Қазақстан Республикасының Президентінің Н



бет12/38
Дата17.11.2022
өлшемі5.31 Mb.
#465107
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
357843 (1)

Бақылау сұрақтары
1. Тау жынысы дегеніміз не?
2. Жаратылысы бойынша тау жынысының түрлері?
3. Тау жыныстарын бұзушы аспаптардың түрлері?
4. Қашаудың түрлері?
5. Шарошкалы қашаудың жұмыс істеу принципі?

Әдебиеттер
1. Жантасов М.Қ., Шуханова Ж.К., Шегенова Г.К., Усманова Н.А. «Бұрғылау жабдықтары мен мұнайгаз құрылыстарын монтаждау және пайдалану» пәнінен электрондық оқу әдістемелік кешені.- Шымкент. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. - 13 Мб.
2. Голубев В.Г., Жантасов М.К., Колесников А.С. Основы технологии и техники бурения. Электронное учебное пособие.- Шымкент: Южно-Казахстанский государственный университет им. М.Ауэзова, 2016. -192 с.
3. Жантасов М.Қ. Бұрғылау қондырғылары мен мұнараларын монтаждау және пайдалану: Оқу құралы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2011.- 100 б.
4. Жантасов М.Қ., Шуханова Ж.К., Шегенова Г.К., Усманова Н.А. «Бұрғылау қондырғыларын және мұнайгаз құрылыстарын монтаждау және пайдалану» пәнінен электрондық дәрістер жинағы.- Шымкент. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. - 13 Мб.


4. Лекцияның тақырыбы. 1. Тұтас түптік және керн алу арқылы бұрғылауға арналған қашаулар. 2. Бағаналық бұрғылауға арналған снарядтар. Арнайы мақсатта бұрғылау қашаулары.


Колонкалық кашаулар.
Скважина түбін айналдыра бұрғылау тау жыныстары үлгісін (керн) алу мақсатымен жүргізіледі. Алынған керн кен орнын құраушы тау жыныстарының құрамын, кұрылымын және механикалық қасиеттерін зерттеу, геологаялық құрылымын, мұнай және газ қорын анықтау, игеру жобаларын жасау үшін қолданылады. Сондықтан да алынған керн сапасын көтеру -барлама скважиналардағы басты міндет.
Керн материалдарының сапалық көрсеткіштері: керн диаметрі, жуу сүйығымен шайылу және ластану дәрежесі, керннің тұтастығы. Механикалық тәжірибе және басқа да зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін керн диаметрі 60 мм-ден кем болмауы қажет.
Керн материалдарының жуу сүйығымен шайылуы және ластануы тау жыныстарьшың жөне қабат сұйықтарының қасиеттерін бұзады. Керн материалдарының тұтастығы (бұзылмауы) тау жыныстарының механикалық жөне басқа қасиеттерін анықгау тәжірибелерін жүргізуде ең басты шарттардың бірі. Керн диаметрі өскен сайын оның сыртқы күштерге төзімділігі арта түседі. Керн материалдарының түтасіығын сактау үшін оны бұрғылау жөне көтеру кезінде динамикалық күштер әсерінен қорғау қажет.
Керн құрылу схемасы және колонкалы қашаулардың негізгі схемалары ІІ-ба суретте көрсетілген. Барлық колонкалы қашаулар тау жыныстарын бұзуға, керн құрауға арналған бұрғы ұшынан жөне кернді кабылдау, сақтау, жұлу, көтеру қызметін атқаратын колонкалық снарядтан (керн қабылдауыш құрылғы) тұрады.
Кернді сағаға шығару үшін колонкалы кашаулар қолданады. Қарапайым колонкалы қашау бұрғы ұшынан және бұрғы ұшына 1 оюмен жалғанған қалонкалы жасақтардан 4 тұрады. Жыныстың қасиетіне байланысты, керн алу үшін бұрғылайтын ұшы алмас және қатты қорытпалардан жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет