Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы



бет8/54
Дата21.06.2016
өлшемі6.92 Mb.
#151447
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54

12. Параграф. Ормандарды қорғау

      376. Ормандарды өрттерден, заңсыз кесулерден, орманды пайдаланудағы ережелердің бұзылуынан және басқа да ормандарға зақым келтірулерден қорғау үшін орман орналастыру кезінде арнайы іс шаралар жобаланады.


      Іс шаралар қолданыстағы ережелер, бұйрықтар мен басқа да құжаттардың негізінде және өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық жүргізуді талдау нәтижелерін ескере отырып жобаланады.
      377. Ормандарды өрттерден қорғау. Орман орналастыру жобаларының түсіндірме жазбасында мына мәселелер қаралады:
      1) орман пайдаланушылардың шекараларын табиғи өрттердің шығуына байланысты белгілеу.
      Олар әр орам немесе оның бөлігі үшін Орман шаруашылығының ғылыми өндірістік орталығында жасалған және Қазақстанның ерекше өрт қауіпі бар ормандарындағы орман өрттерінің алдын алу шараларының жүйесінде келтірілген ұсынымдардағы орман қоры аумақтарын табиғи өрт қауіптілігі кластарына жатқызу шкаласы бойынша анықталады осы Ережеге 1-қосымшаның 15 кестесі;
      2) әр орам немесе оның бір бөлігі үшін табиғи өрт қауіпінің орташа класы, соған кірген телімдердің аудандары арқылы анықталады. Содан кейін орамдар немесе олардың бөліктері, табиғи өрт қауіптілігінің класына байланысты бір өрттік телімдерге біріктіріледі. Өртке қауіпі бар телімдердің ең кіші ауданы сүлбе картасына қарағанда анық көрінеді (шамамен карта масштабында ол 10 мм2 кем болмайды). Орманшылықтың өрт қауіпі кластарына бөлінуі бойынша қорытынды мәліметтер орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында келтіріледі; ормандарды өрттен қорғау іс шараларына төмендегілер жатады:
      3) орман өрттерін болдырмаудағы алдын-алу шаралары (елді мекендерде өртке қарсы дәрістер жүргізу; ормандағы өрт қауіпсіздігін сақтауды бақылау; демалушыларды және саңырауқұлақ, жеміс-жидек жинаушыларды жұмылдыру);
      орман өрттерінің таралуын тоқтату және оларды қолайлы жағдайда өшіру іс шараларын ұйымдастыру (санитарлық кесулер, кесілген орманды тазалау және қурап қалған ағаштардан тазарту, өртке қарсы жүйелерді құру, каналдар қазу, жолдарды және өртке қарсы су қоймаларын жөндеу);
      өрттің шыққан жерін табу (стационарлық бақылау мачталарын жасау, әуеден және жерден бақылау, телефон және радио байланыстарымен қамтамасыз ету);
      өртті өшіру құралдары мен күштерін ұйымдастыру (химиялық өрт станциясын ӨХС), өртке қарсы құралдар мен жабдықтарының пункттік орталығын салу, орманды қорғау қызметі мен әуе қызметін ұйымдастыру, тікұшақтар қонатын алаңдарды дайындау, өрт болған жағдайда, жергілікті кәсіпорындар мен тұрғындарды, өшіруге жұмылдыру);
      орманды өрттен қорғауды материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету;
      4) өрт қауіпі мына жағдайларда 1 класс жоғары белгіленеді:
      қылқанды ормандардағы төменгі өрттердің, жоғарғы қабаты өртіне өтіп кетуі (қалып қалған ағаштардың шашылуынан, қурап қалған ағаштарда) мүмкін болатын жерлерде;
      ормандардың құрғақ жерлерінде, өрт қауіпі жоғары болатын аудандарының жекелеген учаскелерінде (ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жерлерді өртегенде, елді мекендер жақын орналасқанда, демалушылардың орманға келуінің қарқындылығы артқанда);
      өндірістік кәсіпорындарға және жалпы пайдаланылатын жолдар мен темір жолдарға жақын орналасқан ормандарда;
      өрт қауіпі бойынша бір бірінен күрделі айырмашылығы бар алқаағаштардың орамдағы басымдылығына байланысты орамның аумағы бірнеше өрт қауіпі класына жатқызылуы мүмкін;
      құрамында биік беткейлер, жайылымдар, шабындықтар және тағы басқа шөбі қалың, орманмен қамтылмаған жерлері бар орамдар, кесу қалдықтары қалған, өртеңдері және өлген ағаштары бар алқаағаштар өрт қауіпі класына жатады.
      Өрт қауіпіне қарсы іс шараларды жобалау кезінде, орман орналастыру аймақтарына байланысты жасалған басты жоспарлар мен өртке қарсы құрылымдардың сүлбесі пайдаланылады.
      378. Ормандарды орман заңдарының бұзылуынан қорғау.
      Бұрын болған орман орналастыру кезінде орын алған орман заңдарын бұзушылықтарын талдау негізіне сүйене отырып, ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу, орманды пайдалану ережесінің бұзылуына жол бермеу, санитарлық ережелерді бұзбау, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, заңдылық актілері ережелерінің бұзбау туралы ұсыныстар беріледі.
      379. Орманшылықтардың аудандарын мастерлік учаскелер мен айналымдарға бөлу.
      Орманшылықтардың аудандарын шеберлік учаскелер мен айналымдарға бөлу, олардың аудандарының өрт қаупі кластарына бөлінуін және оларды пайдалану бағыттарын, бұрын жүргізілген талдауларды ескере отырып, жүзеге асырылады.
      Орман орналастыру кезінде бөлінген аудандардың жобасы кішірейтілген түрінде сүлбелерде көрсетіледі және арнайы түсіндірме тақырыптарында жазылады. Мастерлік учаскелер мен айналым аудандары, оларды бақылау мүмкіншілігіне байланысты, шамамен бірдей болады. Оларды бөлу кезінде ағаш сүрегі көп дайындалатын және жергілікті тұрғындар жиі баратын орамдарды қорғау тиімділігіне ерекше назар аударылады.

13. Параграф. Ормандарды зиянкестерден және аурулардан қорғау

      380. Орман орналастыру және орман - патологиялық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес (егер олар жүргізілсе) телімдер бойынша кездескен зиянкестер мен аурулардың шоғырлану ведомостары құрастырылады.


      Орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында, орман патологиясының жалпы бағасы беріледі және орман қорғау іс-шаралары жоспарланады (алдын алу, жою, шаруашылық ұйымдастыру).
      1) алдын алу шараларына төмендегілер жатады:
      орман санитарлық талаптарын (кеспеағаштарды, сүректердің қабығын аршу, қалдықтарын қоса жинау) орындау;
      қоймалардағы ағаш сүректерін сақтау;
      ұяларды орнату;
      құмырсқа илеулерін қоршап қою;
      екпе ормандар мен мал жаятын жерлерді қоршап қою;
      жас ағаштардың ұшар бастарын жануарлар жеп қоймау үшін, қоршап қою (темір және пластмасс спиральдарды орнату және тағы басқалары);
      жануарларды үркіту үшін, алқаағаштарды репелленттермен өңдеу;
      2) зиянкестерді жою шараларына төмендегілер жатады:
      зиянкестер жаңадан енген ағаштарды таңдау;
      зиянкестерге қоңызтұтқы ағаштарды орнату;
      уытты және қоңызтұтқы белбеулерді орнықтыру;
      желегі бірікпеген екпе ормандарды, алқаағаштарды, плантацияларды, тұқымбақтарды химиялық және биологиялық қорғау әдістерімен өңдеу;
      тосқауыл каналдар қазу, жемістерді құртатын саңырауқұлақтарды, жұмыртқа салғыштарды, өрмекші торларын, қуыршақтар мен жәндік құжаттарын жинау және оларды жойып жіберу;
      зиянкестерді жою шаралары жер үсті және авиациялық болып бөлінеді.
      3) шаруашылық-ұйымдастыру шараларына мыналар жатады:
      зиянкестер мен аурулардың дамуын болжау, шығу ошақтарын қадағалау, сонымен қатар орманпатологиялық зерттеулер мен топырақ қыртыстарын қазу жұмыстарын жүргізу;
      орман қорғаудың техникалық насихаттарын жасау.
      орман қорғауды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыздандыру.
      Зиянды қалдықтарды бөліп шығаратын өндіріс кәсіпорындарының маңындағы алқаағаштарды зақымдану дәрежесі бойынша аймақтарға бөлу және өлген ағаштардың қорын есептеп шығару.
      Ормандардың патологиялық жағдайларын сипаттайтын схемада зақымданған аумақтар көрсетіледі. Өндіріс кәсіпорындарының қалдықтарына төзімді алқаағаштарды отырғызу туралы ұсыныстар беріледі.

14. Параграф. Орманды қосалқы пайдалану

      381. Ормандарда шөп шабу, мал жаю, егіншілікпен айналысу, ақ қайың шырынын дайындау негізгі қосалқы пайдалану түрлері болып табылады.


      Шабындықтар, жайылымдар және жыртылған жерлер (орманды қорғау мақсатында және жұмысшылардың осы жерлерді қосалқы пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында). Олар қысқа мерзімді пайдалануға беру түріне байланысты былай бөлінеді:
      1) орманды қорғау мен орман иеленушісі жұмысшыларының қызметтік жер үлестері;
      2) өздерінің шаруашылық мақсаттарына қосалқы пайдалану;
      3) қысқа мерзімді пайдалану үшін беру.
      Орман орналастыру жобасын дайындау кезінде, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің құнарлылығын арттыруға арналған іс шаралар белгіленеді. Шабындықтардың өнімділігін арттыру үшін техникалық жоспарды жасау қажет болған жағдайда, сол жөнінде ұсыныстар беріледі.
      Ормандарға кері әсерін тигізбеген жағдайда, орамдардың барлық немесе бір бөлігінде мал жаюға рұқсат беріледі.
      382. Бал ара шаруашылығын дамытудың болашағын негіздеу кезінде таксация мәліметтері бойынша омарталардың қолайлы орындары анықталады және гүлдеу мерзімдерін, нормативтік және жергілікті мәліметтерді ескере отырып, бал өндірудің өнімділігі есептеледі. Орман орналастырудың есептері бойынша бал ара шаруашылығын дамыту, омарталар мен ара ұяларын тиімді орналастыру және тауарлық балды өндіру жөнінде ұсынымдар жасалады.
      383. Ақ қайың азықтық шырындарын дайындау мүмкіндігі арнайы әдістемелік нұсқаулар бойынша анықталады. Құрамында үш немесе одан көп, пісіп жетілген, кесуге белгіленген ақ қайың ағаштары болса, олар есепке алынады. Ағаштардан шырын алу кесілуге 5 жыл қалған кезде ғана рұқсат етіледі және олар өңдеуге жағдай болған кезде жобаланады.
      384. Жабайы өскен жеміс-жидек пен жаңғақты дайындау. Орманды таксациялау кезінде учаскелердегі жеміс-жидектің және жаңғақтың әр түрінің биологиялық өнімі әр аймақтарға арналған кесте арқылы анықталады. Көп жылдық орташа шаруашылық өнімділік әр түрге белгілі бір мөлшерде (биологиялықтан) қолданылады. Осыған байланысты, экономикалық жағдайын және учаскелердің қолайлығын ескере отырып, жеміс-жидек және жаңғақты жинау мүмкінділігінің көлемі ұсынылады. Сонымен қатар, жабайы жемісті және жаңғақ беретін ағаштар мен бұталардың өнім беруін арттыру туралы іс-шаралар белгіленеді.
      385. Саңырауқұлақ, жидек, дәрілік және техникалық шикізаттарды дайындау таксациялау мен өнімділігін зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жобаланады. Дайындауға қолайлы учаскелер орташа биологиялық, көп жылдық және шаруашылық өнімділігі мен олардың көлемі арнайы бекітілген нормативтер бойынша анықталады.
      386. Учаскелердегі азықтық, дәрілік техникалық және сүрексіз шикізаттың саны, орманшылықтың және орман пайдаланудың барлық қорытындысы келтірілген ведомосына енгізіледі. Орман орналастыру кезінде кездескен шикізат көздерінің шаруашылық өнімділігі төменде келтірілген әдістемелердің нормативтері бойынша есептеледі (жидектілерге, шөптесін және дәрілік өсімдіктер үшін - ауданында кездескен өсімдіктердің барлығы жүз пайыз деп алынады; жаңғақтылар, жабайы жемістілер, жидекті ағаш тұқымдылар және бұталылар үшін – толымдылығы бойынша, 1 гектардағы түбір саны - шикізат дайындалатын тұқымның құрамындағы үлесі бойынша). Қосалқы пайдаланудағы тұқымдылар бойынша дайындалатын шикізаттардың жалпы көлемі туралы мәліметтер орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында жазылады.
      387. Балық шаруашылығы, аңшылық, саңырауқұлақтан тауарлық өнімдерді өндіру бойынша ұсынымдар тиісті жағдайда және орман орналастыруға тапсырыс болған жағдайда ғана (қосымша төлемге) жасалады.

15. Параграф. Жануарлар әлемін қорғау

      388. Аңшылық жұмыстарын, орман орналастырумен қатар жүргізгенде (бұрын аңшылық орналастыру жұмыстарын жүргізген мәліметтері бар болған жағдайда), бұл тарау жасалмайды. Бірақ орман орналастыру жобасында аңшылық орналастыру құжаттарына сілтеме жасалады. Орман орналастыру кезінде, аңшылық құру құжаттары (іс қағаздары) болмаған жағдайда, орман пайдаланушылардың шекара аумағын мекендеп жүрген жануарлардың кездесу саны келтіріледі. Сонымен қатар, жануарлар мен құстардың санын көбейтуде ұя салуға қолайлы және жарамды жерлердің қоректік, қорғаныштық қасиеттерін арттыру, қысқы қолдан қоректендіру учаскелерін жақсарту, жыртқыштардың санын қысқарту, адамның әсерінен болатын қауіптерді азайту мақсатында биотехникалық шаралар жасалады.


      389. Биотехникалық шаралардың негізгі түрлері:
      1) кейбір қоюланып кеткен балауса ағаштарды күту үшін кесу шараларын алып тастау;
      2) жабайы кекіліктер шоғырланған жерлерде, басты мақсатта пайдалану кесулеріне тыйым салу;
      3) кекіліктер шоғырланған жерлерге, екпе ормандарды отырғызу жұмыстарын тоқтату;
      4) жабайы орман құстарының жұмыртқа басуына байланысты, барлық шаруашылық іс-шараларды тоқтату;
      5) жас ағаштары бар жерлерге мал жаюға тыйым салу;
      6) құстардың жұмыртқа басу кезеңіне байланысты шабындықтарды реттеу;
      7) күту үшін кесу жұмыстарын жүргізген кезде, тығылатын жерлерді (тығыз өскен орман асты тұқымдыларын және жас өскіндерді) жеміс-жидек ағаштарын және бұта өсімдіктерін қалдыру немесе олардың құрамына екпе ормандарды енгізу;
      8) биотехникалық құрылыстарды салу, жасанды қоректендірулерді, суаттарды, қоректендіру алаңдарын, көлеңкелеу шатырларын жасау.
      390. Ауланатын жануарларды қорғаудың негізгі іс шараларының түрлері төмендегідей:
      1) заңсыз аң аулаумен күресу;
      2) жаппай насихаттау жұмыстарын жүргізу (плакаттар ілу, аншлагтар қою, баспаларға мақалалар жариялау, радио және телеарналардан хабарлау, мектептерде оқушыларға түсіндіріп айту);
      3) қаңғып жүрген иттерді, мысықтарды және қасқырларды ату;
      4) құстардың жұмыртқа басуына, тұяқты жануарлардың төлдеуіне, індері бар жерлерге, шаруашылық іс-шараларына тыйым салынған аумақтарға бақылау жасау.

16. Параграф. Жұмысшы кадрлар және оларды басқару

      391. Өндіріс орнын басқару, ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қаралады және барлық штат жұмысшыларының оптималдық құрамына байланысты (орманшылықтарды және орман күзетін басқарып отырған жұмыскерлерді қоса) білімділік деңгейлеріне талдау жасау ұсынылады. Өндіріс орнын жұмысшы кадрлармен қамтамасыздандыру мен маусымдық жұмыстарға кадрларды тартуға талдау жасалады және ұсыныстар қарастырылады.



17. Параграф. Жоспарланатын орман шаруашылық іс-шараларының экологиялық және экономикалық негізделуі

      392. Жобаланатын орман шаруашылық шаралар нарық жағдайында орман шаруашылық өндірісінің негізгі тауары ретінде орман орналастыру белгілеген басты және аралық пайдаланудың жыл сайынғы нормалық мөлшерінде өсірілген сүректі алумен негізделеді. Сонымен қоса, сүрексіз өнімдер де (шайыр, орманды қосалқы пайдалану және тағы басқа) орман орналастыру жоспарында қарастырылған жылдық көлемнің артуына байланысты тауар болып саналады.


      Ормандардың табиғи ортаны құрау, су қорғау және басқа да пайдалы қасиеттерінің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар. Қойылған талаптардың бәріне сәйкестігі бойынша олардың құндық бағасы анықталады.
      Есептік кеспеағаштар мен іс-шаралардың орман құрамының бір қалыпқа келуіне әсерін тигізу тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бұл мақсатта орман орналастыру жұмыстарының соңына таман сүйекдіңді, бұталы және басқа да тұқымдылардың көрсеткіштерінің болжамалы өзгеруі көрсетіледі.
      Экономикалық қалыптасудың көлемі мен жобаланған орман шаруашылық іс-шаралардың тиімділігі, іс жүзіндегі құнды нормативтік төл құжаттарға сәйкестендіріліп орындалады.
      393. Алдағы тексеру кезеңіне жобаланған орман шаруашылық шаралардың (жыл сайынғы) көлемін орман орналастыру жылындағы және оны  алдындағы орман орналастыру белгілеген көлемдермен салыстыру көрсеткіштері келтіріледі. Сондай-ақ, орманмен қамтылған жерлердің 1 гектарындағы пайдалану қарқынын 1 гектар орташа өскінмен салыстыру нәтижелері келтіріледі. Жобаланған орман шаруашылық шаралардың тым кіші немесе тым үлкен көлемі (орманмен қамтылған жерлердің 1 гектарындағы орташа өскінмен салыстырғанда) талданады.
      Ормандарды ұдайы өндіру көлемдері ормандануды талап ететін орманмен қамтылмаған жерлермен (аудандармен) салыстырылады.
      Орманмен қамтылмаған жерлердің ормандарды ұдайы өндіру шараларымен толық қамтылмауының себептері келтіріледі.
      394. Жер жағдайларының және басым тұқымдылардың орман орналастыру кезіндегі негізгі таксациялық көрсеткіштерінің өзгеруі төмендегідей болуы мүмкін:
      орман иеленушісінің жалпы ауданы бойынша;
      орманмен қамтылған жерлердің ауданы бойынша;
      орманмен қамтылмаған жерлердің ауданы бойынша;
      алқаағаштардың жалпы қоры бойынша;
      орманмен қамтылмаған жерлердің 1 гектардағы орташа қоры және жекелеген тұқымдылар мен бұталардың түрлері бойынша;
      жалпы ауданның 1 гектарындағы орташа қоры бойынша;
      1 гектардағы орманмен қамтылған жерлердің орташа жылдық өсімі бойынша;
      1 гектардағы шөп шабудың өнімділігі бойынша.
      Барлық көрсеткіштер бойынша, ұсынылатын өзгертулердің нақты талдануы көрсетіледі. Орман орналастыру кезеңінде жобаланған шаруашылық іс-шараларының тиімділігінің жалпы қорытындысы беріледі.
      395. Жобаланатын шаруашылық іс-шараларға қойылатын экологиялық  талаптар.
      Орман шаруашылық іс-шараларын жобалау кезінде, олардың санитарлық және экологиялық жағдайын жақсартуға, алқаағаштардың өнімділігін арттыруға, орманда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
      Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жерлерде санитарлық гигиеналық, ландшафты-эстетикалық, су реттегіш және басқа да жағымды жақтарын арттыру мақсатында орман шаруашылық және басқа да іс-шараларын белгілеу керек. Бірінші кезекте, орманның экологиялық жүйесіне кері әсер ететін зиянды қалдықтарды бөліп шығаратын өндірістік кәсіпорындардың жанындағы ормандарды күту және олардың деградацияға ұшырауына жол бермеу бойынша ұсынымдар беріледі.

5 Тарау. Орман орналастыру жобаларының ормандарды мақсатты пайдаланудағы аймақтық жағдайларға байланысты ерекшеліктері

1. Параграф. Таулы ормандардағы шаруашылық іс-шаралардың
ерекшеліктері

      396. Таулы ормандардағы, орман орналастыру жобаларының қосымша ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:


      1) Республикадағы орман қоры аудандарын беткей тіктігіне байланысты бөлудің көрсеткіштері осы Ережеге 1-қосымшаның 16 кестесінде келтірілген.
      2) орман шаруашылық іс-шаралар таулы орман беткейлерінің тіктігі мен басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып қарастырылған ережелер мен ұсыныстарға сәйкестендіріліп жобаланылады.
      3) орман шаруашылық іс-шараларын жобалау орамдарға көліктердің бару мүмкіндігіне байланысты болады. Барлық орамдар көлік бара алатын немесе бара алмайтын болып жіктеледі.
      Көліктердің баруына қолайлыларына жолы бар, жылдың қай мезгілінде де трактор мен автокөлік өтуіне жарамды орамдар жатады. Бұл топқа жақын арадағы 5-10 жыл ішінде келіп пайдалануға, игерілуге жататын орамдар да кіреді.
      Орамдарды көліктердің бару мүмкіндігіне байланысты жіктеу 1-ші орман орналастыру кеңесінде дайындық жұмыстардың қорытындысын белгілеу кезінде жүргізіледі.
      4) орман қорының сипаттамасы мен жобаланатын орман шаруашылық шаралар туралы мәліметтер горизонталды кескінге келтірілген аудандары бойынша көрсетілген.
      5) ормандар таулы ормандарға Орман қоры жерлерін таулы ормандарға жатқызу жөніндегі техникалық нұсқаулар бойынша жатқызылады осы Ережеге 18 қосымша.

2. Параграф. Шөлді ормандарда, орман шаруашылық іс-шараларын жобалаудың ерекшеліктері

      397. Шөлді ормандарда, орман шаруашылық іс-шараларын жобалау кезінде жайылымдардың тиімді пайдаланылуы ескерілуі керек.


      Құмды тоқтату және топырақ эрозиясын болдырмайтын ағаш-бұта, шөптесін өсімдіктердің мал жаю салдарынан зақымдануынан қорғайтын іс-шаралар жобаланады. Көшетін құмдарды тоқтатуға байланысты іс-шаралар да белгіленеді.

3. Параграф. Мәдени-сауықтыру мақсатындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жобаланылатын іс-шаралардың ерекшеліктері

      398. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мәдени-сауықтыру мақсатында пайдаланылатын ормандардағы іс-шаралар Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын аумақтары туралы Заңы мен орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасындағы арнайы бағдарламаға және өкілетті орган бекіткен жұмыс ережелеріне сәйкес белгіленеді.


      399. Мәдени-сауықтыру ормандарында шаруашылық іс-шараларын жобалаған кезде, орман қорының көлемі мен шекарасының негізделуі, атқаратын қызметі бойынша бөлінуі, демалушылардың жаппай келуі аумақтың рекреациялық жүктеліміне сәйкес анықталады.
      Ормандардың тұқымдық құрылымы бойынша, оларды қорғау және аумақтарды сәулеттендіру шаруашылық іс-шаралар жүйесі жасалады.
      Санитарлық-гигиеналық және эстетикалық қасиеттеріне байланысты, демалушыларға жасалған жағдайлардың орман орналастыру кезеңінің соңында жобаланған шаруашылық іс- шараларының тиімділігі анықталады.
      400. Демалу мақсатында пайдаланылатын мемлекеттік орман қорының барлық санаттарында олардың эстетикалық қасиеттерін арттыру мен ормандардың құлдырауын болдырмау және пайдалану кезінде жағымды өсімдіктерін қалыптастыру іс-шаралары жүргізіледі.
      Жасыл аймақтарда жануарлар мен биотехникалық іс-шаралары бар рекреациялық бағыттар жобаланады.
      401. Ғылыми маңызы бар ормандар үшін, орман орналастырудың түсініктеме жазбасында өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық қызметін талдаумен қатар ғылыми зерттеулерден алынған нәтижелеріне, олардың тиімділігін бағалай отырып, толық талдау жүргізіледі. Зерттеулерден алынған нәтижелерді орман шаруашылығына ендіру туралы ұсыныстар беріледі.
      Жобаланатын іс-шараларда ормандардың мақсаты, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік өндіріс жұмыстарының тақырыбы ескеріледі. Бұл тақырып орман иеленушісінің ғылыми бөлімшесімен атқарылатын жұмыстардың нәтижелері бойынша құрастырылады. Бірақ бұл тек өкілетті органның рұқсатымен жасалады.
      Шаруашылық жұмыстарды жобалаған кезде, орман шаруашылығы бойынша қолданыстағы құжаттардан ауытқуға болады (егер бұл зерттеулердің әдістемесінде келтірілген болса). Бірақ бұл өкілетті ұйымның арнайы рұқсаты болғанда ғана жүзеге асырылады.
      Оқу мақсатында пайдаланатын ормандарда жүргізілетін іс-шараларда оқу орындары жүргізетін студенттердің тәжірибелік жұмыстары ескеріледі.
      402. Мәдени-сауықтыру мақсатында пайдаланылатын ормандарда орман шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру, жобалаудың ерекшеліктері бірінші орман орналастыру кеңесінде анықталады.

4. Параграф. Аңшылық шаруашылығына бекітілген орман қорларындағы шаруашылық іс-шараларды жобалаудың ерекшеліктері

      403. Аңшылық шаруашылығына бекітілген орман қорларында ауланатын жануарларды қорғау және қайта қалпына келтіру шаралары бойынша ішкі шаруашылықта бар мәліметтердің негізінде жасалған ұсыныстар беріледі (аңшылық шаруашылығын орналастыру болмаған жағдайда орман пайдаланудың мәліметтері алынады).


      Орман орналастыру жобаларында 1000 гектар жердегі кездескен жануарлар санының тізімі көрсетіледі. Аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру немесе таксациялау кезеңіндегі мәліметтерге сүйене отырып, орман қоры бойынша жануарлардың шаруашылыққа тигізетін кері әсері жөнінде қорытынды шығарылады. Жануаралардың мекен етуіне қолайлы жағдай жасау үшін, шаруашылық іс-шаралар жобаланады.
      404. Шаруашылық іс-шараларын жобалау кезінде мыналар қарастырылады:
      1) құрлар топтасқан жерлерді, су жағалауларындағы жолақты ормандарды, құндыздар мекендеген жерлерді, қорықтарды ерекше қорғалатын учаскелері категориясына жатқызу;
      2) құр мен шілдердің топталған жерлеріне орман екпелерін отырғызудан бас тарту;
      3) көктемгі және күзгі кезеңде жануарлардың төлдеу жерлерінде істелінетін шараларды шектеу;
      4) улы химикаттар мен тыңайтқыштардың қолданылуын шектеу.
      Орман шаруашылық қызметі мен орман пайдалану аңшылық және орман шаруашылықтарына зиян келтірмей, олардың тиімділігін қамтамасыз етеді.
      405. Қазақстан Республикасындағы аңшылық шаруашылығының ішкі шаруашылық аң орналастыруы арнайы тапсырыс бойынша (солардың қаржыларына) қолданыстағы әдістемелік нұсқауларға сәйкес орналастырылады.

5. Параграф. Мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтарында шаруашылық шараларды жобалау ерекшеліктері

      406. Мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтарының жағдайы орман қорларының басқа санаттарынан бөлек, таксациялық сипаттамаларының ерекшеліктеріне байланысты талданады.


      Орман шараушылық шаралар өскен жерлеріне сәйкес жобаланады және алқаағаштардың биологиялық төзімділігі мен өміршеңдігін арттырады. Арнайы ұсыныстар бойынша, алқаағашатардың тіршілік жасының қайталану кезеңіне сәйкес күтіп-баптау кесулері белгіленеді. Қажеттілігі жоқ ағаш пен бұталардың өскіндерімен күресу және қанағаттанарлықсыз, құндылығы төмен қорғаныштық орман жолақтарын қайта құру шараларын белгілеу. Алқаағаштары қурай бастаған және құлдырау жасына жеткен жерлерге, табиғи жаңаруы мүмкін болатын немесе орман екпелерін отырғызу жоспарланатын жерлерге, әсіресе негізгі басым тұқымды ауыстыру қажет болған жағдайда, кесулер белгіленеді. Қорғаныштық орман жолақтарын қалпына келтіру үшін бірінші кезекте сүрек және бұта тұқымдылары (құрғақшылық пен ыстыққа, аязға, тұзды жерлерге және зиянкестер мен ауруларға қарсы тұра алатындарын) жобаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет