Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі Шымкент қаласының Білім басқармасы



бет7/7
Дата29.06.2023
өлшемі45.21 Kb.
#475445
1   2   3   4   5   6   7
Әдістемелік жұмыс Айжан

II. Үй тапсырмасы: (2-3 мин)
З.С.АЛКАНОВА, М.С.КОМАЕВА, Г.К.САРСЕКОВА, М.А.ТУСУПОВА «Педагогикалық этика негіздері» 61-66 беттер.


Қорытынды
Әрбір адам əлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат алмасады, тəжірибесімен бөліседі, бірігіп, ынтымақтастық қарымқатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі əлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның əлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге болады. Олай болса, қарым-қатынас - айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы . Жайлап қарасақ, қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде көп жетістіктерге жете алады, жұмысында да, беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый құрметіне бөленеді. Шығыстың Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара əрекетке аса зор мəн берген. Жүсіп Баласағұнның тəлім-тəрбиелік ойларға толы «Құтадғу білік» (құтты білік) атты дастанында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте əсерлі баяндалған. Мысалы, осы дастанда жазылған: «Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісі - тіліне ұят сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің тəрбиелік мəні қандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді екені анық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Омарбекова А., Жұмабекова Ф. Өзін-өзі тану: хрестоматиялық жинақ.- Астана: Фолиант, 2018.

  2. Мирза Н.В., Маженова Р.Б. Кəсіби-педагогикалық қарым-қатынас: оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2014.

  3. Мектептегі оқыту процесінің тəрбиелік бағыттылығын дамыту.Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013.

  4. https://lektsii.org/14-41323.html

  5. 33. http://old.baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-46534




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет