Қазақстан Республикасының Орман кодексі


-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау



бет2/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#133217
1   2   3   4   5   6   7   8

2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

  3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару

      11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды


               молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк
               басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және
               мемлекеттiк органдар жүйесi

      Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жатады.


      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды,


                 ормандарды молықтыруды және орман өсiруді
                 қамтамасыз ету жүйесі

      Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:


      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;
      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;
      5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;
      6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7) тармақша 2015.01.01 бастап қолданысын тоқтатады.
      7) орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
      8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;
      9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;
      10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi.
      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орман


               қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
               молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) мемлекеттiк орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
      3) осы Кодекстiң 22-бабының 2-тармағында аталған мемлекеттiк заңды тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттiк жер қоры учаскелерiн бередi;
      4) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;
      5) мемлекеттiк орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi;
      6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрiктi түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiн бекiтедi;
      7) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын бекітеді;
      8) мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекітеді;
      9) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      10) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердi алып қою көлемiн бекiтедi;
      11) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзу арқылы келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеудiң базалық ставкаларын бекiтедi;
      12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, орман қорын пайдалану, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтердi бекiтедi;
      13) ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
      14) алып тасталды
      15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді;
      16) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайырдыағаш шырынынқосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын бекiтедi;
      17) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
      17-1) ормандарды молықтыру және орман өсіру қағидаларын бекітеді;
      17-2) көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
      17-3) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін бекітеді;
      17-4) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидатын бекітеді;
      17-5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыру қағидаларын бекітеді;
      17-6) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын бекітеді;
      17-7) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекітеді;
      17-8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бекітеді;
      17-9) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
      17-10) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекітеді;
      17-11) орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      17-12) орман қорын мемлекеттік есепке алуды; мемлекеттік орман кадастрын; ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;
      17-13) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін бекітеді;
      17-14) дериваттар тізбесін бекітеді;
      17-15) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
      17-16) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекітеді;
      17-17) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесiлуiнен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекітеді;
      17-18) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларын бекітеді;
      17-19) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекітеді;
      18) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық


               бөлімшелерінің құзыретi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



      1. Уәкiлеттi орган:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттiк орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
      1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды және оны іске асырады;
      2) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      3) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
      4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;
      7) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын, сондай-ақ тендер жеңімпазымен жасалатын шарттардың жобаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, аумақтық бөлімшелермен және өзге де мемлекеттік органдармен келіседі;
      8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
      9) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
      13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
      14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
      15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
      16) алынып тасталды;
      17) мынадай: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді және бекітеді;
      18) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      18-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді;
      18-2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
      18-3) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
      18-4) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді және рұқсаттар береді;
      18-5) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін қалыптастырады және бекітеді;
      18-6) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;
      18-7) орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      18-8) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
      18-9) білім беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімі бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18-10) орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      18-11) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
      18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
      18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
      18-14) дериваттардың тізбесін әзірлейді;
      18-15) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді алып қою көлемі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
      18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді;
      18-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын әзірлейді;
      18-19) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
      18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді;
      18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілері жағалауындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу қағидаларын әзірлейді;
      18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
      18-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтер әзірлейді;
      18-24) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, жанама орман пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      18-25) ормандарды молықтыру және орман өсіру қағидаларын әзірлейді;
      18-26) отырғызылатын материалдарды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
      18-27) карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес тәртібін әзірлейді;
      18-28) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидатын әзірлейді;
      18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді;
      18-30) мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзірлейді;
      18-31) орман қоры аумағында өрттер келтіретін залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын әзірлейді;
      18-32) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен анықтау қағидаларын әзірлейді;
      18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындарда өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын әзірлейді;
      18-34) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
      18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын әзірлейді;
      18-36) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережесін әзірлейді;
      18-37) Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды әзірлейді;
      18-38) мемлекеттік орман күзеті туралы ережені әзірлейді;
      19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер):
      1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi бойынша бағдарламалар әзiрлеуге және оны орындауға қатысады;
      1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауға және оны іске асыруға қатысады;
      2) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шаралары орындалуының сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) облыстың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері жөніндегі есебін қарайды;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi және тоқтатады;
      7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
      8) алып тасталды;
      9) мыналарға:
      орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiне;
      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;
      ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің салдарларын жою жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына;
      ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығына, осы ошақтарды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуін және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;
      кеспеағаштардың бөлінуіне;
      мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінiң сақталуына;
      мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргiзілуіне;
      орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;
      құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
      10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін олар әзірлеген төлемақы мөлшерлемелерінің жобаларын келіседі (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда);
      11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі тендерлердің материалдарына және шарттардың талаптарына тексеруді жүзеге асырады және уәкілетті органға қорытынды ұсынады;
      12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
      3. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз құзыреттерi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,


               астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының орман
               қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
               молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:


      1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
      2) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, пайдаланылуы, ормандардың молықтырылуы және орман өсіру мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,


               астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
               орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
               ормандарды молықтыру мен орман өсiру
               саласындағы құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:


      1) уәкiлеттi органмен келiсе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, оларды iске асырады;
      1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
      2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
      3) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді, бекітеді және iске асырады;
      4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
      6) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;
      7) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
      8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
      9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
      10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдайды;
      12) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
      13) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
      13-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлейді;
      14) уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
      15) алып тасталды;
      16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап.


      Ескерту. 16-бап алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      17-бап.

      Ескерту. 17-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      18-бап. Орман мекемесінің негізгі қызметі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Орман мекемесі:


      1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды орындауға қатысады;
      2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды;
      3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;
      4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;
      5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
      6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;
      7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;
      8) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың, орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады;
      9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;
      10) алып тасталды
      11) алып тасталды
      12) алып тасталды;
      13) өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін күзету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.07.07 N 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-1-бап. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың орман


                 қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды,
                 ормандарды молықтыруды және орман өсіруді
                 қамтамасыз ету саласындағы қызметінің түрлері

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз ету саласында:


      1) мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды;
      2) орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды;
      3) ормандарды молықтыруды және орман өсіруді;
      4) өсімдіктер дүниесі объектілерін қолдан өсіруді;
      5) орман шаруашылығын жобалауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-тарау 18-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет