Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет6/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

«Балалар спорты» дегеніміз арнайы дайындық негізінде, алдынала үйренген қозғалыс кимыл мүмкіншіліктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасында өткізілетін жарыстарда өнер көрсету деп білеміз. «Жасөспірімдер спорты» деген түсінікке талдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобымен анықталады. Бұл түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың катысуына байланысты. «Mектептегі спорт» деген түсінік қатысушылардың белгілеріне қарағанда, «балалар спортына» сәйкес. Бұл түсініктің айырмашылығы «балалар спортын» мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, «мектеп спортын» мектеп ұйымдастырады.
«Физикалық рекреация» белсенді демалысты қамтамасыз ету, адам бойындағы физикалық қасиеттерді қалпына келтіру үшін басқа бір іспен айналыса отырып, дене тәрбиесінің бір міндетін шешу.
«Физикалық реабилитация» – денені қайта қалпына келтіру. Дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылдану барысында жарақат алып немесе басқа аурулармен ауырып мүмкіндіктерін уақытша жоғалткан адам ағзасын қалпына келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы түрде пайдалану.
Дене мәдениеті - адамдардың дене қуатының жетілуі үшін пайдаланылатын қоғамдық-материалдық (спорт ғимараттары, құрал-жабдықтар) және рухани (арнаулы білім, ғылыми тәжірибе) байлығын құрайтын жалпы мәдениетінің бір саласы. Ол негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті болып табылады. Негізгі дене мәдениеті - адамдардың өз шама-шарқына қарай тандап алған кәсіби және спорт мамандығын жетілдіруінің негізі. Ол жалпы білім беру мекемелерінде қолданылады әрі егде кісілерге денсаулығын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін арттыруға көмектесе отырып, адам психологиясының орнықтылығын, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді.
Спорт қимылының негізгі мақсаты - спорттың бір түрінен жоғары жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілет-қарымын, ептілік касиеттерін калыптастыру. Қолданбалы дене мәдениеті-кәсіптік және әскери дене мәдениеті деп екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажет сан алуан қимыл-әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери және азаматтық мамандықтарды жақсы меңгеріп, терең түсінуге бағытталады. Сауықтыру дене мәдениетіне-емдеу дене мәдениеті жатады. Оның мақсаты – организмнің уақытша жоғалған функциялық мүмкіндіктерін калпына келтіру. Гигиеналық дене мәдениеті-жаттығушылар организмдерінің жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (дене шынықтыру, өндірістік гимнастика) күнделікті демалыста (таңертеңгі бой жазу, серуендеу, саяхат т.б.) қолданылады. Дене мәдениеті қызметтерін-арнаулы және жалпы дене мәдениеті деп екіге бөледі. Жалпы дене мәдениеті қызметтері: нормативтік қызмет-адамның қимыл-әрекетін тиімді мөлшерлеген оқу бағдарламасынан, президенттік сынамалардан (еңбекке, Отан қорғауға дайындық) және еліміздегі спорт разрядтарының нормаларынан тұрады. Арнаулы дене мәдениеті қызметтері: білімділік қызметі – дене мәдениетін оқу-білім арқылы қимылдың ептілігі мен дағдысын калыптастыруға пайдалану. Қолданбалы қызмет – келешек жұмысқа дайындау үшін қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі. Тынығу қызметі – дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалыс, адам организмінің уақытша жоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін калпына келтіру. Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық-тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Басқа сөзбен айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене тәрбиелеу мәдениеті адамның өзінің денесін дамытып өзгерту жолындағы қызметтің нәтижесі және осы жолдағы процесс деп ұғынамыз. «Дене тәрбиелеу мәдениеті» ұғымын түсіну үшін оның үш бағытын еске алу қажет:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет