Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет112/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

1-3 жастағы сәбилерді шынықтыру
1. Күндізгі және түнгі ұйқыдан оянған кездерінде, үстіндегі киімдерін ауыстырған уақытта, ауаның жылылығы 19-20 градус болғанда, осы жастардағы балаларға арналған гигиеналық гимнастикаларды орындау кезінде шынықтыру.
2. Ауа температурасы 10 градус салқыннан 30 градус жылылық аралығында болған күндері балалардың таза ауада демалып, ұйықтауын ұйымдастыру.

    1. 3. Ауа температурасы 15 градус салқыннан 30 градус жылылық аралығында болғанда тәулігіне 2 рет таза ауаға серуенге шығару.

    2. 4. Жылылығы 20 градус шамасындағы сумен шынықтыру жаттығуларын орындағанда су температурасын 16-20 градусқа дейін төмендету.

    3. 5. Таза ауада серуендеп, демалғаннан кейін, олардың денесіне су құйып шынықтыру. Судың алғашқы жылылығы 34-35 градус болып, оны жайлап 24-26 градусқа дейін түсіру.

    4. 6. Күндізгі ұйқы алдында судың жылылығы 28 градус болғанда аяқты шаю, су құю, су жылылығын 18 градусқа дейін біртіндеп төмендету.

    5. 7. Ұйықтар алдында ванна қабылдау. Аптасына 2 рет, судың жылылығы 36 градус, ұзақтығы 5 минут. Су температурасын 34 градусқа дейін төмендетіп, денесіне су құюды күн сайын жалғастыру.

    6. 8. Жазғы маусымның ашық күндерінде күнге қыздырыну жолымен денені шынықтыруға арналған шараларды тәулігіне 2-3 рет 6 минуттан бастап, 8-10 минутқа жеткізу.

4-7 жас аралығындағы бүлдіршіндердің денесін шынықтыру

      1. 1. Күндізгі және түнгі ұйқыдан кейін балдырғандардың киімдерін ауыстырғанда ертеңгілік гимнастика жаттығуларын орындау. Балалар жуынғаннан кейін күн сәулесін қабылдайды. Гимнастика жаттығуларымен айналысуға 6-7 минут уақыт беріледі. Олардың өтінішіне орай ауа ваннасының көлемін 10-15 минутқа дейін созуға болады.

      2. 2. Балдырғандар ұйықтайтын бөлмелердің терезелерін ашып, салқын ауамен шынықтыру. Таза ауамен шынықтыруға бағытталған шараларды төбесі жабулы, басқа да ашық жерлерде ұйымдастыруға болады.
        3. Ауа температурасы 15 градус салқындықтан 30 градус жылылық аралығындағы балалардың күндізгі серуендерін 2 рет ұйымдастыруға болады.
        4. Балдырғандарды жылылығы 14-16 градус сумен шомылдыру. Мойнынан, кеудесінен және қолдардың шынтақтарынан бастап жуындыру.
        5. Судың алғашқы температурасы 34 градустан оны біртіндеп +24 градусқа дейін төмеңдетіп, бүлдіршіндердің денесін сумен шынықтыру.
        6. Күндізгі ұйықтар мезгілі алдында судың бастапқы температурасын +28 градустан +16 градусқа дейін біртіндеп төмендетіп аяқтарына су құю.
        7. Судың температурасы +35 градус шамасында болғанда ванна қабылдау. Түнгі ұйқының алдында аптасына 2 рет денесіне су құю, судың жылылығы 33 градустан кем болмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет