«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»



Дата14.06.2016
өлшемі108.28 Kb.
#136064


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «24» ақпандағы

№ 145 қаулысымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

баланың тууын тіркеу – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

неке қиюды және бұзуды тіркеу – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік
30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

қайтыс болуды тіркеу – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік).


Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 - қосымшаға сәйкес 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:



  1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген адамдарға;

  2. Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

  3. 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

  4. мүгедектерге, сондай-ақ бала жасынан мүгедек балалардың ата-аналарының біреуіне;

  5. қорғаншыларға (қамқоршыларға);

  6. мемлекеттік ұйымдарға – туу туралы куәлікті қайта ресімдеуге және беруге;

  7. азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты туу туралы, қайтыс болу туралы, әкелікті анықтау туралы, бала асырап алу туралы куәліктерді өзгертуге, қосымша жазбалар енгізуге, қалпына келтіруге және түзетуге;

  8. туыстарының қайтыс болғаны туралы куәліктерді қайта ресімдеуге немесе бұрын берілгенді ауыстыруға;

  9. бала асырап алуға байланысты туу және әкелікті анықтау туралы қайталама куәліктерді беру тегін көрсетеледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-ден 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызмет алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал өлі бала туылған жағдайда туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

ата-анасының жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;

ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

ата-анасының еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі;

туу туралы медициналық анықтамасы;

тиісті әкімшілік аумақтық бірлік органының туу туралы актілік жазбаның болмауы туралы хабарламасы;

баланың денсаулығы туралы оның тұрғылықты жері бойынша медициналық құжаты;

2) ата-анасының бірлескен өтініші бойынша әкелікті анықтауды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

ата-анасының жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

3) сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды тіркеу кезінде:

еркін нысанда жасалған өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландырған құжат;

әкелікті анықтау туралы сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі,

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

көрсетілетін қызметті алушының атынан өкілдік ететін жеке тұлғаның атына нотариат куәландырған сенімхат (түпнұсқасы);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

4) бала асырап алуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

бала асырап алушылардың жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

бала асырап алу туралы сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;

баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

бала асырап алушылардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

некеге тұратын (ерлі-зайыптылыққа) адамдардың жеке басын куәландырған құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

некеге тұратын (ерлі-зайыптылыққа) адамдардың құқықтық қабілеттілігі туралы уәкілетті органдар беретін анықтамалар;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, баланың тууы, тараптардың біреуінің өміріне ықтимал қаупі және басқа да ерекше жағдайларда) некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу өтінішті берген күні жүзеге асырылады.

Заңнамада белгіленген мерзімді қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат ұсынылады.

Егер неке жасына толмаған адамдар некеге тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімдері қосымша ұсынылады;

6) кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

7) сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландырған құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

8) белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз кеткен, жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемістiгiнен әрекетке қабілетсіз деп танылған не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырған құжат (тұпнұсқасы және көшірмесі);

сот шешімі немесе сот үкімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

9) атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);

егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі);

егер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелсе, бала асырап алу туралы куәлік немесе әкелікті анықтау туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

егер көрсетілетін қызметті алушы некенің (ерлі-зайыптылығы) бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, неке бұзу (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

мөлшері 3х4 см екі түрлі түсті фотосурет;

көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын және тегін өзгерту себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (әскери қызметшілерге – жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамдарға – туу туралы куәлік);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

10) қайтыс болуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

қайтыс болу фактісін растайтын құжат (түпнұсқа);

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.



3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi
10. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі 31, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 72-01-11.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қолдану үшін көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет – ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет – ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414.

__________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет