Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі



бет4/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі – бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалык жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.
Оқушылар дене тәрбиесі – мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар.
Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі. «Дененің дамуы» термині организмнің дамуы деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла бой күші, бастың көлемі т.б. антропометриялық және биометриялық көрсеткіштермен анықталады. «Дене дамуы» терминін кең түсінікте қолданғанда, оған дене қасиеттері де (шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік, көзбен шамалағыштық, тепе-теңдік сақтағыштық, күш, төзімділік) кіреді. Дене дамуы адам организмі – функцияларының және тұлға көлемдерінің бір қалыпта өзгеруінің, сонымен қатар бірге дамуының (қалыптасуының) табиғи процесі. Жалпы адам тұлғасының дамуының: 1) биіктеу деңгейі; 2) бір деңгейде қалыптасуы; 3) адамның дене мүмкіншілігін төмендету сияқты 3 сатысы болады.
Дене дайындығы - белгілі бір іс-әрекетке байланысты мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі.
Дене тәрбиесінің жүйесі, бұл ұғым дене тәрбиесінің әлеуметтік практикасындағы белгілі тарихи үлгіні белгілейді.
Дене қуатының тынығуы - жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен адамның көңілін көтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру - адам организмінің ауырған жеріне массаж жасау, булау, су процедуралары арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан-жақты дайындығы жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі - адамды қимыл ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Дене әзірлігі - бұл дене шынықтыру кешенінің талаптары мен нормалары және Біртұтас спорттық жүйемен (спорттық разрядтар мен атақтар) анықталатын қозғалыс дағдыларының, іскерліктің, дене қасиеттерінің даму деңгейі. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық негізгі түрлері бойынша нормативтік көрсеткіштер және оларды орындаудың сапасына қойылатын талаптар («Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасында») талдап жасалған.
Дене жетілуі - дене дамуының тарихи шартты деңге­йі. Денсаулықтың, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелігі. «Дене жетілуі» ұғымының белгілері өскелең қоғамдық қажеттіктер - өндіріс қажеттіктері, сондай-ақ адамның өзінің ынта-ықыласы әсерінен өзгеріп отырады. Әр тарихи дәуір үшін дене жетілуінің өзіндік деңгейі тән. Құлдық пен қаналушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады. Біздің елімізде және басқа да көптеген мемлекеттерде адамзаттың интеллектуалдық, моральдық, дене жағынан жарасымды дамуы жайындағы арманы жүзеге асуда. Кәсібі, жынысы, жасы әртүрлі адамдар дене жетілуі­нің өзіндік ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет