпкесі мен жездесі А. Түркебаев екеуі тұратын. Воздвиженка көшесінің 5-ші үйінде тұрып емтихан тапсырды. Институтқа түсісімен жатақханаға ауысты.

1936 жылы шілдеде Мәскеу түсті металдар алтын институтын қызыл дипломмен бітіріп Балқаш құрылысына жолдама алды. Осы жерден оның өмірбаянының , нағыз еңбек жолы басталды.

Қонаевқа бұл өңір таныс еді, ол осында 5 ай практикасын өткергенмін . Дипломға “ жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қоңырат карьерінің қуатын айқындау” деген тақырыпты таңдайды. Жұмыс істей жүріп материалдар жинақтады . Еңбегі еш кетпей үздік бағаға қорғап шықты.

1939 жылдың қоңыр күзінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне қызметке шақырылды. Өнеркәсіп кәсіпорындарын басқаруды жақсарту мақсатымен “ Алтай полиметалл” комбинаты құрылды. Кенді Алтайдың барлық түсті метталлургия кәсіпорындары осы комбинаттың қарамағына шоғырландырылды. Соған орай Риддер комбинаты таратылып Риддер кен басқармасы мен зауыт құрылмақ осы екі кәсіпорынның бірі кен басқармасының директорлығына Д.А. Қонаев ұсынылды.

Сол жылы қазан айының 23 -де Зуһра Шәріпқызы мен бас қосып семья құрды.

„ Бас екеу болмай - мал екеу болмас деген рас екен. Бұрын жатақханаға шаршап шалдығып келгенде, далаға келгендей құлазып, ұйқыны олжа көрсек , оған да шүкір , өз үйің өлең төсегің дегендей , алдыңнан жадырап жарық шықса , тапшылыққа қарамай жоқтан бар жасалып , дастарханың жаюлы тұрса, дос- жараның бергеніңе ғана емес, ықылас - пейіліңе тойып аттанса ер жігіттің мұрасы осы емес пе.”- деп жазған Қонаев „ Өтті дәурен осылай „ еңбегінде

„ 1940 жылдың жайма шуақ жазы болатын. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екіншісі хатшысы Жұмабай Шаяхметов келді. Құрметті қонақ кеншілер өмірне ден қойып еңбегін бағалай білгеніне қуандық”.

„ Сол ерекше бір кездесу болды. Ол Мұхтар Әуезовтың келуі еді. „

„ Біз төс қағыстырып құшақ айқастырып, қимай қоштастық. Ниетімізді құдай қос көріп құда болдық. Асқар дейтін інім М. Әуезовтың Ләйлә деген қызына үйленді.”

М. Әуезов 1956 жыл “Мен бір жақсы адаммен жекжат болған екенмін. Олай дейтінім Димаштың туысқандрының бәрі еңбнек етеді, өз күнін өздері көреді. Шетінен еңбекқор Димашқа біреуіде салмақ салмайды. Біздің қазақтың жаман әдеті- біреуі әкім болса, “саған бақ қонды, енді бізді бағасың” деп мойнына отырып алады. Ал , менің құдаларымда ондай әдет жоқ. Жақсы адамдармен туысқан болдым дегенім осы. Димаш, бұйырса, иесі қазаққа ортақ ұл болғалы тұр, тіл көзден сақтасын.

1942 жылдың сәуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцов шақыртты .

Ол орталық комитетінің сенім артып Қаз КСР халық комисариаты төрағасының орынбасарлығына ұсынылғанын хабар етті. 1942 жылы маусым айының 6 күні Қаз КСР халық комисарлар кеңесінің табалдырығын аттадым.

Халық комисарлар кеңесінде бірнеше жыл қызмет істеу республика өмірімен қолы қолтық арласып оның барша саласымен шұғылдануға жол ашты.

1994 жылдың екінші жартысында республика партия ұйымының бастылығында ауыс - күйіс болып, Н.А. Скворцов совхоздар халық комисарлығына тағайындалуына байланысты Мәскеуге кетті.

Соғыс аяақталардың алдында ғана Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығына Г. А. Борнов сайланды. Ол осыған дейін Б К(б) П Воронейс облысының екінші хатшысы , сосын новосибирск обкомы мен Хабаровск өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып істеген . Қазақстанда көп тұрақтай алмады. 1946 жылы бірінші хатшылыққа Ж. Шаяхметов сайланды. Жұмекең тәртіптіліктің адамы еді. Бұған дейінгі бірінші хатшылардан Жұмекеңнің артықшылығы аса ұқыпты, әрі қиыннан қиыстыра білетін ұйымдастырушы еді. Осы қабілетінің арқасында соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан эканомикасы күрт жоғары өрледі. Ол кісінің басшылығымен Қазақстан көмунистерінің I V съезі өтті.

1949 жылдың мен Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің мүшесі болып сайландым.

Н. Оңдасынов екеуміз съезге қатыса алмадық, Оралық комитетінің шұғыл тапсырмасымен Қызылорда облысында жүргенбіз.

Ол бір судың мол кезі еді Қызылорданы сел алып , Орталық Орта Азия күре тамыры темір жол бойын ойран - асыр шығару қаупі төніп тұрғанды. Оған қарсы техника қыруар адам күші жұмылдырылды . Бөгеннің “ тығыны ашылған” жерін бітей алмай салымыз суға кетіп тұрған кезде маңдайын әжім таралып , еңкіш тартқан қарт құдай айдап келе қалды.

„ - Басқа арам тер болмаңдар . Жырынды су оңайлықпен әл бермейд!. Оны “ қарабураламай” ауыздықтау қиын.

- Қарабураңыз қамай- деп жан сұрадық.

- Ұзындығы 15-20 құлаш келетін жуан арқанның үш төртеуін қатар жазып , жерге тастаңыздар да қамыс сабан төсеп үстіне шым салыңыздар . Соын киіз шиыршықтағандай тас қып орап арқанмен шандып байлаңдарда , бөгеннің кеткен жеріне қойыңдар.”

Ақсақал айтқанын айна қатесіз жүзеге асырды. Тоған жасалып алып қашқан сел сап тыйылды. Қарттың айтуынша бөген жасап, асау өзенді бұғалақ – жаудың халықтық әдісі - Ақсақ Темір билеп - төстеп тұрған тұсиан қолданылады мыс.

Осы заманғы озық үлгідегі техника , инжинерлік ойлар мен тапқырлық шүкір баршылық. Соны малдатып халық жинақтаған білікке , оның тарихи тәліміне көз жұмып айналып өте беретініміз өкінішті - ақ.

Халық Комисарлар Кеңесі төрағасы орынбасары боп істеген он жылың өмірлік сабақтары аз емес.

Қай дәрежеде қызмет істеймін , мен ешқашан өзім таңдаған мамандықтан қол үзген емен. Алматы тау кен институтында кен инжинерлерін даяарлау жөніндегі мемлекеттік комисиясының төрағалығын атқардым.

Докторлық жұмысын да елуінші - алпысыншы жылдардағы тау кен ғылымы қол жеткен игі істер сараланды.

Ел мойындаған ғұлама ғалымдардың лайықты бағасын есіту мен үшін ұмытылмас оқиға еді. Докторлық дисертацияма Мельников , Шевяков, Сәтпаевтың жоғары баға беруі зор сенім артып, мол жауапкершілік жүктеді.

1951 жылы Қонаевты Орталық Комитет Бюросы ғылым академиясының президенттігіне ұсынды. Жалпы соғыстан кейінгі жылдары тек күйреген қалаларды , селоларды қалпына келтірумен қатар және бір зобалаңның шеті бықсып шыға бастады. Қазақстанның сорпа бетіне шығар жақсылары мен жайсаңдары тұтқындап, қуғындау басталды.

Естіген кісінің жүзі шыдамас жала, өсек – аяаң өрттей қаулады. Ұлтшыл , жат елдің жансызы, ревалюциаға дейінгі Қазақстан тарихын фольклорды, қазақ әдебиетін зерттеу мәселелерінде феодалдық дәуірді дәріктейді деп айыптап түсіңе кірмес сұмдықтарға барды.

Сталин дүниеден қайтты. КОКП ның XX съезі өтті. Бәрі пышақ кескендей сап тиылды. Аталмыш еңбектер шырақ алып іздесең таппайтын дүниеге айналды

Қазақстан К(б) П VI съезі болып өтті. Осы съезде Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі және Б К(б) П XIX съезіне делегат болып сайланды.

“ Партияның XIX съезі өз жұмысын сол жылы 5 қазанда бастады. Сталин төрге шыққан бойда өз орнына емес , Шаяхметовтың қасына барып отырған тұста қазақстандықтар бір көтеріліп қалды.”

Үзіліске шыға салысымен жапа - тармағай Жұмекеңді ортаға алдық көсеміміз: “ Қазақстан жер асты суға бай. Соны пайдаланып Қазақстанның шөлді және жартылай шөлді алқаптарын мәдени алқаптарға айналдыруға кеңес берді. ”

1954 жылы ақпан айының алғашқы күндерінің бірінде Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің пленумы өтті, ұйымдық мәселе қаралды. Ауыл селоға басшылықты құлдыратып жібергені үшін Ж. А. Шаяхметов пен екінші хатшы В.И. Афонов жұмыстарынан босатылды. Артынша өткен Қазақстан компартиясының VII съезі орталық комитеттің бірінші хатшысының П.К. Пономаренлоны , екінші хатшылығына Л.И. Брененевті , хатшылары етіп Ф. К. Кәрімжановты, Ы. Тәжиевті сайлады.

Пленум әдеттегіден өзгеше өтті. Батыл шешімдер қабылдады. Астық өндіруді күрт арттыру үшін 1954 -1955 жылдар ішінгде Қазақстанға миллион гектар жаңа жерді игеру міндетін қойды. Тек алғашқы екі жылда республикаға 360 мың механизатор , құрылысшы , инжинер - техникалық қызметтер , ауыл шаруашылығы мамандары келді. Тың эпопеясы басталды.

1955 жылы 31 наурызда Алматыда Республика жоқарғы кеңесінің кезекті сессиясы ашылды. Жоғары кеңестің сессиясы Қонаевты бірауыздан республика министірлер кеңесінің төрағалығына сайлады.

Алда ұлан – ғасыр міндеттер тұрды. Қуатты энергетикалық және индустриялы база ірі ауыл шаруашылығы өндірісін жасау.

Іле – шала құрылыс монтанс жұмыстары миыистрлігі ұйымдастырылды.

Сондай – ақ Қазақстанның күллі геология қызметі біріктірілген Геология министірлігі шаңырақ көтерді. Кейінірек энергетика министірлігі өз алдына отау тікті.

1955 жылы советтік Қазақстан тарихында тұңғыш рет біздің республикамыз жоғары халықаралық деңгейде аса мәртебелі қонақты қабылдады. Есімі дүние жүзіне белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі Үндістанның премер – министрі Джавахарлал Неруді қазақ жері құшақ жая қарсы алды. Неру сол кезде – ақ саяси әлемге таныла бастаған сүйікті қызы Индираны ерте келген. 1956 астық жинау барысын радио мен мерзімде баспасөз көсіле жазып, кеңінен көрсетті. Совхоздар мен колхоздар сөзінде тұрды. Жоспар бойынша 600 миллион пұт орнына отан қамбасына 1 млрд пұт астық құйылды. Республика Ленин орденімен наградталды. 130 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1957 жылы сәуірде орталық комитеттің ақпан пленумының шешімін басшылыққа ала отырып, Қазақстанда сегіз территориялық өнеркәсік және құрылыс басқармасы ұйымдастырылды. Атап айтқанда олар Шығыс Қазақстан, Семей Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан. 1562 ж қазан қазан айының 1 – нде Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылым акедемиясы құрылды. Агро - ғалымдардың осы жылдар ішінде Республика ауыл шаруашылығын өркендетуде бірқатар ғылыми проблемаларды ойдағыдай шешкенгін атап айтқан жөн. Соның бірі - аңызды сақтай отырып, қырышуышты соқамен топырақты баптау . Қой шаруашылығын дамытуда асыл тұқымды қойтуыла мал санын көбейтуде, қазақтың бияғы жүнді арқар мериносын шығаруда ғалымдардың үлесі ерекше. 1976 жылы жылқының жаңа туымы – көшім жылқысы пайда болды. Оның орташа салмағы 480 – 495 кг жететін. Ал Қазақтың ақбас сиырынан алынатын ет республикаға қыруар пайда әкелді. Сонымен бірге сүтті мол беретін жаңа тұқым - әулеата сиыры ел арасына әрі тез, әрә кең тарады. Биязы жүнді қой Қ. А. Бальманттың басшылығымен кейін басқарған және Сулу көл қойы деп екі типке бөлінген қазақтың солтүстік мериносы есімдері елімізге танымал ғалымдар Қ. Ұ. Медеубеков, Ә. Е. Еламанов, М. Ә. Ерековтың тікелей қатынасуымен дүниеге келді. Республикада мүйізді ірі қара мен қойдың шетелдік тұқымдарын өсіру жолға қойылды. әр жылдың өз қызығы өз қиындығы бар. 1958 жылы Алматыда телестудия құрылысы аяқталып, қазақ теледидары өз хабарларын тарата бастады.

Осы жылы 12 желтоқсанда қазақ әдебиетімен өнерінің Мәскеудегі он күндігі өзінің ұлыттық өрнегімен, ішкі мазмұнымен есте

қалды. Он күндікке қатысушылар үшін үлкен театр, кіші театр акедемиялық көркем театры және Мәскеуді басқарды ғажайып залдары бөлінді. 1959 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан КП олрталық комиетінің Пленумы өтті. Оған А. Брежнев қатысты. Пленум Беляевты орнынан алды. Сол күні Д. Қонаев орталық комитеттің бірінші хатдшылығына сайланды. Қазақстан тарихында оның партия ұйымын көптеген ұлт өкілдері басқарғаны баршаға аяан. Солардың көбі сырттан келгендер , Орталық “ маңдайынан шертіп жүріп ” таңдағандар . Ал жергілікті ұлттар бірінші хатшы болған Қонаев үшінші адам.

Бірінші болып ел тізгінін С. Арғыншиев қолға алған. Ол 1920 жылдың 8 маусымынан қыркүйектің біріне дейін отырыпты . Екінші Ж . Шаяахметов 1960 жылдың қаңтар айының соңына таман кеңес мемлекетінің бір топ қайраткерлері АҚШ – қа сапар шекті. Сол делегация құрамында Д.А. Қонаевта болды. Сол сапарда Қонаев АҚШ -тың біздің еліміздегі елшісі Гарриманмен сұхбаттасты. Қарағандыны көру арманы еді. Өнеркәсіп орындарын, оның ішінде Теміртаудағы металлгургия комбинатының құрлысын көріп жұмысымен танысып қайтсам ба деп едім. Сондай – ақ Қазақстан Ғылым акедемиясының геологиялық музейін көруге рұқсат етіңіз – деп қолқа салды.

АҚШ сияқты іргелі елдің жұрт таныған азаматымен осылай танысып еді. Америкеға баратын делегацияға 3 міндет жүктелген еді. 1) халық шаруашылығы салаларына, оның өркендеу жолына назар аудару

2) Кеңес одағы туралы американ халқының түсінігін кеңейту

3) Американың беделді мемлекет, саяси және қайраткерлерімен байланысты нығайту. 1960 жылы 10 наурызда орталық комиттетінің бірінші хатшылығына сайланды. 1962 жыл республика үшін жүйке жұқартқан жыл болды. Орталық комитеттінің пленумы болып, астық жинау мен шөп әзірлеудің барысы қарайды. Ең басты шаруа жер бетіне шыққан өнімді төкпей – шашпай жинап алу, келесі жылға қам жасау. Істің мұндай тұйыққа тірелуіне Мәскеудің, оның ішінде Хрущевтің кінәсі аз емес. 1963 –1964 жылғы мал қыстату шаруашылық басшыларына , партия, кеңес қызметкерлеріне үлкен сабақ болды. Мал шаруашылығы одан әрі өркендету жөнінде шаралар белгіленіп одақ басшыларына баяандалды. Біздің өтінішіміз бойынша КСРО министрлер кеңесі “ Қазақ КСР – ында қой шаруашылығын өркендету үшін шөл және шөлейтті жайылымдарды игеру туралы ” қаулы қабылдады.

Шымкент кәсіпорындары мен жіті танысып, қорғасын , пресс-автомат, химялық дәрі - дәрмек завоттарының , цемент және тоқыма комбинаттарының, шұлық фабрикасының өндірістегі осал тұстарын анықтап бірқатар проблемаларын табан астында шешіп беріп отырды. Арқаға аяаздай батып жүрген бір шаруа - Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін қайта қалпына келтіру Түркістан қаласын көркейте түсіру еді . 1964 жылы Қазақстан орталық комитетінің пленумы бір ауыздан Қонаевты бірінші хатшы етіп сайлады.

Жаңа бес жылдық басталды - оның алғашқы 1965 жыл өте шықты. Соған қарамастан өнеркәсіп пен құрылыс саласында ірі - ірі өзекті міндеттерді шешудің орайы келді. Соның ішінде Қызылорда целлюлоза - каотоп комбинаты мен жылу электр станциясы іске қосылды. Республика да буып түйетін мтериал шығару қолға алынды. Қостанай облысында Жетіген асбест комбинатының бірінші кезегі пайдалануға берілді. Өзен мұнай- газ кен орнының құрылысы аяақталды . Маңғыстаудың тұңғыш мұнайы алынды. Пайдалы қазба байлықтардың орасан мол қорларын анықтаудың арқасында республикамыздың игерілмеген шөлді аудандары ірі өнеркәсіп торабына айналды. Осы жерде шапшаң нейтронды бірінші электр станциясы жұмыс істейді. Осы аймақтың қақ ортасынан әсем қала бой көтерді. Ол осында айдалып келіп өмір сүрген украйн мобзары Шевченко атымен, ал қазір Ақтау деп аталады.

1966 жылы 20 наурызда КОКП XXIII съезі жұмысын бастады. Қазақстан 204 делегат қатысты. Пленум Д.А. Қонаевты КОКП орталық комитеті саяси Бюросының мүшелігіне кондидат етіп сайлады. Съезд шешіміне сәикес республиканың алуан саласы индустриясы секілді де бірқалыпты дамыды, ол еліміздің ірі эканомикалық аймақтарының біріне айналды. Осы жылы миллиард пұттан артық астық жиналды. Астық өндірісін ұлғайтуда және эканомиканы көтерудегі басқа да көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Солтүстік Қазақстан , Қостанай, Ақтөбе, Алматы облыстары Ленин орденімен наградталды. Қызылорда облысында күріш егісін жолға қоюға , сондай-ақ Шымкент облысында , Алматы облысының Ақдала алқабында , Талдықорған облысының Қаратал ауданында күріш егісі е-кең қанат жайды. Қазақстан қант қызылшасын, мақта , темекі сияқты техникалық дақылдар жөнінідегі аса маңызды базаға айналды.

Қазақ даласы экономикалық жағынан ғана емес , мәдени салада да ілгерілеп , одақ көлемінен тысқары жерлерге танылып , қарым- қатынасы күшейе түсті. 1966 жылдан бастап қысқа мерзім ішінде үш мұсылман еліне Алжир, Иран , Египет барып қайтудың сәті түсті. Қазақ даласындай ұлан ғайыр жер кемде- кем. Бір өзіне Ұлыбритания , Франция, Германия федеративтік республикасы, Испания, Австрия , Голландия, Дания сияқты іргелі елдер тұтас алғанда, емін – еркін сиып кетеді. Солд кең байтақ өлке отыз жыл ішінде өнеркәсібі ауыл шаруашылығы және мәдениеті өркен жайған республикаға айналды. Қазақстан түсті, сирек және пайдалы металл өндіріс жөнінен елімізде елеулі үлес салмағы бар. Олар Өскемен қорғасын- мырыш және титан - магни комбинатының, Балқаш пен Жезқазған кен металлургия , Лениногор мен Ащысай полиметалл комбинатының, Зырияның қорғасын, Павлардың алюминий , Шымкенттің қорғасын, Ертістің металлургиялық - химия заводтарының ұйымшыл ұжымдарының жемісті еңбектерінің арқасында еселене түсті.

Осы жылдар ішінде қара металлургия қарқынмен дамыды. Соколов -Сарыбай және Лисаков кен байыту комбинаттары Урал мен Қазақстан металлургиясының аса ірі барысына айналды . Еліміздегі ең қуатты ақ қаңылтыр цехы бар . Қарағанды металлургиялық комбинатының тұтас кешенінің құрылысы аяқталды. Ермак ферросплав заводы іске қосылып, толық қуатымен істей бастады.

Машина жасау және металл өңдеу саласы нығая түсті. Павлодардың трактор , Целиноградтың ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, Өскеменнің, Қарағандының , Петропаволдың, Оралдың, Шымкенттің , Алматының заводтары пайдалануға берілді, Прибор жасайтын , энергетикалық және автломабиль өнеркәсібінің , химия мұнай, құрылыс жол төсеу машиналарын жасайтын заводттардың шығарған өнімдері кеңінен мәлім . Республика ірі отын энергетикалық өнеркәсіп орталығы ретінде танымал жүзден астам көмір және мұнай көздері ашылды. Қарағанды мен Екібастұз көмір бассейіндері жоғары қарқынмен өркен жайды. Көмір өндіру 1955 жылы бары жоғы 28 млн тонна болса, 1986 жылы 130-132 млн тоннаға жетті. 1965 жылы Маңғыстаудың бір эмалон мұнайы тұңғыш рет өңдеуге жіберілсе , 1976 жылы жүз млн тонна мұнай өндірілгені туралы айтылды.

Электр қуаты 1955 жылы 14,5 киловатт болса , 1986 жылы 85 млн . киловатт сағатқа жетті.

Қазақстан жергілікті , жеңіл тамақ , ірі өнеркәсібінің өсу деңгейінен өзінің эканомикалық қуатының қай джеңгейде екенін көрсеткен республика Алматы мақта- мата комбинаты Қостанайда костюмдік маталар Өскеменнің жібек маталары комбинатының , Көкшетауда ленталық фабрика бой көтерді. Семей, Шымкент, Алматы толық тұтынатын тауар өндіретін аса ірі орталық саналып отыр. Автомбиль , әуе қатынасы, темір жол транспорты өркен жайды. Барлық облыс орталықтарында осы күні әуе лайнерлерін қабылдайтын аэропорттар жұмыс істейді.

Қазақстан 60 жылдық торқалы тойы тойланатын жылы өнеркәсіп өнімдерін 1920 жылмен салыстырғанда 875 есе көп өндірілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет