Азақстан республикасының Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «еуразия су орталығЫ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» акционерлік қОҒамы



бет7/16
Дата14.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#134779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН, осыған тиісті түрде уәкілеттік берілген, төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
………............... жылғы ……………. қаласында .................................. жасалды.


КАСПИЙ ТЕҢІЗІН ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯҒА

КАСПИЙ ТЕҢІЗІН ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНЕН ЖӘНЕ ҚҰРЛЫҚТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕСІНДЕ ЛАСТАНУДАН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАТТАМА

I-ҚОСЫМША
Бақыланатын қызмет түрлері және заттар санаттары

Осы Қосымшада осы Хаттаманың 5 және 6-баптарында айтылған жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануды болдырмау, бәсеңдету, бақылау және мүмкін болғанынша жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, бағдарламаларды және шараларды дайындау кезінде Уағдаласушы Тараптар назарға алатын элементтер санамалап көрсетілген.


Осындай іс-қимыл жоспарлары, бағдарламалар және шаралар осы Қосымшаның С бөлімінде санамалап көрсетілген сипаттамалар негізінде іріктелген А бөлімінде санамалап көрсетілген қызмет түрлерін қамтуға, сондай-ақ В бөлімінде санамалап көрсетілген заттар санаттарын қамтуға бағытталған. Іс-қимыл жоспарларын, бағдарламаларды және шараларды дайындау кезінде Уағдаласушы Тараптар тиісті халықаралық құралдар ережелерін назарға ала алады.
Іс-қимылдар басымдылығын теңіз және жағалау маңындағы экожүйелерге және ресурстарға, халық денсаулығына, әлеуметтік-экономикалық игіліктерге, оның ішінде мәдени құндылықтарға әсер ету маңыздылығының дәрежесін бағалау жолымен анықтаған жөн.
A. Қызмет түрлері
Жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануды болдырмау, бәсеңдету, бақылау және мүмкін болғанынша жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында, бағдарламаларда және шараларда басымдылықтарды анықтау кезінде Уағдаласушы Тараптар жеке-дара немесе бірлесе отырып, теңіз ортасын ластауға қабілеттілігі негізінде айқындалған және маңыздылығы тәртібімен санамалап көрсетілмеген қызметтің мына түрлерін назарға алады:
1. Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы.
2. Өнеркәсіп:
• аквамәдениет;

• электрондық өнеркәсіп;

• электр қуатының өндірісі;

• тыңайтқыштар өндірісі;

• тамақ өнеркәсібі;

• орман шаруашылығы;

• ядролық өнеркәсіп;

• металлургия өнеркәсібі;

• пайдалы қазбаларды өндіру;

• мұнаймен және газбен байланысты қызмет;

• қағаз және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі;

• фармацевтика өнеркәсібі;

• құрылыс материалдары өндірісі;

• биоцидтер өндірісі және олардың әзірленуі;

• қалдықтарды рециркуляциялау;

• кеме жасау және кеме жөндеу;

• былғары өнеркәсібі;

• тоқыма өнеркәсібі;

• химия өнеркәсібі.
3. Қалдықтарды басқару:
• қауіпті және улы қалдықтар;

• өнеркәсіптік сарқынды сулар;

• қаланың қатты қалдықтары және сарқынды сулар;

• радиоактивті қалдықтар;

• сарқынды сулардың қалдықтарын жою;

• қалдықтарды жағу және олардың жану өнімдерімен жұмыс істеу;

• зымыран отыны.
4. Туризм.
5. Көлік.
6. Жасанды аралдардың құрылысы және оларды басқару.
7. Автомагистральдар мен автомобиль жолдарын салу.
8. Химиялық қаруды және оқ-дәрілерді жою.
9. Түп тереңдету жұмыстары.
10. Кемежайларды салу және ондағы жұмыстар.
11. Жағалау сызығының физикалық табиғи жай-күйінің өзгеруі.
12. Пайдаланылмайтын теңіз деңгейінің ауытқуына ұшыраған қолданылмайтын қондырғылар.

B. Заттар санаттары
Жер үсті көздерінен ластануды болдырмау, бақылау, бәсеңдету және мүмкін болғанынша жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, бағдарламаларды дайындау және шаралар қолдану кезінде Уағдаласушы Тараптар қауіпті немесе өзге де зиянды сипаттамаларының негізінде айқындалған маңыздылығы тәртібімен санамалап көрсетілмеген заттардың мына санаттары:
1. Су сапасын нашарлататын қышқыл немесе сілтілі қосылыстар;

2. Биоцидтер және өзге бөлімдерде қамтылмаған олардың туындылары;

3. Шикі мұнай және мұнай текті көмірсутектер және өңделген жағар материалдар;

4. Цианидтер мен фторидтер;

5. Ауыр металлдар және олардың қосылыстары;

6. Теңіз қоқысы (кез келген төзімді өнеркәсіптік немесе өңделіп тасталған, кәдеге жаратылған немесе қалдырылған қатты материалдар);

7. Эвтрофикацияны тудыра алатын заттар;

8. Биохимиялық ыдырауға бой бермейтін детергенттер және биохимиялық ыдырауға бой бермейтін басқа да үстіңгі белсенді заттар;

9. Теңіз ортасында оттегтің солуына жағымсыз әсер ететін немесе теңіз суының физикалық немесе химиялық сипатына жағымсыз әсер етуі мүмкін немесе теңізді заңды түрде пайдалануға кедергі жасауға қабілетті уытты заттар емес;

10. Органогалогендік қосылыстар және теңіз ортасында осындай қосылыстар түзуге қабілетті заттар;

11. Фосфороорганикалық қосылыстар және теңіз ортасында осындай қосылыстарды түзуге қабілетті заттар;

12. Қалайы органикалық қосылыстар және теңіз ортасына осындай қосылыстарды түзуге қабілетті заттар;

13. Патогендік микроорганизмдер;

14. Полициклдік хош иісті көмірсутектер;

15. Ядролық заттарды да қоса алғанда, радиоактивті заттар назарға

алынады.
С. Заттар сипаттамасы


Жер үсті көздерінен ластануды болдырмау, бақылау, бәсеңдету және мүмкін болғанынша жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, бағдарламаларды және шараларды дайындау кезінде Уағдаласушы Тараптар тиісті жағдайларда басымдылық реті мен санамалап көрсетілмеген заттар мен факторлардың мынадай сипаттамалары:
1. Биошоғырлану және шоғырлануының және ұлғаюы тағам тізбегі бойынша ластаушылар;

2. Заттардың кумулятивті әрекеті;

3. Заттар таратылуының заңдылықтары (яғни саны, пайдаланылу түрлері, теңіз ортасына түсу ықтималдығы);

4. Адамдардың тағам ретінде тұтынуына арналған теңіз өнімдерінің органолептикалық сипаттамасына әсері;

5. Теңіз суының иісіне, түсіне, мөлдірлігіне, температурасына немесе басқа да қасиеттеріне әсер етуі;

6. Денсаулыққа әсер етуі және денсаулыққа қауіп-қатері;

7. Теңіздің флорасы мен фаунасына теріс әсерін тигізу, және биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалану немесе теңізді өзге де заңды түрде пайдалану;

8. Заттар беріктігі;

9. Эвтрофикацияны туындату қабілеттілігі;

10. Радиоактивтік;

11. Көзге көрінетін әсерлерге апаратын және апармайтын шоғырланудың арақатынасының коэффициенті (NOEC);

12. Теңіз экожүйесіндегі келеңсіз өзгерістердің қатері және әсер етудің мен қайтымсыздығы немесе ұзақтығы;

13. Уытты немесе өзге де зиянды қасиеттер (мысалы, канцерогендік, мутагендік, тератогендік);

14. Алысқа көшірілуге қабілеттілігі назарға алынады.



II ҚОСЫМША
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БАР ШАШЫРАҢҚЫ

ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
А. Анықтамалар
Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
1. «Ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы ластану көздері», керісінше, жеке-дара нүктелі көздерге жататын жануарларды интенсивті өсіру объектілерін қоспағанда, ауыл шаруашылық дақылдарын өсірумен және үй жануарларын молайтумен байланысты ластанудың жеке-дара нүктелі емес көздерін білдіреді.
2. «Ең үздік практика» Каспийдің теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарын ластаушы заттардың ағынын болдырмау, бәсеңдету немесе бақылау мақсатындағы құрылымдық және құрылымдық емес сипаттағы рентабельді және қолжетімді шараларды білдіреді.

B. Ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы көздерден ластануды болдырмау, бақылау және бәсеңдету жөніндегі жоспарлар
Әр бір Уағдаласушы Тарап осы Хаттама күшіне кезден бастап келісілген қысқа мерзімде Каспий теңізінің теңіз ортасына немесе жағалау маңындағы аудандарын теріс әсерін тигізуі мүмкін ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы көздерден ластануды болдырмау, бақылау және бәсеңдету жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді. Мұндай жоспарлар мен шаралар, атап айтқанда, құрамында эвтрофикацияға алып келетін заттар, пестицидтер, тұнба шөгінділер және патогендік организмдер бар шашыраңқы ластану көздерін қамтиды.
Жоспарларды әзірлеу кезінде мыналар назарға алынады:
1. Каспий теңізінің теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарына жағымсыз әсерін тигізуі, ауыл шаруашылығында бар:
a) Каспий теңізінің теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарына теріс әсерін тигізуі мүмкін шоғырланулар деңгейін бағалау;
b) адамдардың денсаулығына әлеуетті қатерлерді анықтау;
c) қолданыстағы ең үздік практиканы және олардың тиімділігін бағалау;
d) мониторинг бағдарламаларын енгізуді қоса алғанда, шашыраңқы ластау көздерін бағалау мен талдау.
2. Мыналар, саяси, заңнамалық және экономикалық шаралар,:
a) олардың жеткіліктілігі тұрғысынан ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы ластану көздерін басқаруға бағытталған жоспарларды, саясат және құқықтық тетіктер қағидаттарын бағалаумен талдауды және ең үздік тәжірибелерге қол жеткізу үшін қажетті өзгерістердің жүзеге асыру жоспарын әзірлеуді;
b) ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы ластану көздерін басқарудың қолданыстағы әкімшілік жүйесін бағалауды; сондай-ақ
с) Каспий теңізі теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандарының ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы ластану көздерінен ластануын болдырмау, бақылау және бәсеңдету үшін ең үздік практикаларды пайдалануды кеңейту мақсатында экономикалық және экономикалық емес ынталандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуді қоса алғанда;
3. Оқыту, дайындау және хабардар болуды арттыру бағдарламалары:
a) ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы ластану көздері және олардың теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарға, адамдар денсаулығына және экономикаға әсері туралы хабардар болуды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы секторында және бүкіл халық арасында бағдарламалар әзірлеу мен жүзеге асыруды;
b) білім жүйесінің барлық деңгейлерінде теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандардың, маңызды роліне және ауыл шаруашылық қызметі нәтижесінде ластану әсеріне қатысты ағарту бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруды;
с) ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы көздерден ластануды болдырмау, бәсеңдету және бақылау мақсатында ауыл шаруашылығы секторының қызметкерлері үшін ең үздік құрылымдық және құрылымдық емес тәжірибелер жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді қоса алғанда, мемлекеттік басқару органдар қызметкерлерін және ауыл шаруашылығы секторының қызметкерлерін ең үздік тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша дайындау бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруды;
d) тиімді технологияларды табыстау және ақпарат алмасуға жәрдемдесу бағдарламаларын әзірлеуді қоса алғанда.


C. Баяндамаларды ұсыну
Әр Уағдаласушы Тарап осы Хаттаманың 17-бабына сәйкес Каспий теңізі теңіз ортасының және жағалау маңындағы аудандарының ауыл шаруашылығында бар шашыраңқы көздерден ластануын болдырмау, бақылау және бәсеңдету жөніндегі өз жоспарлары туралы баяндамаларды ұсынады.
III ҚОСЫМША
ЛАСТАНУДЫ АТМОСФЕРА АРҚЫЛЫ КӨШІРУ
Осы Қосымша, 3-баптың 2b) тармағының ережелеріне сәйкес, осы Хаттаманы, атмосфера арқылы көшірілетін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануға қолданудың шарттарын айқындайды.
1. Осы Хаттама, атмосфераға ластаушы шығарындыларға, мынадай шарттар болған:
a) шығарылатын заттар Каспий теңізі теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарына басым метеорологиялық жағдайлар кезінде тасмалданған немесе тасымалдануы мүмкін болған;
b) Каспий теңізінің теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарына түсетін зат мөлшері теңіз ортасына және жағалау маңындағы аудандарға басқа да жолдармен жететін осы заттың мөлшерімен салыстырғанда Хаттаманың 6-бабына сәйкес әзірленген өлшемшарттар бойынша қауіпті болып табылған жағдайда қолданылады;
2. Каспий теңізінің теңіз ортасы және жағалау маңындағы аудандары жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанған жағдайда осы Хаттаманың 4 және 7-баптарының ережелері Уағдаласушы Тараптар арасындағы келісім бойынша осы Хаттамаға І-қосымшада санамалап көрсетілген тиісті қызмет түрлері мен заттарға қолданылады.
3. 1-тармақта, жоғарыда санамалап көрсетілген шарттар болған жағдайда осы Хаттаманың 6-бабы 1-тармағының ережелері:
a) Уағдаласушы Тараптардың өкімінде бар ауаны ластаушы көздерінің орналасуына, бөлінуіне қатысты ақпарат негізінде атмосфераға заттардың шығарындыларына – олардың саны мен шоғырлануына да;
b) отын мен шикізаттағы бақыланатын заттар құрамына да;
c) ауаның ластануына бақылау технологияларының тиімділігіне және неғұрлым тиімді өндірістік және отын жағу процестеріне де;
d) ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында бақыланатын заттардың пайдаланылуына да қолданылады.
4. Осы Хаттамаға IV-қосымшаның ережелері атмосфера арқылы ластану қолданылатын жерде соларға қатысты болады. Атмосферадан шығатын тұнбаны бағалау кезінде, сондай-ақ, олардың мөлшері мен шоғырлануы тұрғысынан жер үсті көздерінен ластаушы заттар шығарындыларының кадастрын жасаған кезде шығарындылардың жалпы қолдануға болатын коэффициенттерін және әдістемелерін пайдаланылуы арқылы ауаның ластану мониторингі және оны моделдеу жүргізіледі.
5. Осы Хаттаманың барлық баптары қолдануға болатын жерлерде және жоғарыда, 1-тармақта санамалап көрсетілген шарттарға сәйкес атмосфера арқылы көшірілетін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануға бірдей қолданылады.

IV ҚОСЫМША
ШЫҒАРЫНДЫЛАРҒА РҰҚСАТ
Осы Хаттаманың 7-бабының 3-тармағына сәйкес Уағдаласушы Тараптар осы Хаттамаға I қосымшада санамалап көрсетілген құрамында бақыланатын заттар бар шығарындыларға рұқсат беру туралы мәселені қарау кезінде тиісті жағдайларда мына факторларды бағалайды және қарастырады:
A. Шығарындылардың сипаты мен құрамын:
1. Нүктелі немесе диффуздық көздің түрі мен мөлшері (мысалы, өндірістік процес);

2. Шығарындылардың түрі (мысалы, шыққан жері, орташа құрамы);

3. Қалдықтардың жай-күйі (мысалы, қатты, сұйық, тұнба, шлам);

4. Жалпы көлемі (шығарындының көлемі, мысалы, жылына);

5. Шығарындылар режимі (тұрақты, тұрақты емес, маусымдық ауыспалы және т.б.);

6. I қосымшада санамалап көрсетілген заттардың және басқа заттардың тиісті компоненттерінің шоғырланулары, егер қолданылатын болса.

7. Ағынды сулардың физикалық, егер қолданылса химиялық және биохимиялық қасиеттері.
B. Шығарындылар компоненттерінің зияныдылығы тұрғысынан

сипаттамасы
1. Теңіз ортасындағы тұрақтылық (физикалық, химиялық, биологиялық);

2. Уытты және зиянды әсерлердің өзге түрлері;

3. Биологиялық материалдарда немесе тұнбаларда жиналу;

4. Зиянды қосындыларға биохимиялық қайта жасау;

5. Оттегі құрамы мен теңгеріміне жағымсыз әсер;

6. Су ортасындағы физикалық, химиялық және биохимиялық өзгерістерге шалдыққыштық және F бөлімінде санамалап көрсетілген пайдалану түрлеріне зиянды биологиялық немесе өзге де әсер ете алатын су пайдалану теңіз суының басқа да компоненттерімен өзара іс-қимыл;

7. I қосымшаның C бөлімінде санамалап көрсетілген барлық басқа да сипаттамалар.
С. Шығарындылар объектісінің және белгіленген ортаның

сипаттамалары
1. Жағалау маңындағы ауданның гидрографиялық, метеорологиялық, геологиялық және топографиялық сипаттамалары;

2. Көздердің орналасқан жері мен түрі (арнаның су жібергіші, су ағызғышы және т.б.) және оның басқа аймақтарға (рекреациялық аймақтар, уылдырық шашу орындары, питомниктер, балық аулау аймақтары, ұлуларды аулау банкілері сияқты) және басқа шығарындыларға қатысты жағдайы.

3. Қабылдайтын ортаға шығарынды нүктесінде бастапқы араластыру дәрежесі;

4. Ағымдардың, құйылулардың желдің көлбеу көшіруге және тігінен араластыруға әсері сияқты дисперсиялық сипаттамалар;

5. Төгу аймағындағы физикалық, химиялық, биологиялық және экологиялық тұрғыдан белгіленген су ортасының сипаттамалары;

6. Белгіленген теңіз ортасының қолайсыз салдарсыз тасталатын қалдықтарды қабылдау қабілеті.


D. Қызмет немесе көздер санаттарының сипаттамалары
1. Аталған жерге тән технологиялар мен басқару әдістерін қоса алғанда қолда бар технологиялар мен басқару әдістерінің сипаттамалары;

2. Объектілердің ахуалға қарай қолданыста болған мерзімі; сондай-ақ

3. Болып тұрған экономикалық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктер.
E. Өндірістің, қалдықтарды тазартудың баламалы технологиялары

немесе басқару әдістері
1. Рециркуляция, регенерация және қайта пайдалану мүмкіндігін;

2. Шикізат материалдарын онша қауіпті емес түрлеріне немесе қауіпсіз

ауыстыру;

3. Неғұрлым экологиялық таза қызмет түрлеріне немесе өнімдерге ауыстыру;

4. Қалдығы аз және экологиялық таза технологиялар немесе процесстер;

сондай-ақ

5. Төгінділердің баламалы нұсқалары (мысалы, жер бетінде жою).
F. Теңіз экожүйелеріне және теңіз суын пайдалану түрлеріне әлеуетті

залал келтіру
1. Ластанудың:

a) тамаққа тұтынуға жарамды теңіз организмдеріне;

b) шомылатын жерлердегі суға; сондай-ақ

c) эстетикалық құндылыққа ықпал ету есебінен адамдар денсаулығына әсері.


2. Теңіз және теңіз маңы экожүйелеріне, жеке алғанда биологиялық ресурстарға, жоғалып кету қаупі бар түрлерге және күрделі мекендеу орындарына әсері.
3. Теңізді заңды пайдаланудың өзге де түрлеріне әсері.

V ҚОСЫМША
ҚОЛДА БАР ЕҢ ҮЗДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЕҢ ҮЗДІК ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ ЕТУ

Осы Хаттаманың тиісті ережелеріне сәйкес Уағдаласушы Тараптар қолда бар ең үздік технологияларды (ҚБЕҮТ) және ең үздік табиғат қорғау пракатикасын (ЕҮТҚП) қолданады немесе оларды енгізуге жәрдемдеседі.


A. Қолда бар ең үздік технологиялар
1. «Қолда бар ең үздік технологиялар (ҚБЕҮТ)» термині шығарындылар мен қалдықтарды шектеу үшін нақты шаралардың практикалық жарамдылығын көрсететін қазіргі заманғы технологияларды, жабдықтарды немесе қызмет әдістерін білдіреді. «Технологиялар» өзі пайдаланылатын технологияларды, сондай-ақ, көмегімен өндірістік қондырғы жобаланатын, құрылатын, қызмет көрсететін, жұмыс істейтін және бөлшектенетін тәсілдер мен әдістерді қамтиды.
2. Қолда бар ең үздік технологиялар пайдаланылғанда қалдықсыз технологияларды, ондайлар болған жағдайда, пайдалануға баса назар аударылады.
3. Технологиялық процестер, жабдықтар мен әдістері тобының ең үздік қолда бар технологияларға жататын жатпайтындығын айқындау кезінде және нақты жағдайларда:

a) жақында сынақтан сәтті өткен ұқсас технологиялық процестерге, жабдыққа немесе жұмыс әдістеріне;

b) технологиялық прогресске және ғылыми білімдер мен тұжырымдамалардағы өзгерістерге;

c) осындай технологиялардың экономикалық ұтымдылығына;

d) жаңа, зауыттарды да, қолда бар зауыттарда да монтаждың мерзіміне;

e) тиісті шығарындылардың сипаты мен көлеміне;

f) сақтық қағидатына ерекше назар аударылуы тиіс.
4. «Қолда бар ең үздік технологиялардың» нақты технологиялық процес үшін нені білдіретіндігін түсіну технологиялық прогресс, экономикалық және әлеуметтік факторлар, сондай-ақ, ғылыми білімдер мен тұжырымдамалардың өзгеруі нәтижесінде уақыт өте келе өзгереді.
5. Егер қолда бар ең үздік технологияларды пайдалану нәтижесінде шығарындылардың азаюы экономикалық жағынан қолайлы нәтижелерге алып келмесе, қосымша шаралар қолдану қажет.

B. Ең үздік табиғат қорғау практикасы
1. «Ең үздік табиғат қорғау практикасы (ЕҮТҚП)» қоршаған ортаның жай-күйін бақылау саласындағы шаралар мен стратегиялардың неғұрлым ұтымды пайдалануды білдіреді.
2. Әдістерді таңдаған кезде әрбір нақты жағдайда, ең болмағанда мынадай дәйектілікпен орналастырылған шаралар жиынтығы қарастырылуға тиіс:
a) халыққа және пайдаланушыларға қызмет пен өнімнің белгілі бір түрлерін таңдаудың, пайдаланудың және түпкілікті жоюдың экологиялық салдарларына қатысты ақпарат беру және оларды ағарту;

b) өнімнің тіршілік циклі барысында қызметінің барлық аспектілерін қамтитын тиісті экологиялық практика Кодекстерін әзірлеу және қолдану;

с) тұтынушылара өнімге, оны пайдаланумен және түпкілікті жоюмен байланысты экологиялық тәуекелдер туралы ақпарат беретін этикетканы міндетті түрде қолдану;

d) электр энергиясын қоса алғанда, ресурстарды үнемдеу;

e) қалдықтарды жинау және жою жүйелеріне халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету;

f) қауіпті заттарды немесе өнімдерді пайдаланудан және қауіпті қалдықтарды жинаудан бас тарту;

g) рециклдеу, регенерациялау және қайтадан пайдалану;

h) қызмет түрлеріне, өнімдерге немесе өнімдер топтарына экономикалық құралдарды қолдану;

i) бірқатар шектеу шараларын немесе тыйым салуды қамтитын лицензиялау жүйесін құру.
3. Тұтас алғанда да, нақты жағдайларда да «ең үздік табиғат қорғау практикасы» шаралардың қандай үйлесімін білдіретіндігін анықтау кезінде:
a) өнімнің және оның өндірісін, пайдаланылуын және түпкілікті жойылуын экологиялық қауіптілігіне;

b) қызметтің немесе заттардың неғұрлым аз ластайтын түрлеріне ауыстыруға;

c) қолданыс ауқымына;

d) ауыстырылатын материалдардың немесе қызмет түрлерінің қоршаған орта үшін әлеуетті пайдаға немесе қатерге;

e) ғылыми білімдер мен тұжырымдамалардағы прогресске және өзгерістерге;

f) енгізу мерзіміне;

g) әлеуметтік және экономикалық салдарларға; сондай-ақ

h) сақтық шараларын қолдану қағидатына ерекше назар аударылуға тиіс.


4. Нақты көз үшін бұл «ең үздік табиғат қорғау практикасы» уақыттың өтуімен технологиялық прогресс, экономикалық және әлеуметтік факторлар, сондай-ақ, ғылыми білімдер мен тұжырымдамалардағы өзгерістер нәтижесінде өзгереді дегенді білдіреді.
5. Егер ең үздік табиғат қорғау практикасын пайдалану нәтижесінде түсетін заттар көлемінің азаюы экологиялық қолайлы нәтижелерге алып келмесе, қосымша шаралар қолдану және осындай ең үздік табиғат қорғау практикасын қайта қарау қажет.

В-ҚОСЫМШАСЫ


КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯҒА ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРДІ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТҰРҒЫДА БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАТТАМА

Кіріспе
Каспий маңы мемлекеттерi:
Әзербайжан Республикасы,

Иран Ислам Республикасы,

Қазақстан Республикасы,

Ресей Федерациясы,

Түрiкменстан,
бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатындар,
2003 жылғы 4 қарашада Иран Ислам Республикасы, Тегеранда, жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның тараптары бола отырып,
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның 7, 17 және 18-баптарының ережелерін орындауға әзірлігін растай отырып,
Уағдаласушы Тараптар арасындағы Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі өңірлік өзара түсіністік пен ынтымақтастықты күшейтуге жәрдем көрсетуге бекіне отырып,
жоспарланып отырған қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесінің бастапқы сатысында қоршаған ортаға әсерді бағалауды қолдану орнықты даму қағидатын іске асыруға әсер ететінін мойындай отырып,
қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесінде ақпаратқа қол жеткізудің және жұртшылықтың қатысуының маңыздылығын атап өте отырып,
төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:

1-бап. Терминдерді пайдалану
Осы Хаттаманың мақсаттары үшін,
(a) «Шығу Тарапы» заңдық құзыр(лар)ы аясында осы Хаттамаға I қосымшада көрсетілген, жоспарланып отырған қызметті жүзеге асыру межеленген осы Хаттаманың Уағдаласушы Тарапын (Тараптарын) білдіреді;
(b) «Қозғалатын Тарап» жоспарланып отырған қызметтің трансшекаралық әсері тиюі мүмкін осы Хаттаманың Уағдаласушы Тарапын (Тараптарын) білдіреді. Осы Хаттаманың Уағдаласушы Тарапы (Тараптары) қозғалатын Тарап ретінде қарастырылуы мүмкін теңіз аудандарының географиялық координаттары барлық Уағдаласушы Тараптар үшін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енгеннен кейін оның ережелеріне сәйкес айқындалады;
(c) «Мүдделі Тараптар» осы Хаттамаға сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімінің шығу Тарапы мен қозғалатын Тарапын білдіреді;
(d) «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» (ҚОӘБ) жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі ұлттық рәсімді білдіреді;
(e) «Жоспарланып отырған қызмет» қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қолданылатын ұлттық рәсіміне сәйкес құзыретті органның шешім қабылдауын талап ететін кез келген қызметті немесе қызметтің елеулі түрде өзгеруін білдіреді;
(f) «Әсер ету» флораны, фаунаны, топырақты, атмосфералық ауаны, суды, климатты, ландшафтты, тарихи ескерткіштерді және/немесе осы факторлардың өзара байланысын қоса алғанда, Каспий теңізінің теңіз ортасы үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың кез келген салдарын білдіреді; ол адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, мәдени мұра немесе әлеуметтік-экономикалық және өзге жағдайлар үшін салдарды да және осы факторлардың нәтижесінде болатын өзгерістерді де қамтиды;
(g) «Трансшекаралық әсер ету» жоспарланып отырған қызметті шығу Тарапы іске асырған кезде екінші Уағдаласушы Тарапқа кез келген әсер етуді білдіреді;

(h) «Жұртшылық» бір немесе одан көп жеке немесе заңды тұлғаларды білдіреді;


(i) «Құзыретті орган» Уағдаласушы Тарап тағайындайтын, осы Хаттамада қамтылған міндеттерді орындауға жауапты орган(дар)ды білдіреді;
(j) «Хабардар ету мақсаттарына арналған байланыс пункті» Уағдаласушы Тараптар айқындаған байланыс пунктін немесе пункттерін білдіреді, олар туралы басқа Уағдаласушы Тараптар және хабарламаны алуға жауапты, тиісті құзыретті органды хабардар етуді қамтамасыз ететін Хатшылық хабардар етіледі;
(k) «Жобаны әзірлеуші» - ұлттық рәсімге сәйкес жоспарланып отырған қызметке қатысты рұқсат алуға өтініш жасаған мемлекеттік органды қоса алғанда, бастамашыны білдіреді;
(l) «Уағдаласушы Тараптардың конференциясы» Конвенцияның 22-бабында аталған органды білдіреді;
(m) «Хатшылық» Конвенцияның 23-бабында аталған органды білдіреді.

2-бап. Мақсаты
Осы Хаттаманың мақсаты теңіз ортасы мен теңіз жақындығының әсеріне ұшырап отырған құрлықтың ластануын болдырмау, азайту және бақылау үшін, теңіз ортасы мен құрлықтың биологиялық әр алуандығын сақтауға және оның табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға және адам денсаулығын қорғауға жәрдемдесу үшін, теңіз жақындығының әсеріне ұшыраған теңіз ортасы мен құрлыққа трансшекаралық тұрғыда айтарлықтай трансшекаралық әсер етуі мүмкін, жоспарланып отырған қызметтің тиімді және ашық ҚОӘБ рәсімдерін жүргізу болып табылады.

3-бап. Қолданылу аясы
Конвенцияның 3-бабына сәйкес осы Хаттама Каспий теңізі деңгейінің ауытқуын және жер үсті көздерінен ластануын ескере отырып, теңіз ортасына қолданылады.

4-бап. Жалпы ережелер


  1. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Хаттамаға ІІ қосымшада қамтылған критерийлерді ескере отырып, осы Хаттамаға І қосымшасында санамаланған жоспарланып отырған қызмет бойынша осы Хаттаманың ережелерін орындау үшін, сондай-ақ жұртшылықтың қатысуын және осы Хаттамаға ІІІ қосымшада сипатталған қоршаған ортаға әсер етуді бағалау жөніндегі құжаттардың дайындалуын шешетін қоршаған ортаға әсер етуді бағалау рәсімдерін әзірлеуге қажетті заңнамалық, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды.




  1. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Хаттамаға I қосымшада келтірілген, айтарлықтай трансшекаралық әсер туғызуы мүмкін жоспарланып отырған қызмет түрлерінің осы Хаттамаға сәйкес жоспарланып отырған қызметке рұқсат беру немесе оны жүргізу жөнінде шешім қабылдаудың алдында ҚОӘБ рәсіміне жатқызылуын қамтамасыз етеді.




  1. Әрбір Уағдаласушы Тарап Уағдаласушы Тараптарға және Хатшылыққа хабардар ету мақсатына арналған өзінің байланыс пункті туралы ақпарат береді. Хабардар ету мақсатына арналған байланыс пункті туралы ақпарат Уағдаласушы Тараптарға Хатшылық арқылы электрондық немесе басқа да кез келген қолайлы түрде қол жетімді болуға тиіс.




  1. Мүдделі Тараптар осы Хаттамаға сәйкес, ҚОӘБ рәсімінің бастапқы сатысынан бастап жоспарланып отырған қызметтің ҚОӘБ рәсіміне жұртшылықтың тиімді қатысуын қамтамасыз етеді.




  1. Осы Хаттамаға сәйкес мүдделі Тараптар шығу Тарапының жұртшылығына және қозғалатын Тарап жұртшылығына жоспарланып отырған қызметтің ҚОӘБ рәсімдеріне қатысу үшін тең мүмкіндік береді және оған ҚОӘБ мәселелері бойынша қолдау көрсетіп, консультациялар береді.




  1. Осы Хаттаманың ережелері Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңдарды, ұлттық қауіпсіздік мүддесіндегі ұйғарымдарды немесе әкімшілік ережелерді қолдану құқығын қозғамайды.




  1. Осы Хаттаманың ережелері Уағдаласушы Тараптардың осы Хаттаманың қолданыс аясына түсетін мәселелерге қатысты қосымша шараларды қолдау немесе ұсыну құқығын қозғамайды.




  1. Осы Хаттаманың ережелері қоршаған ортаға әсерді трансшекаралық тұрғыда бағалауға қатысты халықаралық құқыққа сәйкес Уағдаласушы Тараптардың кез келген міндеттемелеріне қысым жасамайды.

5-бап. Хабарлама




  1. Осы Хаттамаға I қосымшада көрсетілген жоспарланып отырған қызмет түріне қатысты шығу Тарапының құзыретті органы айтарлықтай трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызмет туралы ақпарат алғаннан кейін ол байланыс пункті арқылы өзінің пікірі бойынша әлеуетті қозғалатын Тарапқа баруы мүмкін кез келген Уағдаласушы Тарапты және қалған басқа Уағдаласушы Тараптарды хабардар ету үшін Хатшылықты мейлінше ертерек хабардар етеді.




  1. Хабарлама, өзгелерінің арасында:




  1. хабардар ету сәтінде кез келген қол жетімді болған жоспарланып отырған қызметтің ықтимал трансшекаралық әсері туралы ақпарат пен жоспарланып отырған қызметке ықтимал шешімдердің сипаттамасын қамтитын;




  1. қозғалатын Тараптың аталған хабарламаға жауап жіберуі үшін қолайлы, бірақ ағылшын және орыс тілдеріндегі хабарламаларды алғаннан кейін кемінде 30 күн болатын мерзімдерді;




  1. ҚОӘБ рәсімінің келесі сатыларын жүргізу мерзімдерін және атап айтқанда, осы Хаттаманың 6, 7 және 8-баптарында айқындалғандарын көрсете отырып, көзделіп отырған ҚОӘБ рәсіміне қатысты ақпаратты қамтиды.




  1. Шығу Тарапы хабарламадағы құжаттаманы мемлекеттік тілде ағылшын немесе орыс тіліне аудармасымен бірге ұсынады. Хатшылық құжаттаманы тиісінше ағылшын немесе орыс тіліне аударуды қамтамасыз етеді.




  1. Шығу Тарапының құзыретті органы хабарламаны қозғалатын Тарапты хабардар ету мақсатында байланыс пунктінің және Хатшылықтың алуын қамтамасыз етеді.




  1. Қозғалатын Тараптың құзыретті органы шығу Тарапының құзыретті органына жауап жібереді және хабарламада айқындалған мерзім ішінде өзінің жоспарланып отырған қызметтің ҚОӘБ рәсіміне қатысуға ниеті бар-жоғын көрсете отырып, Хатшылықты хабардар етеді.




  1. Егер қозғалатын Тарап өзінің жоспарланып отырған қызметтің ҚОӘБ рәсіміне қатысуға ниетінің жоқ екенін көрсетсе немесе ол хабарламада айқындалған мерзім ішінде жауап қайтармаса, онда осы Хаттаманың 7-бабының 3 (b) тармағына сәйкес шығу Тарапының Хатшылыққа қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттаманың жобасын жіберу жөніндегі міндеттемесін алып тастала отырып, осы Хаттаманың осы бабы 7 және 8-тармақтарының және 6-11-баптарының ережелері қолданылмайды.




  1. Егер қозғалатын Тарап өзінің жоспарланып отырған қызметтің ҚОӘБ рәсіміне қатысуға ниеттінің жоқ екенін көрсетсе, онда ол шығу Тарапына өзінің хабарламаға жауабында немесе бұдан кейін дереу:




    1. қозғалатын Тараптағы қоғамдық консультациялар рәсімі туралы тиісті ақпаратты;




    1. ол туындаған жағдайда, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі зерттеулерде шешуге ұсынылатын ерекше мәселелер туралы сұрауды; және




    1. осы тармақтың (b) тармақшасында баяндалған мәселелер бойынша қолда бар қол жетімді ақпараттың қысқаша мазмұнын ұсынады.




  1. Шығу Тарапының сұрауы бойынша қозғалатын Тарап әлеуетті қозғалатын қоршаған орта туралы кез келген ақылға қонымды қол жетімді ақпарат ҚОӘБ жөніндегі құжаттаманы дайындау үшін қажет болса ондай ақпаратты ұсынады.




  1. Егер қандай да бір Уағдаласушы Тараптың жоспарланып отырған қызметі нәтижесінде өзін айтарлықтай трансшекаралық әсерге ұшыраймын деп санауына орынды негіздер болса және егер осы баптың 1-тармағына сәйкес хабарлама болмаса, шығу Тарапы осы Уағдаласушы Тараптың сұрауына сәйкес оған оның ҚОӘБ рәсіміне қатысатынын немесе қатыспайтындығын айқындау үшін жеткілікті ақпарат ұсынады.


6-бап. Мүдделі Тараптар арасындағы байланыс


  1. Мүдделі Тараптардың құзыретті органдары:




    1. қоғамдық консультациялар жүргізу мақсаттары мен қозғалатын Тараптың құзыретті органының қарауы үшін ұсынылатын кез келген ақпаратты қоса алғанда, ҚОӘБ жөніндегі құжаттаманың қажетті форматы мен тіл(дер)іне;




    1. мүдделі Тараптардың құзыретті органдары мен жобаны әзірлеушінің рөлдерін қоса алғанда, мүдделі Тараптар арасындағы келісімшарттар бойынша нақты іс-шараларға; және




    1. қозғалатын Тараптың ҚОӘБ жөніндегі құжаттаманы қарауының 90 күннен аспайтын мерзіміне қатысты консультациялар өткізеді және келісімге келеді.

2. Мүдделі Тараптар қажет болған жағдайда осы Хаттаманың міндеттерін орындау жөніндегі өзара іс-қимыл тәсілдерін келіседі.



7-бап. ҚОӘБ құжаттамасының жобасын дайындау және жіберу


  1. ҚОӘБ жүргізу шығу Тарапының ұлттық заңнамасы мен практикасына сәйкес жүзеге асырылады және осы Хаттаманың 5-бабы 7-тармағына сәйкес қозғалатын Тарап көтеретін барлық сұрақтарға неғұрлым толық жауап береді.




  1. Шығу Тарапы қоғамдық консультациялар жүргізу және қозғалатын Тараптың құзыретті органының қарауы үшін жобаны әзірлеушінің ҚОӘБ құжаттамасының жобасын дайындауын қамтамасыз етеді. Осы Хаттаманың 6-бабының 1-тармағына сәйкес ҚОӘБ жөніндегі құжаттама мүдделі Тараптар арасындағы келісілген формат пен тіл(дер)де ұсынылады және осы Хаттаманың 6-бабының 1-тармағына сәйкес қозғалатын Тарап сұрататын ақпаратқа қосымша, кем дегенде, ІІІ қосымшада аталған тармақтарды қамтиды.




  1. Шығу Тарапы ҚОӘБ жөніндегі құжаттаманың жобасын:

(а) қозғалатын Тараптың құзыретті органына; және


(б) қандай да бір Уағдаласушы Тараптың сұрауы бойынша осы ақпаратты ұсынуы үшін Хатшылыққа жібереді.

8-бап. ҚОӘБ құжаттамасын қарау және қоғамдық

консультациялар өткізу



  1. Мүдделі Тараптар осы Хаттаманың 6-бабының 1-тармағына сәйкес, ықтимал әсер ету аудандарындағы жұртшылықты:




    1. жоспарланып отырған қызметке;




    1. ҚОӘБ жөніндегі құжаттама жобасының қол жетімді болуы; және




    1. жұртшылықты хабардар ету немесе басқа да тиісті шаралар арқылы қоғамдық консультациялар өткізу мүмкіндігі мен рәсіміне қатысты хабардар етуді қамтамасыз етеді.




  1. Мүдделі Тараптар ҚОӘБ жөніндегі құжаттама жобасының, сонымен қатар қажет болған кезде қағаз түріндегі нұсқасының ашық әрі жұртшылық үшін қол жетімді болуын, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес жарияланған нұсқа жұртшылық үшін қол жетімді жерлерде орналастырылуын қамтамасыз етеді.




  1. Мүдделі Тараптар ықтимал әсер ету аудандарындағы жұртшылыққа мүдделі Тараптардың құзыретті органдарына жоспарланып отырған қызмет жөнінде түсінік жіберу мүмкіндігін береді. Түсініктер шығу Тарапының құзыретті органына немесе осы Хаттаманың 6-бабының 1-тармағының (b) тармақшасына сәйкес қалай келісілсе, солай жіберіледі.




  1. Қозғалатын Тараптың құзыретті органы осы Хаттаманың 6-бабы 1-тармағының (с) тармақшасына сәйкес шығу Тарапы айқындайтын мерзім ішінде ҚОӘБ жөніндегі құжаттама жобасы бойынша қарауды жүргізіп, ескертулер береді және өз ескертулерін шығу Тарапының құзыретті органына жібереді.




  1. Шығу Тарапы жобаны әзірлеушінің:




    1. алынған ескертулерді жинақтауын және қажет болған жағдайда аударуды жүзеге асыруын;




    1. талап етілетін жерде одан әрі зерделеу жүргізуін; және




    1. жұртшылықтан және қозғалатын Тараптардың құзыретті органдарынан алынған ескертулерді ҚОӘБ жөніндегі түпкілікті құжаттамаға қосуын және бұл ескертулер қалай назарға алынғандығын түсіндіруін қамтамасыз етеді.

9-бап. Мүдделі Тараптар арасындағы консультациялар




  1. Жоспарланып отырған қызмет бойынша түпкілікті шешім қабылдаудан бұрын қозғалатын Тараптың сұрауы бойынша шығу Тарапы қозғалатын Тараппен, оның ішінде, ықтимал келеңсіз трансшекаралық әсерді төмендету жөнінде консультациялар өткізеді.




  1. Мүдделі Тараптар осындай консультациялардың бастапқы сатысында қолайлы уақыт шегінде олардың ұзақтығы туралы мәселені келіседі. Бұл орайда, егер консультацияларды өткізу кезеңінде басқа шешім қабылданбаған болса, оларды өткізу мерзімі 180 күннен аспауға тиіс.


10-бап. Жоспарланып отырған қызметті іске асыру жөнінде түпкілікті шешім қабылдау


  1. Шығу Тарапының құзыретті органы ҚОӘБ жөніндегі түпкілікті құжаттаманы қарау кезінде және жоспарланып отырған қызмет жөнінде түпкілікті шешім қабылдау кезінде осы Хаттаманың 8-бабына сәйкес алынған ескертулерді назарға алады.




  1. Шығу Тарапының құзыретті органы қозғалатын Тараптың құзыретті органына және Хатшылыққа алынған ескертулер қалай ескерілгені туралы ақпаратты қоса алғанда, жоспарланып отырған қызмет жөніндегі түпкілікті шешімді оған негіз болған себептермен және түсініктермен бірге ұсынады.




  1. Мүдделі Тараптар жоспарланып отырған қызмет жөніндегі түпкілікті шешім туралы ақпарат пен алынған ескертулер қалай ескерілгені туралы ақпаратқа осы Хаттаманың 8-бабы 3-тармағына сәйкес ескерту бергендерге қол жетімді болуын қамтамасыз етеді.



              1. 11-бап. Жобалаудан кейінгі талдау




  1. Осы Хаттамаға сәйкес қызметке оған қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүзеге асырылып, оның айтарлықтай келеңсіз трансшекаралық ықтимал әсерін ескере отырып, мүдделі Тараптар олардың біреуінің өтініші бойынша жобалаудан кейінгі талдау қандай шамада жүргізілетіндігін, оның ішінде оны жүргізудің орындылығын айқындайды.




  1. Жобалаудан кейінгі кез келген талдау:




    1. рұқсатта баяндалған немесе осы қызметті бекіту кезінде баяндалған шарттардың сақталуын және әсерді азайту жөніндегі шаралардың тиімділігін бақылау;




    1. тиісті басқару деңгейін және белгісіздік жағдайларында іс-қимылға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында әсер түрлерін талдау;




    1. алынған тәжірибені болашақта ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін бұрынғы болжамдарды тексеру мақсаттарына қол жеткізу үшін жүргізіледі.




  1. Егер жобалаудан кейінгі талдау жүргізу нәтижесінде Уағдаласушы Тараптарының бірінің айтарлықтай келеңсіз трансшекаралық әсер орын алып отыр деп санауына жеткілікті негізі болса немесе осындай әсерге алып келуі мүмкін факторларды анықтаса, ол бұл туралы басқа Уағдаласушы Тараптар мен Хатшылықты дереу хабардар етеді. Бұл жағдайда мүдделі Тараптар дереу консультациялар өткізеді және әсерді азайту немесе жою мақсатында қажетті шараларды қабылдайды.



              1. 12-бап. Баяндамаларды ұсыну

Әрбір Уағдаласушы Тарап Хатшылыққа Уағдаласушы Тараптардың конференциясында айқындалғандай нысанда және мерзімділікпен осы Хаттама ережелерінің орындалуы туралы баяндаманы ұсынады.





              1. 13-бап. Ұйымдастырушылық ережелері




  1. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін және Конвенцияның 22-бабының 10-тармағына сәйкес Уағдаласушы Тараптардың конференциясы, өзгелерімен қатар:




    1. осы Хаттаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;




    1. осы Хаттаманы ұдайы шолуды жүзеге асырады;




    1. осы Хаттамаға қосымшаларды қарайды және қабылдайды;




    1. осы Хаттамаға немесе оның қосымшаларына түзетулерді қарайды және қабылдайды;




    1. осы Хаттаманың орындалуына байланысты мәселелер бойынша Хатшылық беретін есептерді қарайды;




    1. осы Хаттаманы орындауға қажет болуы мүмкін осындай қосалқы органдарды құрады;




    1. қажет болған жағдайда осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті халықаралық ұйымдар мен ғылыми институттардың техникалық және қаржылай қызмет көрсетуі үшін жүгінеді;




    1. осы Хаттаманы орындау үшін талап етілуі мүмкін кез келген қосымша функцияларды жүзеге асырады.




  1. Конвенцияның 23-бабының 4-тармағына сәйкес Хатшылық, атап айтқанда:




    1. Уағдаласушы Тараптарды хабардар ету үшін Уағдаласушы Тараптарға электрондық немесе басқа да қолайлы кез келген түрде байланыс пункттеріне қатысты ақпарат береді;




    1. мыналарды:




      1. осы Хаттаманың 5-бабының 3-тармағына сәйкес жоспарланған қызметке қатысты хабарламаны;




      1. осы Хаттаманың 7-бабының 3-тармағына сәйкес шығу Тарапы берген ҚОӘБ құжаттамасын; және




      1. осы Хаттаманың 10-бабының 2-тармағына сәйкес алынған ескертулер қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты қоса алғанда, себептерімен және түсініктерімен бірге жоспарланып отырған қызмет бойынша түпкілікті шешімді қоса алғанда, осы Хаттаманы орындау барысында алынған, шығу Тарапы берген ақпаратты алады және электрондық немесе кез келген басқа қолайлы түрде таратады;




    1. осы Хаттаманы орындауға байланысты мәселелер бойынша есептерді дайындайды және таратады;




    1. Уағдаласушы Тараптардан алынатын мәселелер мен ақпаратты қарайды және олармен осы Хаттаманы орындауға байланысты мәселелер жөнінде консультациялар өткізеді;




    1. мүмкіндігінше Уағдаласушы Тараптар арасында ақпарат алмасуға жәрдемдеседі және Уағдаласушы Тараптарға осы Хаттаманың ережелерін орындауға көмек көрсетеді; және




    1. кез келген Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша осы Хаттаманы тиімді орындау үшін техникалық жәрдемдесуді және консультацияларды қамтамасыз етуді ұйымдастырады;




    1. өңірлік және халықаралық ұйымдармен және бағдарламалармен тиісінше ынтымақтасады; және




    1. Уағдаласушы Тараптардың конференциясында айқындалуы мүмкін басқа да функцияларды орындайды.




              1. 14-бап. Хаттаманы қаржыландыру




  1. Осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін Уағдаласушы Тараптар мүмкіндігінше тиісті бағдарламаларды, жобаларды және шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды қаржылай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Бұл үшін Уағдаласушы Тараптар:




    1. осы мақсаттар үшін көзделген ішкі қаржы ресурстарын бөледі;




    1. гранттар мен несиелерді қоса алғанда, екіжақты және көпжақты көздердің қаржы ресурстары мен қаржыландыру тетіктерін тартуға жәрдемдеседі; және




    1. басқа мемлекеттердің үкіметтік мекемелері, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке сектор құрылымдары қорларының қаражатын қоса алғанда, ресурстарды тарту және бағыттау үшін инновациялық әдістер мен ынталандыруларды зерделейді.




  1. Егер Уағдаласушы Тараптардың конференциясы басқа шешім қабылдамаса, осы Хаттамаға Конвенцияның қаржы қағидасы mutatis mutandis қолданылады.




  1. Осы Хаттамада қамтылған қызметтің барлық түрі және оларды жүзеге асыру Уағдаласушы Тараптардың бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ өздерінің ұлттық заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылады.



              1. 15-бап. Дауларды реттеу

Уағдаласушы Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге қатысты кез келген дау Конвенцияның 30-бабына сәйкес реттеледі.


16-бап. Хаттаманы қабылдау және оның күшіне енуі


  1. Осы Хаттама Уағдаласушы Тараптар конференциясының сессиясында Уағдаласушы Тараптардың бірауызды шешімімен қабылданады.




  1. Осы Хаттама .......- ......... дейін..... қаласында Каспий маңы мемлекеттерінің ғана қол қоюы үшін ашық.




  1. Осы Хаттама Каспий маңы мемлекеттерінің ратификациялауына, қабылдауына немесе бекітуіне жатады және қол қоюға жабылған күнінен бастап, кез келген Каспий маңы мемлекетінің қосылуы үшін ашық болады.




  1. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе осы Хаттамаға қосылу туралы құжаттар Конвенция Депозитарийіне сақтауға тапсырылады.




  1. Осы Хаттама Каспий маңы мемлекеттерінің барлығы ратификациялау, қабылдау, бекіту және оған қосылу жөніндегі құжаттарды сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.

17-бап. Осы Хаттамаға түзетулер мен қосымшаларды және оның қосымшаларына түзетулерді қабылдау


Уағдаласушы Тараптар осы Хаттамаға түзетулер мен қосымшаларды, сондай-ақ оның қосымшаларына түзетулерді қабылдау туралы ұсыныстар енгізе алады. Мұндай түзетулер мен қосымшаларды Уағдаласушы Тараптар қабылдайды және олар үшін Конвенцияның 24, 25 және 34-баптарына сәйкес күшіне енеді.

18-бап. Хаттаманың ұлттық заңнамаға әсері



Осы Хаттаманың ережелері Уағдаласушы Тараптардың осы Хаттаманы орындау үшін барынша қатаң тиісті ұлттық шаралар қабылдау құқығына әсер етпейді.
19-бап. Өзге де халықаралық шарттармен байланысы
Осы Хаттамада ешнәрсе Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттар бойынша олардың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді.
20-бап. Ескертулер
Осы Хаттамаға ешқандай ескертулерге жол берілмейді.



21-бап. Депозитарий
Конвенцияның Депозитарийі осы Хаттаманың Депозитарийі болып табылады.



22-бап. Тең түпнұсқалы мәтіндер
Осы Хаттаманың қазақ, әзербайжан, орыс, түрікмен, парсы және ағылшын тілдеріндегі мәтіндері тең түпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттаманы талқылау немесе қолдану туралы даулар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады.

23-бап. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі келіссөздерге қатысы
Осы Хаттаманың ешбір ережесі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі келіссөздердің нәтижесін алдын ала айқындайтындай түсіндірілмейді.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті дәрежеде өкілеттік берілген төмендегі қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
201_жылғы «__»_____________________________ қаласында жасалды.

Әзербайжан Республикасы үшін

Иран Ислам Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы үшін


Ресей Федерациясы үшін


Түрікменстан үшін

I ҚОСЫМША



              1. Қызмет түрлерінің тізбесі

1. Мұнай өңдеу зауыттары (шикі мұнайдан жағар материалдарын ғана өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда) және өнімділігі күніне 500 т немесе одан көп көмірді немесе битуминоздық тақтатастарды газдандыруға және сұйылтуға арналған қондырғылар.


2. Жылу қуаты 300 мегаватт немесе одан жоғары жылу станциялары мен сұйылтуға арналған басқа да қондырғылар, сондай-ақ
3. Атом электр станциялары және басқа атом реакторлары ең жоғары қуаты 1 кВт тұрақты жылу жүктемесінен аспайтын ыдыратқыш және ұдайы өндірілетін материалдарды өндіруге және конверсиялауға арналған зерттеу қондырғыларын қоспағанда, атом электр станцияларын немесе атом реакторларын1 бөлшектеуді немесе пайдаланудан шығаруды қоса алғанда.
4. Ядролық отынды өндіруге немесе байытуға, пайдаланылған ядролық отынды регенерациялауға және сақтауға немесе радиоактивті қалдықтарды сақтауға, көмуге және қайта өңдеуге ғана арналған қондырғылар.
5. Домна және болат балқыту өндірісіне және түсті металдарды балқытуға арналған ірі қондырғылар.
6. Асбест және асбестi өңдеу мен қайта жасау және асбесi бар өнiмдердi шығару үшiн: жылдық өндiрісі 20 000 т дайын өнiмнен асатын - асбестцементтi өнiмдерге қатысты; жылдық өндiрісі 50 т дайын өнiмнен асатын - фрикциялық материалдарға қатысты; және жылына 200 т пайдаланатын - асбестi қолданудың басқа да түрлерiне қатысты қондырғылар.
7. Химия және мұнай-химия кәсіпорындары.
8. Автомагистральдарды, жылдам жүретiн жолдарды2, алысқа қатынайтын темiр жолдарды және ілеспе көпірлерді және негiзгi ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 метр және одан да асатын әуежайларды салу, реконструкциялау және/немесе кеңейту.
9. Мұнайды, газ бен мұнай өнімдерін немесе химиялық заттарды тасымалдауға арналған үлкен диаметрлі құбырлар.
10. Теңіз сауда порттары, сондай-ақ iшкi су жолдары мен су сыйымдылығы 1350 т асатын кемелердiң өтуiне мүмкiндiк беретiн кеме жүретiн iшкi жолдарға арналған порттар.
11. Қалдықтарды өртеу, химиялық өңдеу жолымен жою қондырғылары және қалдықтарды көму объектілері.
12. Iрi бөгендер, су айдындары және Каспий теңізінен су тарту арналары.
13. Егер алынатын немесе толтырылатын судың жылдық көлемi 10 млн. текше метрге жеткен немесе одан да асқан жағдайда жер асты суларын тарту жөнiндегi қызмет немесе жер асты суларын жасанды жолмен толтыру жүйесі.
14. Ауамен кептiруден өткен, күнiне 200 т немесе одан да көп көлемде целлюлоза, қағаз және картон алатын өндiріс.
15. Ірі карьерлер және металл рудалары немесе көмiр өндiрiлетiн жердегi кендердi iрi ауқымда ашық өндiру, шығару және байыту.
16. Көмiрсутектерiн теңізде өндiру. Алынатын көлемі мұнай болған жағдайда күніне 500 т асатын және газ болған жағдайда 500 000 текше метр болатын коммерциялық мақсатта мұнай және табиғи газды өндіру.
17. Мұнай, мұнай-химия және химия өнiмдерін сақтауға арналған iрi қоймалар.
18. Үлкен алаңдарда орманның жойылуы.
19. Су ресурстарын өзен бассейндері шегінде немесе арасында қайта ауыстыру жөніндегі жұмыстар, мұндай қайта ауыстыру судың жетіспей қалу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған және ауыстырылатын судың көлемі жылына 100 млн. текше метрден аспайды; барлық басқа жағдайларда су ресурстарын жылына 2000 млн. текше метрден асатын бассейннен су алуды көп жылдық орташа ағыны бар өзен бассейндері шегінде немесе арасында қайта ауыстыру жөніндегі жұмыстар, мұндай жағдайда ауыстырылатын су көлемі осы ағынның 5 %-нан асады. Екi жағдайда да құбырлық ауыз суды ауыстыруға болмайды.
20. Баламалы халық санының 150 000 адам санынан асатын өнімділікпен ағынды суларды тазалауға арналған қондырғылар.
21. Микробиологиялық және биотехнологиялық өнеркәсіп орындары және қоршаған ортаға гендік-түрлендірілген организмдерді шығару.
22. Құрлық учаскелерін жасанды түрде ұлғайту және аралдар, жолақтар және рифтер жасау.

I қосымшаға ескертпе
1 Осы Хаттаманың мақсаттары үшін барлық ядролық отын және басқа да радиоактивті ластанған элементтер қондырғының өнеркәсіптік алаңынан түпкілікті жойылған жағдайда атом электр станциялары және басқа да атом реакторлары мұндай қондырғы болудан қалады.
2 Осы Хаттаманың мақсаттары үшін:

  • «Автомагистраль» терминi автокөлiк құралдарына арнайы салынған және олардың жүруiне арналған, жол маңындағы иелiктерге қызмет көрсетпейтiн жолды бiлдiредi және онда:

(а) жекелеген орындарды немесе уақытша шектеулерді қоспағанда, жүруге арналмаған немесе ерекше жағдайларда басқа құралдармен жүретін бiр-бiрiнен бөлiп тұрған жолақпен бөлiнген екi бағытта жүруге арналған жекелеген жүру бөлiктерi болады;


(b) жолдармен, темiр жолдармен немесе трамвай жолдарымен, жаяу жүретiн жолдармен бiр деңгейде кесiп өтетiн жерлерi болмайды;
(с) автомагистральдар ретiнде арнайы белгiленген.
- «Жылдам жүретiн жол» терминi оған кiру айырықтар немесе реттеп отыратын түйiсу жолдары арқылы ғана мүмкiн болатын және онда, атап айтқанда, тоқтауға және жүретiн бөлiгiнде (жүретiн бөлiктерiнде) аялдауға тыйым салынған, көлiк құралдарының жүруiне арналған жолды бiлдiредi.
3 Осы Хаттаманың мақсаттары үшін «әуежай» термині Халықаралық азаматтық авиация ұйымын құратын 1944 жылғы Чикаго конвенциясында қамтылған анықтамаға сай келетін әуежайды білдіреді (14-қосымшасы).

____________________________



II ҚОСЫМША





Елеулі трансшекаралық әсерді айқындауға септігін тигізетін

критерийлер тізбесі

Мүдделі Тараптар қызметтің елеулі келеңсіз трансшекаралық әсері, атап айтқанда, төмендегі критерийлердің бірінің немесе бірнешеуінің негізінде әсері бола ма деген мәселені қарай алады:


(а) Мөлшері: мөлшері қызметтің осы түрі үшін ауқымды болатын қызметтің жоспарланатын түрлері;
(b) Орналасуы: ерекше экологиялық сезімтал немесе маңызды немесе оларға жақын (1971 жылғы 2 ақпандағы Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияда айқындалған сулы-батпақты алқаптар, ұлттық парктер, табиғи қорықтар, ерекше ғылыми мүддедегі орындар немесе археологиялық, мәдени немесе тарихи маңызы бар орындар сияқты) аудандарда тікелей орналасқан жоспарланатын қызмет түрлері; сондай-ақ жоспарланатын әзірлемелердің сипаттамасы халыққа елеулі әсер ететін орындардағы жоспарланатын қызмет түрлері;
(c) Әсер етуі: адамға немесе құнды түрлерге немесе организмдерге айтарлықтай әсер ету тәуекелін ұлғайтатын, қозғалатын ауданның қазіргі немесе әлеуетті пайдалануға қатер төндіретін және қоршаған ортаның әлеуетін көтеруге төтеп бере алмауы мүмкін қосымша шығарындылардың себебі болып табылатын қызмет түрлерін қоса алғанда, ерекше кешенді және әлеуетті келеңсіз әсер етуі жоспарланатын қызмет түрлері.

III ҚОСЫМША





Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттаманың ең аз мазмұны

Осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес қоршаған ортаға әсер етуді бағалау жөніндегі құжаттамаға қосылуы тиіс ақпарат, ең кемінде мыналарды:


(a) жоспарланатын қызметтің сипаттамасын және оның мақсаттарын;
(b) сипаттаманы, қажет болғанда жоспарланатын қызметтің ақылға қонымды баламалары (мысалы, географиялық немесе технологиялық сипаттағы), оның ішінде қызметтен бас тарту нұсқасын;
(c) қоршаған ортаның жоспарланатын қызмет немесе оның балама нұсқалары айтарлықтай қозғауы мүмкін элементтердің сипаттамасын;
(d) жоспарланатын қызметтің және оның балама нұсқаларының қоршаған ортаға әсерінің ықтимал түрлерінің сипаттамасын және олардың ауқымдарын бағалауды;
(e) қоршаған ортаға теріс әсерді ең төмен деңгейге жеткізуге бағытталған алдын алу шараларының сипаттамасын;
(f) болжамдау әдістеріне нақты нұсқаманы және осылардың негізінде жатқан бастапқы ережелерді, сондай-ақ қоршаған орта туралы пайдаланылатын тиісті деректерді;
(g) білімдегі олқылықтарды және талап етілетін ақпаратты дайындау кезінде табылған белгісіздікті анықтауды;
(h) қажет болған кезде мониторинг және басқару бағдарламаларының және жобалық талдаудан кейінгі барлық жоспарлардың қысқаша мазмұнын; және
(i) техникалық емес сипаттағы, қажет болған кезде материалдар берудің көрнекі құралдарын (карталар, кестелер және т.б.) пайдалана отырып берілетін түйіндемені қамтуға тиіс.

Г-ҚОСЫМШАСЫ

Каспий теңізінің теңіз ортасын

қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенцияға

Биологиялық ӘРТүрлілікті сақтау туралы хаттама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет