9-бап. Қорғалатын аудан мәртебесін беру
-
Іn-situ сақтау мақсаттарында және ешбір басқа Уағдаласушы Тарап қарсы болмауына көз жеткізіп, әр бір Уағдаласушы Тарап осы Хаттамаға ІІ қосымшада тізібеленген өлшемшарттарға сәйкес осы Хаттаманың мақсаттары үшін теңіз ортасында және теңіздің жақындығы әсерін тигізетін құрлықта қорғалатын аудандарды бөле алады. Мұндай қорғалатын аудандар мәртебесі:
-
олардың ұзақ мерзімді өміршеңдігін қамтамасыз ету және биологиялық әртүрлілігін ұстап тұру үшін өңірге тән жағалау маңы және теңіз экожүйелерінің жеткілікті мөлшердегі типтерін;
-
олардың табиғи таралуы азаюы салдарынан немесе оларға тән шектеулі таралу себебі бойынша қысқартылғандарды қоса алғанда, өзінің табиғи таралуында және осы Хаттаманы қолдану аясында жойылып кету қауіпі төнген мекендеу орындарын;
-
жойылу қауіпі төніп тұрған не флора мен фаунаның эндемикалық түрлерінің аман қалуы, көбеюі және қалпына келуі үшін өмірлік маңызды мекендеу орындарын;
-
олардың ғылыми, эстетикалық, мәдени немесе білім беру мәніне қарай ерекше маңызды объектілерді қорғау мақсаттарында берілуі мүмкін.
-
Егер екі және одан да көп Уағдаласушы Тараптар бірлесіп қорғалатын ауданының мәртебесін бірлесе беруге ниетті болса, осы Тараптардың Құзыретті органдары қажетті шаралар туралы келісімге қол жеткізу мақсатында ынтымақтастыққа қадам жасайды.
-
Жағалау маңында, теңіз аудандарын да қамтитын қорғалатын аудан мәртебесін беру кезінде Уағдаласушы Тарап қорғалатын аудандарды басқаруды олардың тұтастығында үйлестіруді қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды. Уағдаласушы Тарап осы Хаттамаға ІІ қосымшада баяндалған басшылық қағидаттарға және жалпы критерийлерге сәйкес басқару жоспарларын әзірлейді және қолданады.
10-бап. Қорғалатын аудандар және оларды басқару
-
Қолданылатын халықаралық шарттарға және ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Тарап қажетті табиғат қорғау шараларын қабылдайды, соның ішінде мыналар бойынша:
-
қорғалатын аудан экожүйесінің бүтіндігіне тікелей немесе жанама зиян келтіруі мүмкін қалдықтарды және басқа заттарды көмуге немесе орналастыруға тыйым салу;
-
кемелердің жүзіп өтуін және рейдке немесе зәкірге кез келген тұруын реттеу;
-
осы қорғалатын ауданға тән емес түрлерді, сондай-ақ осы қорғалатын ауданда бар немесе бар болған түрлердің қайта жерсінуін қоса алғанда, осы аудандағы кез-келген түрлерді жерсіндіруді реттеу;
-
құрылыспен немесе іздену жұмыстарымен байланысты кез келген қызметті қорғалатын аудан шегінде реттеу;
-
кез-келген ғылыми-зерттеу қызметін реттеу;
-
балық аулауды, аңшылықты, жануарларды аулауды, өсімдіктер жинауды немесе оларды жоюды, сондай-ақ жануарларды және жануарлардың бөлшектерін, өсімдіктерді және өсімдіктердің бөлшектерін саудалауды реттеу;
-
қорғалатын ауданның түрлеріне зиян келтіруі немесе оларға әсер етуі мүмкін немесе экожүйелердің сақталуына қауіп төндіруі не табиғи және мәдени ерекшеліктеріне зиян келтіруі мүмкін кез-келген басқа қызметті және іс-әрекетті реттеу;
-
маңызды экологиялық және биологиялық жүйелерді қорғауға бағытталған кез-келген басқа шаралар.
-
Қолданылатын халықаралық шарттарға және ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Тарап қорғалатын аудандарды жоспарлау, басқару, бақылау және мониторингін жүргізу бойынша:
-
басқару және қорғау бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық шектерді, сондай-ақ қолданылатын шараларды анықтайтын басқару жоспарын әзірлеу және қабылдау;
-
экологиялық жүйелердің, мекендеу орындарының, қауымдастық серпінінің, сондай-ақ антропогендік қызмет әсерінің мониторингі;
-
қорғалатын ауданды басқару жоспарын әзірлеуге және одан әрі басқаруға жергілікті қоғамдастықтарды және халықтың калың тобын қажет болған жағдайда белсенді түрде тарту және қорғалатын ауданды құруды оларға қатысты болуы мүмкін жергілікті тұрғындарға көмек көрсету;
-
жергілікті қоғамдастықтарды, халықтың қалың тобын және ұйымдарды даярлау және оқыту;
-
басқарушы және білікті техникалық персоналды даярлауды қамтитын шараларды қабылдайды.
-
Уағдаласушы Тараптар қорғалатын аудандарға залал келтіруі мүмкін немесе олар үшін қауіп төндіруі мүмкін оқыс оқиғаларға ден қою бойынша іс-шараларды қамтитын төтенше ден қоюдың ұлттық жоспарларына қосатынын қамтамасыз етеді.
11-бап. Қорғалатын аудандар мәртебесін беру рәсімдері және олардың тізімін жасау
-
Уағдаласушы Тараптар "Каспий теңізінің қорғалатын аудандарының тізімін" жасайды.
-
КТЕҚА бір және одан да көп Уағдаласушы Тараптардың теңіз және/немесе жағалау маңы аудандарына бөлінуі мүмкін. Теңіз аудандарында КТЕҚА географиялық координаттары күшіне енгеннен кейін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелері барлық Уағдаласушы Тарап үшін соған сәйкес анықталатын болады.
-
Аудандарды КТЕҚА тізіміне енгізу бойынша ұсыныстарды беретін Уағдаласушы Тараптар Конвенция Хатшылығына ауданның географиялық орналасу орны, оның физикалық және экологиялық сипаттамалары, әкімшілік мәртебесі, басқару бойынша жоспары және іске асыру құралдары туралы ақпаратты қамтитын алдын ала баяндаманы, сондай-ақ оның маңыздылығын негіздейтін өтінішті тапсырады. Ұсыныс екі және одан да көп Уағдаласушы Тараптардың теңіз немесе жағалау маңы ауданындағы ауданға қатысты болған жағдайда мүдделі Уағдаласушы Тараптар қорғау және сақтау бойынша ұсынылатын шаралардың және оларды жүзеге асырудың келісілуін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен консультациялар жүргізеді.
-
Хатшылық осы Хаттамаға ІІ қосымшада тізілген жалпы басшылыққа алынатын қағидаттарға және өлшемшарттарға ұсыныстың сәйкестігін қарайды және, егер бағалау нәтижелері бойынша аудан оларға сәйкес келеді деп есептесе, ауданды КТЕҚА тізіміне енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдайтын Уағдаласушы Тараптадың Конференциясын хабардар етеді.
-
КТЕҚА тізіміне енгізгеннен кейін Уағдаласушы Тарап немесе Тараптар осы Хаттаманың 10-бабының 2-тармағының (а) тармақшасына сәйкес әзірлеген басқару жөніндегі жоспарларда көрсетілген қорғау және сақтау бойынша шараларды жүзеге асырады. Олар Хатшылықты КТЕҚА тізіміне енгізілген қандайда бір қорғалатын ауданды межелеудегі немесе әкімшілік мәртебесіндегі барлық өзгерістер туралы хабардар етеді.
-
Хатшылық құзыретті ұлттық және халықаралық ұйымдарды Тізімнің мазмұны және КТЕҚА-да жүзеге асырылған іс-шаралар туралы хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |