Арнайы қолданылатын құралдар.
Ұңғыда әдейі жұмыстарды атқару үшін найза тәрізді фрезерлі қашаулар, колибраторлар, кеңейткіштер қолданылады.
Найза тәрізді қашаулар 98,4 - 449,5мм диаметрлі етіп жасалады.
Бұл қашаулар апат болған жағдайда ұңғыны немес жыныс бұзу аспаптары мен бұрғұлауға арналғңан. ИР қашаулары екі қалақшалы қашауға ұқсатып жасалған (1-сурет). Ол найза тірізді жасалған екі қалақшадан 2 және тұрқыдан 1 тұрады. Тұрық жалғаушы бұрандадан және жуу сұйығы өтетін екі тесіктен 3 тұрады. Қалақшалар қатты қорытпамен жалатылады. ИР қашаулар ұңғы оқпанын тегістеу үшін және ұстау жұмыстарына ұңғы оқпанын дайындайды.
Тескіш және фрезірлі қашаулар жаңа оқпан қазуға және ұңғы тұбіне түсіп кеткен металдарды және олардың сынықтарын бұрғылап өтуі үшін пайдаланылады. ИСМ қашауларының шифрында А әріпі жазылады. Мысалы: ИСМ-А-188,9МС А әріпі ұңғыда болған апаттардың алдын алу үшін пайдаланылады дегенді білдіреді.
Сурет 4- ИР найза тәрізді қашауы
Сурет 5 - ИСМ тескіш қашаулары
Калибратор- қашау үстіне орнатылады және ұңғының қабырғасын тегістеп қашау диаметіріне дейі жеткізу үшін қолданылады. Калибратор көлденең терделістерді азайтады және ұңғы оқпанын шеңбер тәрізді етеді. Қалақшалы калибраторларды үш, төрт және алты қалақшалы етіп жасайды.
а-ВНИИБТ ойлап шығарған үшқалақшалы қашау; 1-тұрық; 2-муфта; 3-сақина; 4-шпонка; 5-қаттықорытпалы жасақ; б-үшшарошкалы; 1-тұрық; 2-қосшарошка; 3- шарошка өсі.
Сурет 6 - Калибраторлар
Қалақша жасақтары қаттықорытпалы, алмазды және ИСМ болуы мүмкін. Үш қалақшалы қатты қорытпамен жабдықталған калибратор конструкциясы 3а - суретте көрсетілген.
Шарошкалы калибраторлар қалақшалы калибраторларға қарағанда жақсы суыиды және ұзақ уақыт қызмет етеді. Калибраторлар негізінен үш шарошкалы етіп жасалады (6-сурет). Айналуға қарсылық маментінің аз болуы және ұңғы қабырғасымен тез өтуі оны центратор ретінде де қолдануға мүмкіндік береді.
Кеңейткіш деп – ұңғы диаметірін қашаудан кейін үлкейтетін құралды айтамыз. Кеңейткіштер қашаулар сияқты кесіп-опырып, қажап-кесетін, үгітіп-опыратын қасиеттерге ие.
6 а –суретінде үшшарокалы кеңеиткіштердің конструкциясы және жұмыстеу принцптері келтірілген. Ол тұрқыдан 1 оған муфта 2 үш шарошка пісірілген. Тіректе екі конусты шарошка бекітілген цапфа орнатылған. Олардың жасақтары қаттықорытпалы және фрезірлі болып жасалуы мүмкін.
6 б - суретінде бір шарошкалы кеңейткіш конструкциясы көрсетілген. Ол тұрқыдан 1 оған муфта 2 бір шарошка пісірілген. Тіректе екі конусты шарошка бекітілген цапфа орнатылған. Олардың жасақтары қаттықорытпалы және фрезірлі болып жасалуы мүмкін. Кеңейткіштер жиналмалы болып жасалуы мүмкін. Оларды ұңғыға түсіру кезінде ол жұмыс жасайды, ал көтеру кезінде ол жиналып ұңғыдан тез шығаруға болады.
Сурет 7 - Кеңейткіштер
Мұндай аспаптар ұңғыманы керекті аралықтарда кеңейтуге мүмкіндік береді. Олар ұңғыма оқпанының дөңгелек емес тұстарын дұрыстау үшін тұрақсыз тау жыныстары жатқан тұстарды кеңейту үшін және шегендеу тізбегін түсіруді жеңілдету және цементтеу үшін қолданылады.
Бицентрлі қашаулар бұрынғы қаралған ұңғымаларда қосымша оқпан қазуда кеңінен қолданылады. 8 суретте АТП жабдықталған Бицентрлі қашау түрі көрсетілген. Қашау d диаметрі найза қашаудан 1 және оның үстіне тістері 3 АТП жабдықталған кеңейткіштен 2 тұрады. Қашаудың тегістеуші беті қосымша тістерден 4 жабдықталған. Бицентрлі қашаулар басқа топтағы қашаулар тәрізді, жасақтары басқа да материалдардан дайындалуы мүмкін. Бицентрлі қашаудың ерекшелігі болып, оның алдыңғы түсірілген шегендеу тізбегі диаметрінен үлкен диаметрмен бұрғылау мүмкіндігі.
Сурет 8 - Бицентрлі қашау
Достарыңызбен бөлісу: |