6-параграф. Радио қондырғыларындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары. 162. Апаттық жағдайлардағы қалпына келтіру жұмыстары, сонымен қатар қысқа мерзімді, жедел апатқа әкелу жұмыстарын (жылыту байланыстарын тазалау және тарту, кірленген ажыратқыштарды тазалау) наряд жазбай-ақ жүзеге асыруға болады:
1) кезекші қызметкерлерге (кернеуі 1000 В жоғары, екі адамнан кем емес);
2) егер жазып шығару және нарядты рәсімдеу апат нәтижесін жоюды тартумен байланысты болса, кезекші қызметкердің бақылауында жөндеу қызметкерлерге;
3) кезекші қызметкер бос болмаған жағдайда, радио қондырғысына қызмет ететін V дәрежелі (1000 В төмен болса, IV дәрежелі) әкімшілік-техникалық қызметкердің бақылауында жөндеу қызметкеріне.
163. Жұмыстар қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түгел техникалық шараларды өткізу арқылы жүргізіледі.
Кезекші қызметкердің апат нәтижесін жою үдерісіне қатысу-қатыспауын (тікелей немесе жұмысшылардың нарядсыз жұмысының сапасын бақылаушы ретінде) ұйым жетекшісі шешеді.
164. Апат пен зақымдалуды жою, қондырғы жұмысының үзілісін қысқарту мақсатында уақытша байланыстыру және айналма шынжырларды қолдануға рұқсат етіледі.
165. Уақытша байланыс пен айналма шынжырлар жабдықтың электр және механикалық блоктау жүйесін бұзбауы қажет.
166. Уақытша байланыс пен айналма шынжырларды орнатқанда кернеуі 1000 В жоғары жабдық қоршауының арғы бетіне немесе кем дегенде 2,5 м биіктікте асылуы қажет.
Осындай байланыстарда кабель металл қаптамада болса, қаптама екі жағынан жерге тұйықталуы қажет.
167. Уақытша байланыс пен айналма шынжырларды қондырғанда қолданылатын сымдар мен кабельдер зақымдалған тізбектегі кернеу мен токка сәйкес ажыратқыштар мен кесінділерге ие болуға тиісті.
168. Ауысым басшысы түгел уақытша байланыстар мен айналма шынжырлар және басқа да апатты жою мақсатында жасалған жұмыстар жөнінде операция журналында жазбалар жасап, оны ауыстыруға келген кезекші қызметкерге жабдықтың уақытша қайта қалпына келтірілген аймақты пайдалану жөнінде нұсқаулар береді. Сонымен қатар, оны ауыстырып жатқан қызметкерді жабдықты дұрыс пайдалану ережесімен таныстырады.
169. Уақытша қалпына келтірілген жабдықта келесі техникалық байқаудан кешіктірмей, бүкіл уақытша байланыстар мен айналма шынжырлары алынады. Уақытша байланыстар мен айналма шынжырларды жою жөнінде операция журналында жазба жасалады.
14. Өндіріс алаңдарына қойылатын талаптар Спутник байланысының жер станцияларына, телевизиялық, дыбыс жазатын және радиостанцияларына қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптары 1-параграф. Спутник байланысының жер станциялары 170. Антенна жүйесіне техникалық қызмет ету жұмыстарын екі адамнан кем емес бригада атқарады.
171. Тірек-бұрылатын құрылғыларында жұмыстар жүргізбестен бұрын:
1) сөндіру керек:
электр жетегі жүйесінің бүкіл қажетті жабдықтарын;
тірек-бұрылатын құрылғысының жетегін блоктау;
2) «Қосуға болмайды. Адамдар жұмыс істеп жатыр» плакатын жетекті блоктау ажыратқышына, жетекті басқару пультіне (тіреуге) ілу.
172. Антенна айнасында жұмыстар өткізбестен бұрын орындау қажет:
1) антеннаны тік («Зенит» күйінде) орнату;
2) осы Талаптардың 193, 194 тармақтарындағы шарттарға сәйкес орындалуы тиіс.
3) сөндіріп тастау:
таратқыштардың электр және механикалық блоктауларын;
сигналды жарық көзін;
4) «Қосуға болмайды. Адамдар жұмыс істеп жатыр» плакатын хабарлағыштарға, сигналды жарықтың жалғаушы жабдығына ілу.
Аппаратты хабарлағыштарда жұмыстар жүргізген кезде, РМБ кілті жұмыс жетекшісінде болады.
173. Антенна айнасындағы жұмыстар түнгі уақытта, жақсы жарықтанған жерде сақтандыру белдігі мен қанаты және қорғаныс қалпақ көмегімен жүзеге асырылады. Антенна жүйесіне көтерілген (төмен түскен) жағдайда арнайы құрылғылар, құралдар мен тіреулер арнайы монтерлік дорбада орналасады.
174. Антенна айнасын қардан тазалау жұмыстары келесі талаптарды орындау арқылы жүзеге асады:
жұмыс кезінде арнайы қырғыштар мен ұзын сапты қылшақтар қолданылады. Қызмет етушілер арнайы қысқы киімде және қорғаныс қалпақтарында болуы тиісті. Еңкейтілген антенна айнасының астында тұруға тыйым салынады.
175. Жұмыс алдында қызмет ету алаңдары мен сатылар қардан, мұздан, май мен балшықтан тазаланады. Қызмет ету алаңына көтергеннен кейін люктар жабылады.
176. Антенна жүйесінде жұмыс жасау барысында жел жылдамдығы 10 м/сек аспауға тиісті.
177. Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарында дәнекерлегішті және кернеуі 42 В аспайтын тасымалды электр шамын қолдану қажет.
178. Бүкіл электр құралдары, жүйелері мен тірек бұрылатын құрылғы корпусы ортақ тұйықтандыру корпусымен жалғасқан. Жабдық және тұйықталу контурының арасындағы өтпелі кедергінің ең жоғары мәні 0,1 Омнан кем болмауы керек. Өтпелі кедергіні тексеру жылына бір реттен кем емес, әр жөндеу жұмыстары мен жабдықты көшіру кезінде тексеруден өткізеді.
179. Такелаж жұмыстарын өткізу үшін алдын ала қарастырылған жүк көтеру құралдары мен ырғытқыш ілгектерін қолдану қажет.
180. Антеннаға техникалық қызмет көрсету кезінде болмайды:
1) антеннадағы жұмыстарды жеке дара орындау;
2) орындалып жатқан жұмысқа қатысы жоқ адамдарға антеннада тұруға;
3) хабарлағыштан немесе басқа да қуат көзінен антеннаға қуат жүргізу уақытында кез келген жұмыстар жүргізу;
4) электр жетегі көмегімен антенна айналып жатқан уақытта жұмыстар жүргізу.
2-параграф. Тасымалды телевизиялық, дыбыс жазатын, ұялы телевизиялық спутник және тасымалды радиостанциялар 181. Электр тогымен зақымдалу қаупі бойынша тасымалды телевизиялық, дыбыс жазатын, ұялы телевизиондық спутник және тасымалды радиостанциялар (бұдан әрі – станциялар) өте қауіпті бөлмелерге жатады.
182. Станциядағы қызмет көрсететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, күшейткен кезде ол жерге тұйықталу керек. Едені диэлектр кілемімен жабылған болуы тиіс.
183. Жеке электр станциядан станция жұмысында станцияның өзін де, электр станциясының агрегат корпусын да жерге тұйықтау керек. Станция өзіндік істігімен жерге тұйықталып, электр көзіне қосылған жағдайда жерге тұйықталу керек. Станция қызметкерлерінің көзінше электр жүйесін қосуды тек ұйымның электр қалқанын пайдалануға құқығы бар электр техникалық қызметкері ғана іске асырады.
184. Дизель қондырғыларында қызмет атқаратын жұмысшы дыбыс жұтқыш құлаққапта ғана жұмыс жасауы тиіс. Жерге тұйықталмаған қорапты машинада жұмыс жасауға тыйым салынады.
15. Антенна-діңгектік және фидерлік құрылымдарды пайдаланудың қауіпсіздік талаптары 1 параграф. Жалпы талаптар 185. Антенна-діңгектік құрылымдарды (АМС) жөндеу және қызмет ету жобасына немесе ұйым жетекшісімен бекітілген осы Талаптардың шарттарын орындайтын нұсқауға сәйкес болуы керек.
186. Қоршауға алынбаған құрылымдарда немесе қоршаудың арғы бетіне шығып істеу керек жұмысты жоғары өрмелегіш жұмысшылар атқаруы керек.
Өздігінен өрмелеп шығушы жұмысын 18 жастан кіші емес, медициналық тексеруден өтіп, жарамды деп танылған, бір жылдық тәжірибесі бар кем дегенде III санатты қызметкер атқаруы керек. Бірінші рет жоғарыға өрмелеп шыққан жұмысшылар жұмысын бір жыл бойы ұйым (бөлімше) бұйрығымен бекітілген тәжірибелі әріптестерінің бақылауында орындауға тиісті.
Жер бетінен, үстінде жұмыс жүргізілетін жабыннан немесе жұмыс төсенішінен 5 м биіктіктегі жұмыс өрмелелеп шығу жұмысы болып табылады. Сонымен қатар, жұмысшыларды биіктіктен құлаудан құтқаратын – сақтандырушы белбеу.
187. Тірек ортасынан аймақ биіктігінің 1/3 бөлігіне тең қашықтықта жатқан аймақ пайдалану кезінде діңгектер мен мұнаралардың маңайындағы қауіпті аймақ болып табылады. Антенна-діңгектік құрылымдарынан мұз бен қар құлауы мүмкін қауіпті аймақтағы қызметкерлерді қорғау келесідей жүргізіледі:
а) қауіпті аймақтарға «қауіпті аймақ» деген белгі қою;
б) қызметкерлердің жиі жүретін аймақтарда қорғау торын қою;
в) көктайғақ қаупі туралы нұсқаулар жасап, нұсқамалар жүргізу.
Қауіпті аймақтарда тек сонда жұмыс жасайтын адамдарға ғана, қорғау қалпақтарын киіп отыруға рұқсат етіледі.
Радио станцияларын, теле орталықтарын, телевизионды ретрансляторларды жеткізетін антенна аймақтарында онда қызмет етпейтін бөгде адамдарға жүруге рұқсат жоқ.
188. Адамдарға антенна – діңгек құрылымдарына кіруге рұқсат жоқ, егер:
1) 42 В жоғары кернеу алынбаса;
2) найзағай кезінде, немесе найзағайдың болуы жорамалданып жатса;
3) көктайғақта, қатты жаңбырда, қалың қар мен тұманда;
4) сақтандыру белдігінің карабині люлькаға бекітілмеген болса;
5) қараңғыда;
6) сынақ мерзімі шыққан көтеру құрылғысында;
7) зақымдалған арқандарда;
8) жүкарба жарамсыз болса;
9) қорғаныс қалпақ және белдік болмаған жағдайда.
Қоршауға алынған қайырмалы люгі бар түтік тіректерінің аралықтарында бір уақытта антенна-діңгекпен жұмыс жасаушы бір маманнан артық жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар, люктар жабулы тұру керек.
189. Апатты жою мақсатында тіректерде қараңғы уақыттарда жұмысты тек ұйым жетекшісінің рұқсатымен ғана істеуге болады. Сонымен қатар, сәйкесінше жарық түсіп тұруы керек.
190. Антенна-діңгекпен жұмыс жасаушы маман міндеттері:
1) жарамды сақтандырушы белдікте болып, жұмыс уақытында тірек конструкциясына тізбекпен бекінген болуы керек. Діңгекке монтерлік тырнақпен көтерілген кезде, тартқыштар бекінген бугель арқылы қауіпсіз өту мүмкіндігі болуы тиіс. Осы кезде екі тізбекті белдікті қолданған жөн.
2) жөндеу жұмыстарын тіректе орындап, конструкциясына сақтандырушы белдікпен бекінуге.
3) шеберханалар мен жер бетінде – қауіпсіз аймақтардан басқа жерлерде, қорғаныс қалпақ пен арнайы металл шегесі жоқ аяқ киімде жұмыс жасау керек.
191. Антенна – фидер құрылымдарында жұмыс жасаған кезде брезент қолқап кию керек.
192. Антенна-діңгек құрылымдарындағы жұмыстарын кем дегенде екі діңгек жұмысшысы атқару керек. Олардың бірі бақылаушы болуы керек.
Бақылаушы қауіп аймағынан тыс болады да, ағаш тіректерінде болуы мүмкін жұмыстарда монтер белдігі мен тырнаққа ие болады.
193. Дәнекерлегіш жұмыстар көтергіш құрылғының инвентарлық люлькасынан жасалады. Люлька жүк арқанына ажыратқыш арқылы ілінеді де, оның құлауын болдырмайтын шаралар жасалады.
194. Найзағай кезінде және найзағай жақындағанда, жерге тұйықталған орындарға жақындауға болмайды. Антенна алаңында жұмысты тоқтатып, адамдарды бөлмеге кіргізу қажет. Жерге тұйықталу орындарында «Абай болыңыз! Кернеу» деген белгі ілу керек.
195. Бір уақытта бірнеше таратқыш жұмыс жасайтын радио орталықтарында, тіректерде, антенналарда және фидерлерде тек жұмыс орнына кернеуді минималды түрде жүргізетін тасымалды жерге тұйықтау орнатылғаннан кейін ғана жұмыс жасауға болады.
196. Қабылдау орталықтарының антенна-фидерлік құрылғыларының жұмыстары нарядсыз, тек операция журналында тіркелу арқылы ғана жасалады.
197. Ауысым басшысы антенна құрылғыларында жұмыс жасаудан бұрын осы Талаптардың 9-қосымшасында көрсетілген нарядтағы техникалық шараларды өткізіп қана жұмыс орнына кіруге рұқсат етеді.
198. Антенна коммутаторын сөндірген адам «Қосуға болмайды. Адамдар жұмыс жасап жатыр» деген тыйым салушы плакат іледі.
199. Хабарлағышта тек бір антенна ғана болса, ол антеннадағы немесе фидердегі жұмыстар нарядсыз сөндірілген хабарлағышта жүргізіледі. Тек операция журналында тіркелу қажет.
Бұл жағдайда ауысым басшысы ажыратқышты немесе механикалық блоктаудың ажыратқышын сөндіріп, онда тыйым салушы «Адамдар жұмыс істеп жатыр. Қосуғы тыйым салынады» деген плакат іледі.
Жезл блоктауы бар хабарлағышта ажыратқыш кілті жауапты жұмыс жетекшісіне операция журналында тіркеу арқылы беріледі.
200. Фидер тіректері мен бірнеше фидерлі порталдардағы, олардың бірі кернеу астанда болған жағдайда, жұмыстарды наряд бойынша екі жұмысшы атқарады. Олардың бірі электр қауіпсіздігі бойынша кем дегенде IV дәреже иегері, ал екіншісі – III дәрежелі болуы шарт.
Хабарлағыш антеннасының фидер учаскесінің фазаға қарсы сымдары өзара қысқартылып, екі жақтарынан жерге тұйықталады.
Төменгі фидер кернеу астында болған жағдайда, жоғарғы фидерде жөндеу немесе басқа да жұмыстарды жасауға тыйым салынады.
201. Кез келген коммутаторда да, коммутаторлық желіде де антеннаны ауыстырып қосудың алдында хабарлағыштың анод кернеуі сөндіріледі. Антенна аймағындағы, антенна павильондарының ішіндегі немесе техникалық бөлме ішіндегі қызметкерлер фидер сызықтарын нұсқауға сәйкес сөндіріп қосады. Бұл нұсқауда радиоорталығында орнатылған коммутация жүйесі мен сондағы жабдықтардың ерекшеліктері ескерілген.
Фидер бағанындағы немесе бөлек бөлмедегі антенналарды ауыстырып қосудан бұрын, кезекші қызметкер хабарлағыштың анод кернеуін сөндіреді, фидерді жерге тұйықтап, блоктау ажыратқышына «Адамдар жұмыс істеп жатыр. Қосуға болмайды» деген плакат іледі.
Басқа антеннаға штурвалды жетекпен қамтамасыз етілген ток-аударғышсыз көшірілсе, фидер жерге тұйықталады.
Наряд жабылғанда, хабарлағышқа кернеу өткізіледі. Кезекші қызметкер жерге тұйықталуды ажыратып, тыйым салушы плакаттарды алып тастайды.
202. Радиоорталықтардың және олардың өлшемдерінің антенна-фидерлік құрылғыларын жетектерді кернеу астындағы антенна немесе фидер бөліктеріне қосуға байланысты жөнге келтіру жұмыстарында екі қызметкер жұмыс жасауы керек. Олардың бірі электр қауіпсіздігі бойынша кем дегенде IV санатты маман, ал екіншісі – III санат иегері болуға тиісті.
Жұмыстар нарядтар бойынша атқарылады.
Жөнге салу және өлшеу жұмыстары алдында электр қауіпсіздігі бойынша IV санаттағы жұмысшы антенна немесе фидердегі тұрақты кернеудің жоқтығын және статикалық зарядтарды ағызуға арналған жоғары жиілік дроссельдердің жарамдылығын тексереді.
Хабарлаушы радиоорталықтардағы антенна-фидер құрылғыларын жөнге келтіруші (АФУ) өлшеуіш құралдар мен индикаторлар ажыратқыш сапты болу керек.
203. Телевиденияға қатысты антенна-фидерлік құрылғылардың, радиорелелік желілер және УКВ, ЧМ, FM таратқыштары, бір тіректе бірге орналасса, тіректе жұмыс жасау жұмыс орнындағы электр магниттік аймақ кернеуі орнатылған нормалардан аспаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал басқа жағдайда, жұмыс сәйкесінше хабарлағыш құрылғылар сөніп тұрса ғана жасалады.
204. Жер бетінде шіріген қабатының қалыңдығы диаметрінің 10% құрайтын ағаш діңгектер, зәкірлер мен фидерлік бағандарды ауыстыру қажет.
205. Шіріген зәкірді ауыстырғанда, оның тартқышын жаңа, алдын ала жақын маңайда орнатылған зәкірге орнатады.
206. Тұрақты тартқышты уақытша тартқыш орнатылса ғана шешуге болады. Тартқышты жөндеп жатқан кезде тіректе тұруға тыйым салынады.
207. Жерден оқшауланған антенна-діңгектердің негізі жабылатын есігі бар қоршауға алынуға тиісті. Қоршауға «Тоқта. Кернеу» деген жазу ілінеді. Қоршау есігінің кілті ауысым басшысының қолында болады және операция журналында жазылу арқылы беріледі.
208. Тіректерде жұмыс жасап жатқан кезде, антенна-діңгекті жөндеуші адам, қажеттілік туса, өзімен қабылдау-хабарлағыш радиостанциясын, мегафон және телефон алып жүреді.
209. Тірекке монтерлік тырнақпен көтерілуге тірек биіктігі 16 м аспаса ғана рұқсат етіледі. Биіктігі 16 м асатын тіректерге люлькамен (қол немесе электр (тірек биіктігі 60 м асса) жүкарба көмегімен көтерілетін), жеделсатымен немесе арнайы жабдықталған сатымен көтерілуге болады.
210. Фидер сымдарының жер бетіне дейінгі, сонымен қатар, әртүрлі құрылғылардың қашықтығы осы Талаптардың 10-қосымшасындағы шарттарға сай болуы тиіс.
211. Антенна-діңгекпен жұмыс жасаушы люлькада жұмысы барысында оның құрал-саймандары люлька құрылымына бекінген болуы тиіс.
Ұсақ құралдар мен бөлшектер люлькаға бекінген монтер дорбасында жатуы тиіс.
Тірек құрылымында құрал-саймандар мен басқа да заттардың болуы мүмкін емес.
212. Антенна аймақтары мен хабарлаушы радиоорталықтары бөлмелерінде жұмыс жасау барысында адамдар денсаулығына зақым келетін, электр тогы, электр магнит аумағының резонансқа түскен тербелмелі металл контурларға, қанаттарға және сымдарға тигізген ықпалынан пайда болатын жанғыш қоспалардың өртенуі салдарын болдырмау шараларын жасау қажет.
Қауіп аймақтарында жұмыстар жүргізу электр магнит аумағының көзі болатын техникалық құралдардың жұмыс жасау кестесімен келістірілген болуы керек.
Қауіп аймақтарында жарылғыш, өртенгіш және бұрғылап атылатын заттардың орналасуына тыйым салынады.
Қызметкерлер мен жабдықтарды кернеуден қорғау әдісі ретінде келесі заттарды қолдану қажет:
түсетін арқандарды ажырату (ажыратқыштармен секциялау), әсіресе монтаж шүмектерге жүк асып қоятын арқанды;
металл конструкцияларын және конструкцияның оқшауланбаған (ашық) бөліктерін жерге тұйықтау;
электр тізбектерін конденсатормен шунттау;
токөтер тізбектер мен контурларға жоғары жиілік контурлар мен элементтерге қосу;
жабдық пен конструкцияны экрандау.
3-параграф. Көтеру құрылғылары 213. Көтеру құрылғыларында қол немесе электр жетекті жүкарбалар пайдаланылады. Жүкарба көлденең бетте орналасып, жүккөтергіштігі максималды екі есе жұмыс жүктемесіне шыдау керек. Жүкарбалар мен ағызып әкететін блоктар тұрақты (пайдаланылатын) монтаж зәкірлерге бекиді. Арқан күші бар ескі зәкірлерді қолдануға тыйым салынады. Бірнеше жақын орналасқан тіректерде жұмыс атқару үшін жылжышпен немесе доңғалақтармен жүретін зәкір қадаға бекінген жылжымалы жүкарба қолданылады.
214. Электр жүкарбасы электр қозғаушы күшінің білігі барабан білігімен тісті және бұрамдықта беріліс арқылы байланысады. Жүкарбаның қайыс және үйкелме таратқыштарымен, үйкелме және жұдырықшалы муфтамен байланысы мүмкін емес.
215. Жүкарба бөлшектерінің мөлшері механизмді пайдалану және монтаж бойынша паспорт және нұсқамада көрсетілген.
216. Электр жүкарбаны басқару пульті 3 м-ден аспайтын қашықтықта орналасуы тиіс. Пультты электр көзіне пулттың сыртқы жағына бекітілген тіркеуіш арқылы қосады. Бұл пульттің түймелері «жабысқан» кезде, электр қозғаушы күшін жедел токтан ажыратуға мүмкіндік туғызады.
217. Электр жүкарбасының бүкіл ток өткізбейтін бөліктері жерге тұйықталады.
218. Антенна-діңгек жөндеуші қызметкерді көтеріп-түсіретуге арналған люльканы жүкарба тиіп кетіп отырса, люльканың қозғалу жылдамдығы 0,33 м/сек асса, ауырлататын арқан немесе бағыттаушы құралдар (иілгіш немесе қатты) қондыру қажет. Люльканы тиіп кетуден сақтайтын шаралар қолданылады. Иілгіш бағыттаушы құралдар көлденең, еңкейтіліп немесе тік орнатылуы мүмкін, ал шеттері конструкцияға берік бекінген болуы тиіс. Діңгек конструкциясының люлька арқаны немесе антенна төсемінің жанасуын болдырмау қажет.
219. Антенна-діңгек жөндеуші қызметкерлерді таситын бір ауыз діңгекке таситын люлька қоршауға алынбай, емен-қарағай ағаштарынан жасалады. Тақтайдың өлшемдері: 600x300 мм, жуандығы – 50 мм. Люльканы бекіту үшін, тақтайдың бұрыштарына шетінен 50 мм қашықтықта тесік жасап, диаметрі - 7,7 мм-ден 8,7 мм-ге дейін болатын қанат өткізеді. Арқанның шеткі жақтарын тақтайшаның астында диагональ бойынша 200 мм асырмай өреді, ал тесіктер жасаса, онда әр жағынан кем дегенде 5.5 с. Көтерме арқанға тік түйінмен жалғануға тиісті, ұзындығы 1,2 м болатын екі ілмек тақтайшаның үстінде қалады. Көтерме арқанның соңы үш қысқыш арқанмен бекітіледі.
220. Люлькаға тіркелген күйменің өздігінен шешіліп кетуін болдырмай қажет.
221. Адамдарды көтеруге арналған әр қапсырма, ілгек немесе блоктың зауыт паспорты немесе сынақ протоколы болу қажет.
222. Рұқсат етілмейді:
электр механикалық жетек жүйесімен төлкелерде монтаж блоктарын қолдануға, жүкарба көмегімен антенна-діңгек жөндеуші қызметкерлерді орман ағашынан жасалған люлькада тасуға;
құрал-саймандар мен қосалқы бөлшектерден басқа люлькаға кабельдер, шлангтер және басқа да заттар жалғауға немесе салуға;
көтергіш жүкарбаның қасына оларға тікелей қатысы жоқ бөгде заттарды орнатуға.
223. Хабарлағыш жұмыс жасап жатқан уақытта, хабарлағыш антеннаға көтеру арқандарын қоюға болмайды. Сонымен қатар, көтеру құрылғысының блогы арқылы жедел арқан запасовкасын жасау мақсатында синтетикалық жіп өткізіледі. Монтаж және басқа да жұмыс түрлері жасалатын антенна құрылымдары осы жұмыстар жасалып жатқан бүкіл уақытта пайдаланбайды.
224. Адамдар мен жүкті антенна-діңгек құрылымдарына көтеретін көтерме құрылғылары мен оларға көмекші бөлшектер пайдаланылар алдында және периодты түрде әр он екі ай сайын бұл қондырғыларды пайдаланушы, құрамында антенна тобының жетекшісі және антенна-діңгек жөндеуші қызметкер бар, ұйым комиссиясының техникалық куәландыруынан өтеді.
Куәландыру және байқау нәтижесі ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген актіде тіркеледі.
Адамдарды көтеруге арналған көтеру қондырғысы 10 минуттық жүк көтеріп пайдаланылғаннан кейін (қондырғының жүккөтергіштігі 1,5 есеге, ал динамикалылығы 10% ұлғайтылады) қолданысқа беріледі. Жүкарбаны техникалық куәландырудың талаптары осы Талаптардың 1-қосымшасында көрсетілген.
225. Көтеру құрылғыларында болу керек:
1) периодты тексеру журналы;
жүкарба паспорты: типі, қолдану мақсаты, шығарушы зауыты, жасап шығару жылы, зауыт нөмірі, жүккөтергіштігі, тежегіш типі, электр қозғаушы күшінің типі, барабан диаметрі, электр жетегінің приниптік сызбасы (электр жетекті жүкарбалар үшін);
2) блоктар паспорттары;
3) тартқыш орналасуын көрсететін қондыру сызбасы, көтеру және бағыттау арқандары, сонымен қатар, блок бекіту сызбалары.
226. Антенна-діңгекті жөндеуші қызметкер тірекке көтеріліп жатқан кезде, қол жетекті жүкарбаға екі оқытылған жұмысшы қызмет етеді. Электр жетекті жүкарбаға бір адам қызмет етеді. Антенна-діңгекті жөндеуші діңгекте тұрған кезде, жүкарбаға қызмет етіп тұрған адамдарға одан алыстауға тыйым салынады.
227. Электр жүкарбаға көлденең қанатты үстінен, ал қол жүкарбасына астынан әкелу керек.
228. Жүкарбаның электр жетегін «Көтеру» немесе «Түсіру» түймелерінің бірін үнемі басып тұрып басқару қажет. Түймені босатқан кезде электр жетегі сөнуі тиіс.
229. Рұқсат етілмейді:
люлькадан тиесілі бұйрық шықпағанша, адамдарды түсіруге немесе көтеруге (бұйрықты тек бір жауапты адам ғана береді);
люлькада адам болған жағдайда, пультті сөндіруге немесе жөндеуге;
қанатты қолмен бағыттауға;
барабанға бара жатқан қанаттың үстінде тұруға;
жүкарба жұмыс жасап тұрған уақытта, оны тазалау, май жағу, жөндеуге;
екеуден көп адамды бір уақытта люлькамен көтеруге;
қол жүкарбасы тіреуіші бар доңғалағының ысырмасын алып тастауға.
230. Жүкарба люлькасын қауіп аймағына орнату қажет.
231. Әр сайын тірекке көтергенде:
көтергіш жүкарбаны; тіреуіш механизмін, тірегішті, ысырманы, жүкарбаның рамаға, раманың зәкірге бекуін тексеру қажет.
көтеру арқанын запастау кезінде тексереді.
Тексерген кезде арқанның күйіне аса мән берген дұрыс. Ол коррозиямен зақымдалуы мүмкін, немесе оның сымдары жыртылып, ұшқынды разрядтар пайда болуы мүмкін.
232. Қол жүкарбасын қолданғанда, жүкті көтерудің және түсірудің жылдамдығын тұтқаның айналу жылдамдығына байланысты реттейді.
16. Суыту қондырғыларымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік талаптары 1-параграф. Компрессорлық, сорғыш, желдеткіш қондырғылар, ішкі және сыртқы құбыржүргізуші желі мен ауа құбырлары 233. Салқындату қондырғыларымен жұмыс жасауға арнайы оқытылып, білімі тексеруден өткен мамандарға ғана рұқсат етіледі.
234. Радио қондырғыларын салқындататын құралдар болып: компрессорлар, сорғыштар, желдеткіштер, ішкі және сыртқы құбыржүргізуші желі мен ауа құбырлары, градирнялар, бу конденсаторлары, суыту бассейндері табылады.
235. Компрессор, сорғыш, желдеткіш және басқа да қосалқы бөлшектерді бүкіл вентильдерге, клапандарға, жылжытқыштарға өту жолы 0.7 м-ден кем болмайтындай орын қалдырып орнату керек.
236. Қозғаушы күштен компрессорларға, сорғыштарға және желдеткіштерге деген жіберу, сонымен қатар агрегаттардың бүкіл қозғалмалы бөлшектері метал қабыршақпен қапталуы қажет. Агрегаттар жұмыс істеп жатқан уақытта оларды шешуге болмайды. Айналмалы бөлшектердің қаптамасында айналу бағыты көрсетілген тіл салынады. Электр қозғаушы күшінің сыртқа шығарылатын орамасын қаптайды.
Мотор мен желдеткіштерге дыбысты азайту мақсатында ароматизаторлар орнатылады, ауа құбырлары дыбысжұтқыш материалдармен өңделеді, желдеткіштер ауа құбырларына брезент немесе резеңке материалдармен жалғанады. Моторлар мен желдеткіштерді оқшауланған камераларға орналастырған дұрыс. Металл ауа құбырлары жерге тұйықталу керек.
237. Едендердегі бүкіл ашық ойыстар, өткелдер мен көпіршіктер компрессорлық, желдеткіш және сорғыш бөлмелерде биіктігі 1 м кем емес тіреуіш (борттық элементінің биіктігі қоршау негізінің деңгейі мен орта аралық элементінен - 0,15 м) болу қажет.
238. Шамдардың ауа суыту желдеткіштері шуылдың интегралды деңгейі мүмкін нормалардан шығатын болса, аппаратты бөлмеден (шкафтар, тіректер) шығарылып, қапталады. Желдеткіш корпустары мен олардың сөндіргіштері жерге тұйықталады. Ауа жеткізгіш шлангтер шам радиаторларына тимеу керек.
Желдеткіш агрегаттарда, қашықтықтан, басқа бөлмеден басқарылатын сорғыштар мен компрессорлардың электр моторларында жеке сөндіргіш орнату қажет. Ол сөндіргіш апаттық тоқтатуға, жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізгенде қолданылады.
239. Сыртқа тепкіш желдеткіштердің ашық жұтып алатын тесіктері металл тормен қоршалады. Тор ұяшығының өлшемі - 20х20 мм.
240. Компрессор, сорғыш пен желдеткіштердің электр қозғаушы күштерінің қолмен бағытталатын жіберуші қондырғыларының маңайында, еден үсті диэлектр кілемімен жабылған. Ал дымқыл бөлмелерде еден оқшаулау жабындысымен қапталады.
241. Компрессор, желдеткіштер мен сорғыштарды жұмыс жасап тұрған күйінде тазалауға, жөндеуге, сүртуге (сонымен қатар, бұрандамаларды тартуға) болмайды. Агрегат бөлшектерін майлауға тек арнайы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар болғанда ғана рұқсат етіледі. Жөндеу жұмыстарын жасаған уақытта, желдеткіш қалақтары жұмыстарын тоқтатады.
242. Тазалау және жөндеу жұмыстары кезінде насос, компрессор және желдеткіштің қозғаушы күштері қуат көзінен айырылады; насостар мен компрессорлар жүйеден ажыратылып, қысымы алынады. Өзімен қатар резервте орнатылып, жұмыс жасайтын сорғыш арнайы шаралар ұйымдастырылғаннан кейін, турбина болып жұмыс жасамайтындай, (бүкіл сорғыш және желдеткіштер жабық тұруы керек) жөнделеді.
243. Компрессор және сорғыш бөлмелерде, жабылатын темір жәшіктерде шүберектер сақталуы тиіс.
244. Құбырлар мен ауа құбырларының вентильдері мен жапқыштары бөлме еденінен, қауіпсіз сатылардан немесе арнайы алаңдардан қолжетімді жерде тұруы тиіс.
245. Құдықтар, камералар және туннельдер кернеуі 12 В-тан жоғары емес тасымалды электр шамдарымен немесе жарылмайтын аккумулятор жарығымен қамтамасыз етілуі тиіс.
246. Құбырлар мен ауа құбырларындағы бүкіл жұмыстар қысым алынып тастағанда жүргізіледі. Қысымның келуі бекітулі арматурамен берік жабылады. Бекітулі арматураның қолсабында «Адамдар жұмыс істеп жатыр. Ашуға болмайды» белгісін жабыстырып қою қажет.
Құбырды майдан өртеу арқылы тазалауға болмайды.
247. Маңайында жұмыстар жүргізіліп жатқан жабдықтың қозғалмалы немесе токөтер бөліктері қоршалады немесе сөндіріледі.
248. Жүйені қысым астында сынақтан өткізгенде құбырда кез келген жұмыс жасау, сонымен қатар құбырды тарсылдатуға тыйым салынады.