9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген теңізшінің жұмысы туралы мәліметтерді онымен еңбек шартын жасасқаннан кейін теңізде жүзу кітапшасы ізденушісінің (кеме иесінің) жұмыс беруші кеме иесі растайды.
11. Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемедегі жұмысының басталу күні және оның кемедегі жұмысы басталған порт туралы, сондай-ақ осы Қағиданың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерге кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды тұлға қол қояды және кеме мөрімен расталады.
12. Өтініш берушіге теңізде жүзу кітапшасын беру ол жеке тұлғасын куәландыратын негізгі құжатты ұсынған кезде жеке жүзеге асырылады.
Теңізде жүзу кітапшасын алу кезінде өтініш беруші осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес теңізде жүзу кітапшасын беруді есепке алу журналына қол қояды.
13. Жүргізілуі тоқтатылған теңізде жүзу кітапшасында соңғы парағына оны жүргізу тоқтатылғаны туралы және осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес пайдаланылғанның орнына жаңа теңізде жүзу кітапшасын беру туралы мөртабан қойылады.
Теңізде жүзу кітапшасы аяқталған соң, ол иесінде қалады.
14. Теңізде жүзу кітапшасы жоғалған жағдайда жаңа теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу оның кемедегі жұмысы туралы анықтаманы немесе кемедегі жұмыс туралы соңғы еңбек шартының көшірмесі қоса берілген өтініш негізінде осы Қағиданың 8-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Кемедегі жұмысы туралы анықтама кемедегі жұмысы туралы келесі мәліметтерден тұрады: кемедегі жұмысы басталған күні және кемедегі жұмысы басталған порт, кемедегі жұмысы аяқталған күні және теңізші кемедегі жұмысын аяқтаған порт.
Теңізде жүзу кітапшасын
ресімдеу және беру қағидасына
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(теңізде жүзу кітапшасын беруге құқығы бар ұйымның атауы)
Фотосурет үшін орын
(мөрмен куәландырылады)
|
Теңізде жүзу кітапшасын беру туралы
ӨТІНІШ
1. Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), егер ол өзгертілсе, қашан және қайда)
2. Туған күні, айы, жылы __________________ 3. Жынысы________________
4. Туған жері
_________________________________________________________________________________________________________________________
(республика, облыс, жергілікті пункт)
5. Тұрғылықты (тіркелген) жері
________________________________________________________________________________________________________________________
(индекс, республика, өлке, облыс,)
_________________________________________________________________________________________________________________________
(елдімекен, көшесі, үй, корпус, пәтер, телефон)
6. Азаматтығы
_________________________________________________________________________________________________________________________
7. Басқа мемлекеттің азаматтығы (егер болса көрсету керек)_______________________________________________________________________
8. Жеке басты куәландыратын негізгі құжат
_________________________________________________________________________________________________________________________
сериясы _____________ нөмірі _______________ 20__ жылғы ___________берілді.
_________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________
(кім бергенін көрсету керек)
Теңіз кемесінде жұмыс істейтінімді растау үшін мыналарды ұсынамын:
________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________
(ұсынылған құжаттарды, олардың нөмірлерін, қашан және кім бергенін атап өту)
20__ жылғы ____________
|
_______________
|
_______________
|
(күні)
|
(қолы)
|
(аты-жөні)
|
ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ БЕРІЛДІ
№ ТЖК _____________ Берілген күні 20___ жылғы «____» _______.
___________________________________ ___________ __________________
(теңізде жүзу кітапшасын беру туралы (қолы) (аты-жөні)
шешімді қабылдаған тұлғаның лауазымы)
Теңізде жүзу кітапшасы №________ журналда №___________ тіркелді.
Теңізде жүзу кітапшасын
ресімдеу және беру қағидасына
2-қосымша
Теңізде жүзу кітапшаларын беруді есепке алу журналы
Р/с №
|
Теңізде жүзу кітапшасының нөмірі
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Лауазымы, кеменің атауы, кеме иесі (жалға алу және жұмыспен қамту ұйымының атауы)
жазбаша өтініш
|
Кеме бортында жұмыс істейтінін растайтын құжат
|
Берілген
күні
|
Алған кездегі қолы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Теңізде жүзу кітапшасын
ресімдеу және беру қағидасына
3-қосымша
Теңізде жүзу кітапшасын жүргізуді тоқтату және пайдаланылғанның орнына жаңадан берілген теңізде жүзу
кітапшасын беру туралы мөртабан
----------------------------------------------------
|
------------------------------------------------------
Теңізде жүзу кітапшасын жүргізу
тоқтатылды
Теңізде жүзу кітапшасы берілді
№ ТЖК 20__ жылғы «_____» ________
__________________________________
(ұйым атауы)
________________ __________ _____________
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
|
-----------------------------------------------------
|
-------------------------------------------------------
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен
бекітілген
Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою
қағидасы
1. Осы Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін айқындайды.
2. Дипломдарды растау:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына;
2) шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
3. 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару конвенциясына және осы Конвенцияның түзетулеріне (бұдан әрі - ТДДВА) конвенциясына қатысушы басқа мемлекеттер берген дипломдар ТДДВА конвенциясында көзделген жағдайларда және шет мемлекеті берген дипломын тану туралы растауды бере отырып, дипломдарды өзара тану туралы халықаралық келісімдер болған кезде танылады.
4. Шет мемлекеті берген дипломдарды растауды осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсына отырып, өтініш жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - Порттың теңіз әкімшілігі ресімдейді және береді:
осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломды растау немесе мерзімін ұзарту туралы өтініш қолмен, анық жазумен немесе жазу құрылғысымен толтырылады, түзетулерге рұқсат етілмейді;
фотосурет 30х40 миллиметр - 2 дана;
теңізшінің жеке куәлігінің немесе теңізшінің паспортының көшірмелері (болған жағдайда);
өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрған жері немесе уақытша тұрған жері бойынша тіркелуі туралы анықтама;
тұруға ықтиярхат көшірмесі және тұрған жері немесе уақытша тұрған жері бойынша тіркелуі туралы анықтама (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
қолданылу мерзімі кемінде алты айдан кейін аяқталатын диплом көшірмесі;
көруге және естуге қатысты жарамдылықты қоса алғанда, мерзімділігі екі жылдан аспайтын денсаулық жағдайы бойынша кемелердегі жұмысқа жарамдығын растайтын құжат көшірмесі. Шетелдік денсаулық жағдайы туралы куәлік және анықтама қабылданбайды;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж төлемін растайтын құжаттың көшірмесі.
Дипломды растаудың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда бұрын берілген растаудың түпнұсқасы ұсынылады.
Теңіз білім беру мекемелерінің түлектері оқу кезінде тренажерлық дайындықтың өткені туралы өтініш-анықтама ұсынады.
Жоғарыда аталған құжаттардың барлық көшірмелері түпнұсқаларымен бірге салыстыру үшін ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
5. Жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін үміткер біліктілік сынақтарынан өтуге жіберіледі.
6. Біліктілік сынақтарын өткізу үшін ПТӘ Теңіз біліктілік комиссиясын (бұдан әрі - ТБК) құрады. ТБК жұмысына ПТӘ, білім беру мекемелерінің, ғылыми, қоғамдық ұйымдардың және кеме иелерінің қызметкерлері тартылады.
Біліктілік сынақтары сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағдарлама бойынша практикалық емтиханнан өту әдісімен жүргізіледі. Біліктілік сынақтарының қорытындылары бойынша кандидатқа біліктілік сынақтарынан өткені туралы хаттама беріледі.
Біліктілік сынақтарынан өтудің нәтижесі теріс болған жағдайда үміткер күнтізбелік үш ай өткеннен кейін дипломға растауды беруге қайта жүгінуі және біліктілік сынақтардан өтуі мүмкін.
Дипломдарды растауды беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді ПТӘ біліктілік сынақтардан өту жөніндегі хаттама негізінде қабылдайды.
7. Дипломды растау мемлекеттік (немесе орыс) және ағылшын тілдерінде толтырылады.
8. Біліктілік сынақтарынан өтудің оң нәтижесінде дипломдарды растау немесе олардың мерзімін ұзартуды растау үміткердің өтініші қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде және дипломның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
9. Дипломдарды растау кеме капитаны кеме экипажы мүшесіне төмендегідей ақпарат ұсынған кезде:
экипаж мүшелері дипломға сәйкес өз міндеттерін орындау кезінде олардың құзыретсіздігі, әрекет еткені немесе әрекет етпегені, тәртіптік бұзушылықтар туралы;
теңізде адамдар өміріне, мүліктің сақталуына тікелей қауіп төнген немесе теңіз ортасына залал келтірілген жағдайда ПТӘ алып қояды.
10. Дипломдарға растау расталған дипломның қолданылу мерзімі өткен соң, сондай-ақ осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда күшін жоғалтады.
11. Жоғалғандарының орнына және бүлінген (зақымданған) кезде оларды одан әрі пайдалану үшін жарамсыз ететін жағдайда дипломдардың жаңа растауын беруді ПТӘ дипломдардың бастапқы растауы үшін осы Қағидада белгіленген мерзімде және тәртіппен жүзеге асады.
12. Дипломдардың растауын алып қою кезіндегі әрекет мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) дипломдар растауының иесіне оның біліктілік сынақтардан өту кезінде қойылатын талаптарға сай келмейтіндігі туралы, ол алған диплом растауларын ПТӘ-ға тапсырсын және хабарламамен бірге пошта жөнелтілімі арқылы ПТӘ-ға дипломдар растауын жіберсін деген ұсыныспен бір мезгілде хабардар ету;
2) дипломдарды растауды алып қою туралы ақпаратты дерекқорға енгізу;
3) дипломдарды растауды алып қою туралы ақпаратты баспасөзге орналастыру.
ПТӘ есеп жүргізеді және тоқсан сайын сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органға берілген және алып қойылған растаулар туралы мәлімет ұсынады.
Дипломдарды растауды
ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту,
сондай-ақ алып қою қағидасына
қосымша
ДИПЛОМДАРДЫ РАСТАУДЫ (РАСТАУДЫҢ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУДЫ)
БЕРУГЕ ӨТІНІШ
A
|
Тегі
|
B
|
Аты (аттары)
|
C
|
Туған күні (кк-аа-жжжж)
|
D
|
Ту мемлекетінің растауды қайтаруға арналған мекенжайы
|
|
|
|
|
E
|
ТДДВА қағидасына сәйкес лауазымы
(II\1 ережесі, вахта жұмысын атқаруға жауапты командалық құрамдағы лауазым)
|
F
|
Диплом № _________
Берілген күні __________
Қолданылу мерзімі ___________
| -
Фотосурет мөлшері
30 х 40 мм
|
|
___________________ ___________________ _____________________
Қол қою орны Қол қойған күні Өтініш берушінің қолы
|
|
G
|
Кеме қатынасы компаниясының растауы:
|
|
(Экипажды жасақтау бойынша шетелдік агенттік тек кеме қатынасы компаниясы уәкілетті органға сондай агенттікті өз атынан өтінішті бекіту үшін уәкілеттенгенін анықтайтын жазба өтінішті жолдаған жағдайда ғана кеме қатынасы компанияны ұсына алады)
______________ ___________________ _____________
Қол қою орны Қол қойған күні Өтініш берушінің қолы
|
|
Бағалау:
|
|
|
|
Жұмыс сынағынан өтеуге тиіс өтініш беруші
|
|
Қосымша лауазымдарда жұмыс істеу үшін өтініш беруші
|
Достарыңызбен бөлісу: |