Аралас сабақ – бұл 1 курс студенттеріне өткізілгендіктен түсіндірмелі иллюстративтік әдіс қолданылды – оқытушы материалды дайын күйінде береді, қабылдауға көмектеседі, оны студенттер түсініп есінде қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды.
Репродуктивті дедуктивтік әдісті қолдана отырып, жаңа формулалар, заңдар және анықтамаларды түсіндіру кезінде қолданылады.
Түсіндіру оқыту әдісі- студенттер призентация бойынша және кодекстермен топтық жүйеде жұмыс жүргізіледі.
Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынастың адамгершілік мəдениеті
жəне оны қалыптастырудың жолдары
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: түсіндірмелі иллюстративтік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Педагогикалық ойлау мəдениеті, сөйлеу мəдениеті, қарым-қатынас барысында əңгімелесушінің түр-əлпетіне көңіл бөлу, тыңдау мəдениеті, педагогикалық əрекет жасау мəдениеті жəне қарым- қатынас барысында қолдау көрсету.
Дамытушылық: Құжаттарды, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, заңды тұрғыдан сауаттылығын дамыту, логикалық ойлау қабілетін, өз бетінше шығармашылық ізденісін арттыру.
Тәрбиелік: Педагогикалық қарым-қатынастың адамгершілік мəдениеті жəне оны
қалыптастырудың жолдарының айрықша көрсеткіші диалогтік қарым-қатынас.
Пән аралық байланыс: Педагогика, психология, әдебиет пәндерімен
Сабақтың көрнекілігі:көрнекі құралдар альбомы, тапсырмалар жинағы, компьютермен тест жұмысын жасау, ҚР Конституциясы, видеоролик.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (1-2 мин.) Сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің сабаққа зейінін аударып, аудитория тазалығына көңіл бөлу, ТОҚ, көрнекі құралдардың дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру. (15-20 мин.)
Сұрақтар мен тапсырмалар
Топты екі топқа бөліп, өзара сұрақ-жауап және жеке тапсырмалар беру арқылы тексеру. 1-ші топқа «Сүйіспеншілік», 2-ші топқа «Қиянат» ұғымдарын береміз, олар не екенін, жасалу себептерімен түрлерін қағаз бетіне түсіру арқылы жауап беру керек.
1. Педагог қарым-қатынасындағы кəсіби мəдениеттің қазіргі
қоғамдағы мəні мен мазмұнын қалай түсінесіз?
2. Педагогикалық қарым-қатынас мəдениетінің негізгі көрсеткіштері
жəне оны қалыптастырудың тəсілдері қандай?
3. Қарым-қатынастағы антимəдениет пен кедергілердің туындау
себептері туралы мысалдармен ой бөлісіңіз.
4. Қарым-қатынастағы түсініктік пен өзара түсініктікті мысалдармен
дəлелдеңіз.
5. Диалогтік қарым-қатынастың оқушы тұлғасы дамуына жəне
мұғалімнің адамгершілік мəдениетіне əсері ету маңызы туралы талдау
жасаңыз.
1-тапсырма.
«Аяқталмаған сөйлем» (топ мүшелеріне оқыту, кері байланыс)
Мен бүгін білдім...
Мені қызықтырды...
Қиын болды...
Мен көп нəрсені түсіндім...
Мен өзіме көп нəрсені түртіп алдым...
Менің қолымнан келеді...
Мен талпынып тырыстым...
Мені таңқалдырды
Өз өміріме ақыл-ой түрттім...
Достарыңызбен бөлісу: |