ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - шарт талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негiзiнде бередi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
102-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн
сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени,
туристiк және спорттағы мақсаттар үшін
пайдалану
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - шарт талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негiзiнде берiледi.
2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзеді.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
РҚАО-ның ескертпесі!
Кодксті 102-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман
пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының
жерлерінде объектілер салу
1. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде және уәкілетті органмен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
2. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткеннен соң орман пайдаланушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында айқындалады.
4. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, орман пайдаланушы құрылыс объектілерін уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы учаскені қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.
5. Жер учаскелеріндегі құрылыс объектілерін бөлшектеуді және сыртқа шығаруды орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыруға тиіс.
103-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман биоқауымдастықтарының гендiк қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң гендiк резерваттарын, артықшылығы бар екпелер мен ағаштарды, басқа да селекциялық-гендiк объектiлердi қамтитын шектеулi орман пайдалану режимiндегi жеке аймақтар түрiнде аумағы жағынан бөлiнедi.
Аталған аймақтарды уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Орман флорасы мен фаунасының гендiк қорының өсiп-өну материалын басқа мемлекеттермен алмасу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,
ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,
ормандарды молықтыру мен орман өсірудің
экономикалық принциптері мен әдістері.
Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың,
пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман
өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi:
1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау;
2) мемлекеттiк орман қорында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргiзудi қаржыландыру;
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;
4) ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.
105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны
үшін төлемақы
1. Мемлекеттiк орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері ескерiле отырып белгiленедi.
4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша — гектармен (га), көлемі бойынша — тығыздық текше метрімен (м 3 ) немесе қаланған текше метрмен (қал. м 3 ), саны бойынша — түйірлеп, салмағы бойынша — килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.
Ескерту. 105-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды
өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру
Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру:
1) Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, босалқы жерлерден, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер беру;
2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсiрудi ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман-мелиорациялық және өзге де қорғаныштық екпелер жасау;
3) республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнiмi жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;
4) селекциялық-гендiк негiздегi тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндiру мен қолдануды ынталандыру;
5) орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жекеше орман өсіруді дамытуды мемлекеттік қолдау;
6) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
107-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк
орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды
жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың
жауапкершiлiгiн сақтандыру
1. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру мемлекеттiк орман қорына, сондай-ақ үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi басталған кезде олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру олардың ерiк бiлдiруiмен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттармен айқындалады.
108-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен
орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды ағымдағы және перспективалық жоспарлау бағдарламалар, орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларына енгiзiледi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру осы Кoдекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
109-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын
жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру
көздерi
Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) алып тасталды
3) орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерi мен тауарлар өткiзуiнен түскен қаражаты;
4) орман пайдаланушылардың қаражаты;
5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 109-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
110-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын
жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет
қаражатынан қаржыландыру
Бюджет қаражатынан:
1) орман орналастыру, орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi;
2) ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерiмен ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары;
4) орман селекциясы және тұқым шаруашылығы, соның iшiнде тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру, орман тұқымдарын сертификаттау саласындағы жұмыстар;
5) орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының және оларға қарсы күрестiң орман патологиялық мониторингiн;
6) орман мен аңшылық шаруашылықтары үшiн мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
7) орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын дайындау;
8) уәкiлеттi органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттiк органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi:
ормандарды өрттен, рұқсатсыз кесуден және Қазақстан Республикасының орман заңдарын өзге де заң бұзушылықтан сақтау, орманды зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау;
ормандарды молықтыру мен орман өсiру;
орман шаруашылығы жолдарының құрылысы және оларды күтiп-ұстау, ормандарды өртке қарсы орналастыру;
орман шаруашылығын жобалау;
күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, санитарлық мақсатта ағаш кесу, кеспеағаш аймағын бөлiп беру және оларды мөлшерлеу;
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiруге күрделi қаржы бөлу жөнiндегi iс-шараларды;
9) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
111-бап.
Ескерту. 111-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
112-бап. Орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерiнен
түскен қаражаты
1. Орман мекемелерiнiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:
1) елдi мекендердi көгалдандыру үшiн отырғызылатын материалдарды өсiру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелердi отырғызу, оқу практикаларын өткiзу;
2) аралық мақсатта пайдалану үшін және өзге де мақсаттарда ағаш кесу және басқа да, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесу кезінде алынған сүректі өңдеуден алынған тауарлар мен өнімдерді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімдерін өткізу және сүрек өңдеу жөнінде қызметтер көрсету;
3) орман мекемелерінің аумақтары шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету;
4) орман пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру есебінен қаражаты болуына құқылы.
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс алу мақсатында орман мекемелері мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға құқылы.
2. Орман мекемелерiнiң қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсiруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 112-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 176, өзгеріс енгізілді - 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
Ескерту. Кодекс 18-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
112-1-бап. Жекеше орман өсірудің мемлекеттік қолдауға
жататын бағыттары
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру;
2) орман питомниктерін құру және дамыту.
2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жерлерінде де, мемлекеттік орман қоры жерлерінде де жүзеге асырылады.
112-2-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
субъектілері
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіру, жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалары жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау субъектілері болып табылады.
112-3-бап. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
және оны жүзеге асыру мерзімдері
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін);
2) жекеше орман питомниктерін құру және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін) арқылы жүзеге асырылады.
2. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай мерзімдерден аспай жүзеге асырылады:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру – он-он бес жыл;
2) жекеше орман питомниктерін құру мен дамыту – бес-он жыл.
9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары
саласындағы заң бұзушылықтар
19-тарау. Қазақстан Республикасының орман заңдары
саласындағы заң бұзушылықтар
113-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру мен орман өсiру
саласындағы заң бұзушылықтар
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:
1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру;
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану;
4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау;
5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау;
6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау;
7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын және санитарлық ережелердi бұзу;
8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып әкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу;
9) орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды нысаналы мақсатқа қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттемелердi орындамау;
10) орман қоры жерлерiндегi шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру;
11) ормандар мен орман қоры жерлерiнде өз бетiнше шөп шабу мен мал жаю;
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берiлетiн дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты өз бетiмен жинау;
13) мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген және ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу;
14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою;
15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру;
16) орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, кәрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру;
17) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтiн әрекеттермен жүзеге асыру;
18) ормандардың жай-күйi мен оларды молықтыруға зиянын тигiзуге әкеп соқтыратын объектiлер салу мен оларды пайдалануға беру;
19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен мөлшерлеудiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртiбiн бұзу;
20) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген
аумақтарды қайтару
1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтар оларды заңсыз пайдалану кезiнде шыққан шығындар өтелместен тиесiлi иелерiне қайтарылады. Бұл ретте мемлекетке орман иеленушi шеккен залал өтеледi.
2. Өз бетімен тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру заң бұзушылар есебiнен жүргiзiледi.
116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта
өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн
жауаптылық
Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жою немесе зақымдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 116-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-тарау. Қорытынды ережелер
117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман
өсiру мен орман пайдалану саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.
118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 45-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 46-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президентi
Достарыңызбен бөлісу: |