3.Перинаталдық онтогенез туралы ғылым. Перинаталдық кезеңдегі дамудың маңызы.
Нәресте денсаулығының негізі оның дүниеге келген сәтінен бұрын қалыптасады және көптеген себептермен анықталады. Олардың ішіндегі ең әсерлілері ата-аналарының денсаулығы, ортасы, жүктілік ыңғайының ерекшеліктері болып табылады. Шарананың іштегі даму кезеңі ерекше маңызды. Қозғалу-жыбырлау санымен белгіленетін қаңқа-ет жүйесінің даму дәрежесі ағзаның өзге барлық жүйелерінің даму деңгейімен тығыз байланысты екендігін атап өткен жөн. Осыған байланысты болашақ ананың өмір стилі, оның қозғалыс белсенділігінің деңгейі ұрықтың дамуына едәуір әсер етеді.
Адамның қабілеті негізінен жатырдағы 7 айлық кезеңде қалыптасады. Осы дәлелдерге сүйене отырып, дүниеге келер сәтте біздің тегіне тартушылыққа, мінез-құлық пен ортаның әсерімен қалыптасқан шындыққа (болмысқа) ие боламыз деп қорытынды жасауымызға болады. Ана жатырының өзінде бала өзінің еттерін жаттықтыра бастайды, әйтпесе, жарық дүниеге әлсіз, физиологиялық тұрғыдан жетілмеген тіршілік иесі келеді.
Дүниеге келген нәрестеге жәрдемақы сапасын көтеру - халық денсаулығын қалыпқа келтірудің нақты жолы екендігі даусыз. Алайда, мезгілсіз өлімді төмендетудің жолы тек осы ғана емес. Болашақ ананың денсаулығын нығайту жүкті әйелдер қаралатын әйелдерге кеңес беру орталығының ғана айналысатын шаруасы болмауы тиіс. Әйел денсаулығын қалыптастыру анағұрлым ерте басталуы тиіс. Болашақ аналар денсаулығының төменгі деңгейі - көптеген акушер-гинекологтерді сары уайымға әкелетіні шындық. Жүктілік пен босану - бұл физиологиялық процесс болғанымен, ол әйел ағзасының барлық функционалдық мүмкіндігін жұмылдыруды талап етеді. Егер олар шектеле қалса, ауытқу әрекеттері туындайды, нәтижесінде ұрықтың қалыпты дамуы бұзылады да, дүниеге келетін нәрестенің өз мәнінде өсуі төмендейді. Осы құбылыстар гормондардың күрделі шоғырларының және ана ағзасында жаңа тіршілікті қалыптастыратын өзге де биологиялық белсенді заттардың өзгерістерінде туындауы мүмкін. Қазіргі кезеңнің ерекшеліктерінің жаңа өмірдің қалыптасуына қалай әсер ететіндігі туралы түсінік әзірше жалпылама ғана (Г.П.Aфанасенко).
Әйелдерге кеңес беретін және мектепке дейінгі мекемелердің ынтымақтастық тәжірибесі денсаулықты қалыпқа келтіру барысына әсер ету мүмкіндігінің бар екендігін дәлелдейді. Олай болса, бала дамуының құрсақтағы кезеңі болып саналатын перинаталдық кезеңге тоқталайық. Ол үшін онтогенез ұғымының мәнін ашу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |