Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Параграф. Орман таксациясының құжаттары



бет4/54
Дата21.06.2016
өлшемі6.92 Mb.
#151447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

4. Параграф. Орман таксациясының құжаттары

      149. Далалық орман орналастыру жұмыстарының негізгі құжаттары ретінде (қолданылған әдістерге тәуелсіз) барлық таксация мәліметтері жазылған таксация карточкасы мен фотоабрис алынады осы Ережеге 12  қосымша. Таксация карточкасы әр таксациялық телім мен пландық - картографиялық орман орналастыру материалдарында – масштабтан тыс шартты белгілермен белгіленетін жер түрлері бойынша толтырылады. Таксация карточкасына осы Ережелерде келтірілген талаптарға сәйкес нақты жер санаттары мен алқаағаштардың таксациялық көрсеткіштері, сипаттамалары жазылады.


      Таксация карточкасының пішіні мен мазмұны сала стандарты мен бағдарламалық қамтамасыз ету тәртібімен шектеледі.
      Таксация карточкасы таксациялық телімдер туралы негізгі мәліметтердің макеттер блогынан және жеке жер түрлері мен алқаағаштардың ерекшеліктерін, орман жағдайының бағалануын, шараушылық қызметін көрсететін қосымша мәліметтердің макеттер блогынан тұрады. Әр макетке тұрақты нөмір (шифр) белгіленеді.
      Таксация карточкасында таксация орнындағы және шеңберлі алаңдағы модельді (кесілген) немесе есепке алынған (өсіп тұрған) ағаштардың өлшемдері туралы мәліметтерді жазу үшін толтырылатын блок бөлінеді.
      150. Барлық макеттегі негізгі және қосымша мәліметтер таксациялық сипаттамалар мен телімдердің орман таксациялық сипаттамасы мәліметтерінің қорына енгізіледі. Өткен орман орналастыру кезінде телімдерде атқарылған шаруашылық шаралар туралы мәліметтер келтірілмейді.
      Орман қоры мен орманды пайдалану туралы мәліметтер банкі орман орналастыру объектісінде болуына байланыссыз, әр телімнің таксациялық мәліметтері дискетке жазылады. Ол келесі орман орналастыру жұмыстарына дейін сақталады.
      Таксациялық телімдерге толтырылатын негізгі және қосымша мәліметтер макетінің тәртібі мен толтыру ерекшелігі өнеркәсіптік пайдалануға қабылданған бағдарламалық құралдар кешенімен және таксациялық карточкаларға компьютерде өңдеу үшін енгізілетін мәліметтерді дайындау жөніндегі технологиялық нұсқаулықпен анықталады
      Мәтіндегі және символдағы ақпараттарды кодтап таксация карточкасына жазу үшін шифрлы кесте пайдаланылады.
      151. Орман орналастыру құжаттары бойынша орман қоры мен орман орналастыру ақпараттарының мәліметтер банкін құрғанда, мәліметтер базасын актуалды жағдайда сақтау үшін бірегей бағдарламалық қамту жүргізіледі. Таксация карточкаларындағы мәліметтерді компьютерге енгізудің алдында орамдар бойынша жинақталған, ал мемлекетік орман қоры санаты шегінде телімдердің абристегі және орман орналастыру планшеттеріндегі нөмірлерінің сәйкестігі тексеріледі.

5. Параграф. Орындалған орман шаруашылық шараларын таксациялау кезінде көлемінің сапасы мен тиімділігін бағалау

      152. Орман таксациясы кезінде орман шаруашылық шаралардың орындалуы мен тиімділігін зерттеу орман шаруашылық шараларының қорытындысына объективті баға беру мен алдағы тексеру кезеңіне негізделген орман шаруашылық шараларын жобалау үшін жүргізіледі.


      Орманға шығарда таксация карточкасына өткен орман орналастыру кезіндегі телімнің таксациялық сипаттамасы мен жобаланған шаруашылық шаралары жазылады. Орман шаруашылық шараларының орындалу сапасына, бүкіл тексеру кезеңіне немесе орман орналастыру жұмыстарының алдындағы соңғы бес жылына баға беріледі.
      153. Орман иеленушілер атқарған орман шаруашылық шаралардың сипаттамасы мен сапасы төмендегідей көрсеткіштер бойынша талданады:
      1) орман орналастыру жобалаған орман шаруашылық шара:
      орман мекемесімен негізді орындалғаны;
      орындалмаған, бірақ орындау қажеттілігі болған;
      орындалмаған және оны орындау қажеттілігі болмаған (орман орналастырудың қателігі);
      2) орман шаруашылық шара орман орналастырумен жобаланбаған, бірақ орман мекемесімен атқарылған:
      оны орындау қажеттілігі болмаған;
      орындалуы негізді (орман орналастырудың қателігі);
      орманды жағымсыз факторлардың әсерінен қорғау үшін орындалған.

6. Параграф. Орманды таксациялау кезіндегі орман шаруашылық және басқа да шараларды белгілеу

      154. Орман таксациясы кезінде барлық таксациялық телімдерде шаруашылық шаралардың жүргізілуі орман шаруашылығына қажетті болуына байланысты белгіленеді.


      155. Орман шаруашылық шаралар таксациялық телімдердің сипаттамасының сапасы мен санының мөлшері және жағдайы қолданыстағы ережелер мен нұсқауларға сәйкес болса ғана белгіленеді.
      Орман орналастыру кезінде шаруашылық қажеттілігіне байланысты орман шаруашылық шаралар белгіленген таксациялық телімдердің барлығы анықталады. Олардың алдағы тексеру кезеңінде жобалануы орман орналастыру жұмыстары объектісіндегі орман шаруашылығын жүргізудің экономикалық және экологиялық жағдайларына байланысты белгіленіп, екінші орман орналастыру кеңесімен қабылданады.
      156. Алқаағаштардағы орман шаруашылық шаралар телімнің орташа көрсеткішінің кейбірі нұсқауларға сәйкес болмаған жағдайда да жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда қосымша мәліметтер макетіндегі ерекшеліктерде шаралардың белгілену себебі көрсетіледі (мысалы, сүрекдіңнің  толымдылығы – 07, ал топтанған жерінде 1,0 болған жағдайда топтанған жерде күтіп-баптау кесулері жүргізіледі).
      157. Таксациялық телімде бірнеше орман шаруашылық шаралары белгіленуі мүмкін. Ол учаскенің нақты жағдайына немесе өсіп тұрған алқаағаштарға және бірінші шаруашылық шараның маңызды болуына байланысты белгіленеді (мысалы, ЖК - 100 пайыз екпелерді отырғызу ЕТК – 5).
      Таксация карточкасына осы объектіге ғана белгіленген шифрлар мен кодтарға сәйкес орман шаруашылық шаралары жазылады.
      158. Орманмен қамтылмаған жерлердегі балауса ағаштарды күтіп-баптау және орманды қолдан өсіру шаралары, орман өсірушілік талаптарға байланысты жүргізілуі қажет болған жағдайда арақатынас жолдардың бар - жоқтығына қарамай белгіленеді, тек учаскелердің қолайсыздығына байланысты таулы жерлерде белгіленбейді.
      Орманмен қамтылған жерге ауыстырылмаған қылқан және қатты жапырақты тұқымдылардың жинақталмаған екпелеріндегі жұмсақ тұқымдылардың өскіні себілген өскіндермен басылып қалу қауіпі бар жерде жұмсақ тұқымдыларды кесу, ал кейбір жерде екпелерді толықтыру белгіленеді.
      159. Орманды ұдайы өсіру шаралары табиғи түлеуімен бірге орманмен қамтылмаған жерлердегі барлық телімдерде (сирек ормандардан басқа) және тексеру кезеңіндегі кеспеағаш қорын құрайтын телімдерде белгіленеді және орманды ұдайы өсіру әдісі, егілетін немесе негізгі тұқымы көрсетіледі.
      Ағашы кесілген және орманмен қамтылмаған басқа жерлердің табиғи түлеуі үшін қалдырылған жерлерінде түлеуіне көмектесу жұмыстары белгіленуі мүмкін. Орманның табиғи түлеуіне жәрдемдесу шаралары өскіндердің жағдайы бойынша балауса ағаштарға параметрі жетпейтін, біраз жетілуі алдағы тексеру кезеңінің алғашқы жылдарында күтілетін учаскелерде белгіленеді.
      160. Шабындық, жайылым және басқа да ауыл шаруашылық жерлерінің жағдайын жақсарту және өнімділігін арттыру шаралары белгіленеді.
      161. Орман мекемесі жақсы жұмыс істеу үшін жолды, көпірді жөндеу, орам соқпақтарын шабу, тазалау, шекараларды тазалау және тағы басқа шаралар белгіленеді.
      162. Орман шаруашылық шаралары арнайы объекті үшін белгілі тәртіпте қабылданған жалпы ережелер, нұсқаулар мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес белгіленеді.

6 Тарау. Орман орналастыру объектісіндегі ормандардың өсу ерекшеліктері мен жағдайын зерттеу

1. Параграф. Орман орналастыру кезіндегі сынақ алаңдарын салу

      163. Орман орналастыру жұмыстарын жүргізген кезде мына сынақ алаңдарының түрлері салынады:


      1) жаттықтыру-мамандардың көз мөлшерін жаттықтыру мен бақылау;
      2) дешифровкалық - алқаағаштардың таксациялық және дешифровкалық көрсеткіштерінің корреляциялық байланыстарын анықтау, дешифровканың әдістерін игеру;
      3) өсу барысы – сүрекдің өсу барысын зерттеу, алқаағаштардың өсу барысы нобайының кестесін құрастыру, берілген кестені орман өсу жағдайы үшін қолдану, толысу жасын негіздеу;
      4) тауарлы-сүрекдің тауарлығы мен сұрыптық құрылымын зерттеу, тауарлық және сұрыптық кесте құру, бар кестелерін тексеру, белгіленген объектідегі екпеағаштың тауарлығын зерттеу және нақтылау;
      5) кесулер тиімділігі - орман өсірушілік жағынан тиімді кесулерді зерттеу, орманды күту, басты мақсатқа пайдаланудағы біртіндеп және іріктеп кесу, орманды ұтымды пайдалану тәсілдерін оларға дұрыс белгілеу және жүргізілуін анықтау.
      6) орман патологиялық тексеру-сүрекдің биологиялық тұрақтылығын және орман патологиясын, тазалығын тексеру.
      7) орман мониторингін жүргізу үшін арнайы әдіс бойынша жер бетінен бақылау пункттері салынады.
      164. Қойылған мақсат бойынша қажетті сынау алаңының саны орман жұмыстарын жүргізу объектісіндегі ормандарды зерттеу дәрежесін, бұрынғы орман орналастыруда жасалған сынау алаңдарының бар болуын және олардың сақталуын есепке ала отырып, бірінші орман орналастыру кеңесінде анықталды.
      165. Сүрекдің өсу барысы мен ормандарды күтіп-баптау кесулерінің тиімділігін зерттеу үшін, әрбір келесі орман орналастыруларда болған өзгерістерді бағалау мақсатында барлық өлшеулері қайталанатын тұрақты сынау алаңдары салынады.
      166. Басты мақсатта пайдаланудағы біртіндеп және таңдамалы кесулер мен таңдамалы санитарлық кесулердің тиімділігін зерттеу үшін сынақ алаңдары уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Ол орман орналастыру объектілеріндегі сүрекдіңдердің жағдайларын зерттеу сатылары мен қойылған мақсаттарына байланысты болады.
      Сүрекдіңдердің тауарлық және сортиментті құрылымдарын зерттеуге арналған сынақ алаңдары уақытша болады, себебі оларға өлшеу жұмыстары бір рет жүргізіледі.
      167. Сынақ алаңдарын таңдағанда және салғанда орман орналастыру кезеңіндегі сынақ алаңдарын салуға арналған техникалық нұсқаулар  қолданылады.
      168. Барлық тұрақты алаңдар объектідегі дала жұмыстары біткеннен кейін акт бойынша орман иеленушісіне өткізіледі. Орман орналастырудан өткізіп алынған сынақ алаңдарының тексеру мерзімінде сақталуы бойынша әкімшілік жауапкершілік орман иеленушісіне жүктеледі. Тұрақты сынақ алаңдарының айналасындағы елу метрлік жолақтарда (қорғау аймағы) кесудің барлық түріне тыйым салынады, тек орман алқаағаштарын зақымдайтын зиянкестер таралып кетпеуі үшін, зақымданған ағаштарды кесуге болады.
      Орман орналастыру ұйымы, өкілетті органның тапсырысы бойынша қаржы бөлу кезінде, сынау алаңдары туралы мәліметтер банкін құруы мүмкін.

2. Параграф. Орман екпелерін және табиғи түлеуін зерттеу

      169. Орман екпелері мен орманның табиғи түлеуін зерттеу санау қатары мен шеңберлі және тік бұрышты сынау алаңдарын салу арқылы іріктелмелі қайта есептеу әдісімен жүргізіледі.


      170. Орман астарындағы және орманмен қамтылмаған жерлердегі табиғи түлеуді зерттеу мына мәліметтерді алу үшін жүргізіледі:
      1) табиғи түлеудің динамикасы және орманның кең тараған типтері немесе орман өсімдіктерінің әртүрлі типтерінің өсу жағдайы (орманмен қамтылмаған жерлердің түрлеріне байланысты) аналық сүректердің ерекшеліктері, кеспеағаштың ені және концентрациясы, кесудің әдісі және кеспеағаштың жанасу мерзімі, ағаш дайындаудың технологиясы, өскеннің сақталуы, кескіннің ескілігі;
      2) сүрек қолтығындағы өскіннің бағалы тұқымы оның жағдайы, шүбәсіздігі;
      3) орманды қалпына келтіруге әртүрлі кесу әдістерін қолданудың және кеспеағашты тазартудың, тұқымға қалдырылған ағаштардың, табиғи түлеуіне жәрдемдесу нәтижесінің, мал жаюдың, орман өрттерінің және басқа да факторлардың әсер етуі;
      4) табиғи түлеуге кеспеағаштағы техника мен жұмыс  технологиясының, ағаш дайындау және сүйреу тәсілдерінің әсер етуі;
      5) кеспеағаш жұмыстары кезіндегі өскіндерді сақтау шараларының тиімділігі;
      6) орман орналастырумен жобаланған ормандарды ұдайы өндірудің негізделуі;
      7) орман орналастыру мамандарының балауса ағаш пен өскіндердің сандарын көзбен анықтауға жаттығуы.
      171. Табиғи түлеуді зерттеу орманмен қамтылмаған өсу стадиясында тұрған жерлерде және басты мақсатта кесуге белгіленген толысқан алқаағаштарда жүргізіледі.
      172. Табиғи түлеудің барысы жеткіліксіз зерттелген орман мекемелерінде балауса ағаштармен түлеп келе жатқан жер түрлері мен тексеру кезеңіне басты мақсатта кесуге тағайындалған толысқан және көнерген алқаағаштар учаскелерінің (телімдердің) 1-3 пайызы тексеріледі. Осы кезде өскіндердің жағдайы мен санын көз мөлшермен бағалауға қолайсыз учаскелердің барлығы есептік тәсілмен зерттеледі.
      173. Орманды таксациялау кезіндегі көз мөлшермен бағалау мәліметтері мен табиғи түлеуін зерттеу материалдары орман мекемесінің бұрынғы шаруашылығын сараптау мен кесілген жерлердегі және орманмен қамтылмаған орманды жерлердегі орманды қалпына келтіру тәсілдерін алдағы тексеру кезеңіне жобалау кезінде пайдаланылады.
      Орман орналастыру объектісіндегі табиғи түлеу барысының сипаттамасымен негізделген мәліметтер болған жағдайда зерттеу жұмыстарының көлемі бірінші орман орналастыру кеңесінің шешімі бойынша қысқартылуы мүмкін.
      174. Орманмен қамтылмаған жерлердегі және табиғи түлеуге жәрдемдесу шаралары жүргізілген учаскелердегі табиғи түлеудің барысы өскіндерінің тығыз өсуіне байланысты салынған есептік алаңшаларды есептеу тәсілмен тексеріледі.
      1) өскіні және өз өскіні қалың болған жағдайда (1 гектарға 10 мың данадан көп), есепке алу 4 х 2 метр мөлшерлі алаңшаларда жүргізіледі. Алаңшалардың барлық аудандарының қосындысы зерттелген учаскенің 0,5 пайызынан кем болмайды;
      2) өскіні және өз өскіннің қалыңдығы орташа болған жағдайда (1 гектарға 3,1-10,0 мың дана) есепке алу мөлшері 10 шаршы метр алаңшаларда жүргізіледі, аудандарының қосындысы зерттелген учаскенің - 1 пайызын құрайды;
      3) өскіні және өз өскіні сирек болған жағдайда (1 гектарға – 3,0 метр данаға дейін) есепке алу мөлшері 20 шаршы метр алаңшаларда жүргізіледі, аудандарының қосындысы зерттелген учаскесінің - 2 пайызын құрайды.
      175. Орман астарындағы табиғи түлеудің барысын зерттеу - мөлшері 20 шаршы метр алаңшаларда жүргізіледі. Телімдегі алаңшалардың жалпы саны мына аудандарға байланысты алынады: 5 гектарға дейін – 15, 5 тен 10 гектарға - 25 дейін және 10 жоғары - 50 алаңша.
      176. Телімдегі есептік алаңшалар біркелкі орналастырылады. Алаңшалардың бұрыштарында қазықтар қағылып, алаңшалардың реттік саны көрсетіледі.
      177. Қайта есептеу ірілік дәрежесіне және пайда болуына байланысты бөлініп жүргізіледі. Жасы 2-ден асқан өз өскіннің (өскін) өсімталдық қабілеті есепке алынады. Бір түбірден өскен өскіндердің түлеуі бір дана, ал тамырдан шыққан өскін жеке дана болып алынады. Әрбір тұқым үшін бес жастық биіктік тобының жасы түбірге жақын жерінен кесіп жылдық шеңбері арқылы анықталады және ол өскіндердің саны 10 данадан кем болмайды.
      Тұқымнан және тамырдан шыққан өскіндерге (түлеуді) қайта есептеу жеке-жеке жүргізіледі. Алынған мәліметтер табиғи түлеуді зерттеуге арналған карточкаға осы Ережеге 13 қосымша сәйкес жазылады.
      178. Табиғи түлеуі мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кесу жұмыстарын жүргізу Ережелерінде келтірілген орманның табиғи түлеуін бағалау шкаласына сәйкес бағаланады.
      179. Орман екпелерін зерттеудің мақсаттары:
      1) олардың сапасы мен сақталу пайызын анықтау;
      2) олардың жағдайын жақсарту шараларын жобалау;
      3) олардың құрылуының технологиясы мен тиімді қолдану әдістеріне баға беру;
      4) олардың алдағы тексеру кезеңіне тағайындалған құрылу әдістерін негіздеу;
      5) орманды таксациялау кезінде орман екпелерінің жағдайы мен жерсініуіне дұрыс баға беруде орман орналастыру мамандарының көз мөлшерін жаттықтыру;
      6) олардың жағдайларын есепке алудың және баға берудің дұрыстығын қадағалау.
      180. Өткен тексеру кезеңінде құрылған орман екпелерін тексеруді  қажеттілігі және тексеру көлемі бірінші орман орналастыру кеңесінде келісіледі. Өлген екпе ормандарына жататын және жағдайлары күдікті орман екпелері мұқият тексеріледі.
      Жинақталмаған орман екпелері жағдайларының сипаттамасы негізінен орман иеленушілері жүргізген түгендеу, көзбен баға беру нәтижелерінің дәлелденген мәліметтері бойынша алынады. Егер түгендеудің мәліметтері күдік тудырса, онда ол учаскелер нақты тексеріледі.
      Қажет болған жағдайда, жоғары жастағы орман екпелері де тексерілуі мүмкін. Олардың жағдайлары тексеру кезеңіндегі орман екпелері сияқты бағаланады.
      Орманмен қамтылған жерлерге аударылған орман екпелерінің  сапалық жағдайлары табиғи өскен ағаштарды санамай, егілген ағаштарды ғана санау арқылы анықталады (берілген учаскеде табиғи өскен ағаштар болған жағдайда).
      181. Жинақталмаған орман екпелерінің жерсінуі 25 пайыз және одан төмен болған жағдайда немесе орманмен қамтылған, жерлерге аударуға таксациялық көрсеткіштері сәйкес бірақ, толымдылығы 0,3 және одан төмен болса, олар бұрынғы жер түрлеріне жатқызылады (таза немесе табиғи жаңаруы аралас болса). Қанағаттанарлықсыз болған орман екпелері, құрамындағы табиғи жаңаруы 75 пайыздан көп болса, олар табиғи өскен балауса ағаштар деп есептеледі.
      182. Орман екпелері мен орман орналастыру кезінде есептелген аудандары бойынша сәйкессіздіктер туралы мәліметтер және орман иеленушілерінің есептік мәліметтері салыстырмалы түрде орман екпелерін далалық есепке алу ведомосында осы Ережеге 11 қосымшаға сәйкес келтіріледі.
      183. Орман екпелерін зерттеу тікбұрышты сынақ алаңдарындағы санақ арқылы жүргізіледі. Сынақ алаңының өлшемін анықтағанда онда басты тұқымның кемінде 100-150 отырғызу орнының болуы ескеріледі. Сынақ алаңының саны 3 гектар орман екпелерінде бір сынақ алаңы есебімен анықталады, бірақ бір учаскеде 3 алаңшадан кем болмайды. Сынақ алаңы басты тұқымның 4 қатарын алып жатады және тұқымдылардың орналасуының толық схемасы көрсетіледі.
      Орман екпелерін, бұталап бекітілген құмды, егілген (отырғызылған) сексеуілді зерттеу кезінде орман екпелерін, қорғаныш орман алқаағаштарын, табиғи түлеуге жәрдемдесу шаралары жүргізілген аудандарды түгендеу және балауса ағаштарды құнды алқааағаштар категорияларына енгізу жөніндегі техникалық нұсқаулар басшылыққа алынады.
      184. Орман екпелерін зерттеген кезде:
      1) жасы егілген жылдан бастап басты тұқым бойынша алынады. (ірі және тамыр жүйесі жабық, тікпе көшет материалдарымен өсірілген орман екпелерін қосып алғанда);
      2) жерсінуі (сақталуы) әр тұқым бойынша жеке және жалпы орташа есеппен есепке алынады. Өсімтал және бұталы тұқымдылар есепке алынады, бірақ орман екпелерінің өнімділігіне баға берген кезде есепке алынбайды;
      3) екпелер қатарлы болған жағдайда отырғызу орнындарының саны мен өлген ағаштардың саны белгіленген алаңшалардағы егілген даналар саны бойынша есепке алынады;
      4) зақымданған даналар санақ жүргізген кезде зақымдану түрлеріне (зиянкестер, аурулар, мал, жабайы аңдар) бөлінеді және есепке алған кезде жартылай мөлшерде есептеледі;
      5) санақ нәтижелері арнайы карточкаларға осы Ережеге 14 қосымшаға сәйкес жазылады.
      185. Орман екпелерінің өсуі жинақталмаған және жинақталған орман екпелері үшін осы Ережеге 1-қосымшаның 9 кестесіндегі көрсеткіштер бойынша бағаланады.
      Орман екпелері малмен, жабайы аңдармен, зиянкестермен немесе аурулармен қатты зақымданғанда (өсімталдығын жоймай тұрғанда), оларды  сапасы бір сатыға төмендеуі мүмкін (өсімдіктердің 50 және одан жоғары пайызы). Орман екпелерінің сапасына баға берудің қосымша ерекшеліктері осы Ережеге 15 қосымшада келтірілген.

3. Параграф. Орманды таксациялау кезінде алқаағаштардың орман патологиялық және санитарлық жағдайын бағалау

      186. Орманды таксациялау кезінде алқаағаштардың санитарлық және орман патологиялық жағдайлары көзмөлшермен анықталады, ал қажет болған жағдайда - өлшеу-санақ жүргізу әдісімен анықталып арнайы карточкалар осы Ережеге 16 қосымшаға сәйкес толтырылады.


      187. Алқаағаштарды көзмөлшермен таксациялау кезінде сүрекдіңдердің зиянкестер, аурулар, өрттер, апаттар ықпалының, тұяқты жануарлар, кеміргештер, өндіріс қалдықтары және басқа да факторлардан зақымдалу дәрежесі және өте зиянды зиянкестер мен аурулардың ошағы анықталады.
      Әр телімде қураған ағаш пен шырпылардың қоры, сүрекдіңнің зақымдану дәрежесі және зақымданған ағаштардың орналасуының сипаттамасы анықталады. Зақымданудың, сүрекдіңнің қурап қалуының және қоқыстардың жиналуының себептері, зиянкестер мен аурулардың түрлік құрамы анықталады.
      Арнайы санитарлық-сауықтыру және орманды қорғау шаралары тағайындалады.
      188. Қурап бара жатқан және жаңа қураған ағаштардың бағалануы таксация карточкасында тұқымы, биіктігі тауарлығы, 1 гектарғы қоры, зақымдану себебі көрсетіліп келтіріледі.
      тауарлық сапасын толығымен жоғалтқан ескі қураған ағаштың 1 гектарға ғана қоры көрсетіледі;
      желсұлама, дауылсұлама және табиғи шөмшектер таксация жүргізген кезде қоқыс ретінде есептеліп, тек жалпы және өтімді қоры көрсетіледі.
      189. Орманды таксациялау кезінде зақымданған учаскелерге ескерту қағазы осы Ережеге 17 қосымшаға сәйкес толтырылады. Ондамыналар көрсетіледі:
      1) жібек құрты, сібірлік, қарағайлық және жұпсыз жібек құрттары, қарағайлы және жапырақ кескіш құрттары;
      2) май құртына және Шютте типтес ауруларына шалдыққан орман екпелері;
      3) саңырауқұлақ ауруларының таралу ошағы (опенка, томарқұлақ, қарағайқұлақ);
      4) орындаушыға зақымдану себептері белгісіз немесе орман зиянкестері мен ауруларының түрін анықтай алмаған телімдер.
      Ескерту қағазы орман орналастыру партиясының бастығына немесе орманшыға беріледі.
      190. Орман зиянкестері мен ауыруларының көп тараған ошақтары табылған орман орналастыру объектілерінде арнайы орман патологиялық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстар бөлек жобаланады және қаржыландырылады және арнайы нұсқаулар бойынша жүргізіледі. Зерттеу жүргізудің әдісі мен көлемі объектіні орман орналастыруды жүргізуге дайындау кезінде анықталады.
      191. Сүрекдіңнің санитарлық жағдайын зерттеу әр телімде 10-20 реласкопиялық алаңшаларды салу арқылы жүргізіледі. Әр басым тұқымы бойынша 50-ден кем емес телім зерттеледі.
      Зерттеу нәтижелері алқаағаштардың санитарлық жағдайын зерттеу карточкасына осы Ережеге 16 қосымша сәйкес енгізіледі.
      Есепке алу алаңшаларының саны зерттелетін телімнің ауданы мен алқаағаштардың толымдылығына байланысты анықталады (осы Ережеге 1-қосымшаның 10-кестеге).
      Есепке алу алаңшаралары телім бойынша біркелкі орналысады.
      192. Алаңшалардағы ағаштарды есеке алу төменде көрсетілген, олардың жағдайы санат баллдары бойынша жүргізіледі.
      1. - әлсіреу белгілері жоқ;
      2. - әлсірегендер;
      3. - қатты әлсірегендер;
      4. - қурап бара жатқандар;
      5. - жаңадан қураған ағаштар (осы жылғы);
      6. - ескі қураған ағаштар (өткен жылдардағы);

7. Тарау. Орман орналастыру жұмыстарының аймақтық жағдайлары мен орманның мақсатты қызметіне байланысты ерекшеліктері

1. Параграф. Таулы аймақтардың орман қоры

      193. Орман қоры жерлерін таулы жерлерге жатқызу облыстық әкімшілік пен Орман қорларын таулы жерлерге жатқызу туралы техникалық нұсқауға және осы Ережеге 18 қосымшаға сәйкес бекітіледі.


      194. Таулы ормандардағы орман шаруашылығын жүргізудің негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:
      1) орман қорын тиімді сарқылмастай пайдалану. Осы пайдаланулар орманның қорғаныш, су қорғау, және басқа экологиялық функцияларын күшейтуді және сақтауды қамтамасыз етеді;
      2) орманмен қамтылмаған жерлердегі ормандардың тез және сенімді қайта түлеуі мен эрозиялық процестердің дамуын тоқтату мақсатында зақымданған алқаағаштарды қалпына келтіру, қылқанды ағаштардың сақталу аудандарын ұлғайту (шырша, самырсын, майқарағай, балқарағай, қарағай);
      3) Тау беткейлеріндегі орманды ортаны тұрақты сақтау.
      195. Орман орналастыру жұмыстары кезінде әртүрлі жастағы алқаағаштардың дұрыс таксациялануына, орман екпелерінің жағдайын және орманның табиғи түлеуін зерттеуге, орман шаруашылығын жүргізуге, басты мақсаттағы кесу тәсілдеріне, ағаш дайындаудың және қолданатын техниканың технологиясына және су режиміне ерекше көңіл бөлінеді.
      Ерекше қорғалатын орман учаскелері бөлініп алынады. Бұл учаскелерде басты мақсаттағы кесулерге тыйым салынады.
      196. Таулы жағдайларда орман орналастыру жұмыстарының ерекшеліктері болып мыналар табылады:
      1) орамдардың шекаралары табиғи жиектерге байланыстырылады, олар: тау беткейлері, өзендер, жылғалар, сайлар, соқпақтар және жолдар. Тік бұрышты орам тармақтары тек жазықтау немесе табиғи жиектері жоқ жерлерде жасалады. Республиканың барлық таулы ормандарында орам тармақтары бастапқы орам орналастыру кезінде жасалған және ол сол кезден өзгеріссіз келе жатыр. Сондықтан олар аймақтық органдардың рұқсатымен ғана өзгертіледі;
      2) орамдық және сілтегіш бағаналар жақсы көрінетін, қар көшкіні, су тасқыны және көлік бұзып кетпейтіндей жерлерге орнатылады;
      3) ормансыз (таулы қыраттар), кесілген ағаштарды жеткізуге қолайсыз жерлерге орамдық діңгектердің орнына тастардан үйіп жасаған тумбалар немесе жеке тұрған ірі тас қойылады;
      4) таулы ормандарды аэрофотосуретсіз орналастыру ерекше жағдайларда ғана, өкілетті органдардың рұқсатымен жүргізіледі;
      5) таулы жерлердегі орман алқаптарының орналасуы мен өткен орман орналастырудағы планшеттер мен топокартадағы телім сүлбелерінің тез табылатынын ескере отырып, жаңа аэрофотосурет жоқ болған жағдайларда да орман таксациялық жұмыстарын бағалық нысаналарды шаппай-ақ жүргізіледі;
      6) таксациялық телімдердің шекаралары негізгі жер бедері элементтеріне байланыстырылады (беткейлердің тіктігі және экспозициясы, теңіз деңгейінен биіктігі).
      Дешифрлық әдіспен дүрбінің көмегімен қарама-қарсы тас үгінділерінен, жартасты жерлерден, басқа да ормансыз және орманмен қамтылмаған жерлерден қарап таксациялауға болады. Алқаағаштардың құрамын, толымдылығын және телім пішінін анықтау үшін таксация жүргізуге болады;
      7) таксациялық телімдерді орналастыру үшін қосымша негіз болып мыналар табылады: тік беткейлер тобы, эрозиялық процестердің дамуы, топырақтың қуаты, тастардың жер бетіне шығу пайызы;
      8) беткейлерді тіктік топтарына бөлу Орман кесу ережелеріне сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар беткей тіктігінің орташасы әр телім үшін 50 градус дәлдікпен анықталады;
      9) орманды таксациялау кезінде тау мелиоративтік қор учаскелері анықталады. Ауданы мен мөлшеріне байланысты тау мелиорациясы туралы арнайы іздестіру және жобалау шараларын жүргізу мәселелері шешіледі;
      10) таксацияланатын учаскелердің ерекшеліктерін сипаттау кезінде мына қосымшалар көрсетіледі:
      беткейлердің тіктігі және экспозициясы градус бойынша (біріншіден кесу тәсілін анықтау үшін);
      орманды және ауыл шаруашылық жерлерге арналған тастары бетіне шығып жатқан жерлердің пайызы;
      топырақтың эрозиялануы және оның қарқындылығы (күшті, орташа, бәсең);
      мал бағудың табиғи түлеуге және топырақ эрозиясының дамуына әсер етуі;
      11) таулы жерлерге көліктің және сүйреуге арналған техниканың жетуін анықтайтын амалдар бірінші орман орналастыру кеңесінде машина – тракторлық паркті қазіргі жағдайда пайдалану тәжірибесі мен оның алдағы тексеру кезеңінде техникамен қамтамасыз етілуін ескере отырып, шешіледі;
      12) зиянкестер мен ауруға шалдыққан алқаағаштарды немесе оларды  жаппай таралуын анықтағанда, сол жерлерге жету мүмкіндігі белгіленеді, сонымен бірге беткейлердің тіктігі жер бедерінің сипаттамасын және басқа да жер бетінен және әуеден күрес жүргізуде қолдануға арналған факторлар, сондай-ақ тік ұшақ үшін ұшып-қону алаңшаларын салуға болатын учаскелер анықталады;
      13) беткейлердің тіктігі 20 градус және одан жоғары болса, көлденең қима аудандарының қосындысы және алқаағаштардың толымдылығы беткейлердің физикалық жоғарғы қабатына байланысты көзбен көріп анықталады.
      Кейін оның горизонталды жобасына түзету коэффициенті енгізіледі. Таксация карточкаларына түзету коэффициенті арқылы тексерілген толымдылық жазылады.
      Әр тұқымдылар бойынша толымдылық өлшеуішпен анықталған көлденең қималар ауданы (шаршы метр) тиісті түзету коэффициентіне көбейтіледі, ол беткейлердің тіктігіне арнайы белгіленген коэффициенті болып табылады, ал алынған мәліметтер бойынша телімдегі толымдылықтардың қисындылары анықталады осы Ережеге 1-қосымшаның 11-кестесі.
      197. Сынақ алаңдарын салу ерекшеліктері. Қандай да болмасын сынақ алаңдары (тікбұрышты және таспалы) ұзын жағы таксациялық телімді шатқалды жағалай көбірек қашықтықта қиып өтетіндей есеппен жасалады (перпендикуляр бойымен көлденеңге қарай). Үлкен телімдерде сынақ алаңдары ені 20 м кем емес болып саналады және сынақ алаңдары үшін анықталған стандарт бойынша қажетті ағаш саны болады.
      Осындай сынақ алаңдары ұзындығы 100 метр кем емес бірдей екі секцияға бөлінеді де 200 градусқа дейінгі тік жерде орналасады, ал ұзындығы 50 метр кем емес болса 200градус жоғары жерде болады. Секцияның ұзын жағы шатқалды жағалай бағытталады. Сынақ алаңының ішіндегі таксациялық көрсеткіштердің өзгеруін айқындау үшін әр секция бойынша жеке биіктік графигі жасалады және ағаштар саналады. Көлденең қималар аудандарының қосындысы сүрекдіңнің толымдылығы мен қоры туралы мәліметтер шатқалдың физикалық ауданы үшін, сондай-ақ горизонталға қайта санау үшін анықталады.
      100 градус және одан жоғары градуста орналасқан сынақ алаңдары секцияларының аудандары горизонталды жағдайға келтіріледі. Ол үшін сызықтың шатқалды бойлай өлшенген ұзындығы, горизонталды жағдайға осы Ережеге 1-қосымшаның 12-кестесіндегі мәліметтерге сәйкес ауыстырылады.
       Көлденең қиманың ауданы, 1 гектардағы қоры мен толымдылығы горизонталды жағдайға аударылып анықталады. Түзету кестелерін қолданған кезде горизонталды жағдайға тек көлденең қималар ауданының қисындысы келтіріледі, ал 1 гектарғы қоры мен толымдылығы кестелер арқылы алқаағаштардың орташа биіктігіне және көлденең қима аудандарының қисындысына байланысты анықталады.
      198. Орман орналастыру жобасын сапалы жазу үшін орман өсіру жағдайларын сипаттау және орналастыру объектісіндегі орман пайдалану және орман шаруашылығын жүргізу ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинау кезінде төмендегідей мәліметтер зерттеледі және талданады;
      1) вертикалды аймақтың сипаттамасы орман өсу жағдайларының және жер бедерінен орман құрамының тәуелді болуы, теңіз деңгейінен биіктігі және беткейлердің экспозициясы;
      2) ормандардың қорғаныштық қасиеті, табиғи апаттар туралы мәліметтер (сел, қар көшкіндері, су басып қалған жерлер) және олардың пайда болу пункттері;
      3) мал бағатын жерлерді тиімді пайдалану туралы мәліметтер және эрозиялық процестердің пайда болуына мал бағудың теріс ықпал ету факторлары;
      4) эрозиялық процестердің қарқынды даму орындары;
      5) орманды қалпына келтіру және пайдаланатын кесу тәсілдері, кеспеағашты өңдеу әдістері, сүректі сүйреу және тасу әдістері, қолданатын ағаш дайындау техникасы және жұмыс технологиясы;
      6) климаттық және гидрологиялық жағдайлар, ормандылықтың өзгеруіне байланысты минералды су көздерімен тау суларының пайда болуы;
      7) орман және ауыл шаруашылығының ерекшіліктері;
      8) орман алқаптарына жету, сүректі көлікпен тасымалдау және сумен ағызу жағдайлары;
      9) ағаш кесу, мал бағу, мал айдап өту салдарынан болатын өзгерістер, эрозиялық процестердің дамуына және топырақтың жағдайына сүйек тасымалдаудың, дайындау әдістерінің әсер етуі. Шатқалдардағы орман ортасын сақтауға және топырақ жамылғысының құрылымының бұзылуын болдырмауға бағытталған шаруашылық іс әрекеттер мәселесі мен орман екпелерін отырғызуға топырақты дайындау, орманды пайдалану жөнінде нұсқаулар беріліп, нәтижелер шығарылады.
      199. Табиғи түлеуді зерттеу кезінде баға беруге және талдауларға ерекше назар аударылады:
      1) орманмен қамтылмаған орманды жерлердегі және орман астарындағы табиғи түлеудің жағдайы, ағаш екпелерінің жоғарғы шекарасы мен таралуы;
      2) әртүрлі кесу әдістеріндегі және түрлі орман өсіру жағдайларындағы құнды және нашар түлейтін қылқанды тұқымдылардың табиғи түлеуінің жағдайы мен динамикасы;
      3) табиғи түлеуге малды айдап өтудің және бағудың әсер етуі;
      4) табиғи түлеуге сүрек сүйреудің және тасымалдаудың, әртүрлі кесу тәсілдерінің, ағаш дайындауда пайдаланылатын техника мен жұмыс технологияларының әсер етуі;
      5) табиғи түлеудің шатқалдардың тіктігі мен экспозициясына тәуелді болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет