Азақстан республикасының Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «еуразия су орталығЫ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» акционерлік қОҒамы



бет8/16
Дата14.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#134779
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




Кіріспе

Бұдан әрі Уағдаласушы тараптар деп аталатын, Каспий маңы мемлекеттері:

Әзербайжан Республикасы,

Иран Ислам Республикасы,

Қазақстан Республикасы,

Ресей Федерациясы,

Түркіменстан,

2003 жылғы 4 қарашада Тегеранда жасалған, бұдан әрі Конвенция деп аталатын, Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенцияның Уағдаласушы Тараптары бола отырып,

14-баптың 2-тармағында биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау және қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында Хаттамаларды әзірлеуде ынтымақтасу көзделетін Конвенцияны орындауға белсене шешім жасай отырып,

Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылғы 5 маусымдағы Биологиялық әртүрлілік туралы конвенциясының Уағдаласушы Тараптары бола отырып,

Каспий теңізі бірегей экожүйе болып табылатынын, қорғауды, сақтауды және қалпына келтіруді талап ететін маңызды ұлттық, өңірлік және жаһандық мәні бар биотоптар мен түрлердің үлкен санына ие, сондай-ақ биологиялық ресурстарды тұрақты және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету қажеттілігін түсіне отырып,

Биологиялық әртүрлілікке қауіп төндіретін әртүрлі антропогендік қызмет түрлері әрекетінің нәтижесінде Каспий теңізінің теңіз ортасына келтірілетін ауыртпалықты назарға ала отырып,

Каспий теңізінің жағалау маңы және теңіз аудандарының биологиялық әртүрлігін сақтау, табиғи және мәдени мұрасының жай-күйін, атап айтқанда, қорғалатын аудандарды дамыту, сондай-ақ қауіп төніп тұрған түрлерді ұлттық және өңірлік деңгейлерде қорғау және сақтау жолымен жақсарту маңыздылығын атап көрсете отырып,

Бөгде түрлер проблемасын және оларды бақылау мен антропогенді қызмет әрекетінің нәтижесінде мұндай түрлердің Каспий теңізіне және одан тысқары жерге орын ауыстыруларын болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу қажеттілігін алаңдаушылықпен атап көрсете отырып,

Каспий теңізінің жағалау маңы және теңіз экожүйелерінің өміршеңдігін және тұтастығын қорғау, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қажетті шаралар қабылдау қажеттілігін мойындай отырып,

төмендегі туралы УАҒДАЛАСТЫ:


I-бөлім Жалпы ережелер және міндеттемелер

1-бап. Терминдерді пайдалану


Осы Хаттаманың мақсаттары үшін мынадай терминдер:

  1. "Биологиялық әртүрлілік" өзгелердің арасында өздері бір бөлігі болып табылатын жердегі, теңіздегі және басқа да су экожүйелері мен экологиялық кешендер болып табылатын барлық көздердегі тірі ағзалардың саналуандығын білдіреді; бұл ұғым түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілікті және экожүйелердің әртүрлілігін қамтиды;



  1. "Биологиялық әртүрлілік" генетикалық ресурстарды, ағзаларды немесе олардың бөліктерін, таралымдарын немесе адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар экожүйелердің кез келген басқа биотехникалық құрамбөліктерін қамтиды;



  1. "Биотехнология" өнімдерді немесе процестерді нақты пайдалану мақсатында оларды жасау немесе өзгерту үшін туынды биологиялық жүйелерді, тірі ағзаларды немесе олардың бөліктерін пайдаланумен байланысты технологиялардың кез келген түрін білдіреді;



  1. "Құзыретті орган" Конвенцияның 1-бабында келтірілген не «Ұлттық органды» не Ұлттық орган тағайындаған және осы Хаттамада көзделген міндеттемелердің орындалуына жауапты Уағдаласушы Тараптың үкіметіндегі органды(дарды) білдіреді;



  1. "Генетикалық ресурстардың шыққан елі" барлық Каспий маңы мемлекеттері иеленушілері болып табылатын биологиялық ресурстардың келісілген трансшекаралық түрлерін қоспағанда, in-situ жағдайларында осы генетикалық ресурстарға ие елді білдіреді;



  1. "Генетикалық ресурстарды беретін ел" жабайы түрлердің де, қолға үйретілген түрлердің де таралымдарын қоса алғанда, in-situ көздерінен жиналған не олар осы елден шығатындығына немесе шықпайтындығына қарамастан ех-situ көздерінен алынған генетикалық ресурстарды беретін елді білдіреді;



  1. "Қолға үйретілген және өсірілетін түрлер" адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында эволюция процесіне әсер ететін түрлерді білдіреді;



  1. "Экожүйе" өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың, сондай-ақ олардың қоршаған ортасының, бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде өзара әрекет жасайтын өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің серпінді кешенін білдіреді;



  1. "Эндемикалық түрлер" тек белгілі бір географиялық өңірде кездесетін кез келген түрлерді білдіреді;



  1. "Еx-situ сақтау" биологиялық әртүрлілік құрамбөліктерінің табиғи мекендеу орындарынан тыс жерлерде оларды сақтауды білдіреді;



  1. "Генетикалық материал" тектің функционалдық бірліктерін қамтитын өсімдіктік, жануарлық, микроптық немесе өзге шығу тегінің кез келген материалын білдіреді;



  1. "Генетикалық өзгертілген түрлер" генетикалық материалы гендік технологияны қолдану арқылы өзгертілген кез келген түрді білдіреді;



  1. "Генетикалық ресурстар" нақты немесе ықтимал құндылықты білдіретін генетикалық материалды білдіреді;



  1. "Мекендеу орны" сол немесе басқа ағза немесе таралым мекендейтін жердің тұрпатын немесе олардың табиғи мекендеу орнын білдіреді;



  1. "Іn-situ сақтау" экожүйелер мен табиғи мекендеу орындарын сақтауды, сондай-ақ ал түрлердің тіршілікке қабілетті таралымдарын оларды табиғи ортада ұстауды және қалпына келтіруді, ал қолға үйретілген немесе өсірілетін түрлерге қатысты - олар өздерінің ерекшелік белгілеріне ие болған ортада ұстауды және қалпына келтіруді білдіреді;



  1. "Бөгде түрлер" (сондай-ақ экзогенді немесе әкелінген түрлер ретінде белгілі) адам қызметінің әдейі немесе кездейсоқ тарату салдарының нәтижесінде олардың тарихи белгілі табиғи ареалының шегінен тыс жерде пайда болған кез келген түрлерді білдіреді;




  1. "Инвазивтік түрлер" пайда болуы және таралуымен экожүйеге немесе биологиялық ресурстарға экономикалық немесе экологиялық залал келтіруі не адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін бөгде түрлерді (кірме түрлерді) білдіреді;




  1. "Тараптар конференциясы" Конвенцияның 22-бабында көрсетілген органды білдіреді;



  1. "КТЕҚА тізімі" Каспий теңізінің теңіз ортасы үшін маңызды мәні бар қорғалатын аудандар тізімін білдіреді;



  1. "Қорғалатын аудан" нақты табиғат қорғау мақсаттарына қол жеткізу үшін бөлінетін, реттелетін және пайдаланылатын географиялық тұрғыдан белгіленген аумақты білдіреді;



  1. "Хатшылық" Конвенцияның 23-бабында көрсетілген органды білдіреді;



  1. "Орнықты пайдалану" биологиялық әртүрлілік құрамбөліктерін ұзақ мерзімді келешекте биологиялық әртүрліліктің сарқылуына әкеліп соқпайтындай жолмен және қарқында пайдаланып, қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың ой-арманына жауап беру үшін оның қабілетін сақтауды білдіреді;



  1. "Технология" басқалардың арасында биотехнологияны қоса алғанда, тәжірибелік және/немесе өнеркәсіптік қолданылуы бар кез келген немесе барлық қолданбалы ғылымдардың тәжірибесін, сипатын және терминологиясын білдіреді;



  1. "Жойылып кету қауіпі төнген түрлер" антропогендік қызметтің немесе басқа факторлардың нәтижесінде оның тірі қалуына қауіп төніп тұрған кез келген таксонды білдіреді;



  1. "Интродукция" Каспий теңізінің экожүйесіне сырттан қандайда бір түрді әдейі немесе кездейсоқ ауыстыруды білдіреді;



  1. "Қолданыстағы халықаралық шарттар" оларға осы Хаттаманың барлық Уағдаласушы Тараптары қатысатын қолданыстағы тиісті халықаралық заңгерлік құралдарды білдіреді.



2-бап. Мақсаттары


Осы Хаттаманың мақсаттары Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігінің және экожүйесінің өміршеңдігін және тұтастығын қорғау, сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ биологиялық ресурстарды орнықты пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады және осы орайда:


  1. Олардың ұзақ мерзімді өміршеңдігін және әртүрлілігін қамтамасыз ету үшін жойылып кету қауіпі төнген түрлерді және осал экожүйелерді сақтау;



  1. Сақтық шараларын қабылдау қағидатына сәйкес түрлердің, мекендеу орындарының және экожүйелердің нашарлауын, жұтаңдауының және нұқсан келтіруді болдырмау;



  1. Түрлердің, ерекше мекендеу орындарының, экологиялық жүйелердің және табиғи, сондай-ақ онымен байланысты мәдени мұраның кең спектрін неғұрлым толық көрсететін аудандарды қорғау және сақтау.


3-бап. Қолданылу аясы


Конвенцияның 3 және 15-баптарына сәйкес Хаттама Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес немесе басқа тәсілмен айқындалған халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлерді қоса алғанда, оның деңгейінің ауытқуларын және жер үсті көздерінен ластануын, сондай-ақ теңіз жақындығының әсеріне ұшырайтын құрлықты назарға ала отырып, Каспий теңізінің теңіз ортасына қолданылады.

4-бап. Хаттаманы орындау


Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Хаттама ережелерінің өз аумағында және өзінің заңдық құзырына сәйкес орындауды үйлестіретін құзыретті органды белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет