Сұрақтар мен тапсырмалар
Сергіту сәттері, сергіту сәттерінің маңызы.
Сергіту сәттерін ұйымдастырудың әдістемесі.
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі мерекелерін өткізудің маңызы неде?
Мереке кезінде балаларды ұйымдастыру жолдарын ұсыныңыз.
Мерекелерге жетекшілік ету әдістемесі туралы айтылған пікірлерге қосар ойыңыз қандай?
Мәдени тынығуды ұйымдастыру туралы не айтар едіңіз?
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларындағы мерекелер, ойын-сауықтар туралы талдау. Өз ой-пікіріңізді ортаға салу.
19-дәріс. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алу
Дәріс жоспары:
Жұмысты жоспарлау мен есепке алудың маңызы (Жоспарлаудың түрлері: перспективалық, күнделікті. Құжат түрлері: жылдық, апталық, күнтізбелік жоспар. Жоспарлауға қойылатын талаптар)
Есепке алу түрлері
Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі
Негізгі әдебиеттер:
Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».
А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011
Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000
«Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп
Қосымша әдебиеттер:
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл
Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008
ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Жоспарлау - бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен, әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін шешетінін, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала көре білу. Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде және бір ізділікте дене шынықтыру жаттығуларын қолдана отырып, көзделген мерзімде оқу-тәрбие жұмыстарында мейлінше, жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Есепке алу - бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау. Осы есепке алудың негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу балалардың түрлі көрсеткіштерінің өзгеруін көруге жоспарлаудың дұрыстығын анықтауға, оған дер кезінде кейбір өзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлау мен есепке алу бір-бірімен байланысты. Тек дер кезінде мұқият есепке алу және жұмысты дұрыс жоспарлау арқылы ғана денені жетілдіруде жоғары көрсеткіштерге жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жасалады. Әрбір топ үшін бір жылға дене жаттығуларын белгілейтін жоспар-график, апталық күнтізбелік жоспар, дене шынықтыру сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс ойындарының, дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар-конспектілері талдап жасалады. Сондай-ақ, тәрбиеші әдістемелік жұмысты, ата-аналармен өткізілетін шараларды да жоспарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |