Жүгіріп келіп биіктікке секіру. Берілген жаттығудың даму деңгейін есепке алу үшін бағаналарға жіп байланады (мектепке дайындық тобы үшін биіктік-40 см, ересектер тобы үшін-30 см, ортаңғы топ үшін-10 см). Балаларға екпінмен жүгіріп барып секіру ұсынылады. Егер есепке алу үйде өткізілетін болса, онда еденге екпінмен секіру үшін резина төсеніші, ал жерге түсуге гимнастикалық төсеніш төселінеді, ал алаңда секіретін болса, онда құмды орға секіреді. Әрбір секіруден кейін жіпті 5 см көтеріп отырады. Егер бала биіктікті ала алмаса, онда оған алдыңғы әрекетінің нәтижесі жазылады. Екпінмен биіктікке секірудің сандық және сапалық көрсеткіштері мынадай формада белгіленеді:
№
|
Аты-жөні
|
Сапалық көрсеткіштер
|
Сандық көрсеткіштер,
см
|
Екпін
|
Қарғу
|
Серпілу
|
Түсу
|
Тепе-теңдік сақтау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Екпін алу шапшаң жасалған кезде жүгіріп келіп биіктікке секіру дұрыс орындалады деп есептелінеді, бала бір аяғын жерге тірей көтеріліп, қарғығанда екі аяғын да тізеден бүгеді; жерге түскенде өкшемен түсіп табанмен басады, оның өзінде аяқтар тізеден бүгіледі; теп-теңдікті сақтау үшін қолдарын алшақтата ұстап алға жіберіп, кеудесін тіктеп тұрып, қолдарын төмен түсіріп, түскен орнынан кетеді. Егер екпінмен биіктіктен секіру техникасының кейбір элементтері дұрыс орындалмаса, онда бағанға минус таңбасы қойылады. Кішкентайлар тобында бұл дағдының даму деңгейі бір орыннан биіктікке, биіктіктен төмен қарай заттан секіру арқылы анықталады. Жазу сандық, сапалық көрсеткіштердің биіктікке секіру кестесі бойынша жүргізіледі. Мұнда «Eкпін» бағанының орнына «Жиырылу» бағаны қойылады. Бір орыннан биіктікке секіру мынадай жағдайда дұрыс орындалады деп есептеледі: бала жіптен 10-15 см қашықтықта, жіпке бетін қаратып тұрса, аяқтарының арақашықтығын табан жалпақтығымен бірдей етіп тұрады; жиырылғанда алғашқыда қолдарын алға-жоғары созып, аяғының ұшымен көтеріледі де, қолын төмен артқа түсіреді, осы мезгілде жартылай отырып, салмағын табанына салады да, кеудесін алға иеді; серпілгенде аяғын бірден жазып, қолдарын алға қарай құлаштап, екі аяғымен серпіледі; қарғығанда екі аяғы тізеден бүгіледі, жартылай бүгілген аяғының басымен түсіп, қолдарын алға, жанына жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |