Қазақстан Республикасының Президентінің Н



бет11/38
Дата17.11.2022
өлшемі5.31 Mb.
#465107
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
357843 (1)

Шарошкалы қашаулар.
Ұңғыны бұрғылау процестерінде көп қолданылатыны шарошкалы қашаулар, олар тұтас және сақиналы түптерге де арналып шығарылады. Тұтас түпті ұңғыны бұрғылауға арналған қашаулар шарошка санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп шарошкалы болып бөлінеді. Қашау шарошкалары үш түрге топталады:

  • фрезерлі тісті (М, МС, С, СТ, ТК түріндегі қашаулар үшін);

  • салынбалы қатты балқымалы тістер (МЗ, СЗ, ТЗ, К, ОК түріндегі қашаулар үшін);

  • салынбалы және фрезерлі тісті МСЗ түріндегі қашуға арналған.

Жуу арналарының орналасу және тағайындалуына байланысты қашаулардың келесі түрлері жасалынады:

  • орталықтан жуу – Ц;

  • бүйірден (гидромониторлы) – Г;

  • орталықтан үрлеуші – П (продувной);

  • бүйірден үрлеуші – ПГ.

Қашаулардың конструкциялық ерекшеліктері тербеліс мойынтіректерінде–В, ал екі және одан көп сырғанау мойынтіректерінде – А, бір сырғанау мойынтрегінде (қалғаны тербелу) – Н түріндегі тіректер жасалынады. Егер шарошка тіректері саңылаусыздандырушы қосымша сақиналармен бекітілсе және майлауға арналған резервуары болса онда У әрпі қойылады.
МЕСТ 20692-75 бойынша бұрғы қашауларының диаметрлері 46мм –ден 508мм-ге дейін 39 түрі шығарылады. Ең көп қолданылатыны 190,5мм және 214 (215,9) диаметрлі қашаулар.
Бұрғылау кезінде қашау диаметрлері тағайындалуына, конструкциясына және түріне қарамастан бұрғылау тізбегінің диаметрімен сәкес болуы керек.бұрғылау қашауларының параметрлері шартты белгілермен көрсетіледі. Мысалға Ш-469,9, СЗ-ГНУ қашауы – саңылаусыздандырушы тығыздағыш сақиналы бір сырғанау мойынтректі, бүйірден жуатын, орташа қаттылықтағы тау жыныстарын бұрғылауға арналған, димметрі 469,9 үш шарошкалы екенін білдіреді. Сол сияқты АҚШ лицензиясы бойынша шығарылған Ш-469,9 СЗ-ГНУ-Р16 қашауы - Р-импортты лицензия, 16- жинау нөмірін білдіреді.
Қашаулар тұтас және пісірілген корпуспен жасалынады. Тұтас корпусты қашаулар құйылады және оларға қалақшалар пісіріледі. Корпуста жуу сұйығы берілетін арнайы тесіктер болады. Корпусты конструкциялар 394мм-ден жоғары қашауларда қолданылады.
Пісірілген корпусты қашаулар секциялы болып жасалынады. Секциялы қашаулар алдын ала жиналған секциялардан пісіріледі, олардың саны шарошка санына тең болады. Шарошканың айналу өсі мен қашау өсі арасындағы бұрыш 52...570.




Cурет 3- Шарошканың айналу өсі мен қашау өсі

Шарошкалы қашаудың жұмыс жасау принципін қарастырайық.


Шарошка түпте айналып жатып алдымен 1-тіске, сонаң соң 2-тіске тіреледі. Шарошка 1-тіске тірелгенде статикалық күш әсер етеді және ұңғы түбі соңы тістен қажалады. Келесі моментке айналып, шарошка бұрылғанда тістің түпке соқтығысуы болады және корпус төмендейді, сонан соң шарошка g/2 бұрышқа бұрылғанда қайтадан төмендейді. Көтерілу биіктігі тістер саны мен тау жыныстарының механикалық қасиеттеріне тәуелді болады. шарошканы айналдырғанда тістердің түпке статикалық және динамикалық әсер етуі болады. Бірақ шарошка тек өз өсінен айналып қана қоймай, сонымен бірге қашауға салыстырмалы түрде қиын қозғалыстар жасайды.
Шарошка корпусын құрамында никель, хром, марганец және вольфрам бар болаттан, яғни өте үлкен жүктемені көтеретін берік (12ХН2; 12ХН3; 18ХН2В; 20ХНМА) болаттардан жасайды.
Тістері және гидромониторлы сұғындырмалары вольфрам карбиді мен титан негізіндегі материалдардан жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет