Бағыттап бұрғылаудың пайда болу себептері. Ұңғымаларды қисайту туралы түсінік.
Мұнай кен орындарын игеру және пайдалану кезінде көлденең ұңғымаларды бұрғылау төмендегідей кеселі мәселелерге алып келеді: өнімді қабаттардың коллекторлық қасиеті төмен және мұнай тұтқырлығы жоғары, пайдалану кезінде коллекторлық қасиеттерінің төмендеп кетуінен мұнай бергіштік көлемінің азаюы және т.б.
Тәжірибе бойынша мұнайгаз кен орындарын пайдалану кезінде тік ұңғымаларды ашу кезінде мұнайды алу деңгейі ондағы мұнай көлемінен 30-40% аспайды, 60-70% мұнай қабатта алынбай қалып кетеді.
Жоғарыда аталған келелі мәселелерді шешу үшін тиімді бағыттың бірі қиғаш-бағытталған және көлденең ұңғымаларды қолдану болып табылады. Бұл жағдайда кен орыннан мұнай алу деңгейі 60-80 % -ға жоспарланады.
Тік ұңғымалардан бұл ұңғымалардың айырмашылығы тік және көлбеу жазықтықтарға қисаяды.
Өнімді қабаттарда көлденең ұңғымаларды бұрғылағанда қабаттың сүзгілеу қабілетін жоғарлату есебінен ұңғының дебиті 2-12 есе көп болады. Тәжірибеде қисайтып – бағытталған ұңғыма көптүпті бұрғылау деп аталады, ал қиғаш-бағытталған ұңғыма бұтақты бұрғылау деп аталады.
Қиғаш-бағытталған және көлденең бұрғылауды қолданудың басты кемшілігі- жоғары құндылығы.
Бағытталған ұңғыма деп- жобаланған кеңістіктегі трасса бойымен бұрғыланған және белгілі мақсатқа жеткен, ал оның түбімен сүзгілеу аймағы тау жынысының берілген аймағында орналасып қана қоймай жобаға сәйкес қабатқа қатысты бағытталған.
Бағытталған ұңғыма тік және көлденең болады.
Көлденең ұңғыма дегеніміз- ұзындығы бойынша оқпанның тік бөлігімен өлшенетін ұзаққа созылған сүзгілеу аймағынан тұратын белгілі бір азимутты бағытты мұнай мен газ кеніші қабатымен бұрғыланады. Көлденең ұңғыманың тік ұңғымадан ерекшелігі сүзгілеу аймағына арттыру есебінен шығымды 2-10 есе ұлғайту болып табылады.Мұнай газ кен орнын игерудің технологияларын жетілдіру мен қатар бағытталған ұңғымалар келесі жағдайларда тиімді:1) тау жыныстарының қиындатылған аймақтарын айналып өтуде; 2) жер бетінің қол жеткізілмейтін немесе әртүрлі объектілерімен жасақталған учаскілерін бұрғылауда; 3) ашық фонтанды сөндіруді; 4) қатты опырылатын қабаттарды ашқан кезде.
Бағытталған ұңғыманың басты кемшілігі олардың жоғары құндылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |