Дизель жетектеушімен бұрғы қондырғылары
Дизельдік күштік агрегаттар арқылы әрекет ететін негізгі атқарушы механизмдерге – шығырға роторға және сораптар жетектеріне ие қондырғылар дизельді жетекті қондырғыларға жатқызылады.
Бұл қондырғылардағы қосымша механизмдер (ерітіндіні дайындау және тазалау механизмдері компрессорлар, қашаудың берілісін реттеушілер және т.б.) қозғалысқа электроқозғалтқыштар әсерінен келтіріледі. Көмекші механизмдер қозғалтқыштарын энергиямен қоректендіру үшін қондырғылар дизельгенераторлы станциялармен жабдықталады. Дизельді жетектерге қондырғы жабдықтары комплекті (құраушы негізгі тетіктері) 1 кестеде келтірілген.
Дизельді жетектерге ие қондырғылар негізінен барлау бұрғылау жұмыстарында, сонымен қатар энергоқамтамасыз ету көздерінен қашықтағы аудандарда қолданылады.
БУ-75 БрД бұрғылау қондырғысы
Бұрғылау қондырғысы (сурет 5) шығырға, ротор және сорап үшін топтық жетекке ие, ол екі күштік агрегаттан тұрады. Әрбір күштік агрегат қуаты 420 л.с. болатын дизельден 1Д12Б және ортақ рамаға орнатылған және ТТК-1 құбыр трансформатордан тұрады. Күштік агрегаттардың құбыр трансформаторының білігі муфта ШПМ-500 арқылы тізбекті редуктормен жалғасады. Редуктордан қуат шығыр беріліс қорапшасына беріліп және сыналыбелдікті беріліс арқылы сорапқа беріледі. Беріліс қорапшасы карданды білік арқылы ротормен жалғасады.
Күштік агрегаттарды редуктормен және трансмиссиямен компоновкалау шығырға айналу берілісін беруді қамтамасыз етеді және сол арқылы бір немесе бірнеше (екі) күштік агрегаттан сораптың жұмыс істеуі жүзеге асырылады.
Сурет 10 - БУ-75 БрД бұрғылау қондырғысы
Шығыр барабанының айналу жылдамдығына қосылуы, пневматикалық цилиндрді басқару және шығыр муфтасын, роторды, беріліс қорапшасын, күштік агрегатты, сораптық трансмиссияны және компрессор жетегін басқару бұрғылаушы пульті арқылы дистанционды жүзеге асырылады. Тізбекті редуктор және беріліс қорапшасы тісті муфталарын іске қосу сәйкес агрегаттардың корпустарында орнатылған, тұтқалар көмегі мен механикалық тәсілмен жүргізіледі. Бұрғылау қондырғысы жиналмалы-шашылмалы ірі блокты негіздермен, мачталы мұнарамен және қабылдағыш көпірмен комплектіленеді. Негіз үш пісіріліп қосылған фермалардан: оң, сол және орталықты құралған, олар бір-бірімен болттар арқылы қосылады. Оң және сол жақ фермаларға мұнара үшін арналған шаршырлы тіректер және ауыр жүктер үшін Т-40 кронштейндер орнатылған.
Негіздің алдыңғы жағында бүйірлік және орталық фермалар арасында шыңырауда фонтанды (атқыламалы) арматура болған жағдай үшін блокты орнатуға бос орын қарастырылады. Аралық бос орынға оң және сол жақ фермаға ротор рамасы және шырақ тұғырлары орнатылады. Төменгі жағынан ферманың орталық бөлігіне тележка астына шарлы тірек орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |