Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы



бет4/7
Дата07.07.2016
өлшемі437 Kb.
#183310
1   2   3   4   5   6   7
3. ТЖК-ні беру және ұзарту тәртібі

 

27. ТЖК-нің толтырылған бланкісі, өтініш беруші ұсынған құжаттар және теңізшінің жеке куәлігін беру үшін негіздерді тексеру нәтижелері туралы қорытынды ТЖК беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті ПТӘ-нің лауазымды тұлғасына жіберіледі. Қарау нәтижелері және ТЖК беру туралы шешім ТЖК ресімдеу және беру туралы негіздерді тексеру нәтижелері туралы қорытындының «ТЖК беру туралы белгі» деген бөлімге енгізіледі.

28. ТЖК беру мынадай негіздерде жүзеге асырылады:

1) өтініш беруші осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген талаптарға жауап берсе;

2) ТЖК беру тиісті Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісілсе;

3) өтініш берушіде жарамдылық мерзімі өтпеген бір ғана ТЖК бар болса.

29. Бұрын теңізшінің жеке куәлігін ресімдеу туралы анықтама алған өтініш берушіге теңізшінің жеке куәлігін беру осы Қағидаға 9-тармаққа сәйкес ресімделген теңізшінің жеке куәлігін беру туралы өтініш және осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген, өтініш берушінің кемедегі жұмысын растайтын құжаттардың бірін ұсынған кезде жүзеге асырылады.

30. Жаңа ТЖК беру:

1) қолданылу мерзімі өткен;

2) жоғалған немесе бүлінген;

3) иесінің тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

31. Жаңа теңізшінің жеке куәлігін беру бұрын берілген теңізшінің жеке куәлігін тапсырғаннан кейін немесе оны иесі жоғалтқан болса, теңізшінің жеке куәлігі жарамсыз деп жарияланғаннан кейін жүзеге асырылады.



ТЖК жоғалған жағдайда оның иесі үш жұмыс күні ішінде жеке немесе кеме капитаны арқылы бұл туралы үйлестіру орталығына немесе Қазақстан Республикасында берілген ТЖК электрондық дерекқорға оның жоғалғаны туралы ақпарат енгізетін ПТӘ-ге жазбаша хабарлауы тиіс.

Бұдан бұрын берілген ТЖК-ң жоғалуына немесе бүлінуіне, сондай-ақ иесінің тегі, аты немесе әкесінің атының өзгеруіне байланысты жаңа ТЖК беру осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

32. Қолданылу мерзімі өткен соң теңізшінің жеке куәлігі ауыстыруға жатады.



ТЖК беру туралы өтінішті өтініш беруші ПТӘ-ге осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген ТЖК-ні ресімдеу мерзімін, кеме иесімен еңбек шартында көзделген кемеде жұмыс істеу ұзақтығын ескере отырып, алдын ала береді.

33. ТЖК өтініш берушіге өзінің жеке тұлғасын куәландыратын құжатын ұсынған кезде теңізшінің жеке куәлігін беру журналына қол қойғыза отырып жеке өзіне беріледі.



ТЖК-ге беру алдында ТЖК толтырылуының дұрыстығын тексеру және ТЖК-ге енгізілген биометрикалық деректерді пайдалана отырып ТЖК иесінің тұлғасының сәйкестігін тексеру жүргізіледі.

Берілген ТЖК туралы ақпарат ПТӘ электрондық дерекқорына енгізіледі және үйлестіру орталығына жіберіледі.

Өтініш берушінің талабы бойынша ПТӘ ТЖК-ға енгізілген арнайы техникалық құралдарсыз оқыла алмайтын оған қатысты кез келген деректерді тексеруге мүмкіндік беретін жабдыққа рұқсат беру қамтамасыз етіледі.

ТЖК-ны теңізші паспортының орнына беру кезінде соңғысы күшін жояды және сақтау үшін оның иесіне қайтарылады.

34. Түзетулері бар ТЖК-ны беруге жол берілмейді. Толтыру кезінде бүлінген ТЖК бланкілері есептен шығарылады және акт бойынша жойылады.

35. ТЖК қолданылуын оны берген орган ТЖК берген орынға келуге және осы Қағида белгіленген тәртіппен жаңа ТЖК ресімдеу өтініш беру үшін қажетті күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзарта алады. Бұл ретте ТЖК ұзарту Қазақстан Республикасының аумақтық суларының шегінде жүзетін қазақстандық кемелерде жұмыс істейтін адамдарға ғана жүзеге асырылады.

ТЖК иесі еркін нысанда ТЖК көшірмесін және оның жүзіп жүргенін растайтын кеме иесінен құжатты қоса беріп, ПТӘ-ге өтініш жолдайды.

 

 

4. ТЖК-ні алып қою тәртібі



 

36. ТЖК-ні алып қою:

ұлттық қауіпсіздік органынан бұдан бұрын берілген ТЖК беруге келісім беруді қайтару туралы хат алған кезде;

ТЖК иесінің Қазақстан Республикасында азаматтығын тоқтатқан кезде;

шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқығы тоқтаған кезде;

ТЖК иесінде қолданылу мерзімі аяқталмаған екінші ТЖК болуы анықталған кезде жүзеге асырылады.

37. Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған ТЖК-нің иелері ТЖК-ні ПТӘ-ге, ал Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратындар - ТЖК берген жерге кейін жіберу үшін оларға тұруға құқық берген мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне беруге міндетті.



Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын жоғалтқан шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар ТЖК-ні ПТӘ-ге, ал Қазақстан Республикасынан тысқары жердегілер - ТЖК берген жерге кейін жіберу үшін оларға тұруға құқық берген мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне тапсыруға міндетті.

ТЖК-ні қателесіп немесе заңсыз беру туралы ақпарат алынған жағдайда осы ақпарат ТЖК беру үшін негіздердің болуын қайталап тексеру мақсатында және берілген ТЖК қолданысын тоқтата тұру және алып қою жөнінде шаралар қабылдау ақпаратының дұрыстығы расталған жағдайда үйлестіру орталығына және осы ТЖК-ні берген ПТӘ-ге жіберіледі.

Табылған ТЖК және қайтыс болған адамдардың ТЖК-лері үйлестіру орталығына немесе мекенжайы ТЖК-де көрсетілген, осы ТЖК-ні берген ПТӘ-ге жіберіледі.

38. ТЖК-ні алып қоюды ПТӘ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.

ПТӘ немесе ТЖК-ні алып қойған орган ол алып қойылған тұлғаға осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес ТЖК-ні алып қою туралы анықтама беріледі.

ТЖК алып қою туралы ақпарат үйлестіру орталығына, ал алып қойылған ТЖК оны берген мекемеге жіберіледі.

39. ТЖК-ні алып қою кезіндегі іс-қимылға мынадай рәсімдер кіреді:



1) ТЖК иесін осы Қағиданың 17-тармағында көзделген ТЖК иесіне қойылатын талаптарға енді жауап бермейтіндігі, өзі алған ТЖК-ні ПТӘ тапсыру немесе хабарламамен бірге пошта жөнелтілімі мен ПТӘ-ға ТЖК жіберу ұсынысымен бір уақытта хабардар ету;

2) ТЖК-ні алып қою туралы ақпаратты электрондық дерекқорға енгізу;

3) уәкілетті органның ТЖК-ні алып қою туралы шешім қабылдағаны туралы ұлттық қауіпсіздік органдарына хабарлау;

4) ТЖК-нің қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпаратты баспасөзге орналастыру.

 

Теңізшінің жеке куәлігін ресімдеу,



беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ

алып қою қағидасына

1-қосымша

 

 

_____________________________________________________________________

(өтініш-сауалнаманы келісуге жіберетін мекеменің атауы мен мекенжайы)

 

20 __ ж. ______ №_____ __________

 

Фотосурет үшін орын

(мөрмен 

куәланды-

рылады)





 

 

Теңізшінің жеке куәлігін беру туралы

ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

 

1. Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), егер ол өзгертілсе, қашан және қайда)

2. Туған жылы, айы, күні ________________ 3. Жынысы____________

4. Туған жері_______________________________________________________________________________________________________________

(республика, облыс, елді мекен)

5. Тұратын жері (Тіркелген)___________________________________________________________________________________________________

(индекс, республика, облыс,

__________________________________________________________________________________________________________________________

(елді мекен, көше, үй, пәтер, телефон)

6. Азаматтығы______________________________________________________________________________________________________________

7. Басқа елдің азаматтығы (егер бар болса көрсету)________________________________________________________________________________

8. Тұлғаны куәландыратын негізгі құжат

__________________________________________________________________________________________________________________________

сериясы_________нөмірі_________20_____ жылғы____________берілген

__________________________________________________________________________________________________________________________

(берген мекемені көрсету)

9. Шетелдік паспорт (егер бар болса) сериясы________№________________

20 __ жылғы « ___ » ____________ берілген

_________________________________________________________________________________________________________________________

(берген мекемені көрсету)

10. Теңізшінің жеке куәлігін алу: бастапқы, пайдаланғанның, бұзылғанның, жоғалғанның орнына (тиістіні сызу).

11. Оқу орындарында оқуды және әскери қызметті қоса, соңғы бес жылға еңбек кітапшасынан және теңізде жүзу кітапшасынан еңбек қызметі туралы көшірме:

 

Айы және жылы

Қысқартусыз министрлікті (ведомствоны), әскери бөлімнің нөмірін көрсетумен лауазымы және жұмыс орны

Кәсіпорынның, ұйымның, әскери бөлімнің тұрған жері (мекенжайы)

түсуі

шығаруы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Өтініш-сауалнаманың екінші жағы)

Айы және жылы

Қысқартусыз министрлікті (ведомствоны), әскери бөлімнің нөмірін көрсетумен лауазымы және жұмыс орны

Кәсіпорынның, ұйымның, әскери бөлімнің тұрған жері (мекенжайы)

түсуі

шығаруы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш берушінің өтініш-сауалнамада көрсетілген мәліметтер Қазақстан Республикасы аумағында тұлғаны куәландыратын негізгі құжатпен, еңбек кітапшасымен және теңізде жүзу кітапшасымен салыстырылған.

 

20__жылғы ______ ______________________________________________________________________________________________

(ұйымның немесе кадрлық бөлімше басшысының қолы, аты-жөні, тегі, телефоны)

 

М.О.

 

Маған өтініш-сауалнамада жалған мәліметтерді хабарлау және жасанды құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.

 

20 __ жылғы «____»________________

(күні)

 

 

 

(өтініш берушінің қолы)

 

Мен,__________________________________________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

жеке деректерімді, саусақ таңбаларының биометрикалық шаблондарын және цифрлық фотосуретті пайдалануға, соның ішінде оларды шет мемлекеттердің иммиграциялық және басқа да құзыретті органдарына тапсыруға, қажет болған кезде теңізшінің жеке куәлігін пайдалана  отырып, менің тұлғамды сәйкестендіруге байланысты мәселелерді менің мүддемде шешуге рұқсат етемін.

 

20 __ жылғы «____»________________

(күні)

 

 

 

(өтініш берушінің қолы)

 

Құжаттарды қабылдау күні  «__»__________ 20 _ ж.   Тіркеу №

________________________________________________                __________________________

          (өтініш-сауалнама қабылдаған тұлғаның лауазымы)                                          (қолы,тегі,аты-жөні)

 

Теңізшінің жеке куәлігі берілді

№                                KAZ _______________________20_______ж

           (нөмірді көрсету)                 (берілген күні)

 

Теңізшінің жеке куәлігін ресімдеу,



беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ

алып қою қағидасына

2-қосымша

 

 

20 __ ж. ______

_____

 

Кеме иесінің немесе ұйымның теңізшінің жеке куәлігін беруге

_______ ҰСЫНЫСЫ

 

_________________________________________________________________________________________________________________________

(Теңіз порты әкімшілігінің басшысына)

________________________________________________________________________________________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (егер болса)

________________________________________________________________________________________________________________________

(туған күні және жері, азаматтығы)

____________________________ Теңізшінің жеке куәлігін беруді сұраймын

Ерекше белгілері___________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________лауазымына тағайындалған

________________________________________________________________________________________________________________________

(кеме атауы, кеме иесі)

жұмыс орнын ұсынылғанын куәландыратын құжаттар

________________________________________________________________________________________________________________________

Негіздеме:________________________________________________________________________________________________________________

______________________ 20____ жылғы  ___ ____________ № ____ бұйрық

_____________________________________________________________________

 

__________________

_______________

_______________

(лауазымы)

(қолы)

(аты-жөні)

 

М.О.

 

Теңізшінің жеке куәлігін ресімдеу,



беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ

алып қою

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет