Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет4/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының 
электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады.
2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім 
беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына 
қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, 
ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы
27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген: 
1) 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек; 
2) оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) 
сыныптарда – 34 оқу аптасы; 
3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 
1-11 (12) сыныптарда:
күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда),
қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы
9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда); 



1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса 
алғанда).
2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші 
сыныптардың 
оқу 
сабақтарының 
режимі: 
қыркүйекте 
– 
күніне
35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес 
көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан 
өткізіледі (
www.nao.kz
). 
«Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, 
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, 
сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына 
құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру 
ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және 
жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына 
оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы
12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (2020 жылғы

тамыздағы 
№332 
өзгерістерімен 
және 
толықтыруларымен
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553. 
Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде жалпы білім беретін мектептерде 
қабылдау емтихандарын, тестілеуді өткізуге жол берілмейді.
Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі таңдап алынған Үлгілік оқу 
жоспарлары негізінде жүргізіледі. 
Үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 
бұйрығымен бекітілген 
(2021 жылғы 25 наурыздағы № 125 бұйрықпен енгізілген 
өзгерістерімен және толықтыруларымен) 
2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес 
бекітілген). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет