Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласы білім басқармасы


Стилистиканың пәні,оның негізгі мәселелері



бет3/10
Дата21.12.2023
өлшемі78.52 Kb.
#487445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жалғас жоба (5)

1.2. Стилистиканың пәні,оның негізгі мәселелері

Қай ғылымның болмасын негізгі мәселесі — оның зерттеу нысаны мен зерттеу пәні (предметі). Стилистиканың зерттеу нысаны — басқа да тіл ғылымы салаларындай, мәтін түрінде көрініс тапқан тіл болып табылады. Бірақ әр сала сол жалпы нысанның өзіне қажетті жағын алып қарайды. Мысалы, деңгейлік тұрғыдан лексикология өзіне қажеттісін, грамматика өзіне қажеттісін алып тексереді. Немесе белгілі бір қырынан, көзқарас тұрғысынан (мыс, тарихи грамматика, әлеуметтік лингвистика, тіл семантикасы) қарастырады.


Стилистиканың пәні әлі бір жақты шешімін таппаған күрделі мәселе деуге болады. Бұл ең алдымен оның зерттеу нысаны мен пәнінің күрделілігінен, одан тысқары зерттеу пәнінің аумақ-көлемінің кеңдігінен, анық еместігінен (оған, мысалы, әдебиеттану ғылымының мәселелері де кірігіп кетеді) келіп шығады.


Стиль — стилистика ғылымының ең басты категориясы. Тілшілер бұл ұғымды жалпы да кең мағынада — тілдік тұлға-бірліктердің, жалпы тілдік жүйенің тек хабар беріп қоймай, оны әсерлі түрде беретін сапаларымен байланысты алып қарайды. Сөйтіп, стиль сөйлеудің сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас жасау мақсатына анағұрлым сай келетін бейнелеу құралдарын пайдалануы дегенді білдіреді. Бұндай жағдаяттар үнемі қайталанып, ал қатынас саласы типтеніп


отыратындықтан, стиль сол салалар мен жағдаяттарға тән анағұрлым типтенген тілдік құралдар мен сөйлеу сипаттарын да көрсетеді, ал бұл өз кезегінде қарым-қатынастың тиімділігін арттырады. Сонымен, стиль сөздің (тілдің) қарым-қатынастың міндеттерінен туындайтын және ол міндетті табысты орындау үшін жұмылдырылған сипатты белгісі екен.


Тілдің осы стилистикалық сипатты белгісі қалай көрінеді? Ол тілдік жүйенің барлық деңгейін қамти ма? Оны анықтау үшін мынадай алғышарттарды белгілеп алуымыз керек:


1.Тілдегі «стилистикалық» «лексикалық», «грамматикалық» сияқты ерекше деңгейді құрамайды — (яғни, тілде «стилистикалық деңгей» деген арнаулы деңгей жоқ). Ол тілдің барлық деңгейлерін қамтиды. Сондықтан стилистиканың пәні (предметі) тілді зерттеудің өзіндік аспектісі деуге болады (яғни, тілді ерекше көзқарас тұрғысынан зерттеу дегенді білдіреді). Г.О.Винокур: «Стилистика обладает тем свойством, что она изучает язык по всему разрезу его структуры сразу, т.е. и звуки, и формы…но зато с особой точки зрения. Эта особая точка зрения и создает для стилистики в чужом материале ее собственный предмет» [7, 283], — дейді.


2. Әдеби тілдің стилистикалық жүйесі өте күрделі және біркелкі сипатқа ие емес, көп қырлы. Л.В.Щербаның пікірінше, оған (стилистикалық жүйеге) әлеуметтік және жергілікті диалектілердің сипаттамалары, жазба тілдің әртүрлі формалары (мыс, көркем әдебиеттілінің, ресми тілдің формасы, ғылыми стиль т.б.) кіреді. Қоғам «жіліктенген» сайын, ол «қоғамның әдеби тілінің стилистикалық құрылымы да күрделене түседі». Әрбір ерекшеліктің өмірге келуі қарым-қатынастың міндетінен туындайтын жұмсалымдық сәйкестілік болғанда ғана жүзеге асады. Стилистикалық құрылымда, Л.В.Щербаның пікірінше, «сөздердің сәйкесті төрт қабаты ерекше орын алады», олар: салтанатты мәнге ие сөздер, бейтарап, тұрпайы (фамильярный) және дөрекі (вульгарный) сөздер (мыс, лик-лицо, морда-рожа). Ол орыс әдеби тілінің стилистикасын негізгі және ерекше бояуларға ие бірнеше қосымшалардан тұратын шоғырланған топ ретінде алып қарап, яғни, тілдің синонимдік қатарын стилистикаға тірек етіп ала отырып, бірақ стилистиканы тек синонимия құбылысымен шектемейді [8, 117-126].


Стилистикада, сонымен, мынадай үш жағдайды атап өту керек:


1) стилистиканың құрылымының біркелкі еместігі, демек, оның зерттеу пәнінің құрылымы да бірдей емес, әркелкі;


2) қарым-қатынастың қажеттілігінен, тілдің ойды және сөйлеушінің эмоционалдық күйін бейнелеудегі икемділігінен туындайтын әртүрлі реңдерді беру мүмкіндігінің молдығы;


3) «стилистикалық» тілдің қоғамдағы қызметімен, қарым-қатынастың міндеттерімен байланысты қалыптасады.


3. Қазіргі стилистика ғылымы тіл жүйесіндегі стилистикалық ресурстарды мәтіннен тыс түрде қарастырудан гөрі, тілді қарым-қатынастың әртүрлі саласында қолдану кезінде туындайтын заңдылықтарды, соның нәтижесінде пайда болатын тілдік ерекше ұйымдасуларды зерттеуге көбірек көңіл бөледі.


4. Тілдің (сөйлеудің) функционалды стильдерін бейнелеу құралдарының қарым-қатынастың әртүрлі саласы бойынша қатысымдық тұрғыдан мақсатқа сай қалыптасқан жүйесі десек, олар бір мезгілде пайда болмайтынын, тарихи тұрғыдан әбден пісіп жетілген кезде ғана пайда болатынын көреміз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет