Қазақстан Республикасының Президентінің Н



бет10/38
Дата17.11.2022
өлшемі5.31 Mb.
#465107
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
357843 (1)

3. Лекцияның тақырыбы. 1. Мұнай және газ кенорындарының қимасын кұрайтын таужыныстар. Таужыныстардың механикалық қасиеттері.2. Тау-жыныстарды қирататын аспаптардың жіктемесі.

Тау жынысы деп - Жер қыртысында немесе оның үстіңгі бетінде әртүрлі геологиялық процестер барысында түзілетін табиғи минерал агрегаттарын айтады. Егер тау жыныстары бір минералдан тұрса мономинералды деп атайды. Егер тау жыныс бірнеше минералдардан тұрса полиминералды деп атайды.


Тау жыныстарының құрылысы оның құрылымы (структура) мен бітімімен (текстура) сипатталады. Тау жынысының құрылымы тау жынысын құрайтын минералды заттың жағдайы (кристалды, аморфты , кесекті), кристалды түйірлерінің және кесектерінің өлшемі мен пішіні және минералдардың өзара орналасуы арқылы анықталады.Құрылымның түрлері: толық кристалды, шынылы немесе аморфты, кесекті, афанитті немесе жабық кристалды.
Бітім (текстура) деп тау жынысы түзілуін, яғни, кеңістікте олардың түйірлерінің (кристалды түйір, кесек және т.б.) орналасуын айтады. Бітім тығыз және кеуекті, біртекті немесе массивті және бағдарлы (қабатты, қабыршақты)болып бөлінеді.
Тау жынысы жаратылысы бойынша:
1. Магмалық - әртүрлі жағдайда силикатты балқыманың – магма мен лаваның сууымен байланысты тау жыныстар;
2.Шөгінді тау жыныстар – жер бетінде әртүрлі экзогендік факторлардың нәтижесінде түзілетін тау жыныстар
3. метаморфты тау жыныстар – магмалық, шөгінді тау жыныстың өзгеруі кезінде, сондай-ақ бұрын түзілген метаморфты тау жыныстың тереңдік жағдайда жоғары температура мен қысымның, сондай-ақ тереңнен көтерілген әртүрлі сұйық және газ тәрізді заттардың әсерінен түзіледі.
Шөгінді тау жыныстары. Жер бетінде әртүрлі экзогенді факторлардың нәтижесінде шөгінді қалыптасады, әрі қарай нығыздалып, әртүрлі физикалық-химиялық өзгерістерге – диагенезге ұшырайды.
Шөгінді тау жыныстары 3 топқа бөлінеді:

  • Кесекті тау жыныстар – кез келген тау жыныстардың механикалық бұзылу және түзілген кесектердің жинақталуы нәтижесінде пайда болады;

  • Сазды таужыныстар – тау жыныстардың химиялық бұзылуының өнімі және осының әсерінен сазды минералдардың пайда болуы нәтижесінде пайда болады;

  • Химиялық (хемогенді) және органогенді тау жыныстар – химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде түзіледі.

Метаморфты тау жыныстар. Метаморфизмнің негізгі факторлары – эндогенді жылу, жан-жақты қысым, газдар мен флюидтердің химиялық әсері. Кварцты құмтастар мен басқа да кремнеземге бай тау жыныстар метаморфизм кезінде кварциттерге айналады. Карбонатты тау жыныстар мраморға айналады. Ультра негізді тау жыныстар талькты тақтатастарға айналады.
Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау кезінде тау жыныстарын бұзушы аспаптардың келесі түрлері қолданылады (қашау):
1.түбі тұтас ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қашауы;
2. сақиналы түпті ұңғыны бұрғылауға арналған бұрғы ұштары;
3.ұғңы оқпанын кеңейткіштер: калибраторлар, тұрақтандырғыштар, ұңғы қабырғасын түзулеуге арналған центраторлар және бұрғылау тізбегін орталықтандырушы.
Ұңғы түбінде тау жыныстарын бұзу сипаттамаларына байланысты бұрғы ұштары мен қашаулары шаншып-ұсатушы (шарошкалы), шаншып-кесуші (қалақшалы) және қажап-кесуші болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет