Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі Шымкент қаласының Білім басқармасы


III Оқушыларды бағалау (3-5 мин.)



бет3/7
Дата29.06.2023
өлшемі45.21 Kb.
#475445
1   2   3   4   5   6   7
Әдістемелік жұмыс Айжан

III Оқушыларды бағалау (3-5 мин.)
Аяқталмаған сөйлем бойынша 8 бала, ал ауызша сұрақ жауап бойынша 7-8 бала бағаланды
Әр бағаға мінездеме берілді.


VI. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40-мин).
Қарастыратын мәселелер.

  1. Педагогикалық қарым-қатынас мəдениеті

  2. Диалогты қарым-қатынасқа сипаттама

  3. Педагогтың мəдениетілігі оның педагогикалық әрекеті

  4. Адамгершіліктің бес құндылығы



1. Педагогикалық қарым-қатынас мəдениеті - міндетті түрде «мəдениет» ұғымымен тығыз байланысты. Педагогикалық ойлау мəдениеті, сөйлеу мəдениеті, қарым-қатынас барысында əңгімелесушінің түр-əлпетіне көңіл бөлу, тыңдау мəдениеті, педагогикалық əрекет жасау мəдениеті жəне қарым- қатынас барысында қолдау көрсету мəдениеті болып анықталады.
Егер мұғалім мəдениеттілік түсінігінен алыс болмаса, ол өзінің жоғары білімділігінің жемісіне қол жеткізеді. Нақ осы мəдениеттілік пен жоғары адамгершілік қасиет мұғалімді лайықты тұлға етеді.
Әрбір оқытушы педагогикалық қарым-қатынас жасауды меңгеру керек. Ең қызықты негізгі оқу тəрбие материалдары, ең белсенді оқу-тəрбие əрекеті мен əдістерінің көрсеткіші тек шынайы педагогикалық қарым-қатынаста көрінеді. Педагогтың тəжірибесі, шеберлігі оның оқушылармен қарым- қатынасынан байқалады.
Педагогикалық қарым-қатынас жасаудағы кемшіліктерге:
- қарым-қатынас мəдениеттілігін жетік білмеу;
- оқушының танымын түсінбеу;
-сабақ барысында қарым-қатынастың қиыншылықтарын басқара білмеу, оқу-тəрбие барысында өзінің сезімі мен тілдік қарым-қатынасын басқарудағы қиындық жатады. Бұл оқу-тəрбие процесінің нəтижелілігін тежейді. Яғни, мұғалімнің педагогикалық мəдениеттілігі, тəжірибесі,
шеберлігі оның оқушымен қарым-қатынасынан байқалады.
Педагогикалық қарым-қатынастың адамгершілік мəдениеті жəне оны қалыптастырудың жолдарының айрықша көрсеткіші диалогтік қарым- қатынас.
Орыс философы М.М.Бахтиннің түсінігі бойынша диалог - бұл əрбір диалогқа қатысушының қарым-қатынаста тең дəрежеде болуы, оның өзіндік көзқарасының болуы, жəне өзгенің көзқарасын дұрыс түсініп, белсенді болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет