«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі» пәні бойынша



бет9/16
Дата13.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
#133478
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Жоспар:



  1. С. Қожановтың балалық шағы.

  2. Өмірі мен қызметі.

3. С. Қожановтың саяси ортаға белсене қатысуы.
Пайдаланылған әдебиеттер:

а)негізгі

  1. Жолтай Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанов Алматы 2005ж

  2. Жолтай Әлмашұлы. Сұлтанбек Қожанов Алматы 1994ж

  3. Қойгелдиев “Ұлттық саяси элита”

б)қосымша

1.Қазақ Ұлттық энциклопедиясы 3 том.Үш тұңғыш

2.Ұмытылмас тұлғалар

3.Қ.Ү.Ә. VI-том



Лекция мәтіні

Қазіргі Шымкент облысы, созақ ауданындағы Ақсүмбе деген жерде 1894ж туған. Сұлтанбектің қысқа ғана балалық шағы сол Қаратау Баурайында, шаруасы жарытымсыз, кедей болған малшы Қожан Қоңқақұлының қолында өтеді. Көп балалы қойшы Қазнаның ұлдарының үлкені Сұлтанбек екен. Патша үкіметі өзінің отардағы ісіне септесер болашақ қолшоқпарларын тәрбиелеу мақсаты мен орыс-түзем мектептерін ашып, оқытатын балаларды әр обылыстан жинауға кіріскенде, ауқаттылар “тұқымын шоқындырып алудан” қорғанышақтағандықтан, жеребе “бір қора ұл-қызы бар кедей-кепшік Қожанның бақташысы боп жүрген еті тірі, пысық жеткіншігі -Сұлтанбегіне” түседі. Осындай жағдаймен 11 жасар баланың тұрмыс салтына өзгеріс енеді - әкесі оны Түркістанға әкеліп, танысының үйіне орналастырады. Мұнда ол бір ауыз орысша сөз білместен орыс-тузем мектебінің партасына отырады, әрі күн-көріс талабына орай етікшінің жәрдемшісі ретінде жұмыс істей бастайды.

Зерек бала орысшаға тез төселіп, төрт кластың бастауыш орыс-тузем мектебін ойдағыдай аяқтайды да үш класстық қалалық үчилищені бітірген соң, білім қуып Ташкентке келеді. Сұлтанбек сондағы мұғалімдер семинариясына түсуге талпынады, ол Түркістан уезінің түземдік тері үшін төрт орын бөлінгенін алдын-ала біліп алған-тын. Тек өзінің ұстазы Түркістан қазақтары арасында Ұзынсақал атанған тілінің мұғалімі Иван Михайлович Яковлевтің араласуымен ғана конкурс бойынша қабылдау емтиханын тапсыруға рұқсат алады. Сынақтардан мүдірмей өтеді. Семинарияда оқыған жылдарында Сұлтанбек жалпы білімін көтерумен қатар қоғамдық озық ой-пікірлермен таныса бастайды, мұғалімдердің астыртын ұйымдарының жүргізген жұмыстарына қатысады. Өзі оқып жүрген мұғалімдер семинарисында 1915 жыл “Кеңес” атты жасырын үйіре ұйымдастырылады. Оқуды 1916 ж мақтау грамотасымен тамамдайды да Әндижан уезіндегі орыс-тузем мектебінің мұғалімі болып тағайындалады. Онда бір жыл істейді, сосын туған жеріне оралып, ауыл мектебінде бала оқытуға кіріседі.

Қожановтың белсенді қоғамдық-саяси жұмысқа бір жола ден қойуына Февраль революциясы мүмкін етті. Ол Ташкентке барып, мұғалімдер институтына тыңдаушы болып жүре, саясат жолынан өз бағытын адастырмас дұрыс жолды табуға тырысты. Патша тақтан құлаған сәтте туындаған саяси мүмкіндіктерді ең алдымен ұлттық буржуазия мен оған тіркес жүрген интеллегенция тобы пайдаланып қалуға тырысты. Бұл топ өлкенің Европа капиталымен тығыз байланысқан түрде капиталистік жолмен дамуын қолдайды. Сұлтанбекте батыл түрде сол жарды ұстанды. Сол шақта теріс пиғылдармен жан аямас күреске түскен Тұрар Рысқұловтың қатарында Сұлтанбек Қожановта болды. Тұрар өлкедегі аштыққа қарсы күрес комиссиясын басқарып, Сұлтанбек 1918 ж көктемінде комиссия тапсырмасымен Түркістан уезіне аттанды.

Созақ, Түркістан, Жаңа қорған және т.б. елді мекендерде ашыққан адамдардарды тамақтандыратын пункттер ашуды ұйымдастырды. “Жылан жылы ел Сұлтанбектің түлен көнесін ішіп жан сақтады ғой” – дегенді сол өңір қариялары күні кешеге дейін өздері дүниеден озғанша айтып жүрді. Сұлтанбек ұстаздық қызметімен шектеліп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қоса танытты. Қазақ халқына білім беру институтының (КИНО) іргесін көтеріп, осы орта дәрежелі оқу орнында алғышқы 300 мұғалімді даярлауға ат салысты. 1919 ж қырүйекте ол Түркістан қаласында, уездің оқу бөлімінде қызмет атқаруға жіберілді.

1920 ж наурызда Сұлтанбек РКП(б) мүшелігіне қабылданды. Ұзамай қалалық партия комитетінің мүшесі болды. Кешікпей Сұлтанбек Сырдария облысының революциялық комитеттің предцедателі болды.

Ұлттық-территориялық межелеуге дейін Түркістанда істеген Сұлтанбек 1920-1924 ж Туркреспублика советтері мен Түркістан Компартиясының барлық съездеріне, РКП(б)-ң Х және ХІІІ – съездерінде делегат болды.

Нанейшвели мен Қожанов республиканың басшы орындарына лайық кадрлар таңдауда біраз жұмыс жүргізді. Астананың атын Қызылорда деп өзгертіп, халықтың бұрмаланған тарихи есімін өзіне қайтарған, яғни аталуын тұңғыш рет “Киргиз республикасынан” “Қазақстан респубикасына” ауыстырған Кеңестердің бесінші съезін өткізді. Қожановтың арта түскен беделі “портфельден” айырылған бұрынғы белсенділерге ұнаған жоқ.

“Білгір” рушыл наркомның “ұлтшыл” Қожановқа берген мінездемесі мынадай: “Қожанов барып тұрған қу, өжет іскер адам... Қожанов өзге түгіл, Сталиннің өзіменде жұлқыса кетуге тайынбайтын адам. Бір жиналыста Сталин Қожановқа қалжыңдап: “Халың қалай; Шыңғыс хан?” десе, Қожанов оған: “Мен емес өзің Шыңғысхан!” депті. Ол сондай батына сөйлейтін хан”. “Оның топтастары” Серғазиев, Есқараев, Аралбаев, Тоқтабаев тағы тағылар, “сен тұр мен, айтайын” дейтіндер. “Ол ұстаған жерінде тістесіп қалып қалатын адал... Көрерсің, Садуақасовшылармен біріккен Қожановшылар, бірлік-берекеден айрылып Меңдешевшілер мен Сейфуллиншілердің әр жерде соғып сілесіп қатырды”.

Голощекинге өзін көсем санайтын сарыауыздар керек еді, сондай адам – жалы да маркстік – лениндікте тиянақты білім алып көрмеген, праптип, республикалық деңгейдегі жұмысқа шыққанына бір жылдай ғана болған, бірақ Қожанов тұсына, Кеңестердің V съезіне дейін ҚазЦИК секретары қызметінен түсірілген Ораз Исаевтің Қожановтың орнына, өлкелік партия комитетінің екінші секретарлығына Исаев сайланды. Ол Голощекиннің сенімін толығымен ақтайды. Үш жылдан кейін, Қожановтан өзі қойған сұрақтарға орай, Горлощекин саясатын мойындайтынын жазған жауап-хат келіп, “Еңбекші халыққа” жариялайды. Голощекиннің қолшоқпары бола жүріп, 1929 ж үкімет басына жетеді де, тағы үш жылдан кейін, өзге жауапты қызметкерлер мен бірге бас шұлғи беру салдарынан, халықты қайғылы ашаршылыққа душар еткізеді.

Қожановтың өмір жолына оралайық. Ол Москвада екі жылдай істейді. ВКП(б) Орталық комитетінің жауапты нұсқаушысы қызметін атқара жүріп, марксиз-ленинизм курсында оқиды. 1927 жылы желтоқсанда Ташкентке, ВКП(б) Орталық комитетінің Орта Азия бюросының қарамағына жіберіледі.

Мұнда ол Средазбюро үгіт-насихат бөлімі меңгерушісі, үгіт-насихат жөніндегі секретарь болады.“Түркістан Кеңес Автономиясының 10 жылдығына” деген еңбек жазады. Еңбегінде Түрік республикасының даму кезеңдерін талдап, Түркістан АССР-ң жер-жерінде Кеңес өкіметін орнықтырудағы рөліне, жалпы Ресей Федерациясы құрамына Азиядан кірген тұңғыш автономиялық республиканың маңызына тоқталды. Бұл қазіргі ғалымдардың назар аударуын қажет ететін құнды жұмыс, онда, қайта құру кезеңін талап етіп отырған, ой тоқырауын жоюды мүмкін ететін деректер мен тұжырымдар мол.

Орта Азия бюросындағы қызметімен қоса Сұлтанбек Ташкентте партия тапсырмаларына орай басқа жұмыстар істеді. САХИПИ – ді Орта Азиядағы мақта ирригациялық политехника институты ұйымдастырып, алғашқы директоры болды. ВАСХНИЛ-ң Ташкенттегі филиалында қызмет атқарды. Орта Азияның мақта комитетін басқарды. 1931 жылы наурызда ол қайтадан Москваға шақырып алынды. Әуелі ВКП(б) Орталық Комитеті боп, 1932 жылы майдан “Союззолотхлопок” меңгерушісінің орынбасары, тамыздан Орталық бақылау коиссиясында техникалық дақылдар тобы жетекшісінің орынбасары, ал 1934 жылы февральдан августқа дейін СССР Халкомсовы жанындағы Советтік бақылау комиссиясның мақта жөніндегі бақылаушысы болды.

Сұлтанбек Қожанұлы 1934 жылы тамыздан бастап 1937 жылы шілде де қамауға алынғанға дейін Ташкентте істеді. Әуелі СССР Егіншілік Халкоматының Орта Азиядағы өкілі, ал 1934 жылдың қазанында - Кеңестік бақылау комиссиясы Өзбекстан бойынша өкілінің орынбасары қызметтерін атқарды.Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды.

Бар саналы ғұмырын халық игілігі үшін еңбек етуге арнаған бұл қайраткер партияның Х, ХІІІ, ХІV, XVII- съездеріне делегат ретінде қатысты, Бүкілроссиялық Орталық Атқару комитетімен СССР Орталық Атқару Комитетіне мүше болды.

Жазықсыз репрессияланды. Ардақты есімі КПСС ХХ-съезінен кейін көп ұзамай қалпына келтірілді. Алайда, Қазақстан тарихшыларының орынсыз кір жағуынан әзірге аршып алынған жоқ. Жекелеген ғалымдар,философия ғылымының кондидаттары Т.Жангелдин мен М. Бурабаев: “С.Садуақасов, С.Қожановтың антипартиялық топтары... Коммунисттік партияның Қазақстандағы саясатына шабуыл жасап ұлт араздығын қоздырды.Крайкомның V партконференциясында кейін белсенді түрде дами түскен бұл топтардың идеялогиялық мәнін олардың байлар мен солардың лидерлері- алашордашылар мүддесін көрсететіндігі анықтайтын” деп Сұлтанбек Қожановқа жазықсыз жала жапты.Өлкедегі аталған V және VI партконференциялар 1925 жылы желтоқсан мен 1927 жылы қарашада өткенін, ал бұл кезде С. Қожанов партияның ХІV съезінде делегат болып қатысып, Орталық Комитет аппаратында жауапты жұмыс істеп жүргенін, сондай-ақ білімін жетілдірумен шұғылданғандығын айтсақ, жоғарыдағы тұжырымды түйген философтардың тарихи шындыққа қолдан жасаумен айналысқанын аңғару қиын емес.

Адал адам туралы аз сөз айтуды КПСС ХХ-VІІ cъезінің нұрлы шуағында ерекше қуанышпен бар дауыспен жариялай отырып орындауға тиіс міндетіміз деп білейік
Лекция №21 Тақырыбы: Мұхтар Әуезов (1897-1961)

Жоспар:

1.Өмірі :

2.Қызметі:

3.Мұрасы:



Пайдаланылатын әдебиеттер
а)негізгі

1. Л.М. Әуезова

М.О. Әуезов творчествасында Қазақстан тарихының проблемалары. «Мектеп» баспасы Алматы 1977 ж.

2. Рымғали Нұрғали

„Әуезов және алаш” әдебиеттегі ұлыттық рух Алматы „Санат” 1997 ж.



б)қосымша

1. Дархан Дарын.

Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы деректі естелік пен ғылыми – зерттеу мақалалар „Жібек жолы” баспасы Алматы 1997 ж.

Лекция мәтіні
Мұхтар Әуезов- қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой-санасының, сөз өнерінің, көркем прозасының асқар биігі. Ол- теңдесі жоқ суреткер жазушы, драматург, ғұлама ғалым-әдебиетші, зерттеуші, фольклортанушы, ұлағатты ұстаз және ірі қоғам қайраткері.

М. Әуезов 1897 жылы Семей уезі, Шыңғыс болысында Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті.Болашақ жазушы ұлы Абай өз шығараларында сонша терең, әрі жан-жақты суреттеген сол кездегі қазақ қоғамының өзіндік сипаты мол, қайшылыққа толы өмір-тұрмысын көзімен көрді. Сол жылдарда байқаған, танып-білген жәйттерінің көбісі кейін оның шығармаларына енді.

Бұл кезде қазақ сахарасында алдыңғы қатарлы адмдар мәдениетке, біліге ұмтылған-ды.

Мұхтар Әуезов 7-8 жасқа келгенде хат танып, арап әріпімен басылған қисса-хикаяларды оқып, сонымен қатар ел арасында көп тараған аңыз-ертегілерді, шешендік сөздерді, ақындар термеліп домбырамен айтатын жыр-дастандарды жадында сақтап, әсіресе, Абайдың өлеңдерін жаттап, халықтың аса бай сөз өнерінің асыл үлгілерінен нәр алып өседі.

Кейін ол Семей қаласында медресседе, онан соң бессыныптық орыс мектебінде, ал 1915-1919 жылдарда мұғалімдер семинариясында оқып білім алған.

М. Әуезов 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде, халық аңызы бойынша “Еңлік-Кебек” пьессасын жазады. Бұл қазақтың ұлттық драмасының қарлығашы еді. Кейін жазушының жаңартуы, жетілдіруі нәтижесінде осы пьесса қазақ драма театрының сахнасынан құрметті орын алды.

Пьесса екі жас- Еңлік пен Кебектің бір-біріне деген шексіз махаббатын суреттейді. Алайда, патриархалдық-феодалдық қоғамның салт-ғұрыптары мен қағидалары, секілікті жақтаушы күштер олардың жолында асу берместей болып кесе көлденең тұрады. Өз тағдырларын өздері шешкісі келген Еңлік пен Кебекті өлімге бұйырады.

Әуезовтің бұл алғашқы елеулі туындысы негізгі оқиғаларының шыншылдығымен, бас кейіпкерлерінің сомдап соғылған тұлғасымен, тамаша мөлдір тілімен ерекше көрермендерге әсер етеді. Пьессадан сондай-ақ Әуезовтың халық шығармашылығына деген көзқарасы, халықтық аңыздардың рухын, негізін сақтай отырып, дамытып, жаңарта білетін шеберлігі айқын көрінеді. Сол алғашқы мақалаларының өзінде-ақ Мұхтар Әуезов “елді мәдениетке жеткізіп, ағарту, өнер-білім таратып құралдандыру, дүниенің халін көруге көзін ашу, шаруасын түрлеп, ішінен жетілту” қажеттігін уақыттың өзі қазақ қоғамының алдына қойып отырған әлеуметтік мәні зор мақсат-міндеттер деп түсінгенін байқай аламыз. 1920-21 жылғы ашаршылық туралы “Еңбекші қазақ” газетінде басылған мақаласын, жер бөлісі туралы сөйлеген сөздерін шолып өтсек, М.Әуезовтің ол кездегі ел тағ-

дыры ,ұлттық мүдде, жастардың келешегі жайындағы толғаныстары, ой-толғамдары бүгінгі замандағы озат идеялармен үндес шығатыны көңіл қоярлық.

Алаш Орда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң 1923 жылдан бастап М.Әуезов саяси қызметтен бой тартып, көркем әдебиет саласында бар күш-қуатын жұмсап өнімді еңбек етуге кіріседі.

Мұхтар Әуезов өз шығармашылығының гуманистік сипатын ерте танытқан еді.

1923 жылдан 1930 жылға дейінгі уақытын көбіне Ленингратта (Санкт-Петербургта) және Ташкеннте оқып, білімін толықтыруға жұмсап, сонымен қатар ауыл өмірі туралы көркем шығармалар жазумен өткізеді. Мұхтар Әуезовтің суреткерлік шеберлігі көбінде әңгіме жанрын игеру үстінде қалыптасты. Оның “Қорғансыздың күні”, “Оқыған азамат”, “Қыр суреттері”, “Қыр әңгімелері”, “Үйлену”, “Сөніп жану”, “Кім кінәлі”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Жетім”, “Кінәмшіл бойжеткен”, “Қаралы сұлу” секілді әңгімелерінің қай-қайсысынан да жазушының ауыл өмірін, ендігі тұрмыс жайын, әдет-ғұрпын жетік білетіні айқын танылады. Әсіресе, Мұхтар Әуезовтің осы кездің өзінде-ақ барған сайын суреткерлік, баяндаушылық шеберлігі арта түсіп, сан түрлі адамдардың мінез-ерекшелігін, психологиясын, ойлау-сөйлеу мәнерін тап басып тани-білетін көрегендігі мен сезімталдығы назар аударады. Сол замандағы қоғамдық өмірде орын алған алуан түрлі мәселелерді - ауыл адамдарының өмір-тұрмысы, күн-көрісі, үйлену, отбасын құру және құдаласу, күйеу келуі, қыз беру сияқты ескі әдет-ғұрыптар, оқыған жігіттердің мінезі, іс-әрекеттері – осының айғағы.



Лекция №22 Тақырыбы: Смаѓ±л Садуаќас±лы (1900-1938).

Жоспар:

  1. Өмірі

  2. Қызметі

  3. Мұрасы

Пайдаланылытын әдебиеттер

а)негізгі

  1. Қ.ұ.э

  2. Қайгелдиев ұлттық саяси элита 2004 ж

б)қосымша

1.Смағұл Садуақасұлы Алаш мұрасы 2003 ж



  1. .М.Құл Мұхаммед Алаш бағдарламасы “Қиянат пен Ақиқат”

Алматы 2004 ж
Лекция мәтіні
Кењістік ресми тарих елемей келген, аты сµз етіле ќалса, біріњѓай мансаќталѓан алаш арыстарыныњ бірі-ірі саясат ќайраткері, єдебиетші, кµсемсµзші Смаѓ±л Садуаќас±лы 1900 жыл туып 1933 жылы ќыршыннан ќиылѓан оныњ ќайраткерлік ењбегі, шыѓармашылыѓы кењес дєуірінде ќалыптасќан таным кесірінен арнайы зерттелген емес.

Ќайраткер Смаѓ±л Садуаќас±лыныњ Сімі 20-жылдары ќарастырѓан ѓылыми єдебиеттерде тым ‰стірт айтылды. Слайда ќазаќ жастарыныњ т±њѓыш ±йымы “Бірлік” пен оныњ баѓытын дєйекті т‰рде жалѓастырѓан “Жас азаматтыѓы” Алаш Орданыњ обылыстыќ комитетін ќ±рудаѓы ењбегін кењес ќоѓамныњ м‰ддесіне байланысты ескермегенніњ µзінде, Сібір тµњкеріс комитетіндегі (1920), Кењестік К‰ншыѓыс ±лттары жастырыныњ орталыќ бюросындаѓы (1920), Ќазаќ автономиялы республикасыныњ Жастар одаѓындаѓы (1920), Ќазаќ ОАК-і президумындаѓы (1920-1921), Б‰кілресейлік ОАК-ніњ Семей губернелік тµњкеіс комитетіндегі (1921) Ќазаќ ОАК-ныњ Т‰ркістан автономиялы республикасы µкілділігіндегі (1922), Ќазаќ автономиялы республикасы Жоспарлау комиссариатындаѓы (1923-1923), Халыќ азарту комиссариатындаѓы (1925-1927) жауапты ћєм жетекші ќызметін елемеу, ќ±нттамау аќылѓа сыймайтын еді.

5 томдыќ Ќазаќ ССР тарихында 20- жылдары Ќазаќстан µкіметінде Ірі ќоѓам ќайраткері дєрежесєнде кµтерєлген Смаѓ±л жµнінде бір-аќ ауыз ѓана сµз жазылды. Б±л он Атон ќаралаѓан сµз болатын. ¤йткені сындарлы кµзбен ќараум‰мкіндігі туѓан.

Қазіргі шақта осы ғасырдың бірінші ширегіндегі ұлт әдебиеті жанырларын қалыптастыруға атсалысқан әдебиетші, жазушы көсемсөзші С.Садуақосұлы ұмыт қалдыру қиынсыз. Сондай-ақ 20-жылдары рухани өмірдегі тоқыраудың алдын алмақ болған «Алқа» шығармашылық қауымдастығын ұйымдастыруға белсене араласқан, тұңғыш мемлекеттік ұлт театрының іргетасын қалаған, қазақтың ән-күйін хаттаушыларға жәрдемдескен, Абай мен Сұлтанмахмұттың жазғандарын тірнектеп жинауға мамандарды жұмылдырған қайраткердің мәдениет, әдебиет тарихындағы тұлғалақ орын ескермеу де қиянат.

Осы тұрғыдан кемінде Смағұл Садуақасұлының ғұмырбаянын, әдеби мұрасын зерттеудің, жазған еңбектерін қайта тасқа басып, халаққа жеткізудің көкейкестілігі айқын байқалады.

Смағұл Садуақасұлы 1900 жылы сол шақтағы территориялық айырым бойынша Ақмола обылысы, Шарлық уйезі, Қараой обылысы, Жарқын ауданында (қазіргі солтүстік Қазақстан обылысы, Ұялы-Жарқын ауылы) туған.Әкесі Садуақас Торабайұлы (1872-1937) хақ жолын ұстанған, қоңыр дәулетті молда болған. Ол Смағұлдай ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін қапқасап 37-жылы нақақтан аталған. Анасы Мәжікен (1879-1938) перзенті смағұлдың қайғысы қазасы мен күйеуінің жазықсыз айдалғанын көтере алмай құсадан дүние салған. Смағұлдың жалғыз бауыры-қарындасы Орынбасар да (1916-1990) өмірден өгейлік, тағдырын тәлкек көріп, өкіметтен бір тиын да зейнетақы алмай көз жұмған.

Смағұл Садуақас ұлы ұшқан ұяның қайғылы халі, міне, осындай. Бұл- Тарих. Исі алаштың құрықпен ұсталып, қорада тұсалған шынайы тарихтың бі ұшқыны.

1912 жылы ауылындағы Әбіл молда Қуанышұлының Шығыс пен Батыс білімін қатар негіз етіп алғн мктебін тәмамдаған. Смағұл өміріндегі түрлі дәрежедегі бір сыпыра оқу ордасының тблдырығын аттайды. 1912-1915 жылдары 2- класты Полтавка орыс-қырғыз (қазақ) училищесінде, 1916-1918 жылдары Омбы ауылшаруашылығы училищесінде, 1918 жылы Омбы политехникалық институты жанындағы коорпарация курсында, осы қалада жеке-дара ашылған коорпация курсында, Омбы ауылшаруашылығы институтының коорпарация факультетінде оқиды. Кейінірек, саясаттн мүлде шеттелген жылдары, дәлірек айтсақ айтсақ, 1928-1932 жылдар аралығында Мәскеу теміржол құрылысы инженерлері институтын жасанды құрылыс мандығы бойынша оқып бітірді. С. Сәдуақасұлы еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастаған. 15 жасында Шарлақ уйезі Сиыршы ауылындағы орс-қығыз (қазақ) мектебінде ұстаздық еткен. С. Сәдуақасұлы 1920 жылдан бастап сегіз жыл ғұмырын Қазақ автономиялы республикасының қалыптасуы мен нығанына жұмсайды.

Смағұл Сәдуақасүұлы қайраткрлік тұсауы 1916 жылы Омбыдағы қазақ жастарының “Бірлік” ұйымына кіргенде-ақ кесілді. Ол қаламын “Бірліктің” “Балапан” атты қолжзба журналында ұштады. Смағұл көсемсөздік пен жазушылық өнерді танымсыз қайраттық қызметінің барысында меңгерді.

Бізге қаламгер Смағұлдың көзі тірісінде жорық көрген алты кітапшасы белгілі. Олар: “Жастарға жаңа жол” (орынбор, 1921), “Кооперция пән қазақ шаруааас” (Орынор,1924), “Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?” (Орынбор, 1924), ”Жастар мен әңгіме” (Орынбор,1925), “Ұлт театры туралы” (Қызылорда, 1926), “Қазақстанда халық ағарту мәселелері” (Қызылорда,1927). Осылардың ішінде “Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?” атты туынды ғана көркем шығарма да (повесть), қалғандары –танымдық, ғылыми-зерттеу еңбектері. Мұның сыртында С.Сәдуақасұлы мерзімді басылымдарда бірнеше повесть, әңгіме, ондаған зерттеу очеркін, жүздеген түрлі тақырыптағы публистикалық мақала, бір романнан үзінді жариялады.

С. Сәдуақасұлы 1933 жылы қаныда қаза болғаннан кейін оның еңбетерін бастырту керектігін айтқан бірді-екілі пікір болды. Айталық, көп мәселелерді Смағұлмен келісе қоймаған Ғаббас Тоғжанұлы 1936 жылы Қазақсатн көркем әдебиет баспасының жоспарына С.Сәдуақасұлының кітабын даярлауды ендіргені мәлім. Бірақ жоспарланған кітап белгілі себептерден басылмады, және осындай табыныс арада 21 жыл өткеннен соң байқалды. 1937 жылы С.Сәдуақасұлының жазғандарын кітап етіп басқаруды көтерген ғалым Бйсенбай Кенжебайұлы еді. Мұнан кейін 70-жылдары Смағұл театр тарихын қатыстырып зерттеуші Бағыбек Құдайбайұлы әділ баға берді.

Біздіңше, Смағұл Садуақасұлының жазған еңбегі жоғарыда аталған жинақпен және осы ұсынылып отырған кітаппен шектелмейді.

“қазақ” газетінің мұратын саналы түрде қабылдағанСмағұлдың азаматты пайымы, эстетикалық таным-түйсігі 1918-1919 жылдар аралығында белгілі бір дәрежеде қалыптасып дәуге негіз бар.

Алаш Орданың саясаттағы мақсаты-келешекте азат қазақ мемлекетін құру болса, руханияттағы мақсаты- “қазақтың өз ойын,өз сезімін, өз қиялын, өзұғымын жырлау бағытта емес, рухта өзіндк қасиеті сақтау” еді. С.Садуақасұлы саясат пен руханиятта осы мақсатты бірік ұстады.

С.Садуақасұлының қазірше бізге белгілі болып отырған алғашқы “Киргизская литература”(“қазақ әдебиеті”) атты әдеби-сын еңбегі 1918 жылы қазан айының соңында жазылып, 1919 жылы Омбыда шығып тұрған “Турдовая Сибирь” журналының 1-санында жарияланды. Қолалпер қазақ әдебиетін ұлттық тұмыс тіршілігімен байланыста қарайды. Смағұл сал-серілерді сипаттау арқылы ауызша таратылытын әдебиеттін қазақ өміріндегі орнын көрсетуге талап қылған. Тұтастай алғанда, ақындық-жыршылық дәстүр мен суырыпалма өнерін жазба әдебиетіне шығар баспалдақ деп тұжырымдаған. С.Садуақасұлының бұл еңбегі қазақ әдебиетін тұңғыш рет осындай кең ауқымда, жанр-жанрға жіктеп, саралауымен бағалы.

С.Садуақасұлының әдеби-сын еңбектерінің қатарында орыс тілінде 1927 жыл жарлық көрген “Қозы көрпеш-Баян сұлу” жыры мен 1928 жыл жарияланған “Жас Қазақстан” жинағына жазған алғы сөздері де кіреді. Жырдың тәжінамасына жазған алғы сөз ғылыми нақтылығымен, әдеби-танымдылығымен көзге түседі. Жәдігерліктің оқырмен қолына тиіп отырған тұңғыш орысша нұсқасы болғандықтан, Смағұл жырдың тарихын жеткізумен бірге текстегі аудармашы тұппысқасып сақтап жазған сөздерге түсіндірмелер берген.

С.Садуақасұлының ғылыми айналмға әлі түспеген “Өртең” атты шығармасы- лирикалық әңгіме. Онда сюжет немесе оқиға желесі жоқ. әңгімеге жазушуның отаны туралы тебіренісі, жерімен, елімен, іштей сырласуы, мұңдасуы айна қатесіз түскен.

С.Садуақысұлы-2-жылдары көлемді прозалық шығармалар жазып, бағаын сынаған жазушы повестен бұрын роман жазуға кіріскен. С.Садуақасұлынығ 1927 жылы жазған енді бір повесті- “Күміс қоңырау” 20-жылғы әдебиетке құбылыс болып енді. С.Садуақасұлының көсім сөздік мұрасы алуан тақырыпты қамтиды. Қайраткер – қаламгар С.Садуақасұлы мұрасы сөз етілген жерде біз оның эпистолярлық дүниесін айналып өте аламыз. өкінішке қарай, Смағұлдан қалған хат, әр түрлі сипаттағы жазбалар көп емес. Сонымен, шолу түрінде айтқанда. Смағұл Садуақасұлының ғұмырбаяны мен шығармашаылығы осындай.

Сонымен, шолу түрінде айтқанда, Смағұл Садуақасұлының ғұмырбаяны мен шығармашылығы осындай.

Реті келген көрнекті қайраткер – қаламгерге байланысты және бір жайтты ескере кетуді парыз санап отырмыз. Ол С. Садуақасұлының өлімі мен мәйті жөнінде.

Осы кезге дейін ресми еңбектерде Смағұл ауырып дүние салды деп есептелініп келді. Мұны ешкім түрлі пікір айтады. Біреулер «газға уланыпты» десе, екіншілер «туберкулезден асқынған» дейді, ал үшінші біреулер тіпті басқа пайымдаулар жасады. Біздіңше өркениетті елдердегідей қайраткер өлімінің себебін анықтайтын арнаулы комиссия құруды ойластырған жөн. Басқа басқа, дәл Смағұлдай азаматтың тағдыр – талайын зерттеу үшін үкімет қаржыдан тартынбау керек.

Екінші мәселе тағы да үкімет шешіміне тіреліп тұр. Әңгіме өзге мемлекеттің астанасында (Мәскеу) қалып қойған. С. Садуақасұлының денесінің күлі жөнінде болып отыр. Осы зәрулікті біз бір топ белгілі ғалымдарға айтқыздырып, баспасөзде жариялаған едік. Алайда оған құлақ асқан ел басшыларын көрген жоқпыз. Мұндай қасиет елдікке сын.

Біз осы алғысөздің ілгерідегі жолдарында Смағұлдың ата-анасы мен бауыры жөнінде аз-кем айттық. Ал оның өз отбасы туралы да көп әңгімелей алмаймыз. Ол Елизавета Әлиханқызы Бөкейхановаға 1923 жылы үйленді. Әйелі 1926 жылы Ескендір атты перзентті дүниеге әкелген. Ескендір Смағұлұлы Ұлы Отан соғысына жастай сұранып барып, мәйіт болған. Е. Әлихан қызы да соғысқа қатысып, одан аман қалған соң ғылыммен айналысқан. Ол кісі 1971 жылы дүние салған.

Бар болғаны 33 жыл ғұмыр кешкен Смағұл Садуақасұлы артында мол мұра қалдырды. Оның азаматтық ісі мен қайраткерлік қасиетінің өзі бізге мұра. Біздің міндет сол мұраны игеру, одан тағлым алу.

Ұлт пән қалам қайраткері Смағұл Садуақасұлының жазбаша мұрасы-қазақ халқының сарқылмас рухани байлығы.Бұл байлық тәуелсіз қазақстан үшін қашанда қымбат болып қалады. Білімділік, шешуші кезеңдегі өжетілік – С.Садуақасұлы еңбегінің негізгі сипаты дер едік. Сондай-ақ Смағұл бойындағы сұғылалық көркемделікті тануға, меңгеруге келгенде де өз шағы үшін биік өреден табылады.

Смағұл Садуақасұлы көзі тірісінде бірнеше кітап жариалап үйренді . Мысалы:”Жастарға жаңа жол ”,”Жастармен әңгіме”,”Салмақбайдың ауылында қалайша кооператция ашылды?”,”Ұлыт театыры туралы ”,”Кооператция һәм қазақ шаруасы ”б”Қазақстанда халық ағарту мәселелері ”. Бұдан қоса баспа сөзде мақалалары жиі жарық көрді. Алайда қайраткер – қаламгерді бар мұрасы әлі күнге толық жинақталған жоқ. Тәуелсіздік алған соң, бізгі Смағұлдың еңбектері кітап болып (шағын екі том) 1993 жылы жарық көрді. Бұдан сәл кейін жариаланған осы еңбегінің бір бөлігі орыша аударуылын басылды (Б.Дәрімбет әзірлеген).

Мұра жинау бір орында тұрмайды. Осы жолдардың авторы С.Сәдуақасұлы шығармашылығынан 1994 жылы кандициаттық децертация қорғап, бұл еңбегін Монорафия түрінде 1996 жылы

(« Қазақстан» баспасы) жариялады. Сөйтіп біз бұрын белгісіз біраз мұрасын таптық. Бұл іс алда да жалғасын таппақ.




Лекция №23 Тақырыбы: Жұмабай Шаяхметов.

Жоспар:

1 Өмірі мен қызметі

2 Шығармашылығы мен еңбегі.

3 Қоғадық қызметі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

а)негізгі
1. Қ.Мұхаммедқалиев, Е.Зәңгіров.

“Күрделі заманның қайсар қайраткері” Астана 2002ж. “Аударма” баспасы.

2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы IV том. Алматы 2002ж.

3. М.Құлмұхаммед “Алаш бағдарламасы”, “Ақиқат пен қиянат” Алматы 2000ж.



б)қосымша
1. Шаяхметов Ж. Қазақ ССР – нің халық шаруашылығын өркендетудің 5 жылдық жоспары және Қазақстан партия ұйымының міндеттері. Қазақстан большевигі 1946 №7. 8.21 бет

2. Шаяхметов Ж. О состаяний идеологической работы в Казахской партийной организаций. Большевик Казахстана 1948 №3 17 – 31 с



Лекция мәтіні
Жұмабай Шаяхметов ол Қазақстанды басқарған тұңғыш қазақ. Тарих толқынында талай сынды басынан өткерген, тотаритарлық жүйенің шырғалаң тұстарында да өзінің бар күш жігерін, қайратын, туған елі үшін жұмсай білген тұлға. Уақыт қашанда өз асылдарын тереңде жатқан тұңғиықтан шығарып, шындықтың бетін айқын аша білген. Бұл салада өшкенді жандырған, ақиқаттың салтанатын паш еткен тарихшыларымыз бен зерттеушілерімізбен тынымсыз еңбегі бағалануға тұрарлық.

Бұл есімді еске алғанда атағанда, әртүрлі сезімге бөленесің ойың тоғыз сапқа жүгіреді. Себебі де жоқ емес.

Ең алдымен Жұмабай Шаяхметов өз заманының перзенті, ол социалистік жүенің жақсылығын көрді, өсті, өз өнерінің сан қырын танытты.

Жұмабай Шаяхметов Қазақстан тарихында өз орны бар, республика эканомикасымен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері. Оның ұзақ жылдар Қазақстанның ең жоғарғы басқару жүйесінде қызмет етіп, сегіз жыл республиканың бірінші басшысы қызметін атқарғаны мәлім. Жұмекеңнің өмір жолы мен басшылық қызмет атқарған жылдары М.В.Сталиннің Кеңес Одағы мемлекетін басқарған кезеңімен тұтас келді. Сондықтан да оның тоталитарлық жүйе кезеңінде өсіп қалыптасқан, сол жүйе аясында қызмет еткен аса көрнекті басшы, қайраткер екені даусыз.

Кеңес Одағы мемлекетінде әртүрлі бетбұрыс кезеңдердегі өзгерістерге байланысты бұрынғы басшы мемлекет қайраткерлеріне деген көзқарастың да әртүрлі болып, үнемі құбылып отырғандығына назар аударған жөн. Сондықтан ХХғасырдың 50-60жылдарында әуелі М.И.Сталин кезеңдегі одақтың және республикалық деңгейдегі басшыларға, сонан кейін Н.С.Хрущев кезіндегі басшы қызметкерлерге деген партия және мемлекет органдарының көзқарасы осыған дәлел. Себебі И.В.Сталин дүниеден өткен 1953 жылғы Наурыздан кейінгі мезгілде СОКП мен КСРО-ның ең жоғарғы басқару аппаратындағы талас-тартыс алдымен Лаврентий Берияны билік жүйесінен тайдырып, мүлде құртып жіберуге алып келген еді. Осыған сәйкес оның одақ көлеміндегі және ұлт республикаларындағы пікірлес жақтастары билік тұғырынан ғайып болды, көпшілігі жауапқа тартылды. Бір жылдан кейін СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев позициясын нығайтып алған соң, одақтас республикалар басшыларын өзгертіп, оларды орталықтан жіберілген жаңа адамдармен алмастырды.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметтен босатылып, Шымкент облысына бірінші хатшы болып жіберілген Жұмабай Шаяхметов көп ұзамай денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығады. Оның есімі Н.С.Хрущев кезінде айтылмай, еңбегі елеусіз қалды. Н.С.Хрущев орнынан тайдырылғаннан соң да Ж.Шаяхметовтың есімі республика тарихында біріңғай сын сипатта, оның өзінде де тың және тыңайған жерлерді игеру қарсаңында Қазақстан экономикасының, оның ішінде, әсіресе ауыл шаруашылығының артта қалуына байланысты ғана аталып келді. Шын мәнінде республика халық шаруашылығының өркендеуіндегі кемшіліктерге тек Жұмабай Шаяхметов қана кінәлі емес екендігі, ол қиындықтардың сол кездегі кеңестік жүйенің дамуындағы, бастауы 20-30жылдардағы күшпен ұжымдастыру кезінде ауыл шаруашылығында қалыптасқан тәртіпке, ең бастысы Ұлы Отан соғысы кезіндегі орасан шығындарға байланысты орын алғандығы ескерілмеді.

1980 жылдардың соңында демократиялық үрдістер күшейіп, КСРО мемлекетінің іргесі шайқала бастағанда елдегі қалыптасқан қоғамдық- саяси ахуалға кеңестік жүйе тұсындағы бұрын айтуға, зерттеуге тыиым салынған оқиғаларға саяси науқандар мен кемшіліктерге назар аударып, баспасөз бетінде бірінен-бірі асып түсетін өткір материялдардың жарық көруіне жол ашты. Бұл заңды құбылыс еді. Тәуелсіздік қарсаңындағы бұл процес қоғамдық пікірдің қалыптасуына егемендік идеологиясының күшеюіне жол салғаны белгілі. Ал осындай кезеңде кеңестік жүйенің басқару аппаратында қызмет еткен көптеген белгілі қайраткерлердің атына қатаң сындар айтылғаны да заңды. Себебі әлі жабық жатқан, бұрынғы құпия құжаттарға қолы жетпеген авторлардың артық-кем пікір айтуын түсінуге болады. Бұл жағынан Жұмабай Шаяхметовтың қызметі де назардан тыс қалмағаны хақ.

Жұмабай Шаяхметов кім еді? Егер ресми өмірбаянына үңілер болсақ, болашақ және жастық шағы 1917 жылғы төңкеріс пен азамат соғысы жылдарының, кеңес үкіметі мен большевиктер партиясының қарапайым халыққа бұрынғы Ресей империясындағы аз ұлттарға теңдік әпереміз деген ұрандары аясында өткені мәлім. Көршілес және аралас қоныстанған орыс тұрғындарының арасында өскен, орыс қазақ училищесінде білім алған Жұмабай жаңа мемлекеттің білімді жас кадрларға зәру кезінде қызметке араласты. Ол сол жүйеге, сол ұрандарға кәміл сенеді, өзі сол саясатты іске асыруға бар күш- қайратын жұмсады. Жалшылықтан ауыл мұғалімі, болыстың атқару комитетінің хатшысы болып қызмет жолын бастаған ол, 1930 жылдарға дейін жергілікті басқару органдарында тәжірибе жинақтаған, өзінің жұмысты тыңғылықты орындаушылығымен, ұйымдастыру қабілетімен көзге түсті. Бұл сол кездегі сауатты, оған қоса табиғи таланты бар көптеген қазақ жастарының өмір жолына тән ортақ ұқсастық еді.

1923-1925 жылдары ол Шалқар қаласында уездік милиция бөлімінде, әр түрлі мекемелерде қызмет етіп, содан соң Ақтөбедегі губерниялық атқару комитетінің әкімшілік бөліміне меңгеруші болып тағайындалады.

1926-1928 жылдары Петропаволда сол кездегі шаруалардың жаппай қоғамның ұйымы “Қосшы” одағына нұсқаушы болған Жұмабай кезінде, ішкі істер халық комиссариатына қызметке жіберіліп, оның Солтүстік Қазақстан облысындағы басқармасында, онан соң аз уақыт Алматыда, жауапты қызметте болады. Көп ұзамай 1938 жылы Жұмабай Шаяхметов Қазақстан Компартиясының үшінші хатшысы болып сайланды. Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол республика партия ұйымының екінші хатшысы қызметтерін атқарды. Бұл оның қоғам және мемлекет қайраткері ретінде жемісті қызмет атқарған, республика экономикасы мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегінің көзге түскен кезі еді. Жұмабай Шаяхметовтың ұйымдастырушылық қызметі, әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше байқалды.

Жұмабай Шаяхметовтың соғыс жылдары елдің ғылымы мен мәдениетінің жағдайында ерекше назар аударғаны белгілі. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық филиалы 1946 жылы 1 маусымда Қазақ КСР Ғылым Академиясы болып құрылды. 1944 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды. Сөйтіп, алыстағы қазақ ауылдарынан келген қазақ қыздарына мемлекет тарапынан қиын-қыстау кезеңде білім алуға осылай қамқорлық жасады.

Соғыстан кейінгі жылдары республиканың бірінші басшысы ретінде Жұмабай Шаяхметов халық шаруашылығының қалпына келуіне, өнеркәсіппен транспорттық, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударды. Мойынты –Шу темір жолының, басқа да жол тораптарының іске қосылуы, кәсіпорындардың жұмысын жақсарту күн тәртібіндегі аса маңызды мәселеге енгізілді. 1946 жылғы жойқын қуаншылықтың салдарынан ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшыраған, елдегі азық-түлік мәселесінің шиеленісуі де жағдайды қиындатып жіберген еді. Соғыс жылдары майданға аянбай көмек берген ауыл халқының жағдайы ерекше назар аударуды қажет етті. Оларға материялдың жағдай жасаумен қатар моральдық қолдау да қажет болатын. Осының бір көрінісі 1947-1949 жылдары ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің лег-легімен КСРО ордендерімен және медальдарымен марапаттауын айтуға болады.

Қалай болғанда да Жұмабай Шаяхметов өз заманының тұлғасы. Оның тағдырына 30-шы жылдардағы зобалаң, 1941-1945 жылдардағы жойқын соғыс, онан кейінгі ел еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан кездегі күрделі де қиын кезеңде қызме етіп, республика басшылығында болу үлесі тиеді. Сондықтан оның қызмет еткен жылдарында Қазақстанның қол жеткізген табыстары да, қиын –қыстау күндері де барша халқымыздың тарихынан өз орныан алады. Жұмабай Шаяхметов те сол күрделі заманның қайсар қайраткері ретінде халық жадында мәңгі сақталады.

Жұмабай Шаяхметов 1902 жылы 30тамызда Омбы облысы, Шарбақкөл ауданының 1-ші ауылында дүниеге келген. Ол 1917 жылы Полтовкадағы 2-жылдың орыс –қазақ училищесін бітіргеннен кейін ауыл мұғалімі, 1916-1923 жылдары Теке облыстық атқару комитетінің хатшысы, 1923-1925 жылдары Шалқар қаласында милиция қызметкері, 1925-1926 жылдары Ақмола губерниясы әкімшілік бөлімінің іс жүргізушісі, инспектор болды. Ал, 1926-1930 жылдары Петропавл, Алматы ішкі істер халық камиссары органдарында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.

Тарихи тұлғаның өмірі ауыр. Оның өзі тірісінде бірге өмір сүрген халық, ел сынайды, өмірден кеткеннен кейін тағы да замана елегінен өшеді. Жұмабаймен бірге өмір сүрген замандастарының басым көпшілігі оның іскерлігін, әділдігін, принципке берілгендігін, турашылдығын айтады. Қалай болғанда да Жұмабай Шаяхметов қазақ елінің басы қасында жиырма жылға жуық болған азамат. Тарихқа сын көзбен қарау барысында мынау тек қызыл болудан, мынау қара болудан тұрады деп үзілді –кесілді айтуға болмайды.

Сонымен Қазақстанның аса қауырт тақиын кездерінде басшылық тізгінін адал да абыройлы алып өтті.

Енді сол қайраткердің Алматыда басқа да қалаларда есімі көше аттарына беріліп, бейнесі ескерткіш тақтамалардан бізге қарап тұрса артық болмас еді. Жұмабай Шаяхметовтың қазақ тарихында үлкен тұлға болып қалары анық.

Біз тарихтағы тұлғаларға өте мұқият қарағанымыз абзал. Көзі тірісінде мақтап, көзі тайғаннан кейін даттамай, тарихи тұлғаларды бір түсті бояумен мәнерлемей, азаматтығын айтып, көпшілігін көрсетіп, болашаққа тағылым боларлықтай саяси портретін жасауымыз керек. Қалай болғанда да Жұмабай Шаяхметовтың өмірі мен қызметі оның жасап кеткен жақсылығымен қажеттіктері арнайы зерттеу арқылы тарихқа хаттанушы керек. Бұл біз үшін емес, болашақ тарих үшін керек.




Лекция №24 Тақырыбы: Нұртас Оңдасынов.

Жоспар:

1. Өмірі мен қызметі

2.Қоғадық қызметі.

3.Мұрасы
Пайдаланылған әдебиеттер.



а)негізгі

  1. Түркістан перзенті. Ердесбек әшенов.

  2. Нұртас Оңдасынов. “Егеменді Қазақстан” газеті. 21 маусым, 1991 жыл.

б)қосымша

1.Ширек ғасыр ұмытылмаған сұрақ, “Қазақ әдебиеті” 1988 жыл 13 май


Лекция мәтіні
Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлы 26.10.1904ж Шымкент обылысы, Түркістан аудандында туған. Қазақстанның партия, совет қайраткері 1926 жылы КПСС мүшесі. Еңбек жолын 1927 жылы бастады. 1920-26 жылы Ташкентте №14 қазақ интернатта тәрбиеленді. Түркістан ормен техникумында оқыды. 1926-30ж Қызыл Орда ркругтік шаруашылығы орманшысының көмекшісі, су шаруашылығы бөлімінде статист, Жамбылдағы талыс зеттеу партиясының кіші технигі, Шымкент округтік су шаруашылығы бөлімнің технигі 1931-38 жылы Ташкент Иригация инистутында кабинет меңгерушісі, су шаруашылығы техникумның оқытушысы, жұмысы факультативінің меңгерушісі завхоз директорларының даярлайтын курс директорыныңорынбасары, қазақ орман шаруашылығы тресі директорының орынбасыры, директоры.

Қазақ Жер басқармасының бастығы 1936 ж шығыс қазақстан обылысы обкомның председателі. 1938-51 ж Қазақ ССР министрлар Советінің председателі Жоғары партия мектебін бітірді. 1954-55 ж Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының председателі, 154-58 ж ССР Жоғарғы Советі Президумы председателінің орынбасыры болды. 1955-62 ж Гурьев обылысы партия обкомыныың председателі, Гурьев обылысы партия комитетінің бірінші секретары болды. Одақтың дәрежедегі пенсионер 1938-51, 1954-55 жылы Қазасқтан орталық комитетінің бюро мүшесі болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің және 1-5 сайлауында Жоғарғы Советінің депутаты 1946-50 жылы ССР Жоғарғы Советінің Ұлттар Советі председателінің орынбасыры болды. 3-рет Ленин орденімен, 2-рет Еңбек Қызыл ТУ орденімен және иедальдармен наградталған 1989-жылы қараша айының 1-жұлдызында Мәскеуде Н.Оңдасынов қайтыс болды.

Нұртас Оңдасынов Дәндібайұлы 1904 жылы 26 қазанда Түркістан ауданыдағы “Үшқайық” ауылында кдей шаруасында дүниеге келген. Туған анасы – Жұмагүл 3-4 жасында дүние салыпты. Ол еінші –анасы Дәрәгүлдің қолында тәрбиеленген. Дәрігүл өте жықсы кісі болған, сондықтан Нұртас туған ана мен өгей ананың айырмашылығын білмей өстім дейді.

Нұртас Оңдасыновтың өзінің айтуынша бір күні анам бір таба нан пісіріп, оның үстіне содық күміс ақша салып, оларды орап, мені қолымнан жетектеп ауыл молдасына алып барды. “мынау біздің кенжеміз. Біз қартайдық. Үйде хат танитын ешкі жоқ. Баланың сүйегі біздікі, еті сіздікі, оған құран оқытуды үйретіңіз”, - деп өтініш білдірді. Бұл жағдай осы уақытқа дейін менің өмірімдегі бірінші күрделі оқиға ретінде оқиға ретінде жадымда сақталып келеді. Екі жылда хат танып, қисса сияқты тітаптарды оқуды үйрендім. Сол кезде алған білімім пенсияға шыққаннан кейін қазақ тіліне енген араб-парсы сөздерінің түсіндірме сөздіктерін жазуға нақтылы көмегін тигізді.

Бірінші жаһангерлік соңысы жүріп жатты. Қалың бұхараның ауыр ха л-жай күн сайын нашарлана түсті. Оның үстіне 1916 жылдың 25 маусымдағы патша жарлығына сәйкес бұратана халықтардың жұмысқа жарайтын азаматтары майдандағы қара жұмысқа алынды. Байлардың, төрелердің балалары үйлерінде қалды. Барлық қиындық жүк салмғы кедейлердің мойнына түсті. Біз де кеденегін киген Көбелек деген ағамызды қиыр жолға шығарып салып, жылап – сықтап қала бердік.

1917 жылы бір тамшы жауын болмай, қатты құрғақшылық болды. Жылына екі рет таситын Сырдарияның суы сағасынан шықпай қалды. Қанша елді және оның милиондаған бас малын асырап келгенегістіктерді, мойса шабындықтары , байтақ жайылымдары шөлге айналды, қыс аса қатты болды. Осылар сияқты жағымсыз құбылыстардың салдарынан тұрақты суармалы

жері жоқ қазақтар адам аитқысыз жұтқаұшырады, қара шыбындаи қырылды.Біздің әкеміз де бірнеше балаларынемерелермен сол жұттың құрбаны болды.Бұл сұмдық қара жыл “Ақтабан шұбырындаи “ қазақ халқының есінде ,,Жылан” жылы,-деп аталып қалды.Жаппай ашаршылықтан тірі қалғандары жан-жаққа басып кетті.Бізде Ташкент тарапына қараи көшіп кетті.Бір мезгіл ,,Келес” деген жерде аштарға жәрдем пункт інде тамақтанып,әліміз келгенше мақта теріп, қыста баилардың қорасын таза лап, бос уақытта Күнде болып жатқан тоилардан қосымша нәр Альп , өлімнен аман қалдық.

Өзінің сәулесін мол шошып көктемде де кеді,жылындық. Жүн заводна қара жұмысшы болып орналастым.

Ташкентте жетім балаларға арналған мектептер ашылыпты деген ұзын құлақ хабары Бізе де жетті. Мен 1920 жылдың тамыз айында солардың бірі-14-ші интернатқа барып,оқуға түстім.

Кейін білдік бұл интернаттар Ғани Мұратбаев бастаған сол кездегі зиялы жастардың күші мен ұиымдастырылған екен. Бізе интернатқа орыс тілінен тұңғыш сабақты Ғани ағаи берді. Ол қасиетті Леннинің аты жөнін дұрыс жазуды үиретті.

Мен 1921 жылы сәуір айында интернат жанында Ғани Мұратбаев ұйымдастырған комсомол ұясына мүшелікке қабылдандым. Комунистік партия қатарында 1926 жылдан бері істеимін.Міне ,содан бері аттай 60 жыл өтті. 1927 жылы Ташкенттегі Қазақ орман шаруашылығы техникумы томамдап,

1930 жылға деиін орман және су шаруашылықтары салаларында өз мамандығы бойынша қызмет атқардым.

1930-1934 жылдар арасында Ташкенттегі ортаазиялық су инженетлік институтында оқыдым, одан практикалық қызметке ауыстырылдым. 1934-1938 жылдары Қазақстанда қайтадан орман шаруашылығында басшы қызметте болдым.

1938 жыцлдың ақпан айында совет жұмысына алынып, Шығыс Қаазақчстан обылстың Советтер атқару коминитетін басқаруға Смейдеге бардым. Онда Қазақстан КП обылыстың комитетінің бюра мүшесі, Қазақ ССР жоғарғы советінің депутаты, Қазақстан КП ІІ сьезіне делогот болып сайландым.

Сол жылғы шілде айында Қазақстан КП ОК Бюра мүшелігіне өтіп, Қазақ ССР жоғарғы Советінің бірінші сесиясында Қазақ ССР Үкіметінің Төрағасы болып тағайындалдым Бұл қызметті 1951 жылдың қазан айна дейін атқардым.

1951-1953 жылдары КПСС ОК жанындағы жоғарғы портия мектебінде оқыдым.

1954 жылдың наурыз айында Қазақ ССР жоғарғы Советі Президумының Төралығына сайландым.Қалық бұқарағы жақынырақ жерге сұранып, бұл қызметтен босандым.

Кейінгі 7 жылым Гурьевте өтті. Онда 2 жыл обылыстың Советтер атқару

комитетінің төрағалық, 5 жыл Қазақстан КП гурьев обылыстың комитетінің бірінші хатшы қызметін атқарып содан, аман - есен партия және халық алдында есебімді беріп, 1926 жылы пенсияға шықтым.

Сөйтіп, 25 жылдай өмірім совет партия қызметіне жүмсалды;Шүкір партия мен халықтың сеніміне бөліндім. 25 жыл (1938-1963) Қазақ ССР жоғарғы Советінің, 18 жыл (1940-1958)СССР жоғарғы Советінің (18жыл) депутаты, СССР Ұлтар советі Претсадетілінің орынбасары (1946-1950), СССР жоғарғы Советі Презденсясы Претсателінің орынбасары (1954-1958) болдым.

26 жыл Қазақстан КП (1938-1964) ОК және 14 жыл (1938-1951), (1954-1955) оның бюра мүшесі, КПСС XVIII,XXII, XXIII сьездері мен оның XVIII конференциясының делегаты 13 жыл (1939- 1952) КПСС Орталық тексеру Комисиясының мүшесі Сүйіктім отаным мені үш рет Лелин орденімен екі рет Еңбек Қызыл ту орденімен, көптеген медальдармен, Құрметті грамоталармен ноградтады.

Пенсияға шыққанна бері ғылыми әдеби жұмыспен шұғылданудамын. III тондық “Арабша-қазақша”, III тондық “Порсыша – қазақша түсіндірме сөздіктерінің” қолжазбалары аяқталынды, 30 шамалы әдеби-ғылыми модалалар газет-журнал беттерінде жарық көрді.

Әлі де еңбек үстіндемін. Осымен қатар, елдің қоғамдық өміріне қадари көп қатынасып отырамын. Қазір КПСС ОК жанындағы морасизм-ленинизм институтты жанындағы қарт комунистер тарихи -әдеби бірлестігінің бюро мүшесімін және оның Қазақ лекциясының бастық міндеттерін атқарамын.

Өмірімнің соңғы жылдары Нұртас Оңдасынов туған халқының тілі мен мәдениетіне Қатысты маңызды жұмыстармен айналасындағы көрген-түйгенін қағазға түсіріп, естелік жазуды молшық етпеген кісі.

1938 жылдан 1946 жылға дейін Қазақ ССР халық комисалар Кеңесінің торағасы, одан кейінгі жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесімен республика жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы секілді жоғары лауазымды қызметтерде, одан кейінде Нұртас Оңдасынов Дәндібайұлы туралы еңбек, болмаса арнайы естелік жазылмапты. Бұрынырақта партия ардагерлері немесе бірге қызмет істеген көне көз қарттар , үзеңгілестілері республика тарихына қатысты белгілі бір кезеңдер жайында қолам турте қалса, Н.Оңдасыновты еске ала кететін. Ал ел үшін үлкен сын болған жылдары республика басында отырған көзі қарақты жігері құрыштай , халқын беріле сүйген оның айтары да , жазары да мол еді.

Нұртас оңдасынов құрметті демалысқа шыққаннан кейін Мәскеуде тұрды. Өмірбақи елмен аралысып жұмыс істеп қалған Нұрекең демалысқа шыққаннан кейін де еліне, халқына пайдасы тиетін істермен шұғылданды. СОКП орталық Комитетіне қарасты Морксизм-ленинизм инистуты жанындағы қорт болыиевиктердің тарихи әдеби бірлестігіне жетекшілік қызмет атқара жүріп, ғылым акодемиясының тісі батпайтын құнды еңбек жазды. Осылайша бұрынғы кеңес, партия қайраткері отандық ғылым сапасының ғылыми атағы бар адамдар санымен өлшенбейтін ісімен дәлелдеп кетті. Нұрекеңнің бастамасымен біркездірі қазақстанның жауапты буындарында қызмет істегенен, кейін Мәскеуге қоныс аударған ақсақалдар өз өмір жолдарынан естліктер жазады. Мақсаттары-телеграфтық стильмен қысқа қайырылған республика тарихын жанды мысалдармен толықтыру, сөйтіп кейінгі ұрпақты соқтықпалы-соқпалы жолдарынан хабардар ету болатын.

Нұртас Оңдасынов өзі бас болып, өсінде сайрап тұрғандарын қағазға түсіреді. Бірақ республика баспаларының ешқайсысы “еріккен шалдардың” қолжазбаларын қабылдамайды. Басып шығаруға құлық болмасы, сылтаудан көп нәрсе жоқ қой тегінде. “Үстіне қайта қарау керек” деп, қолжазбалар Алматыдан Мәскеуге қайтарылды. Баспаның редакторлық құтырқылырынан хабары шамалы ақсақалдар Қазақстан үкіметінің сондағы тұрақты өеілдігіне келіп, баспамен ресми тілде, үкімет келісуін сұрайды. Бірақ өкілділік торапынан айтылған уәж де аяқсыз қалады.

Бұл қолжазба мәскеуде қозғалыссыз жата берер ме еді, әлде қайтер еді, егер өкілділіктегі жауапты қызметкерлердің бірі “танысып шығыңызшы” деп ұсынбағанда ақсақалдарымыздың оқырмандарға айтары әжептеуір екен. Сол қолжазбалардың ішінен Нұртас ағамыздың естелігін “Егеменді Қазақстанға” ұсынуды жон көрдік.

Сонымен қатар Нұртас Оңдасынов көп жылдар бойы Қазақстанда үкімет басшысы болған белгілі мемлекет қайраткері. Ол Республиканың экономикасы мен мйдениетін өркендетуге елеулі үлес қосты. Шаруашылықты ілгері басқаруға бағыттылған талай ілгері шаралардың басы-қасында болып,артына айта жүрерліктей із қалдырған адам жаны да, ары да таза. Қабілетті ұйымдастырушы, іскер, адал кісі болған.

Қазақстан 30-40 жылдары іске қосылған ірі шаруашылық құрылыстарының көпшілігінде Нұрекеңнің қол таңбасы бүгінге дейін сақталған. Солардың – бірі Оңтүстік өңірде мақта шаруашылықтарын құрып, “ақ алтын” өндіруге жол ашқан Арыс-Түркістан конталы. Осы аса маңызды ірі құрылыс Нұртас Дәндібайұлының тікелей бастамасымен жергіліктіхалықтың қалауымен дүниеге келген.

Журналист ретінде кезінде Нұртас сынды асыл азаматпен, пікірлесуге тура келді. Сондай кездесулердің бірінде осы Арыс-Түркістан конталының дүниеге қалай келгені туралы ол кісінің лебізін тыңдаған едік. Енді сол туралы бір үзік сыр.

Елде ол кісінің інісі және жиені кенеттен қайтыс болды. Міне, соған сонау Москвадан Нұрекең келе жатыр. Қасында академик-жазушы Евней Арыстанұлы Букетов бар. Бұл кісілерді сол кездегі Түркістан аудандық партия комитетінің бірінші секреторы, Қазақ ССР жоғарғы советінің депутаты махамбетрәсул Исахов қабылданды.

әңгіме желісі су мәселесіне ойысқанда-Нұреке, деді Мәкеу- “Сулы жер, нулы жер” деп халық бекер айтпаған ғой. Бұрын Түркістан өңірінде су болмай, тіршілік тынысы қорт Қаратаудың бұлақ еөздерін пайдаланумен шектеліп келгенін барша жұрт жақсы біледі. Өздірінің тікелей бастамаңызбан салынған Арыс-Түркістан конталы бұл өпкенің күре тамыры іспеті болды. Қалай су келіп еді, жаңа өмір жайнап сала берді. Елдің берекесі кірді, экономикалық-әлеуметтік табыстары тасқындай түсті. Әсіресе су қадірін білетін дихандар, мақташылар қауымы сізге бұл үшін дән риза, өздерін мәңгілік қарыздармыз депсезінеді. Әл-қадірінше дегендей біз де сіздің сол салған жолыңызбен қам-қорекет жасап шаруашылық есеппен “Қашқарған”, “Майдамтал”, “Ақтөбе” су қоймаларын салып, іске қостық. Енді Ащысайдан келетін Шылбыр өзенін бөгеп, “ихан” су қоймасын салуды қолға алсақ деп жатырмыз.

Көп қаржы шығармай-ақ ескі арық арналарын экскавармен тазартып, сордың сүтті суын “Майлытоғай”, “Қызылшаруа”, “Жайылма” тоғайларына бұру арқылы мол бордақылау совзозы мен Крупская атындағы, Аманкелді атындағы калхоздар егіс алқаптарын едәуір кеңейте түсті. Мол жайылымдарына су жайылды.

Нұрекең көңілденгендей орнынан қозғалтып, шылымын тұтатты да жай сөйлп кетті.

Нұртас және Сағидолла Құбашев туралы.

1989 жылдың қара күзінде Масква қаласынан Нұртас Оңдасынов қайтыс болды деген қаралы хабары жетті.

Бұдан соң жерлесіміз Нұртастың денесін өзінің туған топырағына жеткізу үшін мұң араласқан қайғымен қатар қарбалас жұмыстар да басталып кетті. Қайта құрудың қайнап тұрған кзінде және Нұрекеңнің от басындағы жағдайларына байланысты денені елге жеткізу өңайға соққан жоқ. Бұл шаруаға Нұрекеңнің ең сүйікті шәкірті партия, совет қызметтерінде ұзақ жыл істеген, Қазақстан компартиясының екінші хатшысы болып тұрып, зейнеткерлікке шыққан сағидолла Құбалиев көп еңбек сіңірді. Қазақстанның сол кезіндегі мәскеудегі тұрақты өкілі Серікболсын Әбілдинге телефон соғылып, елшіліктің араласуымен 1989 жылдың 31 қазан күні Кремльдегі ең мықтыларын емдейтін арнайы ауруханасында қайтыс болған Нұртастың денесі, 4-қараша күні өзінің туған топырағы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Түркістан ауданы, Аманкелді атындағы калхозға жеткізіліп, әке-шешесінің қасына жерленді. Жерлеуге С.Құбалиев, сол кездегі обылыстың партия комитетінің бірінші хатшысы В.Б.Темірбаев, обылыстың барлық игі жақсылары, аудан халқы түгелдей қатысып, қаралы сөздер айтып соңғы сапарға шығарып салды.

Лекция №25 Тақырыбы: Ж Ұ М А Б Е К Т Ә Ш Е Н О В

Жоспар:


  1. Өмірі

  2. Қызметі

  3. Мұрасы


Пайдаланылған әдебиеттер

а)негізгі
1.«Жұлдыз» №9 1994 15 – бет

2.«Егемен Қазақстан» 19.11.99 ж

3.«Қазақ әдебиеті» 09.08.91 ж

4.«Түркістан» 14 – 21- ші қазан 1997 ж



б)қосымша

1.«Егемен Қазақстан» 10.01.2003 ж

2.«Арқа ажары» 28.12.95 ж

3.«Жақсыдан шарапат» А. : «Қайнар» 1996 ж 104 бет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет