Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі Шымкент қаласының Білім басқармасы



бет6/7
Дата29.06.2023
өлшемі45.21 Kb.
#475445
1   2   3   4   5   6   7
Әдістемелік жұмыс Айжан

V. Өзіндік жұмыс (10 мин.)

«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» əдісі бойынша 3 топқа берілген тапсырманы орындайды.


Мақсаты: Ұстаздар мен шəкірттер арасындағы қарым-қатынасты зерттеу нəтижесінде негізгі мəселе - мұғалімдік мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің талабын, психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тəн сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету жəне оны педагогикалық- əдіснамалық жағынан алып талдау.
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мəтінді жеке оқу.
Бірінші топқа ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шəкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді шəкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал ұстаздардың бұларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар
ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-тілектер мұғалімнің өз пəнін жетік білетіндігі, балаларға оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, əр алуан амал- тəсілдер қолданып, сабақты тартымды жəне қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздың жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сəтсіздіктеріне, əртүрлі қоғамдық жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп, мəн беруі, ұстаздың сынып жетекшілік жұмысындағы іс-əрекеттері жатады.
2 -қадам: Қаңқаның басына мəтін қарастырылатын проблема белгіленеді.
3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дəйектер жазылады.
4-қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады.
5-қадам:Жұпта, топта жұмысты талқылау.
6-қадам:Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.
VI. Қорытындылау сұрақтары: (7-10 мин.)

  1. Сүйіспеншілік дегеніміз не ?

  2. Қарым-қатынас орната білудің жолдары ?

  3. Ақиқатты тану дегеніміз не?

  4. Педагогикалық қарым-қатынас деген не?

  5. Педагогтың мәдениетілігі ?

  6. Педагог пен ата-ана қарым-қатынасы?

  7. Диологты қарым-қатынас деген не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет