Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#174302
1   2   3
§ 1. Жақындау туралы ақпарат

 

53. Кеменiң баратын портына жақындауы туралы ақпаратты мынадай жағдайда: кеме капитаны Қазақстан Республикасының теңiз портына келе жатқан кезде - порт диспетчерiне, порт капитанына және қажет болған кезде басқа мекенжайларға бередi.

54. Жақындау туралы ақпарат 48 сағат бұрын, екiншi рет 24 сағат бұрын беріледі және жақындап келгенге дейiн 4 сағат бұрын нақтыланады. Өту ұзақтығы кемiнде 48 сағат болғанда - жөнелту портынан шыққаннан кейiн 2 сағат шегiнде белгiленедi.



Балық аулау кәсiпшiлiк флоты кемелерiнiң капитандары кәсiптi бiтiру уақытын, сондай-ақ портқа жақындау уақытын 48 сағаттан кешiктiрмей хабарлайды.

55. Кеме порт акваториясында телеграфтық және телефондық радиостанциялардан басқа, ультрақысқа толқынды радиостанциялар мен спутниктік байланысы құралдарын пайдаланады.

56. Кеме капитаны (кеме иесi) жақындау туралы ақпаратта мынадай деректердi хабарлайды:

1) кеменiң атауын, оның туын, агент және иесiнiң атын;

2) жөнелту портын (соңғы кiрген порты, кәсiп жасау ауданы, бұрғылау қондырғысы және басқалары);

3) кеменiң ең үлкен ұзындығы;

4) кеменiң басымен және артымен шөгуiн;

5) экипаж мүшелері мен жолаушылар санын, егер болса, аурулардың санын;

6) жүк атауын, оның ерекше қасиеттерiн, фумиганттың атауын (егер жүк кемеде фумигацияға ұшыраса), жүктiң санын (массасын), жүктiң кемеде: палубада, твиндекте, трюмде (толассыз трюмдер бар болғанда - әрбiр люк бойынша) орналасуын, ұзын өлшемдi жүктердiң бiр орнының ұзындығы мен ауыр салмақта жүктердiң массасын (3 т жоғары), ал жүк тиеуге бара жатқан танкер үшiн - айлақ алдындағы балласт массасы мен балластан босату уақытын, бұрын әкелiнген жүктiң атауын;

7) жүк алушының атауын;

8) бункерге, тұщы суға, жабдықтарға қажеттiлiгiн;

9) қосымша техникалық және жөндеу операцияларын орындау қажеттiлiгiн, сондай-ақ мыналарға:

льялды, балластық, шаруашылық-фекальды ағынды суларды және қатты қоқысты тапсыру үшiн жинаушы кемеге;

тiркеп сүйрететiн кемелер мен тiркеп сүйреу қызметiне;

мұз жаруды қамтамасыз етуге;

лоцманға өтiнiм бередi.

57. Кеменiң барар мекенжайы өзгергенде капитан алғашқы баратын портқа берiлген өтiнiмдердi радиограммамен жояды.

58. Кеме капитаны өзiнiң жақындау туралы ақпаратында кеменiң жүк қондырғыларының (механизмдерiнiң) ақаулары туралы хабарлайды.

59. Порттың диспетчерлік қызметі кеменiң зәкiрде тұрған, арқандап байланатын орны мен тиеу-түсiру немесе басқа жұмыстардың орындау тәсiлi туралы кеменiң портқа келуiне дейiн 4 сағаттан кешiктiрмей кемеге хабарлайды.

60. Мұз жаруды қамтамасыз ету өтiнiмiнде кіру туралы ақпаратқа қосымша мыналар:

1) су сыйымдылығы;

2) бас қозғалтқыштың үлгiсi мен қуаты;

3) мұздық сыныпталуы (мұздық бекітулердiң бар болуы мен санаты);

4) кеменiң мұздан алып өтуiне әсер ететiн техникалық жай-күй ерекшелiктерi;

5) есу винтiнiң материалы;

6) отын, су, азық-түлiктiң бар болуы және тәулiктiк шығысы хабарланады.

61. Кемелердің ең болмаса біреуі газ-тасушы, химия-тасушы, мұнай құю кемесі немесе өзінің шөгуімен ығысып қалған, жарылу қаупі бар жүкті таситын кеме, сондай-ақ сүйреткіш керуен болып табылса, олардың портқа/порттан бір мезгілдегі кіруге және шығуға тыйым салынады.



 

 

§ 2. Келудi рәсiмдеу



 

62. Кеменiң портқа келуi Порттың теңiз әкiмшiлiгiнде шекаралық, кедендiк, санитарлық және карантин талаптарын сақтай отырып келген сәтiнен бастап 24 сағат iшiнде ресiмделедi.

Кеменiң келуi жалпы декларация, кеме рөлi мен жолаушылар тiзiмi ұсынылуы бойынша ресiмделедi.

63. Шетел кемесiнiң капитаны портқа келген кезде қосымша мынадай құжаттарды:



1) ту көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктi (кеме патенті);

2) өлшем куәлiгiн;

3) жүк маркасы туралы халықаралық куәлiктi;

4) жолаушылар кемесiнiң қауiпсiздiгi туралы куәлiктi;

5) жүк кемесiнiң конструкциясы бойынша қауiпсiздiгi туралы куәлiктi;

6) жүк кемесiнiң жабдықталуы мен жарақтандыруы жөніндегі қауiпсiздiк туралы куәлiктi;

7) жүк кемелерiнiң телеграф радиобайланысы жөніндегі қауiпсiздiгi туралы куәлiктi;

8) жүк кемесiнiң телефон байланысы жөніндегі қауiпсiздiгi туралы куәлiкті;

9) мұнаймен ластанудан келген залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi қамтамасыз ету жөніндегі куәлiктi (2000 т артық мұнай таситын кемелер үшiн);

10) теңiздiң мұнаймен ластануын болдырмау туралы халықаралық куәлiгiн;

11) мұнай операцияларының журналын;

12) кеме қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең аз экипаж құрамы туралы куәлiктi;

13) алып қою туралы куәлiктi;

14) 1978 жылғы Теңiзшiлердi даярлау мен диплом беру және вахта жүргiзу туралы халықаралық конвенция талап ететін экипаж мүшелерiнде болатын дипломдар мен басқа бiлiктiлiк куәлiктерiн;

15) кеменің санитарлық куәлiгiн;

16) дератизация туралы куәлiктi;

17) дәрi егу туралы халықаралық куәлiктi;

18) теңiз санитарлық декларациясын;

19) жалпы декларацияны;

20) жүк декларациясын;

21) экипаждың жеке заттары туралы декларацияны ұсынады.

Капитан кеден мекемесiне тасылатын жүктерге бар коносаменттi және басқа құжаттарды ұсынады.

64. Егер уәкiлеттi орган немесе басқа бiлiктiлiк қоғамы олардың техникалық жай-күйiн бақылауға жауап беретiн қондырғылар немесе жабдықтар мен механизмдер сынып, бүлiнсе кеме капитаны портқа келген бойда осы жөнiнде жазбаша хабарлайды.



 

 

§ 3. Шығуды ресiмдеу



 

65. Кеменiң рейске шығуын ресiмдеуді Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады. Ресiмдеу кемеде уәкiлеттi орган немесе басқа бiлiктiлiк қоғамы берген кеменiң жарамды техникалық және теңiзде жүзу жай-күйiн растайтын құжаттары бар болған, сондай-ақ өрттен қорғау және санитарлық-карантиндiк бақылау тарапынан кедергi болмаған кезде ғана жүргiзiледi.

66. Кеменiң теңiзге шығу дайындығын Порттың теңiз әкiмшiлiгi тексередi.

67. Порттың капитаны кеменiң теңiз портынан шығуына мына жағдайларда:

1) кеме техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмесе;

2) тиеуге, жабдықтауға, экипажды жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн, ондағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн басқа да кемшiлiктер, сондай-ақ теңiз ортасына залал келтiру қаупi болғанда;

3) кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда;

4) тиiстi мемлекеттік органдар (кедендiк, шекаралық, санитарлық-карантиндiк, фитосанитариялық және өзге) ұйғарым бергенде;

5) Теңіз портының міндетті қызмет көрсеткені үшін ақы, төленбегенде рұқсат беруден бас тартады.

68. Кемелердi порттан шығуға дайындағанда тексеру кезiнде айқындалған барлық бұзушылықтар мен кемшiлiктер туралы Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң өкiлi инспекциялаушы адамдардың ескертулері және өкiмдері журналына жазба жазады және актi жасайды. Кеменiң шығуын ресiмдеу кезiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгi өкiлiне ескертулер жойылғаны туралы белгiлер соғылған актiнің данасы ұсынылады.



69. Кеме капитаны теңiз портынан шығуды ресiмдеу үшiн Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң өкiлiне:

1) жалпы декларацияны немесе шығу құқығына өтiнiштi;

2) кемелiк рөлді;

3) экипаж мүшелерiнiң дипломдары мен бiлiктiлiк куәлiктерiн;

4) жолаушылар тiзiмiн;

5) теңiзге шығу туралы санитарлық-карантиндік қызметiнiң рұқсатын;

6) кеменiң порттан шығу құқығына өрттен қорғау куәлiгiн;

7) ауытқымаушылық есебiн;

8) жүзуге жарамдылығы туралы куәлiктi;

9) өлшем куәлiгiн;

10) жолаушы кемесiнiң қауiпсiздiгi туралы куәлiктi немесе жолаушы куәлігін;

11) жүк кемесiнiң конструкция бойынша қауiпсiздiгi туралы куәлiгiн, оның қосымшасын, ал танкер үшiн - оған толықтыруды;

12) жүк кемесiнiң жабдықтау мен жарақтандыру бойынша қауiпсiздiгi туралы куәлiгiн, ал танкер үшiн - оған толықтыруды;

13) жүк кемесiнiң телеграфтық радиобайланысы бойынша қауiпсiздiгi туралы куәлiгiн;

14) жүк кемесiнiң телефон радиобайланысы бойынша қауiпсiздiгi туралы куәлiгiн;

15) мұнаймен ластанудан келетiн залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi қамтамасыз ету жөніндегі куәлiктi (2000 т артық мұнай тасымалдайтын кемелердің);

16) теңiздiң мұнаймен ластануын болдырмау туралы халықаралық куәлiгiн;

17) кеменiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең аз экипаж құрамы туралы куәлiгiн;

18) палубалық ауыр салмақты жүктердi қабылдау кезiнде - олардың кемесінде бекiтiлу есебiн немесе теңiз кемесiнде ауыр салмақты және iрi көлемдi жүктердi бекітуде қолданылып жүрген техникалық шарттардың (ережелердiң) қолданыстағы үлгi схемаларына сәйкес бекіту туралы актiнi;

19) сусымалы жүктердi қабылдау кезiнде - технологиялық режимдер карталары (бұдан әрi - ТРК) және Үлгiлiк тиеу жоспары (бұдан әрi - ҮТЖ) немесе дымқылдығы мен табиғи еңiс бұрышы көрсетiлген жүк сертификатын;

20) жүк маркасы туралы халықаралық куәлiктi;

21) бiлiктiлiк куәлiгiн;

22) кеменiң конструкциясы мен жабдықтарының 1974 жылғы Теңiзде адам өмiрiн қорғау жөніндегі халықаралық конвенция ережелерiнiң (СОЛАС - 74) 1981 жылғы 54-тарауының 11-2-түзетулерiнiң талаптарына сәйкестiгi туралы уәкiлеттi органның немесе өзге бiлiктiлiк қоғамының куәлiгiн;

23) шетел кемесiнiң капитаны шығуды ресiмдеу кезiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне жалпы декларация мен конвенциялық құжатты ұсынады.

70. Тiркеп сүйретiлетiн кеменiң шығуы онда капитан басқаратын экипаж болған кезде осы Қағиданың 69-тармағына сәйкес ресiмделедi. Тiркеп сүйретiлетiн керуеннiң шығуын тiркеп сүйрететiн кеме капитаны ресiмдейдi.



Тiркеп сүйретiлетiн әскери емес кеменiң шығуын ресiмдеу кезiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне мыналар:

1) теңiз тiркеп сүйреулерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

2) өту жоспары;

3) тiркеп сүйреу желiсiнiң сызбасы мен есебi ұсынылады.

Шектеулi жүзудегi кемелер мен объектiлердi теңiзде тiркеп сүйреу кезiнде конструкторлық бюро әзiрлеген және уәкiлеттi орган немесе өзге бiлiктi қоғам мақұлдаған конверттеу, әртүрлi конструкцияларды, тiркеп сүйреу қондырғысының бекiтпелерiн, корпусты нығайту жүйесiн және басқаларын ұсынады.

Тiркеп сүйреудi ресiмдеу кезiнде, сондай-ақ тiркеп сүйреушiнiң де тiркеп сүйретiлетiн кеменiң де теңiзде жүзу жай-күйiн тексеру актiсi тiркеп сүйретуге рұқсат етiлетiн жазбамен бiрге ұсынылады.

71. Егер кеме табиғи құбылыстар немесе авариялық-құтқару жұмыстарына қатысуға порт капитанының бұйрығы бойынша порттан шыққан болса, шығуды ресiмдеу талап етiлмейдi. Осындай кеменiң капитаны, егер мүмкiн болған жағдайда Порттың теңiз әкiмшiлiгiне өзiнiң қолында бар барлық құралдармен шығатыны туралы хабардар етедi.

72. Шығуға арналған рұқсат 24 сағат iшiнде күшiнде болады, ол телефон бойынша немесе ультрақысқа толқынды радиобайланыста берiледi.

73. Портта кеменi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрген жағдайда кеме капитаны бұл туралы Порттың теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды және шығуды қайтадан ресiмдейдi.

74. Шығуды ресiмдеуден кейiн экипаж құрамында немесе кеменiң техникалық жай-күйiнде өзгерістер болған жағдайда капитан бұл жөнiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды және шығуды қайтадан ресiмдейдi.

 

 

4. Кемелердiң портта тұру тәртібі



 

§ 1. Кемелердiң рейдте тұруы

 

75. Егер портта КҚБҚ болмаса, кемелердi зәкiрге қою немесе тұру орнын өзгерту әрбiр жағдайда Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен (нұсқауымен) орындалады, ол жөнiнде капитан порттың кезекшi диспетчерiне хабарлап отырады.

76. Кемелерде және өзге де жүзу құралдарында КҚАХЕ-72 ережесінде көзделгендерден басқа навигациялық белгi болып көрiнуi мүмкiн оттарды көтеруге рұқсат етiлмейдi.

77. Зәкiрде тұрған кемелер ультрақысқа толқынды радиобайланыста радиовахтаны атқарады, арнасы 16 (156,8 МГц).

78. Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде зәкiрде тұрған кемеде штаттық сыртқы жарықтандыру қосылады.

79. КҚАХЕ-72 көзделген оттар мен белгiлерден басқа артқы жағында зәкiрмен (верптермен) бекiтiлiп, рейдте тұрған кеме тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде ақ от, ал күндiз кеменiң артқы жағында борт биiктiгiнiң жарымына дейiн зәкiр шынжырының қасында төмен түсiрiлген қызыл ту бекiтiледi.

80. Катерлер мен шлюпкаларды суға түсiру Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен ғана жүргiзiледi.



Осы талап суға батқандарға көмек көрсету және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшiн кемедегi жүзу құралдарын жедел пайдалану қажет болған жағдайға жатпайды.

 

 

§ 2. Айлақтарды кемелердi арқандап байлауға дайындау



 

81. Айлақ иесi кемелердiң кіруi мен шығуына айлақ дайындығын қамтамасыз етедi.

82. Айлақтарды дайындаған кезде:



1) кiретiн кеменi арқандап байлау үшiн айлақтың жеткiлiктi бос ұзындығы қамтамасыз етiледi;

2) қалыпты арқандап байлауға (арқаннан босатуға) кедергi болатын жүктер мен басқа заттардан айлақ кордоны босатылады;

3) арқандау (арқаннан босатуға) бойынша жұмыстар жүргiзiлетiн айлақтың кордон маңының бөлiгi мұз бен қардан тазартылады және барлық ұзындығы бойына құм шашылады;

4) Порт бастығы бекiткен сызба бойынша кордон маңының крандары шығарылады;

5) арқандап байлау айлағында барлық көлiк түрлерiнiң жұмыстары мен қозғалысы тоқтатылады;

6) тәулiктiң қараңғы уақытында айлақтың толық жарықтандыру жүйесi қосылады. Кеменiң арқандап байланатын орны, яғни форштевтiң тұрған жерiн айлақ иесiнiң өкiлi былай көрсетедi: күндiз - қызыл тумен, түнде - қызыл отпен.

83. Кеме капитаны арқандап байлауға дейiн порт диспетчерiнен немесе лоцманнан айлақтың жай-күйi, бос кiреберiс өлшемi туралы, айлаққа кiреберiстегi және оның бойындағы тереңдiк туралы ақпарат алады.



 

 

§ 3. Кемелердi арқандап байлау



 

84. Кеменi айлаққа арқандап байлау үшiн айлақ иесi осы Қағидаға 6-қосымшада көрсетілген есепті негізге алып саны кеменiң жалпы сыйымдылығына байланысты болатын арқандап байлаушыларды бөледi.



Кеменi айлақта тұрған кеме бортына арқандап байлау кезiнде соңғысы өз экипажының күшiмен өз бортының кранцты қорғалуын қамтамасыз етедi және кемеге лақтыратын арқан ұштарын қағып алады. Жағалаудағы арқан ұштарын қағып алуды айлақ иесi қамтамасыз етедi.

85. Шағын көлемді кеме айлаққа Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң және диспетчерiнiң рұқсатымен ғана арқандап байланады.



 

 

§ 4. Кемелердiң айлақта тұруы



 

86. Кемелердi айлақ жанында орналастыру порт диспетчерлері Порттың теңiз әкiмшiлiгi кезекші инспекторының келiсiмi бойынша, ал бортта жарылу қаупi бар немесе жеңiл тұтанатын жүктер болса порттың өртті қадағалау кезекші инспекторының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Кемелер арасындағы қашықтық кемiнде 10 метр болады.

87. Кемелер мен порттық жүзбелi құралдарды өрт пирстерiне қоюға рұқсат етiлмейдi.

88. Айлақ жанында борты бортына тiрелiп (лагымен) тұратын кемелердiң жеткiлiктi саны әрбiр нақты жағдайда порт бойынша мiндеттi қаулылармен белгiленедi.

Осындай тұруға екі кеменің капитандары келіскен кезде өндірістік қажеттілік жағдайларында порт капитаны рұқсат береді.

89. Бункерден бункерге тiркеп сүйрейтiн кемелердi жіберу операцияларын қоспағанда, бiреуiнiң бортында жарылыс қаупі немесе жеңiл тұтанатын жүктерi бар, бiр-бiрiне лагымен арқандап байланған екi кеменiң тұруына рұқсат етiлмейдi.

90. Айлақ жанында арқандап байланған кеменiң капитаны су бетiнiң, айлақ пен су түбiнiң ластануы мен қоқыстануын болдырмау, сондай-ақ траптар ауданындағы жерлердi қар мен кiрден тұрақты тазалауды ұйымдастыру үшiн барлық шараларды қабылдайды.

91. Порт кемеде жиналған ластанған сулардың және тұрмыстық қалдықтардың кез келген түрін қабылдауды қамтамасыз етедi.

92. Қатты ажыратылған мұнай өнiмдерiнiң қалдықтары, майланған шүберектер, қоқыс, ұсақ ыдыстар, техникалық, тағам және басқа тұрмыстық қалдықтар өтiнiм бойынша кемеден порт ұсынған арнайы ыдыспен шығарылады.

93. Портта айлақ маңында тұрған кемеде салқындату суының құю шпигаттарын арнайы қалқандарымен жабу, ал борт сыртына шығарылатын пайдаланылған буларды қосымша құбырлармен суға жiберу қажет. Қалқандар кеме айлаққа келгенге дейiн орнатылады.

94. Айлаққа кемеден берiлетiн түскiштер мен траптар берік бекітіледі және тұтқалармен немесе леерлермен, басқыштар ауданында жiбi кемiнде 30 м болатын құтқару шеңберiмен жабдықталады.

Траптар мен басқыштар алаңшаларында адамдардың суға құлауын болдырмайтын қоршағыш торлар тартылады. Тәулiктiң қараңғы уақытында траптар (басқыштар) жарықтандырылады.

95. Кеме жөндеу зауытының капитаны жөнделетiн кемелер мен жүзу құралдарының қауiпсiз тұруын ұйымдастырады.

96. Айлақта тұрған кемеде тәулiктiң қараңғы уақытында сыртқы жарықтандыру, сондай-ақ КҚАХЕ-72 30-ережесіне сәйкес оттар қосылады.

Сұйық отыны бар танкер мен бункерлеушi, егер оның жүк танкерi жүк қалдығы мен газдан тазаланбаса, жоғарыда аталған оттардан басқа, бүкiл көкжиектен көрiнетiн, кемiнде 2 миль көрiну ұзақтығымен, неғұрлым көрiнетiн жердi бiр қызыл от, ал осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес күндiз - Халықаралық сигналдар жинағы бойынша В (Браво) туын көтередi.

97. Айлақта тұрған кемеде оның мөлшерi мен ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан басқыш алдында вахта (кезекшi) қойылады.



Вахталық қызмет Порттың теңiз әкiмшiлiгi телефондарының нөмiрлерiмен қамтамасыз етiледi.

98. Айлақта арқандалған кеме, егер абонентпен жағалаулық телефон желiсiмен байланысу мүмкiн болмаса, спутниктiк немесе ультрақысқа толқын радиобайланысын пайдаланады.

99. Бас қозғалтқыштардың, руль, зәкiр және арқанды қондырғылардың iстен шығуына байланысты кеме жұмыстары, сондай-ақ борт сыртында шлюпкадан немесе басқа жүзу құралдарынан iстелетiн жұмыстар тек порт капитанының жазбаша рұқсатымен орындалады.

100. Авариялық кемеге жақын тұрған немесе оның жанынан өтетiн кемелер адамдарды, кеменi, жүк және басқа мүлiктердi құтқару жөнiнде шаралар қабылдайды. Бұл іс-қимылдарды құтқару үйлестіруші орталығы, ал ондай болмаған жағдайда Порт теңiз әкiмшiлiгiнің кезекші инспекторы үйлестіреді.

101. Экипаждың оларда тұрақты болуы үшiн бейiмделмеген шағын көлемді кемелердiң иелерi кемелердiң тәулiк бойғы күзетi мен олардың тұрағын қадағалауды қамтамасыз етедi.

102. Жүк операциялары кезiнде кеменiң 5 0 аспайтын бір жағына қисаюына рұқсат етіледі. Жүк жұмыстары әрбiр қайта тиеу тетіктері үшiн паспорт деректерiне сәйкес жел жылдамдығы артық болған кезде жүргiзiледi.



Айлақтың жанында тұратын кемелерге борттан тыс жүк крандарын, жебелерді, траптарды, шлюпбалкаларды және кемеде немесе айлақта жүк операцияларына кедергі жасайтын басқа да заттарды ұстауға тыйым салынады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет