Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#174302
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 07.12.2011 16:33:30
Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және

 тұрақта тұру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 827 Қаулысы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

К. Мәсiмов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 18 шілдедегі

827 қаулысымен



бекiтiлген

 

 

Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде және кеме қозғалысын басқару қызметтерiнiң (бұдан әрi - КҚБҚ) iс-қимылдары аймақтарында кемелердiң жүзу және тұрақта тұру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағида:



1) порт акваториясы шегінде және оған кіреберістерде жүзуді;

2) кемелердің портқа кіруін және олардың порттан шығуын;

3) кемелердің портта тұруын;

4) порт акваториясында кемелердің жүзуі және тұрақта тұруы кезінде құрылыстардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтиды.

3. Кемелер теңiз порттары акваториясында және оларға кiреберiстерде жүзген және тұрақта тұрған кезде осы Қағиданың ережелері және Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережесін (бұдан әрi - КҚАХЕ-72) ескере отырып, порт бойынша мiндеттi қаулылар сақталады.

4. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) арнайы жұмыстармен айналысатын кеме - мина қаупін жоюмен айналысатын кемелердi қоспағанда, теңiзде мұнайдың төгiлуiн жоюмен, су асты кабельдерiн жүргiзумен немесе көтерумен, навигациялық белгiлердi қоюмен немесе алумен, гидрографиялық, су асты немесе басқа да арнайы жұмыстармен айналысатын кеме;

2) кемелік рөл - кеме келген және кеткен кездегі экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтерден тұратын кеме құжаты.

3) порт бойынша мiндеттi қаулы - Порттың теңiз әкiмшiлiгi портта қозғалыс қауiпсiздiгi, меншiктi, қоғамдық тәртiптi қорғау, санитарлық және өртке қарсы іс-шараларды өткізу мәселелерi бойынша шығаратын бұйрықтары, өкiмдері;

4) теңiзде жүзушiлерге жіберелетін хабарлама - навигациялық карталарды, теңiзде жүзу үшiн әдiстемелер мен нұсқауларды түзету жөніндегі гидрографиялық деректердiң өзгерiсiн қайтитын құжат;

Осы Қағидада сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ұғымдар пайдаланылады.

 

 

2. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу тәртібі



 

5. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу кезiнде белгiленген қозғалыс жолдарын ұстану, әскери корабльдермен және су түбiн тереңдету кемелерiмен айырылысатын жер ерекшелiктерiн ескеру және жүзу режимi туралы кемелерді хабардар ету жүзеге асырылатын корабльдердiң, брандвахталардың және жағалау посттарының ерекшелік сигналдарын бiлу керек. Кемелердiң портқа кіруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдар Қағидаға 2-қосымшада көрсетiлген.

6. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында болған және шетел кемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтерген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы фок мұнарасы (сигнал беру мұнарасы) реясының оң жақ нокiнде көтерiледi.

7. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болған кезде шетел кемесiне Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кіру және оларда жүзу мүмкiндiгi берiледi.

8. Егер порт бойынша мiндеттi қаулылармен өзгеше көзделмесе, онда портқа кiретiн немесе өзен фарватері бойынша ағысқа қарсы жүзетін кеме ағыс бойынша жүзген немесе порттан шығатын кемеге жол бередi. Ағысқа қарсы жүзген немесе портқа кiретiн кеме:

1) басқару және маневрлеу мүмкiндiгi шектеулi болған және КҚАХЕ-72 27 ережесіне сәйкес шамдар мен белгiлердi алып жүрген;

2) өз шөгуiмен ығыстырылған және КҚАХЕ-72 28 ережесіне сәйкес сигналдар берген жағдайлар ерекшелiктi құрайды.

9. Қарсы бағыттардан екi кеме тар орынға, бұрылысқа немесе бiр тұстамадан екiншi тұстамаға өткен орынға жақындаған кезде осындай жерден екi кеменің бiр мезгiлде өтуі мүмкiн болмағанда немесе қауiптi болғанда, онда басқа кемеге жол беруге мiндеттi кеме алдыңғысының одан қауiпсiз қашықтықта тұрып, бұрылуды аяқтауына мүмкiндiк беруi тиiс.

10. Тар жерлерде арнайы және су түбiн тереңдету жұмыстарымен айналысатын кемелерден алшақтау олардан еркiн өту мүмкiндiгi туралы растау алғаннан кейiн жүзеге асырылады.

11. Арнайы жұмыстармен айналысқан кемеге жақындаған кезде онымен алдын ала УҚТ бойынша байланыс орнатылады және бұдан әрі КҚАХЕ-72 27 ережеге сәйкес әрекет ете отырып, бұл ретте КҚАХЕ-72 6 ережеге сәйкес қауіпсіз қашықтық пен жылдамдықты сақтай отырып, қауіпсіз өту келісіледі.

12. Порт жөніндегі мiндеттi қаулылармен белгiленген жылдамдық шегiне қарамастан, қауiптi толқын көтерілуін болдырмау үшiн капитан алдын ала кеменің жылдамдығын:

1) тiркеп сүйреу керуендерi мен шағын өлшемдi кемелерден алшақтағанда;

2) жүзу крандарының, дебаркадерлердiң, жүзу доктарының, қайта тиеу және басқа да арнайы жұмыспен айналысқан құю кемелердiң жанынан өткенде;

3) зәкiрде немесе қайраңда тұрған кемелердi айналып өткенде;

4) су асты, гидротехникалық және басқа арнайы жұмыс орындалатын жерден өткенде;

5) су түбiн тереңдету кемелерiн айналып өткенде;

6) айлақта, кеме бортында жұмыс iстейтiн адамдары бар салдар мен шлюпкалардың маңынан өткенде азайтады.

13. Су асты қанаттары бар кемелерге көрінім 5 кабельт және одан төмен болған кезде фарватерлер мен каналдар бойынша тек су ығыстырғыштық жағдайларында қозғалуға рұқсат етiледi.

14. Каналда немесе фарватерде кеменi зәкiрге қою мынадай:

1) одан әрi қозғалу анық қауiп төндiргенде;

2) техникалық бұзылу салдарынан кеме тоқтауға мәжбүр болғанда;

3) өту жолын басқа кемелер жауып тұрған жағдайда жүзеге асырылады.

15. Фарватерде және каналда зәкiрге тұруға (немесе айлақтық бағаналарға арқандап байлануға) мәжбүр болған кеменiң капитаны кемелер қозғалысын басқару орталығына (пост) бұл туралы қолда бар байланыс құралдарымен жедел хабарлауға мiндеттi.



Хабарламада кеменiң атауы, кеменiң зәкiрге (арқандап байлау) қойылған уақыты, орны мен себептерi, сондай-ақ тұру ауданында қозғалыстың қаншалықты дәрежеде қиындағаны туралы мәлiметтер көрсетiледi.

16. Порт суларында кемелердi тiркеп сүйреуге басшылық етудi порт капитаны қызметi жүзеге асырады және порт жөніндегі мiндеттi қаулылармен регламенттеледі.

17. Тiркеп сүйрету басталғанға дейiн оның басшысы тiркеп сүйреу операциясына қатысатын кемелер капитандарымен бiрлесiп, оны жүргiзу тәртібін келiседi. Егер тiркеп сүйреу лоцмандық алып өтумен жүзеге асырылса, онда оны жүргiзу тәртібін келiсуге лоцман да қатысады. Барлық туындаған мәселелер мен келiспеушiлiктердi порт капитаны шешедi.

18. Тiркеп сүйрейтін кемелер қозғалтқыштарының қуаты мен икемдiлiк сапасы сүйретін жүзу керуенiнiң сенiмдi басқарылуын қамтамасыз етпесе (жел мен ағысты ескергенде) тіркеп сүйреу жүргiзiлмейдi.

19. Кемелер тез тұтанатын мұнай өнiмдерiмен құйылмалы жүктелген жағдайда лагпен сүйретіп жүзу жүргiзiлмейдi, сондай-ақ бiр тiркеп сүйрегiшпен бiр уақытта мұнай өнiмдерiмен құйылмалы жүктелген бiрнеше кемелер тiркеп сүйретiлген болса, тiркеп сүйреу жүргiзiлмейдi.

20. Порт акваториясы бойынша жүзіп сынауға кеме жатқан келе жүзіп сынау ауданына осы кеменің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін тіркеп сүйрегіштермен алып жүріледі.

21. Өздігінен жүретiн кеменi оның бортынан арқандап байлаудан босатылған жүзу құралдарымен тiркеп сүйреу жүргiзiлмейдi.

22. Тiркеп сүйрейтiн кеме тiркеп сүйретілетін кемедегi жұмыстан тiркеп сүйреу басшылығының командасы бойынша ғана босатылады.



Тiркеп сүйрететiн кеменiң төңкерiлiп кету қаупi тiкелей төнген жағдайда ғана тiркеп сүйретілетін кемеден команда берілместен тiркеп сүйреу арқаны тасталады.

 

 

§ 1. Кемелердi мұзжарғыштармен алып өту тәртібі



 

23. Қысқы уақытта теңізде мұз жататын порттарда навигацияның басталуы мен аяқталуын Порттың теңiз әкiмшiлiгi жариялайды.

24. Мұздардан кемелердi алын өтудi, сондай-ақ мұзжарғыштар мен тiркеп сүйреу кемелерiнiң барлық басқа жұмыстарына басшылық етудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады. Порттың теңiз әкiмшiлiгi портқа кiреберiстегi мұз жағдайы туралы кемелер капитандарына хабарлайды, ал мұздан алып өтуге өтiнiм болғанда - мұзжарғышпен кездесу орнын және алып өту кезегiн хабарлайды.

25. Портта мұз арқылы кеменi мұздан алып өтуге өтiнiм портта порт бастығына, ал теңiзде мұзжарғыш капитанына жолданады.

26. Порт бойынша мiндеттi қаулыларда өзгеше мерзiмдер белгiленбесе, кеме мұз шетiне жақындағанға дейiн 48, 24, 12 және 4 сағат бұрын барлық мұзжарғышпен қамтамасыз етудiң түрлерiне өтiнiмдер берiледi.

27. Мұзжарғышпен алып өтуге бiлiктiлiк қоғамының мұздық сыныбы, мұздан өту үшiн жеткiлiктi отын мен тағам қоры, ағаш білеулер, тез қататын цемент, пластырь маттар және басқалары бар кемелер жатады. Кеменің су төгу құралдары мен кеменің қабылдағыш радиоқондырғылар кемеде жарамды жай-күйде болуы қажет.

Осы шарттар орындалмаған кезде, сондай-ақ кемеде уәкiлеттi орган немесе бiлiктiлiк қоғамы белгiленген тәртiппен берген жүзуге жарамдылығы туралы куәлiгi және басқа да кеме құжаттары болмаса, порт капитаны, ал мұзжарғыш порт шегiнен тысқары өткен кезде мұзжарғыш капитаны кеменi теңiзге шығарудан немесе оны портқа кiргiзуден бас тартады.

28. Мұзжарғышпен алып өткен кезде бiрiн-бiрi басып озбай, бiрiнен соң бiрi мұзжарғышқа iлеседi және дереу артқа толық шегiнiс жасауға дайын, бұл ретте руль «Тiке» жағдайында болады.

29. Мұзда мұзжарғыштың тiркеп сүйреуiнде келе жатқан кеме өз қозғалтқышын мұзжарғыш капитанының айрықша бұйрығынсыз қоспайды. Кеме мұзжарғыш капитанының алғашқы талап етуi бойынша тiркеп сүйрегiштi беруге, сондай-ақ толық керi шегiнiс жасауға дайын болуы тиiс.

30. Кемелердiң мұз арқылы жүзу уақыты мен тәртібін, сондай-ақ бiр мезгiлде өткiзiлетiн кемелер санын портта порт капитаны, ал теңiзде - мұзжарғыш капитаны белгiлейдi.

31. Бiрiншi кезекте әскери кемелер, почта-жолаушылар кемелерi және жеделдiгi туралы айрықша нұсқаулар жасалған жүктерi бар кемелер, ал сонан соң мұз шетiне келу кезегiне қарай немесе порттан шығу дайындығына байланысты барлық басқа кемелер өткiзiледi.

32. Мұзжарғышқа iлесiп мұзда жүзiп келе жатқан кеменiң капитаны мұзжарғыш капитанының мұзда қозғалуға қатысты бұйрығына бағынады және соған байланысты iс-қимыл жасайды. Кеме капитаны мұз аймағынан бiрлесiп тезiрек және авариясыз өту үшiн мұзжарғыш капитанына жәрдем көрсету үшiн барлық өз iс-қимылын бағыттайды.

33. Мұзжарғыш капитанының өкiмдерiн осы мұзжарғыштың алып өтуiмен келе жатқан кеме капитаны орындамаған жағдайда мұзжарғыштың капитаны кеменi алып өткізуден бас тартады.

34. Мұзжарғышқа iлесiп мұзда жүзiп келе жатқан кемелер мұзжарғыштар мен алып өтетiн кемелер арасындағы байланыс үшiн қолданылатын Халықаралық сигналдарды осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес мұз операциялары процесінде пайдаланылуы мүмкiн дыбыстық және өзге құралдармен, соның iшiнде радио бойынша берiлетiн Қосымша сигналдарды басшылыққа алады. Мұзжарғыш немесе басқа кеме беретiн кез келген сигналды мұзжарғышқа немесе сигнал берген кемеге жақын келген кемеден бастап жүйелi түрде соңында келе жатқан әрбiр кеме қайталайды.



Осы сигналдар көмегiмен берiлетiн мұзжарғыштың талаптарын кемелер жедел орындайды.

Авариялық жағдайда, керуенде келе жатқан кемелердiң қозғалыс режимiн жедел өзгерту қажеттiлiгi туындағанда, радиомен берiлген «Жүрiстi азайтыңдар», «Дереу кеменi тоқтатыңдар» және «Менiң машинам керi шегiнiске жұмыс iстейдi» деген командалар тиiстi дыбыс сигналдарымен мiндеттi түрде қайталанады.

 

 

§ 2. Кемелер қозғалысын басқаруды ұйымдастыру



 

35. Портқа кiреберiсте және порт акваториясында кемелер қозғалысын басқару жүзеге асырылады. Кемелер қозғалысын басқаруды КҚБҚ немесе сәйкес порт капитанының қызметi жүзеге асырады.

Кемелерге қызмет көрсету мынадай кезекпен жүргiзiледi:

1) авариялық кемелер, көмек көрсету үшiн iлескен кемелер және бортында ауыр науқастары бар кемелер;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі теңiз бөлiмшелерiнiң корабльдерi (катерлері) мен кемелерi;

3) кесте бойынша келе жатқан паромдар мен жолаушы кемелер;

4) тез бұзылатын жүктері бар кемелер;

5) сүйретілетін объектілері бар тіркеп сүйрететін кемелер;

6) қауiптi жүктерi бар кемелер, соның ішінде газ-тасушы, химия-тасушы және мұнайқұю кемелері;

7) желiлiк кемелер;

8) өтiнiмдер түсу уақытына сәйкес басқа да кемелер.

36. КҚБҚ iс-қимылы аймағында жүзу ережелерiн мүдделi ұйымдармен келiсу хаттамасы ресiмделгеннен кейiн КҚБҚ-ға ие-ұйым басып шығарады.



КҚБҚ iс-қимылы аймағында жүзу ережелерi Порт жөніндегі мiндеттi қаулылардың құрамдас бөлiгi болып табылады (оларға қосымшаларда берiлген). Егер КҚБҚ iс-қимылы бірнеше порттардың акваториясын қамтыған болса, жүзу ережелерi барлық осы порттардың мiндеттi қаулыларына кiредi.

37. КҚБҚ iс-қимылы аймағындағы кемелер қозғалысын кемелер қозғалысын басқару (бұдан әрi - КҚБ) орталығы және бекеттерi реттейдi.

38. КҚБ орталығы (посты):

1) КҚБ орталығы (посты) iс-қимылы аймағындағы кіреберістерде кемелерді табуды, кемелермен байланысты орнату, әрбір кеме туралы қажетті деректер тізбесін алуды;

2) кемелердің қозғалысына тұрақты радиолокациялық бақылауды, жағдайдың шиеленісуі немесе кемелердің ережелердi бұзған кезде кемелерге нұсқаулар берудi;

3) КҚБ орталығы (посты) iс-қимылы аймағындағы қозғалысты реттеуді, кемелердің арасындағы белгіленген жолдардың, жылдамдық пен қашықтықтардың сақталуын бақылауды;

4) зәкiрге қоятын жерлерде кеме жағдайына радиолокациялық бақылауды;

5) кемелерге навигациялық жабдықтар құралдарының жұмысындағы өзгерістер туралы деректерді, гидрометеоақпарат, навигациялы-гидрографиялық ақпарат берудi (қажеттiлiк туындаған кезде, сондай-ақ сұрау салу бойынша);

6) авариялық жағдайға әкелуi мүмкiн iс-қимылдар немесе жағдайлар байқалған кезде кемелерге ақпараттар мен нұсқаулар берудi;

7) кемелерді радиолокациялық алып өтуді, онда КҚБ орталығының (посттың) лоцман-операторы алып өтетін кемені қабылданған координаттар жүйесіндегі оның орналасқан орны туралы тұрақты түрде хабарлайды;

8) кемелер, жағалаулық ұйымдар мен қызметтер арасында байланыс орнатуға жәрдемдесудi;

9) КҚБ орталығының (посттың) iс-қимылы аймағында авариялық-құтқару, су түбiн тереңдету, тiркеп сүйреу және басқа арнайы жұмыстарда жәрдемдесудi жүзеге асырады.

39. Кемелердi радиолокациялық алып өту кез келген көрінім жағдайында кеменiң өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады.



Жағалаудағы радиолокациялық станциялармен (ЖРСЖ) жабдықталған барлық порттар мен каналдар, егер КҚБҚ iс-қимылы аймағында жүзу ережелерiнде өзге талаптар қойылмаса, 2 миль және одан төмен көзбен шолып көру кезiнде мiндеттi радиолокациялық алып өту белгiленедi.

40. Радиолокациялық алып өту тәртібін КҚБ орталығының (посттың) операторы порт капитанымен алып өту басталғанға дейiн келiседi.



Радиолокациялық алып өту процесiнде кемелер КҚБ орталығынан (посттан) ақпарат алады және оған қолданылатын iс-қимылдар туралы хабарлайды.

Радиолокациялық алып өтудiң басталуы мен аяқталуын КҚБ орталығы (посты) жариялайды.

41. КҚБ орталығының (посттың) iс-қимылы аймағында кемелер қозғалысы (аймаққа кіру, зәкiрге қою, зәкiрдi көтерiп алу, айлаққа жақын келу және арқандап байлану және қашықтау, қайта арқандап байлану және басқалары) КҚБ орталығының (посттың) рұқсатымен жүзеге асырылады. Егер кеме КҚБ iс-қимылы аймағында жүзу ережелерiмен белгiленген кезең iшiнде рұқсат етiлген iс-қимылдарды бастамаса, рұқсат жойылады және қайтадан сұратылады.

42. Орындау үшін:

1) қозғалыс кезегiне;

2) қозғалыс бағыты мен жылдамдығына;

3) зәкiрге қою орнына;

4) тiкелей қауiптiң алдын алу iс-қимылдарына қатысты КҚБ орталығының (посттың) нұсқаулары болып табылады.

Кеме КҚБ орталығының (посттың) нұсқауларын орындау мүмкiн болмайтын барлық жағдайлар туралы, себептерi мен өзiнiң одан арғы ниетi туралы хабарлайды.

43. КҚБҚ iс-қимылдары аймағына жеткенге дейiн теңiзден келетiн кемелер осы аймақтың қозғалысын реттейтiн КҚБ орталығымен (постпен) ультроқысқа толқында радиобайланыс жасайды.



Кемелердiң КҚБ орталығымен (постпен) байланысқа шығу үшiн арналар мен шақыру белгiлерi КҚБҚ iс-қимылдары аймағында жүзу ережелерiнде көрсетiледi.

44. Кеме КҚБ орталығымен (постпен) бiрiншi байланыс сеансы кезiнде мыналарды:



1) кеменiң түрi мен атауын;

2) аймаққа кіру уақытын;

3) маневр жасау режиміндегі жылдамдығын;

4) мемлекеттік тиесілігін (туын), ал Қазақстан Республикасының кемесiн - иесiнiң атауын;

5) баратын портын;

6) жалпы сыйымдылығы мен Өлшеу куәлігі бойынша негiзгi өлшемдерiн;

7) нақты шөгуiн;

8) жүк түрi мен санын;

9) кеме радиолокациялық станциясының (бұдан әрi - РЛС) жай-күйi туралы мәлiметтердi;

10) жүзу және маневр жасау қауiпсiздiгiне әсер ететiн шектеулер мен РЛС жарамсыздығы туралы ақпаратты хабарлайды.

45. КҚБ орталығының (посттың) сұратуы кезiнде кеме өзiн таныту мақсатында қандайда бiр белгiнiң қасында өзiнiң орнын көрсетуге (әрбiр жеке жағдайда нақты көрсетiледi) немесе таныту маневрлерiн жасауға мiндеттi.

46. КҚБ орталығы (посты) кемеге өзiнiң iс-қимылы аймағына кіруге рұқсат бередi, қозғалыс бағытын, зәкiрге тұру орнын көрсетедi, сондай-ақ басқа қажеттi мәлiметтердi хабарлайды.

47. Бағыты бiрнеше КҚБ орталығының (посттың) аймағы арқылы өтетiн кеме әрбiр аймаққа кiрерде тиiстi КҚБ орталығынан (посттан) оның аймаққа кіру үшiн рұқсат сұрайды.

48. Айлақта немесе зәкiрде тұрған кеме қозғалу басталғанға дейiн ол аймақта орналасқан КҚБ орталығымен (постпен) радио немесе телефон байланысын құрады.

49. КҚБҚ іс-қимыл аймағында жүзу ережелерi кемелердiң белгiлi бiр түрлеріндегi, өлшемдердегi немесе тек белгiленген қозғалыс бағытпен келе жатқан және қосымша шарттарды орындайтын белгiлерi бар кемелерге жеке талаптар белгiлеуi мүмкiн. КҚБ орталығы (бекетi) осындай кемелердiң белгiленген бағыттан тыс қозғалуына ерекше жағдайда ғана рұқсат етедi.

50. Кемелер басқа арна көрсетiлмесе, аймағында болатын КҚБ орталығының (посттың) жұмыс арнасында тұрақты радиовахтаны (кезекшілікті) атқарады.

51. КҚБ орталығының (посттың) кемелермен радиобайланысы, сондай-ақ ағымдағы радиолокациялық ақпарат құжатталады. Жазбалар үш күн бойы сақталады. Егер авариялық оқиға мен авариялық жағдайлар орын алса, жазбалар тергеу жүргiзу аяқталғанға дейiн сақталады.

52. КҚБҚ іс-қимыл аймағында жүзу ережелерiне мыналар қосымшалар ретiнде кiредi:

1) КҚБ орталығы (посты) iс-қимылдары аймағының схемасы;

2) жұмыс арналары мен шақыру белгiлерiн қоса алғанда КҚБ орталығымен (постпен) кемелердiң байланысын ұйымдастыру схемасы;

3) КҚБҚ техникалық мүмкiндiктерi туралы капитанға ақпараты.

 

 

3. Кемелердiң портқа кіруi және порттан шығу тәртібі



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет