Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Параграф. Мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі биологиялық әртүрлілігінің жағдайын бағалау үшін орман орналастыруды жүргізу



бет6/54
Дата21.06.2016
өлшемі6.92 Mb.
#151447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

13. Параграф. Мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі биологиялық әртүрлілігінің жағдайын бағалау үшін орман орналастыруды жүргізу

      264. Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін сақтау, табиғи биологиялық ресурстарын көбейту және тиімді пайдалану осы орман орналастырудың негізгі мақсаты болып табылады.


      265. Телімдегі ағаш және бұта тұқымдылары биоәртүрлілігінің, ал қажет болған жағдайда, шөп өсімдіктерінің түрлік құрамының сипаттамасын дайындау және түрлік құрамы бойынша тиісті шараларды белгілеу - орман орналастырудың негізгі ерекшелігі болып есептеледі.
      266. Орман орналастыру осы Ережелерге сәйкес жүргізіледі, бірақ жұмыстар бірінші орман орналастыру кеңесінде нақтыланады.

2 Бөлім. Камералдық жұмыс

1 Тарау. Орман орналастыру жобасы жөнінде негізгі қағидалар

1. Параграф. Орман орналастыру жобасының сипаттамасы.
Құжаттардың құрамы мен сапасы

      267. Аумақтарында далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілген орман иеленушілері үшін материалдарды камералдық өңдеу нәтижелері бойынша орман орналастыру жобасы құрастырылады. Онда өткен тексеру кезеңіндегі орман шаруашылығын жүргізу мен орман қорын пайдалануға баға беріледі, орман пайдалану мен орманды ұдайы өндіру бойынша орман шаруашылық шаралар жүйесі жасалады. Бұл шараларда ағаш қорлары мен басқа да құндылықтарды алумен қатар орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау, олардың өнімділігі мен құрылымын, алдағы тексеру кезеңіндегі орман шаруашылығын жүргізу әдістерін жақсарту қарастырылады.


      268. Орман орналастыру жобасының құрамы:
      түсіндірме жазба осы Ережеге 19 қосымша;
      орман қорын сипаттайтын құжаттар;
      орман таксациялық сипаттамалар;
      орман шаруашылық ведомостар;
      пландық – картографиялық материалдар;
      негізгі қағидалар.
      269. Негізгі қағидаларын орман орналастыру ұйымы осы Ережеге 4 қосымша арнайы бағдарлама бойынша жасайды. Бұл қағидалар облыс бойынша жасалған жағдайда - органмен, ал аймақ бойынша жасалғанда өкілетті органмен бекітіледі.
      Негізгі қағидалар орман орналастыру жобаларының құрамына кіреді. Оларға түсіндірме жазбада сілтемелер жасалады. Оларды жасау үшін арнайы қаражат бөлінеді.
      270. Облыстағы барлық орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобалары жасалғаннан кейін арнайы бағдарлама бойынша жиынтық орман орналастыру жобасы құрастырылады осы Ережеге 20 қосымша.
      Жиынтық орман орналастыру жобасында орман қоры және жобаланған орман шаруашылық шараларының көлемі (орман иеленушілер және облыс бойынша) сипатталады.
      Жиынтық орман орналастыру жобасына МОҚ санаттары, орман иеленушілердің шекаралары және жас топтары шегінде басым тұқымдылар бойынша боялған телімдері көрсетілген орам жүйесі түсірілген облыстың карта-схемасы қосымша беріледі.
      271. Орман орналастыру жобаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Орман кодексімен және Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 45 (16.01.2004 жылы) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу Ережелерімен белгіленеді.
      Орман мекемелері бойынша орман орналастыру материалдары осы Ережеге 1-қосымшаның 13 кестесінде келтірілген тізбеге сәйкес дайындалады, ал олардың мазмұны мен түптеу тәртібі осы Ережеге 21 қосымшада келтірілген.

2. Параграф. Екінші орман орналастыру кеңесін жүргізу және басты пайдалану бойынша есепті кеспеағашты бекіту

      272. Орман орналастыру жобасының авторы далалық орман орналастыру материалдарын өңдегеннен кейін алдағы тексеру кезеңіне жобаланатын орман шаруашылық шараларының көлемі туралы шешім  қабылдайды осы Ережеге 22 қосымша.


      273. Басып шығарылған хаттаманың жобасы 5 данада аймақтық органға жіберіледі (көрсетілген органға, облыс әкімшілігіне – орман иеленушісі оның қарамағында болған жағдайда, орман иеленушісіне, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына және қол қойылған бір данасы - орман орналастыру ұйымына).
      Орман иеленушісі өкілетті органға тікелей бағынышты болған жағдайда хаттама 4 данадан жасалады (облыс әкімшілігінің орман шаруашылығы жөніндегі бөліміне жіберілмейді).
      274. Екінші орман орналастыру кеңесі төмендегідей жағдайларда жүргізіледі:
      орман мекемесі өкілетті органға тікелей бағынышты болған жағдайда аймақтық орган басқармасының өкілінің қатысуымен өткізіледі;
      орман мекемесі облыс әкімшілігінің орман шаруашылығы жөніндегі бөліміне бағынышты болған жағдайда (әкімшіліктің орман шаруашылығы жөніндегі бөлімі аймақтық орган мен облыстың қоршаған ортаны қорғау басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткізеді).
      Екі жағдайда да екінші орман орналастыру кеңесі облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы хаттамасының жобасы бойынша шығарылған қолдау қорытындысынан кейін өткізіледі.
      Аймақтық орган мен облыс әкімшілігінің орман шаруашылығы жөніндегі бөлімінің немесе облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы  мамандарының арасында келіспеушіліктер пайда болған жағдайда кеңеске орман орналастыру жобасының авторы шақырылады.
      Пайда болған келіспеушіліктер кеңесте жете талқыланғаннан кейін жойылады немесе жобаның авторы келіспеушілік тудырған мәселелер бойынша ерекше пікірін жазып береді, ал аймақтық орган оны қорытынды шешім шығару үшін өкілетті органға жібереді.
      Аталған органдар тарапынан ешқандай ескертулер болмаған жағдайда хаттамаға кеңессіз қол қойылады.
      275. Орман орналастыру ұйымы екінші орман орналастыру кеңесінде қабылданған басты пайдалану кесулері бойынша есепті кеспеағаштар көлемі рәсімделіп, өкілетті органға бекіту үшін жіберіледі.
      276. Екінші орман орналастыру кеңесінде қабылданған басты пайдалану кесулері бойынша есепті кеспеағаштар мен орман шаруашылық шаралардың көлемі орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасын құрастырудың негізі ретінде алынады.
      277. Барлық орман шаруашылық шараларында камералдық орман орналастыру жұмыстарынан кейінгі жылдың қаңтарынан басталатын тексеру кезеңіне арналған жыл сайынғы жұмыстар көлемі қарастырылады.

3. Параграф. Орман орналастыру жобасын тапсыру және іске асыру тәртібі

      278. Орман орналастыру жобасын дайындау кезінде орман орналастыру ұйымы жасаған барлық материалдар келісім шартта белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге өткізіледі.


      279. Орман орналастыру материалдары өкілетті органмен бекітілгенге дейін экологиялық сараптамадан өтеді.
      Экологиялық сараптамадан өтетін материалдар келісілген көлемде облыстық қоршаған ортаны қорғау органына жіберіледі.
      Экологиялық сараптаманың құны қолданыстағы қағидаларға сәйкес төленеді.
      280. Экологиялық сараптаманың қорытындысы алынып, орман орналастыру жобасына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін орман орналастыру ұйымы өкілетті органға орман орналастыру жобасын белгіленген тәртіп бойынша бекіту үшін жобаланған шаралардың көлемі мен басқа да осы Ережеге 23 қосымша мәліметтер туралы анықтама жібереді.
      281. Орман орналастыру жобасы камералдық орман орналастыру жұмыстарынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырыла бастайды.

4. Параграф. Орман орналастыру жобасы құжаттарының мазмұны мен сапасына қойылатын талаптар

      282. МОҚ мен орамдардың категориялары бойынша топталған телімдердің сипаттамаларын жазу үшін мәліметтер алынатын таксациялық карточкалардың негізінде құрастырылатын және әр телімнің таксациялық және шаруашылық сипаттамасын осы Ережеге 24 қосымша беретін таксациялық сипаттамалар негізгі құжат болып табылады.


      Таксациялық сипаттамалар орманшылықтар бойынша түптеледі және оларды партия бастықтары тексеріп, қолдарын қояды. Қосымшада орамдардың тізбесі мен таксацияны жүргізген орындаушылардың аты-жөні келтіріледі.
      Таксациялық сипаттамаларға (мазмұны мен сапасына) қойылатын талаптар төмендегідей:
      таксациялық карточкаларға толық сәйкес болуы;
      1) телімдердің таксациялық көрсеткіштерінің бір бірімен сәйкестігі;
      2) қор мөлшерінің бақылаулық мөлшерден 1 гектар ауытқуы ±10 пайыздан аспауы;
      3) белгіленетін орман шаруашылық шараларының учаскелердің нақты сипаттамаларына, МОҚ категорияларына байланысты орман шаруашылығын жүргізуге және нормативтік құжаттарға сәйкес болуы.
      283. Мемлекеттік орман қорын есепке алу пішінінің мазмұны мен құрастырылу сапасына қойылатын талаптар тиісті нұсқаулықпен белгіленеді.
      284. Мемлекеттік орман қорын есепке алудың № 1 пішіні осы Ережеге 2 және 3 қосымшаларымен орман қорын сипаттайтын барлық кестелер үшін бақылау мәліметтері болып есептеледі.
      Бірінші кезекте орман қорын есепке алу мәліметтері мен аудандардың жер категориялары бойынша бөлінуіне сәйкестігі және жалпы қорлардың басым тұқымдылары бойынша бөлінуі тексеріледі.
      Барлық кестелер мен ведомостардың көрсеткіштері бірдей жиынтық мәліметтері бір біріне сәйкес болады.
      285. Орман қорын есепке алу формалары мен орман шаруашылық ведомостарындағы және орман орналастыру жобаларының түсіндірме жазбаларындағы қорлар бойынша мәліметтер текше метрлерде немесе мың текше метрлерде келтіріледі. Мәліметтер ондық текше метрлерде келтірілмейді.
      286. Дайын құжаттардың мөрі анық, мәтіндердің және цифрлық материалдың орналасуы оқу үшін қолайлы болады.
      Басты пайдалану мөлшерін есептеу, ормандарды ұдайы өндіру, орман қорын есепке алудың № 1 пішініне осы Ережеге қосымшалармен және басқа да құжаттарға орман орналастыру партиясының бастығы (орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасының авторы) қол қояды.
      Орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасына орман орналастыру ұйымының басшысы, бас инженері және партия бастығы қол  қояды (авторы).
      287. Түсіндірме жазбаның мазмұны оны құрастыру бағдарламасымен белгіленеді, ал сапасы – эксперттік бағалау арқылы анықталады. Сапасына қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
      орман орналастыру есептері мен жобалық шешімдерінің қолданыстағы нормативтік құжаттарға, негізгі қағидалары мен орман орналастыру кеңестерінің шешімдеріне сәйкес болуы;
      орман қоры динамикасының өткен тексеру кезеңіндегі шаруашылық қызметі нәтижелерінің және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдаланудағы жіберілген кемшіліктердің дұрыс талдануы;
      орман орналастыруды жобалаудағы ормандардың санитарлық, экологиялық жағдайын жақсартып, олардың өнімділігі мен сапасын арттыратын және орман қоры ресурстары мен жерлерді тиімді пайдалануға әсерін тигізетін басым бағыттарды анықтауда осы талдау нәтижелерінің толық пайдаланылуы;
      орман орналастыру есептерінің қатесіз болуы, қабылданған жобалы  шешімдердің негізделуі және цифрлық мәліметтердің бір біріне сәйкестігі;
      мәтіннің қысқа, нақты және стилистикалық ережелерге сәйкес болуы.

5. Параграф. Үздіксіз орман орналастыру құжаттамасының құрамы және оған қойылатын талаптар

      288. Орман орналастыру жобасы мен осы Ережелерде қарастырылған барлық құжаттама, толық көлемде жасалатын орман орналастырудың материалдары үздіксіз орман орналастырудың негізі болып табылады.


      Орман қоры мен орман пайдалану және орман шаруашылық қызметі бойынша жинақталған мәліметтер банкі құрылады.
      289. Кейін, шаруашылық шаралармен қамтылған немесе орманға  жағымсыз жағдайларда болған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жыл сайын тексеру жүргізіледі және орман иеленушісіне жыл сайын мына  құжаттар беріледі:
      орман қорының жағдайы мен келесі жылдардың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша болған өзгерістері туралы мәліметтер;
      орындалған орман шаруашылық шараларының сапасын бағалау ведомостары;
      жобаланатын орман шаруашылық шаралары мен орман пайдаланудың (белгіленген пішін бойынша) тексерілген ведомостары және өзгерістер енгізілген картографиялық материалдар.
      Жұмыстар үздіксіз орман орналастыруды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар бойынша осы Ережеге 25 қосымша атқарылады.
      290. Есепке алу – есеп беру құжаттамасын алу және орман қоры, орман пайдалану, ормандарды қорғау және күзету бойынша анықтамаларға түскен ресми сұрауларды орындау тәртібі негізгі орман орналастыруды  жүргізу туралы келісім шартпен белгіленеді (орман иеленушісінің тиісті бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілуі мен мамандардың мәліметтер банкімен жұмыс істеуі ескеріледі).
      291. Үздіксіз орман орналастыру объектілеріне мемлекеттік орман қорын есепке алу жылдары орман қорын есепке алудың № 1 пішіні бойынша осы Ережеге 2 және 3 қосымшаларымен тиісті құжаттама беріледі.
      Орман қорын есепке алу жұмыстары негізгі орман орналастырудан 6 жыл өткеннен кейін жүргізілген жағдайда, есепке алу алдындағы соңғы 2 жылда аралап жүріп таксацияланғандардан басқа барлық алқаағаштардың таксациялық көрсеткіштері актуализацияланды.
      Актуализация Қазақстан ормандарын таксациялау үшін қабылданған алқаағаштардың өсу барысының кестелері бойынша жүргізіледі. Мұндай кестелер жасалмаған жағдайда алқаағаштардың орман орналастырудан кейінгі жасы бойынша ғана актуализация жүргізіледі.
      292. Тексеру кезеңінің жартысы өткеннен кейін орман қорында елеулі өзгерістер болған жағдайда, орман иеленушісінің тапсырысы бойынша басты пайдалану кеспеағашы мен аралық пайдалану және, қажет болған жағдайда, ормандарды ұдайы өндіру шараларының көлемдері мен түрлері қайта есептелуі мүмкін.
      Қайта есептеу орман қоры бойынша жаңа мәліметтер базасын табиғи өсуіне актуализациялау арқылы жүргізіледі. Қайта есептеу материалдарын қарау және бекіту тәртібі кәдімгі орман орналастырудағыдай.
      293. Үздіксіз орман орналастыру кезінде қабылданатын және тапсырыс берушіге өткізілетін барлық құжаттар пішіні мен мазмұны бойынша кәдімгі орман орналастыру кезінде қабылданғандарға сәйкес болады.
      Құжаттардың дәлме-дәл пішіндері тапсырыс берушінің дербес компьютеріне шығарылады, сондай-ақ олардың таспаға жазылуы мен магнит таспалары арқылы тапсырылуы қамтамасыз етіледі.
      Жаңартылған картографиялық материалдар (планшеттер, орман карталары немесе олардың фрагменттері) жүктелімі мен дәлдігі бойынша Орман карталарын дайындау жөніндегі техникалық нұсқауларға сәйкес болады.
      294. Үздіксіз орман орналастырудың басты мақсаттары төмендегідей:
      орман шаруашылығын жүргізудің тиімділігі мен орман қорын үздіксіз, тиімді және сарқылмастай пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      орман орналастыру жобаларының толық көлемде іске асырылуы. Олар негізгі орман орналастыру материалдары бойынша белгілі бір кезеңде орман қорында болатын өзгерістерді ескере отырып құрастырылады;
      жоспарлау кезінде орман пайдаланудың барлық түрлерінің және орман шаруашылық шаралардың кезектілігі, ұйымдастырылуы және орналастырылуы бойынша оңтайлы шешімдер табу;
      ормандардың жағдайы мен орман ресурстарын пайдалануда орман өсіру және табиғат қорғау талаптарының сақталуын бақылауға алу, анықталған кемшіліктерді жою және орман қоры динамикасы мен экологиялық жағдайдағы жағымсыз өзгерістерді болдырмау;
      орман мониторингін мәліметтермен қамтамасыз ету.
      295. Үздіксіз орман орналастыру кезінде қойылған мақсаттарға сәйкес төмендегідей мәселелер шешіледі:
      орман қоры, орман пайдалану мен орман шаруашылық қызметі бойынша (актуализацияланған жағдайында) жинақталған мәліметтер банкін сақтау;
      орман кадастры мен ормандарды мемлекеттік есепке алу және орман шаруашылығы бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізу;
      орман пайдалану мен орман шаруашылық қызметті жоспарлау (жыл сайын);
      орман пайдалану мен орман шаруашылық қызметті бақылауға алу;
      Орман пайдалану мен орман шаруашылық қызметті перспективалық жоспарлау мәселелері негізгі орман орналастыру кезінде (қажет болған жағдайда – негізгі орман орналастыру арасындағы кезеңде) шешіледі.
      296. Үздіксіз орман орналастырудың барлық мәселелері бағдарламалық құралдары арнайы жобамен белгіленетін мәліметтер банкі арқылы шешіледі. Бұл жобаның құрамына сондай-ақ бағдарламалар кешені мен орман қорын есепке алу, жоспарлау, бақылау мәселелері кіреді.
      Осы мәселелердің тізбесі, олардың шешу тәртібі мен әдістері үздіксіз орман орналастыруды жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулармен анықталады.

6. Параграф. Ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелері құжаттарының құрамы

      297. Ұзақ мерзімді пайдалануға берілген учаскелері бар МОҚ жерлерінде орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде (қосымша төлемге) пайдалануға берілген әр учаске үшін түсіндірме жазба жасалуы мүмкін.


      Түсіндірме жазбада учаскенің мөлшері, орналасуы және сипаттамасы беріледі. Сондай-ақ осы учаскедегі алқаағаштардың боялған және боялмаған пландары немесе планшеттері жасалуы мүмкін.

2 Тарау. Орман қорының сипаттамасы

1. Параграф. Орман қоры жерлерін МОҚ санаттары бойынша бөлу

      298. Орман қоры МОҚ санаттарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес бөлінеді.


      Қазақстан Республикасының Орман кодексі МОҚ санаттарын нақтылайтын негізгі құжат болып табылады.
      299. МОҚ санаттары далалық орман орналастыру жұмыстарының басталуына дейін немесе орман орналастыру жұмыстары кезінде анықталады. Орман иеленушісі аумағының МОҚ санаттары бойынша бөлінуіндегі өзгерістер далалық орман орналастыру жұмыстарынан кейін заңды түрде рәсімделген болса, орман орналастыру материалдарына енгізілетін түзетулер қосымша қаржы мен қосымша келісімшарт бойынша енгізіледі.

2. Параграф. Орман қорын сипаттайтын кестелер

      300. Орманшылықтардың орман қоры мен орман орналастыру объектін сипаттайтын кестелер мен ведомостар орман қорын есепке алу пішіндерінде және бағдарламалық қамсыздандыруда (орман орналастыру мәліметтерін компьютерде өңдеу кезінде қолданылатын) келтіріледі.


      301. Сүрекдіңдердің орташа таксациялық көрсеткіштерін анықтау кезінде олардың жасы, бонитеті және толымдылығы телім аудандарының қосындысы бойынша анықталады.
      Сүрекдіңдердің орташа өсімі ағаш тұқымдылардың өсімі бойынша қолданыстағы стандарттарға сәйкес анықталады.
      302. Сүрекдіңнің өнімділігі өсу тенденциясына немесе ормандарды  жағдайы мен сапасының, жас құрылымының өзгеруіне, орман шаруашылық қызметінің нәтижелеріне және өткен тексеру кезеңіндегі орман пайдаланудың әдістері мен қарқындылығына байланысты. Өсімінің төмендеуі орташа таксациялық көрсеткіштер бойынша анықталады.

3. Параграф. Пайдалану қоры, оның тауарлық және сортименттік құрылымы

      303. Пайдалану қорын Қазақстан Республикасының Орман кодексі бойынша басты пайдалану кесулері рұқсат етілген МОҚ санаттарындағы барлық толысқан және көнерген алқаағаштар құрайды.


      Орман кесу ережелері бойынша ерекше қорғалатын деп белгіленген учаскелер пайдалану қорына енгізілмейді.
      304. Пайдалану қоры туралы телім бойынша мәліметтерде орман орналастыру объектісінің көлік үшін қолайлы болуы ескеріледі. Учаскелердің көлік үшін қолайлылығы және аумақтың (орам, телім) көлік үшін қолайсыз учаскелерге жатқызылуы бірінші орман орналастыру кеңесінде шешіледі.
      305. Пайдалану қорын құрайтын және басты пайдалану есебіне енгізілетін, сондай-ақ есептен шығарылған алқаағаштар туралы жиынтық мәліметтер орман орналастыру жобасының түсіндерме жазбасындағы кестелер мен екінші орман орналастыру кеңесінің хаттамасында, басты пайдалану кесулерінің мөлшері негізделген жағдайда келтіріледі.
      Тексеру кезеңіне белгіленген кеспеағаш қорының орналасуы орманшылық алқаағаштарының жалпы планында көрсетіледі.
      306. Пайдалану қорының тауарлық құрылымы әр тұқым үшін тауарлық кестелер бойынша материалдар компьютерлік  өңдеуден өткізілгенде анық алады. Құрамындағы тұқымдылардың түбір қоры тауарландырылады. Сонымен қатар кәделік сүрек ірілік класы мен сорттары бойынша бөлінеді, ал отындық сүрек технологиялыққа және жағылатынға бөлінеді.
      Әр басым тұқым бойынша пайдалану қорының құрамы жөнінде мәліметтер МОҚ санаттары шегінде келтіріледі.
      307. Пайдалану қоры немесе кеспеағаш қоры тапсырыс берушінің талабы бойынша және келісім-шарт бойынша оның қаражатына және өзі таңдаған вариантында, мақсатты сортименттердің максималды шығымын алу қажеттілігін ескере отырып, сұрыпталады (қолданыстағы сортимент кестелері бойынша).

4. Параграф. Өскін мен табиғи жаңарудың және орман екпелерінің сипаттамасы

      308. Толысқан және көнерген сүрекдіңдердің арасындағы табиғи жаңару барысын анықтау үшін орман қолтығындағы өскінін көз мөлшерімен есепке алу мәліметтері қолданылады. Ағашы кесілген жерлердің табиғи жолмен жаңаруын қамтамасыз ететін басты тұқымдылардың өскіні бар толысқан алқаағаштардың аудандары табиғи жаңаруды бағалау шкаласына сәйкес анықталады.


      309. Орманмен қамтылмаған жерлердегі орманды қалпына келтіру процестерінің барысы көз мөлшермен таксациялау мәліметтері мен тексеру кезеңінде пайда болған балауса ағаштарды ескере отырып жүргізілген табиғи жаңаруды тексеру нәтижелері бойынша сипатталады.
      Осы әдіспен орманмен қамтылмаған жерлердегі шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың жаңаруына әсер ететін факторлар анықталып, талданады.
      310. Орман екпелерін далалық есепке алу мәліметтері мен тексеру және аралап таксациялау нәтижелері бойынша орман орналастыру объектіндегі орман екпелерінің барын, сақталуын, жағдайын көрсететін тексеру кезеңіндегі орман екпелері мен үлкен жастағылардың ведомостары құрастырылады.
      Осы мәліметтер бойынша орман екпелерін өсіру өндірісінің жалпы сипаттамасы жасалады және оған баға беріледі. Сонымен қатар, осы мәліметтер бойынша орман орналастыру белгілеген орман екпелері ауданының орман иеленушісі берген есептің мәліметтеріне сәйкестігі, ауытқуларды  себептері анықталады және орман екпелерін орманмен қамтылған жерге ауыстыруда қолданыстағы стандарт талаптарының орындалуы, жағдайының дұрыс бағалануы таксация мәліметтерімен салыстырғандағы, өлу себептері талданады, сондай-ақ орман иеленушісінің өткен тексеру кезеңіндегі орман екпелерін өсіру шараларын орындауы анықталады.
      311. Өскіннің жағдайы мен табиғи жаңарудың сипаттамасы және өткен тексеру кезеңіндегі орман екпелерін өсіру өндірісінің бағалануы орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында келтірілген. Осы мәліметтер бойынша жасалған қорытындылар алдағы тексеру кезеңіне белгіленетін орманды қалпына келтіру шараларын жобалауда қолданылады.

5. Параграф. Жидектіктер мен дәрілік өсімдіктердің және техникалық шикізаттың сипаттамасы

      312. Жұмыстар қосымша төлемге жасалады. Орманды аралап таксациялау кезіндегі шикізат ресурстарын (ағаштан басқа) тексеру нәтижелері бойынша жидек, жаңғақ, жеміс, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатын дайындауға жарамды телімдердің орамдық ведомостары құрастырылады.


      313. Ормандағы шикізат ресурстарының (ағаштан басқа) биологиялық және кәсіпшілік өнімі тиісті нормативтер бойынша анықталады. Ормандағы шикізат ресурстарын (ағаштан басқа) дайындау көлемін белгілеген кезде көлікке қолайсыз жерлер есептелмейді: тік беткейлер, өнімділігі мен шикізат көлемі төмен учаскелер және аумақтың химиялық немесе радиоактивтік ластануына байланысты шикізат ресурстары пайдалануға жарамсыз болып табылатын учаскелер.

6. Параграф. Гидроорманмелиоративтік қор

      314. Далалық жұмыстар барысында ылғалдылығы өте жоғары немесе сазды болып табылған орман қоры жерлері орманмен қамтылған және орманмен қамтылмағандарға, сондай-ақ ормансыз жерлерге жайылымдар, егістер, шабындықтар, саздар болып бөлініп, тиісті ведомостарға енгізіледі.


      Сол учаскелерге құрғату шаралары белгіленеді және бұл мәселе бірінші орман орналастыру кеңесінде шешіледі.
      315. Гидроорманмелиоративтік жүйесі мен гидроорманмелиоративтік қондырғылардың жағдайына байланысты оларды сақтау шаралары белгіленеді.
      Гидроорманмелиоративтік қоры мен гидроорманмелиоративтік құрылымдары туралы жиынтық мәліметтер орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасындағы тиісті тарауларындағы кестелерде келтіріледі.

7. Параграф. Ормандардың санитарлық және экологиялық жағдайы

      316. Аралап таксациялау мәліметтері бойынша орман зиянкестері мен орман аурулары ошақтарын, өнеркәсіп, көлік және коммуналдық қалдықтармен зақымданған орман учаскелерін сипаттайтын тиісті ведомостар құрастырылады.


      Ормандардың санитарлық және экологиялық жағдайы жөнінде жиынтық мәліметтер, олардың бағалануы және тиісті ұсыныстар орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет