«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі» пәні бойынша


Лекция №19 Тақырыбы: Тұрар Рысқұлов



бет8/16
Дата13.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
#133478
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Лекция №19 Тақырыбы: Тұрар Рысқұлов

(1894-1938)

Жоспар:

1.Сталиннің орынбасары болған кезеңі

2 Т. Рысқұлов Түркістанның басшысы болған кезеңі.

3.Т. Рысқұловтың Монғолиядағы қызметі.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі

а)негізгі

1. Қоңыратбаев О. Т. Рысқұлов Қоғамдық - саяси және Мемлекеттік қызметі. Алматы “ Қазақстан ” 1994 301 бет .

2. М. Әбілтайұлы Н. Әбілдаев Тұрар Рысқұлов Монғолияда Алматы “ Қазақстан ” 1994 ж 84 бет.

б)қосымша

1. Устинов В. М. Турар Рыскулов ( очерки политической биографии) Алматы “ Казакстан ” 1999 г 470 бет.



Лекция мәтіні
РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының ұрамына ызметке келгенге дейінгі Т. Рысқұловтың ұлт мәселесі бойынша көзқарасы толық баяндалды, ал енді осы комиссариатты басқарып отырған И. В. Сталиннің ұлт мәселесіне көзқарасы қалай болғаны және осы екі түрлі көзқарастағы қайраткерлердің өзара арақатынасының қалай өрбігені туралы да мәселе іштей талдауды қажет етеді. 1913 жылы жарық көрген өзінің “ Марксизм және ұлт мәселесі ” деген еңбегінде И. В. Сталин ұлт мәселесіне деген көзқарасын мынадай сөйлемдермен тұжырымдап жазған болатын: “ өзін - өзі билеу правосы: яғыни өз тағдырын шешуге ұлыттық өзінің ғана правосы бар ұлттың тіршілігіне зорлап араласуға, оның мектептерін және басқа мекемелерін қиратуға, оның әдет - ғұрыптарын бұзуға, оның тіліне қысым жасауға, праволарын жыртуға, ешкімнің правосы жоқ. ” “ Өзін - өзі билеу правосы, яғыни ұлт өзінің қалауынша тұрмыс құра алады. Ол өзінің тұрмысын автономия негізінде құруға праволы. Ол мүлде бөлініп шығуға праволы. Ұлт еуверенитеті және барлық ұлыттар тең праволы.” “ Ұлт тіпті ескі тәртіпке қайта оралуға да праволы.”

И.В. Сталин ұлт қозғалысын тек буржуазиялық қозғалыс ретінде ғана түсінді, яғни оның көзқарасы бойынша: Ұлт қозғалысының тағдыры – буржуазияның тағдырымен табиғи байланысты. И.В. Сталин - келешек социалистік ревалюциядан соң Россия империясының орнына орнайтын социалистік мемлекетті федерациялы сипатта құруға барынша қарсы болған адам. Ол “ ұлыттық автономия” ( яғни мәдени автономия) идиясын да қолдамады. И. В. Сталин ұлт мәселесін шешудің жолы қайсы ? “ Бірден - бір дұрыс шешу – обылыстық автономия.” Обылыстық автономияның артықшылығы, бәрінен бұрын мынау: онда территориямыз фунциямен емес, беогілі бір территорияда тұратын белгілі бір халықпен істес болған екен. Сосын ол адамдарды ұлыттарына қарай айырмайды, ұлыттық мәселелерді нығайтпайды, - қайта ол бұл мәселелерді қйратады және басқаша айырылуға, таптарына қарай айырылуға жол ашып халықты біріктіреді. Ақырында ол обылыстық жаратылыс байлықтарын барынша жақсылап пайдаланып отыруға және жалпы орталықтың қарарларын күтпей – ақ, өндіргіш күштердің дамытуға мүмкіндік береді, - бұл мәдени – ұлыттық автономияға тән емес міндет. Т. Рысқұлов 1920 жылдың желтоқсан айының соңғы - 1921 жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінде Москва қаласында РСФСР – дағы түркі тілдес халықтар коммунистерінің 1 кеңесі өтті. Т. Рысқұлов бұл кеңестің жұмысына қатысқан жоқ, дұрыс қатыстырылмады, нақ кеңес басталар кезде оны өкілетті өкіл етіп Баку қаласына аттандырып жіберді. Кеңес И. В. Сталиннің басшылығымен, қырағы қадағалауымен өткізілді. Кеңесте негізгі баяндамалардың бірін И.В. Сталин жасады. И. В. Сталин өз баяндамасының негізгі салмағын “ түрік коммунизмнің” ерекшіліктерін талдау – сынауға, оның әлсіздігін, түрік халықтары коммунистердің саяси жағынан әлі де тәжірибесіздігін атап көрсетуге арнады. Өз сөзінде Т.Рысқұлов , - экономикалық жағдайды түздіктердің түрмыс жағдайын түсінген жерде ғана жақсарта аламыз. Түздіктердің тұрмыс жағдайы мүлдем басқа ол европалықтардың жағдайынан көп жағынан ерекшеленеді. Мұнда, мақта шаруашылығы мәселесі бойынша, жер шаруашылығы, астық шаруашылығында біз шығыстың өзіне тән ерекшіліктерін көреміз, сондықтан да бұл ерекшілікпен санасу қажет. Егер біз осы ғасырлар бойы қалыптасқан ерекшіліктерді мүлдем ескермей, оны ығыстырып, мақтаны европалықтарша өсіргіміз келеді десек, онда ол қате болады. 1921 жылы ақпан айының ортасында аяқталған Әзербайжан коммунистік партиясының III съезінің сайлауымен Т. Рысқұлов РКП ( Б) X съезінің делегаты ретінде наурыз айының басында Москва қаласында түрік халықтары коммунистерінің

II жалпыроссиялық кеңесі де шақырылған болатын. Түрік халықтары коммунистерінің II жалпыроссиялық кеңесі РКП (Б) орталық комитеті жанындағы түрік халықтары арасында үгіт пен насихат жүргізетін орталық Бюроның ұйымдастырумен Москва қаласында 1921 жылы

6 наурызда ашылып, төрт күн жұмыс істеді. Кеңеске РСФСР – дің ішкі губернияларының, барлық түрік тілдес ұлт республикалары мен обылыстарынан өкілдер қатынасты. Кеңеске шешуші дауыспен қатынасып, сөз сөйлегендердің арасында Түркістан Республикасының өкілдері - Н. Төреқұлов, С. Қожанов, Х. Бурнашев және т. б. бар.

Т. Рысқұловтың кеңесте сөйлеген сөзін мұқйят, зер сала талдаған кезде, онда уақыт өте тарихи дамудың өзі дұрыстығын дайындаған кесек – кесек ойлар барлығын көреміз. Бұл ойлардың маңыздылығына байланысты, біз бұл жерде оны кеңірек талдауға көшеміз. Ұлт мәселесін әр түрлі көз қарас тұрғысынан қарастыруға болады, - дейді

Т. Рысқұлов сөзінің басында. Ұлт мәселесі біздің партия съезінде қарастырылатын қырынан алғанда, әрйне жалпы мәселе болып табылады. Мұнда, түрік коммунистерінің кеңесінде біз ұлт мәселесінің шығыс бөлігін ғана қарастырамыз, әрі десеңіз баяндамашы негізінен осы бөлігін қамтыды. Жалпы ұлт мәселесін шығыс бөлігін қарастыруға мен де ынталымен және осы бағытта өз ойымды білдірем. Одан әрі Т. Рысқұлов РСФСР ішіндегі ұлт мәселесінің, әсіресе түрік халықтарына қатысты саясаттың қазіргі таңда ерекше зор маңызы бар екеніне көңіл аударады. Шығыс коммунистері арасында азды – көпті белсендірек болып жұрген біз, түрік коммунистері, - дейді Т. Рысқұлов, - әлемдік ревалюция көсемдерімен әлемдік ревалюцияның басқарушы ұйымдарының қазіргі таңда Шығыста қалыптасқан жағдайды түсініп, Шығыс ісі мен шығыстағы міндеттерді жүзеге асыру жолында бізге тосқауыл келтіріп отырған кедергілерді жою үшін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қолғабыс жасап, тірек болуына мүддеміз.

Т. Рысқұлов РКП (Б) орталық комитеті мен Түрік комиссиясының саясатын одан әрі де батыл айыптауды жалғастыра түсті. “ Мен, - дейді

Т. Рысқұлов, - отарлау мәселесіне тоқталып өтем ...” мен Жетісу обылысында туылдым, кедей қазақтардың ортасынан шықтым, кулактардың талай зорлығын көрдім, соған қарамастан жергілікті коммунистер осы отарлаушы элементтермен, отарлаушылардың езгісімен күрес жүргіздік, бірақ оларды құрта алғанымыз жоқ, барлық үмітті Орталық өкілдеріне, Түрік коммиссиясының алғашқы құрамы отарлаушылармен күрес, келімсектер мен жергілікті халықтың жағдайын теңестіру және кеңес өкіметіне қарсы бас көтерген орыс кулактары мен орыс – казактардан жасақталған қызыл әскерлерді тарату туралы бахандай бес қаулы қабылдаумен тынды, бірақ бұл қаулылардың бәрі де тек қағаз жүзінде қалды. Сондықтан да жергілікті коммунистер Түріккомиссиямен келісе алмай, партияның орталық комитеті алдында, Түріккомиссия жергілікті кулактарға арқа сүйеп, соларды пайдаланады. Орасан зор Түркістан майданы кулактарға қарсы іс жүнде ешқандай шара қолданбады. Түріккомиссияны алғашқы құрамына тағылған айыптау – бұл ұлт мәселесі бойынша тағылған айыптау болатын. Бұдан әрі Т. Рұсқұлов түріккомиссияның екінші құрамының қазіргі қызметін сынады. “ Ал, енді біз Түріккомиссияның екінші құрамынан нені көріп отырмыз ... Кулактарды талқандаймыз, жер мәселесін теңестіреміз деп Түркістан газеттері жазып, қаулылар қабылданып жатқанымен де, іс жүзінде ештеңе атқарылған жоқ ... Біз, жолдас Сафаровтың қазақтарға бір адым да жер қайтармағанын жақсы білеміз. Өз сөзіне Т. Рысқұлов Түркістан Республикасында жүргізіліп отырған әскери саясат туралы келелі пікірлер айтты. ” Әскери мәселені алайық, - дейді Т. Рысқұлов. Мен бір ғана мысал келтіремін. Ұзақ арпалыстан соң Түркістан қайраткерлері Қызыл Армияға 30 000 мұсылманның шақырылуына қол жеткізді. Москвадан мұсылмандардың ешқандайміндеткерлік атқармауы туралы ескертілді және шақыру орталықтың қыспағымен жүргізілді. Шақыру тіпті тамаша орындалды, 30 000 адам шақырылды, олар лагерьде орналастырылды. Бірақ кейінірек біз нені көрдік? Осы армиядан не шықты? Біз жалаңаш тобырды өлесі ашыққандарды көрдік және осы 30 000 адамның жартысы өз ауылдарына қашып барып, қарапайым қара жұмысшыға айналып жатыр. Ал қағаз жұзінде бізде қазақ бөлімшесі, өзбек бөлімшесі дегендер бар. Міне, әскери мәселенің жағдайы. Т. Рұсқұлов басталып келе жатқан құбылыстың ішкі мәнін тап басып тұр. Армия бізге не үшін керек? Армия бізге сән – салтанат үшін емес,

“ қазақтардың өз құқықтарын өздері қорғай алатынын дәлелдеу үшін керек” дейді Т. Рұсқұлов

Г. Сафаровтың Түріккомиссияның Түркістан Республикасында жүргізіліп отырған тіл саясатын мадақтау мақсатында аитқан пікірлердің жалғандығын әшкерледі. Т Рұсқұлов Түріккомиссияның экономикалық дағдарыстың барынша тереңдеп бара жатқанын дәлелдеп береді. Түріккомиссияның өмір сүріп отырғанына бір жылдан асты, ол мыңжылдықпен айналысты, бірақ мақта шаруашылығын толығымен күйретті. Т. Рысқұловтың РКП (Б) орталық комитетінің ұлт саясатын

“ қызыл империализмге ” теңеп, ал түптің - түбінде түрік тілдес халықтар Россиямен емес, тарихы мен тағдыры, тілі мен діні, мәдениеті бір Түркиямен табысады деген пікірмен қайран қаласың. Мысалы, өз тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан Түркиямен мысалға ала отырып, ол былай дейді: Қазір кемалдың Түркия түрік халықтарының қозғалысына басшылықты кеңестік Росся жасай алмайды деп мәлімдегісі келіп отыр. Біз олардың айтқанының дұрыс екенін мойындауымыз керек. Сөзінің соңында Т. Рысқұлов осы айтылғандардың барлығын қортындылай келе РКП (Б) X съезінің соң партияның түрік халықтарына қатысты саясатын түбірімен өзгерту қажеттігін атап көрсетеді. Мен партия сезінен соң саясатты өзгерту қажет деп ойлаймын деп атап көрсетеді. Егер партия съзінен соң да бұл саясат жалғаса беретін болса, онда халық бұқарасының партия мен кеңес өкіметіне деген сенімінің мүлдем жоқтығын көрсетеді. Т. Рысқұлов өзі даярлаған тезистерін жариялаған өкінішке орай, кеңестің стенографиялық есебінде тек сондай тезистік жарияланғаны туралы жазылған да, тезистің өзі қалдырып кеткен. Сөйлеген сөздің және кеңестегі талқыланып жатқан мәселенің мазмұнына қарай, біз ол тезтерді ұлт мәселесі туралы тезистер болды деп сенімді түрде айта аламыз. Сонымен, Т. Рысқұловтың түрік халықтары коммунистерінің

II жалпыроссиялық кеңесінде сөйлеген сөзін талдауды аяқтаймыз.

Т. Рысқұловтың бұл сөзі - оның ұлт мәселесі бойынша жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері ішішдегі ой – пікір өткірлілігімен ерекшеленеді. Сірә Т. Рысқұловтың сөзінің әсері болса керек, артына сол жылы. Г. Сафаров өзінің “ отарлық революция. Түркістан тәжірибесі ” атты тамаша кітабын жазды. Т. Рысқұлов II кеңеспен бір мезгілде өтіп жатқан РКП (Б) X съезінің жұмысына да қатысады. Съезде аяқталған соң ол қайтадан Баку қаласына оралып, РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық коммиссариатының өкілетті өкілі қызметін жалғастырды. Т. Рысқұлов Баку қаласында қызметін жалғастыра жүріп Москва қаласында, Түркістан Республикасында болып жатқан қайшылықты саяси процестерді зерттеп, назарына жіті ұстайды.

1921 жылы тамыз айының басында Т. Рысқұлов Ташкент қаласына келіп, ТКП – ның VI өлкелік съезінің жұмысына қатысады. ТКП VI съезінің мандат комиссияның 1921 жылы 14 тамыздағы мәжілісі съезге келген адамдардан келген өтініштерді қарайды. Комиссия осындай өтініш жазған Т. Рысқұлов пен Н. Ходжаевтың тілегін орындап, оларға ТКП VI съезіне кеңесші дауыспен қатысуы құқын берді. ТКП VI съезі Ташкент қаласында 1921 жылы 11 – 20 тамыз аралығында болып өтті. Бұл съезде наурыз айында Москвада болып өткен РКП (Б) X сезінің шешімдерінің орындалу барысы талқыланды. Т. Рысқұлов қатынаспаған съезінің алғашқы мәжілістерінде бірден – бір маңызды мәселе бойынша саяси пікірталас өтпеген, барлық депутаттар ТКП орталық комитетінің есепті бағдарламасын “ бірауыздан қолдап мақұлдап отырған.”

жылы 25 ақпанда “ степная правда ” газетінде жарияланған “ кезбе тезистер және РКП (Б) - ның ұлт саясаты ” атты мақаласында

Т. Рысқұловтың тезистерінің қабылданбауына ерекше белсене күш салған адамның бірі - Ә Әйтиев бұл тезистердің мазмұнына біршама дәрежеде тоқталып, оны барып түрған “ пантүрікшілдік ” ретінде сынаған.

Т. Рысқұловтың өз тезистерінде Түрік халықтарының компартиясын, түрік халықтарының қызыл Армиясын құру туралы ұсыныстары және қазақстан мен Түркістандағы келімсек орыс шаруалары жергілікті халықты езіп – қанау мәселесінде өздерінің әлеуметтік тегін ұмытты, орыс – казактарымен күш біріктіріп кететіні туралы пікіріне қарсы шыққан. Ә. Әйтиев сонымен қатар, Т. Рысқұловтың Түркістан Республикасындағы саяси қызметі, Бакудегі қызметі мен түрік халықтары коммунистерінің II жалпыроссиялық кеңесіндегі сөйлеген сөзі туралы негісіз айыптау білдірген. Т. Рысқұловтың ұлт мәселесі бойынша даярлаған тезистері бойынша РКП (Б) қырғыз ( қазақ) обылыстың партия комитетінің жауапты қызметкерлерімен бірігіп өткізген кеңейтілген пленумында қабылдаған қаулы нұсқасын даярлаған Шендельс, Маслов, Здобнев, Никитин және т. б. арасынан, тек

Ә. Әйтиевтің ғана ашық баспасөз бетінде мақала жариялауында үлкен саяси сыр бар, яғни обком Т. Рысқұловқа қарсы мақаланы ұлт өкілінің жазуына мүдделі болып, оған Ә. Әйтиевті зорлап көндірген.

Т. Рысқұловтың тезистері туралы қаулының алғашқы нұсқасын даярлаған Кенжин де жеке – дара әрекет жасамасы белгілі, оның артында да бұл тезистердегі ойлармен ниеттес қазақ қайраткерлері тұрғаны айқын. Бұл тезистерді қазақ коммунистері арқылы алашорда зиялылары да мақұлдаған РКП (Б) XII съезінің негізгі мәжілістерінің аралығында ұйымдастырылған жекелеген ұлыттық секциялардың жұмысына съезде делегаттарымен бірге ұлт республикаларымен арнайы шақырылған жауапты қызметкерлері де қатынасады. Бұл секциялардың материалдары әлі күнге толық жарияланған жоқ. Соңғы жылдары осы секцияда сөз сөйлеген

М. Х. Сұлтан – Ғалиевтің сөзі жарияланды. Секцияда И.В. Сталиннің баяндамасын М. Х. Сұлтан – Ғалиев, - жолдас Сталиннің ұсынған үлгісі ұлт мәселесін шешпейді, егер біз бұл мәселені барынша түбегейлі дәрежеде талдамасақ, онда оған келешекте қайта оралуға мәжбүр боламыз. Ол Сталиннің баяндамасында аса қауіпті етіп бейнеленген



“ жергілікті ұлтшылдық ” деген құбылысқа анықтама береді РКП (Б) XII съезінің делегаттары ұлт мәселесі бойынша И. В. Сталин жасаған баяндаманың тұжырымдарымен келіспей, мазмұны ол тезистерге қарағанда қарама – қайшы келетін қарар қабылдады. Съездің “ Ұлт мәселесі жөніндегі” қарарында: “ ... партияның орталық мекемелерінде де ұлыттық республикалардың да компартияларының ұйымдарында да сол республикалардың еңбекші бұхарасының салтымен, әдет – ғұрпымен, тілімен таныстығы жоқ ал сондықтан да олардың мұң – мұқтажын, яғни ылғи елеп отырмайтын, орыстан шыққан партия қызметкерлердің ескі кадырларының көп болуы партиямыздың ішіндегі партия жұмысында ұлт өзгешеліктерге өркөкіректікпен менсінбей қараушылықты, великорустың шовинизм ауытқуын тудырды ” деп нақты атап көрсетеді, сондықтан да сеъзд жергілікті жерлерде кездесіп қалатын “ ұлт шылдыққа қалай ойысқан ” ауытқуларға назар аударумен қатар, партия мүшелерін негізінен ... великорустың шовинизмге қарай ойысқан ауытқудың ерекше зияндылығына және ерекше қауіптілігіне қатты көңіл бөлуге міндетті. Т. Рысқұлов РКП (Б) XII съезінде РКП (Б) орталық комитетінің мүшелігіне кандидат болып сайланды. Оның Москвадан қайтқан уақыты дәл белгісіз, шамасы мамыр айының 10 – на таман оралса керек. Мысалы, Москвадағы Түркістан Республикасының тұрақты өкілділігінің бастығы Исив 1923 жылы мамыр айының 5 – і күні Ташкентке жеделхат жіберген. Т. Рысқұловтың ұстанған мұндай позициясы, ой пікірі И. В. Сталиннің өкпесіне шаншудай қадалған ақиқат. Ұлт Республикаларындағы саяси қайраткерлердің ішінен, әсіресе түрік тілдес халықтар арасынан шыққан комунистер ішінен өзінің ақылдылығымен, қайсарлығымен және табандылығымен көріне білген адам ретінде Т. Рысқұловты осы кеңесте М. Х. Сұлтан – Ғалиевтің жағдайына түсіре алмасын сезген И. В. Сталин, құрығанда оның саяси беделіне қара дақ түсіріп қару мақсатында былай дейді: Мен Рысқұловтың сөзін тыңдадым, оның сөзі толық шындықпен айтылған сөз емес екендігін, жартылай дипламаттық ( дауыс “ дұрыс”) сөз екендігін айтып өтуге тиіспін және де жалпы айтқанда, оның сөзі ауыр әсер И. В. Сталин – кісі көңілкүйінің барлық қыр – сырын тап басып танып, жете білген сұңғыла саясаткер. Іске таласқа қай уақытта араласу, қау уақытта қалыс қалып, басқаларды сөйлетіп қою сияқты зымияндықты молынан меңгерген. Оның кісі арбайтын қабілеті шексіз еді. Төртінші кеңес Сталиндік тұңғыш рет ұлт республикасынан шыққан қайраткерлердің кез – келгенінің қалаған уақытта “ саяси тұлға ретінде ” саудасын тәмамдаудың ең зұлым, ең айлакер және өте дөрекі механизмін сынақтан өткізді. Ұлы қазан төңкерісінен кейін жаңа дәрежеде өріс алған ұлт - азаттық қозғалыстардың ізге тасына күрете соққы берді. Азаттық, теңдік үшін табанды күресіп жатқан қайраткерлердің іс - әрекетінде қатпыраушылық, сенімсіздік пайда болса, ал өз қызметін ұлыттық мүддемен байланыстырмайтындар арасында құлшылық ұру психологиясы берік орын тебеді. Ұлт кадырларын қуғындау “ М. Х. Сұлтан - Ғалиевтің ісі” деген саяси процестен соң ресми сипат алады. И. В. Сталин оған ерекше мән береді. Сталиндік ұлт саясаты – екі жүзді саясат болды. Ұлттардың өзін - өзі билеу құқы, ұлытаралыққатынастағы теңдік пен демократиялық туралы ұрандардың астарында, практикалық өмірде ұлыдержавалық астамшыл, шовинистік ұлт саясаты жүргізілді.

И. В. Сталин саяси айналымға “ сұлтанғалиевшілдік” деген түсінікті, құбылысты тұжырымдады. Оның ұғымындағы сұлтанғалиевшілдік”,

“ пантүрікшілдік,” “ паниеламшылдық ” және “ басмашылық” сияқты ұғымдармен сабақтас құбылыс болып шықты.

2 Т. Рысқұлов Түркістанның басшысы болған кезеңі.

Т. Рысқұловтың Түркістандағы саяси – мемлекеттік қызметінің жаңа кезеңі басталды. 1922 жылы 8 қазанда Түріккатком төралқасының мәжілісінде Т. Рысқұлов хкк – ның төрағасы болып тағайындалды. Хкк – нің 1922 жылы 11 қазанда жарияланған № 479 – шы қаулысында Т. Рысқұлов былай деп атап көрсетеді. Түріккатком төрағасының

8 қазандағы №142- ші қаулысын орындау үшін, мен бүгінгі күннен бастап Түркістан Республикасы халық комисарлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаруға кірістім. Бұл кезеңдегі Т. Рысқұловтың негізгі қызметі орта Азия Бюросында емес, халық комиссарлар кеңесінде өтті. Орта Азия Бюросының мүшесі бола тұрып Т. Рысқұлов бұл комиссарлық ұйымның мәжілістеріне тым аз қатынасқан, онда да негізінен халық комиссарлар кеңесінің қызметі талқыланған жиналыстарға қатынасып, ал басқаларын үнемі өткізіп жіберіп отырған. Т. Р.ысқұловтың РКП (Б) орта Азия Бюросының қызметіне қатысты көзқарасын жеке мәселелерді талқылау барысында кеңірек түрде қарастыратын боламыз. РКП (Б) орта Азия Бюросы большевиктердің Түркістандағы жаңа көз – құлағы, сенімді тыңшысы болды. Ол өзіне дейін қызмет атқарған Түріккомисия, Түрікбюро сынды эмиссарлық ұйымдардың ісін жалғастырушы мұрагер еді. Ал . Т. Рысқұловтың бұл эмиссарлық ұйымның мәжілістеріне қатынасуға ниетсіздігі орталық тарапынан бірнеше рет ескерту алуынан көрінеді. 1922 жылы 14 қазанда Я. Э. Рудзутак, Т. Рысқұлов және

И. Қыдыралиев қол қойған “ ТКП мүшелері мен барлық жауапты кеңес қызметкерлеріне ” арналған үндеу жарияланды. Үндеудің текістік, сөйлемдердің құрлысын мұқият талдаған кезде, бұл үндеудің негізгі авторы Т. Рысқұлов болғаны анық, өйткені бұл үндеудің жекелеген сөйлемдері Т. Рысқұловтың 1922 жылы 27 қыркүйекте

Я .Э. Рудзутакқа жазған хатындағы жекелеген сөйлемдерді толық қайталаған. Үндеудің мазмұны мен мақсаты Т. Рысқұловтың аталған хатының мазмұны мен мақсатын толық бірлікте. Үндеуде Түркістан Республикасынның халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету үшін мынадай шарттардың, шаралардың сақталып, іске асырылуы қажеттігі атап еөрсетіледі, яғни біріншіден, басмашылықты толық жою; екіншіден негізгі күш – жігерді және қаржыны әскери салаға емес, шаруашылықты қалпына келтіру шараларына жұмсау сондай – ақ негізгі мәселенің бірі республиканың жергілікті халқы, әсіресе көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындары мен қоныс аударып келген европалықтардың әлеуметтік – экономикалық жағдайларын теңестіру; үшіншіден, мәдени – ағарту жұмыстарын барынша өрістету, сауатсыздықты жою; осы шараларды ічке асыру үшін республикадағы барлық саяси күштер мен саяси қайраткерлердің бірлігі мен түсінігі, өзара көмегі қажет. Республика өмірінде бұрын орын алған топшылдық атаулыны жою, жаңадан өзгерістерге мүмкіндік бермек керек. Үндеу авторлары республиканың барлық жауапты қызметкерлерін осыған шақырды. 1922 жылы 7 қарашада жергілікті газетте Т. Рысқұловтың “ Қазан революциясы және Түркістанның жергілікті халқы ” деген мақаласы жарияланды. мақалада революцияға дейінгі, революция жылдарындағы және соңғы жылдардағы Түркістанның саяси – экономикалық тарихына, жергілікті халықтардың әлеуметтік – мәдени жағдайына кең түрде талдау жасалған. Т. Рысқұлов Түркістан Республикасы халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған 1922 жылы күзде не бәрі 28 жаста болатын. Ол басқарған үкіметтің алдында аса күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәселерді шешу міндеті тұрды. Республиканың ауыл шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету, өндірісті дамыту, оқу – ағарту ісімен айналысу, сауатсыздықты жою, жергілікті халытардың саяси – экономикалық және әлеуметтік жағдайы мен құқын келімсек европалықтармен теңестіру, басмашылықты жою және тағы басқа да орасан зор ауқымдағы шараларды іске асыры қажет болатын. 1922 жылы 2- 6 желтоқсан аралығындағы Ташкент қаласында Түркістан Республикасы кеңестерінің кезекті XI съезі болып өтті. Съездің 3 желтоқсан күнгі таңертеңгі мәжілісінде Т. Рысқұлов халық комиссарлар кеңесінің қызметі туралы баяндама жасады. Баяндамашы үкіметтің кеңестерінің X съезінде бергі қызметіне тоқталып жасады. Саясат, экономика және кеңес құрлысы бойынша бұрынғы кеңес съездері қабылдаған шешімдер мен Түркістан үкіметі қабылдаған қаулылар іс жүзіне асырылған жоқ. Азамат соғысы жағдайынан бейбіт экономикалық құрлысқа көше бастаған уақытта үкіметтің өте ауыр жағдайда жұмыс істеуіне байланысты ондай қателіктердің көптеп жіберілуі де заңдылық болатын. Бірақ, сонда да болса, - дейді

Т. Рысқұлов, - егер біз халық комиссарлар кеңесінің және мемлекеттік жоспарлау комитетінің қызметі туралы айтар болсақ, онда біз бұл ұймдардың қазіргі таңда ... жинақталып, икемді жұмыс аппаратына айнала бастағанын көреміз. Бұл ұйымдар өздеріне жүктелген міндеттерді орындай алатын халге жетті. Халық комиссарлар кеңесі мен Түркістан Республикасы экономикалық кеңесінің белсенді қызметінің нәтижесінде біз соңғы кезде халық комиссариаттарының жұмысында белгілі бір ұйымдасқандық пен жоспарлылыққа қол жеткіздік



Т. Рысқұлов одан әрі қазір теориялық жоспарлаудың уақыты өткенін, сондықтан да барлық күш – жігер күнделікті практикалық жұмыстарға, мақта істерге жұмылдырылуы қажет екенін атап көрсетеді. Кезкелген мемлекеттің экономикалық қуатының ірге тасы, негізі – ірі өнеркәсіп екені белгілі. Бірақ мемлекеттік өенркәсіп Түркістанның экономикалық өмірінде атаулы роль атқара алмады. Аз мөлшердегі өнеркәсіп орындарының өзі аса ауыр кезеңде басынан өткізіп жатты. Біздің өнеркәсіп ауыр кезеңді басынан өткізіп отыр. Трестерді құру, өндірісті қайта құру және қысқарту процесі несие, тұрақты валюта, қаржы, құрал – жабдықтардың және т.б. жеткіліксіз жағдайына дәл келіп отыр, - дейді Т. Рысқұлов бұл жағдай үкіметті мемлекеттік өндіріс орындарын қысқартуға итермелейді, мысалы Түркістан, өндірісметалл өндірістік трест және басқа да аса маңызды трестер қысқартылды. Қағаз фабрикалары уақытша тоқтатылды, ал көмір және мұнай өндірісі ешқандай табыс әкелмей де, үкімет бұл салаларды сақтап қалуға күш салуда. Өнеркәсіптің дамуы үшін шикізат мәселесінің шешілуінің орасан зор маңызы бар. Түркістанда пайдалы қазба байлықтар мен өндіріс шикізатының орасан зор қоры бола отырып, техникалық мүмкіндік пен қаржының, маман жұмысшылардың болмауынан, ол байлықты халық игілігіне жарату қиын болып отыр. Түркістанның пайдалы қаз ба байлығын шет мемлекеттерге сату, одан түскен пайдаға жергілікті халықтан маман жұмысшылары даярлау, жаңа өндіріс орындарын ашу ісі жолға қойылмаған. Біз бұл міндетті шешуіміз қажет, дейді Т. Рысқұлов Түркістан Республикасы – аграрлы ел болатын. Халық шаруашылығының негізін – ауыл шаруашылығы құрады. Сондықтан да Республикада ауыл шаруашылығын, негізінен жер шаруашылығын дамытудың зор маңызы болды. Республиканың жергілікті халқының басым көпшілігі осы салада еңбектенді. Т. Рысқұлов Түркістан Республикасы халық комиссарлар Кеңесінің жетекшілігін қолға алған кезде республиканың ауыл шаруашылығы аса күйзелісті жағдайды басынан кешіріп отырған еді. Ауыл шаруашылығының, оның ішінде жер шаруашылығының алдында тұрған ең міндеттер, дейді ол, тұқымның сапасын жақсарту, түсімді арттыру, қышылақтар мен ауылдарды ауыл шарушылығы техникасымен, соқамен және т. б. еңбек құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады. Ауыл шаруашылығы мәселесін шешу неге байланысты? Сүлтандарға. Түркістан су мәселесі мен жер мәселесі бірдей деңгейде тұрған ел осы мәселерді шешпей, басқа жалпы мәселерді шешуге кірісуге болмайды, - дейді Т. Рысқұлов. Бірінші дүние жүзілік соғыс азамат соғысы мен басмашылардың кесірінен Түркістанның суландыру жүйелері толық қираған, сондықтан да ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі болып табылады. Қазір біз суландыру жүйесін соғысқа дейінгі көлемде қайта қалпына келтіреміз деп жоспарласақ, онда ол ойланбай істелген іс болар еді өткені қаражаттың тапшылығынан ондай қиялға құрылған жоспардан ештеңе шықпайды. Тек жақсы жоспарлар жасаумен ғана шұғылданбау қажет, ол жоспарды іс жүзіне асыру керек. Біздің пікірімізше, суландыру жүйелерін қалпына келтірудің ең төменгі шегіне келтірудің бастап, ал күрделі суландыру жүйелерін кейінге қалдыра түру қажет, өйткені олардың барлығына бірдей кірісуге біздің шамамыз келмейді. өз баяндамысында жерге қоныстандыру ( орналастыру) шараларына тоқтала келіп, Т. Рысқұлов оның Түркістанның экономикасы үшін орасан зор пайдалы екенін атап көрсетеді. Түркістан Республикасында жүргізілген жер фермасының негізгі мақсаты жергілікті халық пен қоныс аударушы европалықтардың арасындағы экономикалық қайшылықтарды жою болатын жерге қоныстандыру туралы жұмыстардың алғашқы жоспары бойынша қоныс аударушы орыс кулактарының иелігінен 200 мың десятина жерді тартып алып, оны жерсіз шаруалар мен жергілікті көшпелі халыққа бөліп беру белгіленген еді. Егер біз 1921 – 1922 жылдардағы жер реформасы туралы есепкп жүгінетін болсақ , онда манадай жағдайды көреміз: Жетісу обылысында тартып алынған 3.775 десятина жерге 409 отбасы орналастырылды ; Түркімен обылысында совхоздардың жерінен жергілікті халықтың кедей топтарын орналастыру үшін 18 мың десятина жер бөлінді, - дейді Т. Рысқұлов. Жерге қоныстандыру мәселелері қазір қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алып жүруі тиіс. Ол заңдар республикадағы көшпелі және жартылай көшпелі, сондай – ақ отырықшы аудандарға жерге қоныстандыру жұмыстарының барлық егжей – тегжейін қарастырған. Жерді пайдалануда рулық қатынастарды толық жойып, ал жайлымдарды халықтың қарамағында қалдыру қажет. Қазір біздің Республикада кооперацияның тек аты ғана бар. Кооперативтік қозғалысқа халықтың көп бөлігі тартылуы қажет болса да, бірақ әлі күнге бұл міндет орындалмай отыр. Түркістан тұрғындарының 75 проценттен астамын құрайтын ауыл (село) тұрғындары кооперативтік құрлысқа мүлдем тартылмаған, тіпті олардың көпшілігі кооперацияның мәнін түсінбейді, ал кооперацияның шаруашылық құрлысында орасан зор маңызы бар. Сондықтан да біздің міндетіміз - қазір өмір сүріп отырған кооперативтік бірлестіктерге, атап айтқанда тұтыну, ауыл шаруашылығы, қолөнер және т. б. кооператив түрлеріне ерекше көңіл бөлу болып табылады. Біздің алдымызда кооперациялардың осы барлық түрлерінің іс - әрекетін өзара үйлестіру міндеті тұр, өйткені олар бірін – бірі түсінбей, біріне – бірі жұмыс істеуіне кесір келтірудде сонымен қатар, кооперативтердің қызметін жалпы өндірістік жоспармен тығыз бірлікте, келісімде өрістету қажет. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру мәселесін ең алдымен қаржы мәселесінің дұрыс шешілуіне тәуелді болды. “Қаржы мәселесін шешпей, басқа мәселені шешу мүмкін емес, - дейді Т. Рысқұлов. Орталықтан ақша қаражатын күтуге болмайды. Түркістан өзін - өзі салық түсісімен қамтамасыз етуі тиіс. 1922 – 1923 жылға арналған бюджет жоспары бойынша жергілікті салықтан 7. 38. 5. 000. сом алтын ақша алу көзделуде. Бұл саланың

6. 043. 840. саны жай салықтан, еңбек салығынан және көлік салығынан түседі. Қалған 1.341.160. сом қала халқынан алынады.” Бюджет жоспарында көрсетілген деректерге тоқтала келіп, негізгі салықтың ауыртпалығын ауыл шаруашылығына түскелі отырғанын атап көрсетті. Ал, Республиканың қала қалқы салық ауыртпалығынан тағы да жалтарып кеткелі отыр өйткені салық салу жүйесінде есеп, бақылау, нақты мөлшерді анықтау, әлеуметтік әділеттілік және т. б. аса маңызды шарттар жете ойластырылмаған. Оның үстіне жалпы федерациялық басқарудағы өнеркәсіп орындарының Республика бюджетіне қосар үлесі жоққа тән. Қортындылай келгенде, сырттан келер көмектің жоқтығынан, республиканың мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі - салықтар 100 процент толық жиналуы тиіс. Баяндамасында Т. Рысқұлов республикасы оқу – ағарту ісі және мәдени шаралардың жағдайын да ерекше көңіл бөлді. Бұл уақытта материалдық жағдай мен қаражаттың тапшылығына байланысты республикада 311 мектеп жабылып қалған болатын. Жергілікті ұлт мектептерінің жағдайы мүлдем ауыр еді. Т. Рысқұлов оқу – ағарту ісін өрістету үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалана отырып, шешуші әрекеттер жасауға шақырады. Мысалы, біріншіден, мемлекеттік бюджеттің ауыр жағдайына қарамай – ақ, басқа салаларға бөлінген қаржының бір бөлігін халық ағарту ісіне қайта бөлу; екіншіден, мектептердің материалдық жағдайын жақсарту үшін, жергілікті өндіріс орындарына жекелеген мектептерді бекітіп беру; үшіншіден, түздік мектептер үшін мешіттердің байлығы мен қаражатын да осы іске жұмылдыру керек; төртіншіден, оқу – ағарту ісіне прогрессивті ұлт зиялыларының барлық өкілдерін кең түрде тарту қажет. Т. Рысқұлов республикадағы сот, кеңес құрлысы, басқару аппаратының жұмысын жандандыру туралы да көптеген тың ойлар мен ұсыныстар айтты, бұл салаларға қатысты үкіметтің жоспарын жариялады.

Т. Рысқұловтың баяндамасы съезде қызу талқыланып қолдау тапты. Талдау қортындысы бойынша делагаттар үкіметінің қызметіне түсіністік білдірді 4 – желтоқсанда Т. Рысқұлов өкіметінің алдағы қызметі туралы қортынды сөз сөйлейді. Негізгі көңіл күиді ол негізгі баяндамада азырақ талдаған салаларға аударды Республиканың халық шаруашылығы үшін мал шаруашылығының маңызы өте зор болатын. Мал шаруашылығының дамуы аурайына, шығындықтың күиіне және табиғи жайлымның жағдайына тікелей тәуелді болғандықтан, бүл сала үкіметтің ерекше қамқорлығына өте мұқтаж болатын төрт түлік малдың тұқымын жақсарту, мал және мал өнімдерімен сауда жасауды ұлғайту мал өнімдерін әсіресе жүнмен теріні өңдеу ісін жолға қою қажеттілігі туды. Соғыспен қуаңшылық аштық жылдарында Республикада мал басының апатты көлемде кемуінің орнын толтыру үшін басқа аймақтардан мал сатып алуды ұйымдастыру да ерекше міндет болды. Т. Рысқұлов Республикада мал шаруашылығын қалпына келтіріп, одан әрі дамыту бағытындағы өкімет белгілеген шараларды жариялады. Съелде

Т. Рысқұловтың ұсыныстары толығымен қабылданды. Түркістан Республикасы кеңестерінің XI – съелінен кейін 1922 жылы 6 – шы желтоқсанда өткен пленумда Түркістан атқарушы комитетінің және Халық Комисарлар Кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Түрікатком төралқасының төрағасы болып И. Қыдыралиев, орынбасары С. Қожанов пен Н. Айтақов бекітілді. Төралқа мүшелігіне – Т. Рысқұлов, Н. А. Паскуцкий, М. С. Энштейн, Әлиқожаев, И. Любимов, Русанов, Розенблюм және Аралбаев сайланды. Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып –

Т. Рысқұолв, орынбасары - Н. А. Паскуцкий айланды[10]. Н. А. Паскуцкий сонымен қатар Түркістан Республикасы экономикалық кеңесінің төрағасы болып бекітілді. Ішкі істер халық комиссары болып – Аралбаев, әділет – Ұстабаев, жер шаруашылығы - Қыдыралиев, халық ағарту - Қожанов, Азық - түлік Троцкий, Еңбек – Бретт, Денсаулық сақтау – Гельфгат, және халық шаруашылығының орталық кеңесінің төрағасы болып Мамаев тағайындалды. XI съезі аяқталған соң, оның қортындыларын баяндап, Т. Рысқұлов 1922 жылы 10 желтоқсанда Я. Э. Рудзутакқа арнайы хат жазады. Съезді уақытындағы қарбаластан соң, - дейді Т. Рысқұлов өз хатында, - қазір әркім өз мекемелерімізге қалыпты практикалық жұмыстарымызға кірістік. Мен халық комиссарлар Кеңесінде кеңестердің XI съезінде қабылданған қарарлардың жекелеген баптарын мұқият талдап, іске асыруға кірістім, олар мысалы, жерге қоныстандыру, штаттарды қысқарту және т. б. Одан әрі Т. Рысқұлов Я. Э. Рудзутакқа И. В. Сталиннің азық – түлік қорынан қандайда болса бөлуге тиым салған жеделхатынан соң, Республикада қарыздарды өтеу мәселесін жалақы мәселесінде үлкен шиеленіс туып отырғанын хабарлайды. Бұл мәселені дұрыс шешілуіне көмектесуін сұрайды. Өз хатында Т Рысқұлов Республикасының халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін ең маңызды шарт саяси қайраткерлердің өзара түсіністігі мен бірлігі қажет екенін алаңдатушылық білдіре отырып жазады. “ Партия ішіндегі барлық топтарды жою туралы Орта Азия Бюросының көзқарасын қолдаймын және қазір өзім үшін барлық қызметкерлер бірдей деген нақты көз қараста тұрмын, әрі бұл принципті өзімнің жеке жүмысымның негізіне алатын болатын.

Сондықтан да қандай да бір шиеленіскен топаралық тартыс туып кетуі мүмкін деп қауіптенудің қажеті жоқ. Мен таяу арада партия қайраткерлерінің ортасына тыныштық орнайтынына және қазіргі жеке дара кездесіп қалатын топшылдықтың толық жойылатынына толық сенімдімін. ” Байқауымша жол Энштейнмен достық жағдайда жұмыс істей аламызба деп ойлаймын сондықтан да бұл мәселеде ешқандай күдік пен қауіптену болмасын.

Т. Рысқұловтың хатын оқи отырып, оның орталық өеілдеріне, әсіресе Я. Э. Рудзутакқа қатыста көзқарасында үлкен өзгерістер болғанын байқау қиын емес Т. Рысқұлов Я. Э. Рузутакты өзіне жақын дос, пікірлес адам ретіндей осылай бастаған. Бұны ешқандай бүркемесіз, адал көңілден туған силастық деп түсіну керек, әрі ондай силастық Т. Рысқұлов жеке өз басының қамы үшін емес, туған өлкесінің мүддесі үшін туындаған.

Лекция №20 Тақырыбы: Сұлтанбек Қожанов.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет