2.5. Стилистикалық қате және оның түрлері
Стилистикалық қате – белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қате. Мұндай қателердің екі түрі бар. Олар лексикалықстилистикалық қателер және грамматикалық-стилистикалық қателер. Байланыстырып сөйлеуде сөздің лексикалық ұғымын, оның ерек шелігі мен сан-салалы қызметін ескермей, әдеби норманы бұзушылық – лексикалық-стилистикалық қате деп есептеледі.
Қатенің бұл түрі сөз мағынасын жете түсінбеушіліктен (Көктемде жылқылар құлыншақтайды); лексикалық синонимдер қорының тапшылығынан; синоним сөздердің мағыналық нәзік реңктерін айыр мау шылықтан; жергілікті тіл ерекшеліктері мен ауызекі тілдің лексикасындағы сөздерді орынсыз қолданудан, варваризмдерді ретсіз пайдаланудан, сөздердің тура мағынасын, контекстегі қосымша мағыналарын, синонимдік, антонимдік т.б. ерекшеліктерін тілдік заңдылықтарға сәйкес қолдана білмегендіктен туындайды.
Грамматикалық-стилистикалық қателерге ойды білдіруде тілдік материалдар мен грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалана білмеу, олардың стильдік ерекшелігі мен қызметін айқындамау жатады. Оның ішінде морфологиялық тұлғаларды дұрыс қолданбаудан және синтаксистік байланыстың бұзылуынан туындаған қателер жиі кездеседі. Тіліміздегі қосымшалардың жалпыға бірдей қалыптасқан заңы бар. Оларды кез келген сөзге жалғай беруге болмайды. Осы мәнді жете түсінбегендіктен жіберілген қателер стильдің қай түрінде де жиі кездеседі. Мәтіндегі ойдың ұзын-ырғасын сақтап, әрбір сөздің мәнін, стильдік бояуын ескермегендіктен, сөйлемдегі синтаксистік байланыстың бұзылуынан, сөздердің орын тәртібін сақтамаудан туындаған қателерді стилистикалық норма бұзушылық ретінде қабылдаймыз.
Қай салада болсын, адам кейде білмей түрлі қателер жіберіп алатыны айдан анық. Тіл білімінде негізінен үш түрлі қатерлер кезедседі. Атап айтқанда – орфографиялық қате, орфоэпиялық қате, стилисмтикалық қате. Мұндай қателер кезщдескен жағдайда, оларды жіктеп, арнаулы жұмыстар жүргізіледі. Орфграфиялық қатені түзету үшін оған лайықталған ережелерді еске алып, оның мазмұнын меңгеріп соған сәйкес қосымша жұмыс жүргізхіледі және сөздердің дұрыс жазуын көрсетеін орфграфиялық сөздікте смүйене түзетулер жасалады.
Орфоэпиялық қателер кездескенде мұндай сөздерді жинап алып қазірше қазат тіл білімінде жасалған жалғыз сөздік үлкен ғалым Қ. Неталиеваның қазақ тілінің орфграфиялық сөздігіне (А., 1977) жүгінеміз. Сол сияқты пкейбір ғылыми еңбектерде берілген бірлі – жарым сөздердің орфоэпиясы туралы мәліметтерге назар аударамыз. Ол туралы академик Р. Сыздықованың “Сөздер сөйлейді” (А., 1974), Н Уалиевтің “Тіл мәдениеті” (А., 1968) сияқты еңбектерге сүйенеміз.
Стилистикалық ққатерлер туралы жоғарыдағыдай арнайы оқу құралдары жоқ. Сондықтан сөздердің дәстурлі қолдану тарихы, қолданылу ерекшеліктері туралы айтылған пікірлерге назар аударуға тура келеді. Сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалатын “анай” сөзінің және ресми қатынаста қолданывлатын “жолдас” сөзінің гатзет тілінде қолданылуы да ддұрыс емес. Соған қарамай газеттерде ондай сөздер жиі кездеседі.
Қалыптасқан сөздердің де талғамсыз, стилистикалық қателерге жол беретіндігі кездеседі. “Олар сонау бір кездегі Қажымұқанның арманын іс жүзіне асырып келеді”, “бұл жұмыстың мәні аз дәрежесінде емес”. Содан барып бірқатар кемшіліктерге жол бердім” т.б. (газеттен).
Сөз қолданудың бұл үлгісінен ресми құжеттар мен кеңес іс қағаздарының ықпалы баса сезіледі.
Қалыптасқан сөздердің бір қатары кез келген жерде орынсыз қолданылатындығы байқалады. Мысалы, өндіру сөзі мынадай тіркестер де жұмсалып жүр: астық өндіру, сүт өндіру, жүн өндіру, қаракөл өндіру, жұмыртқа өндіру т.б. осында қолданылған өндіру сөзінің бәрі бірдей өз орнында тұрған жоқ, стилистикалық жағынан дұрыс қолданылғандары да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |