Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мазмұны



бет4/4
Дата12.07.2016
өлшемі0.64 Mb.
#195103
1   2   3   4

Институционалдық құрылым

Тұжырымдамада қойылған міндеттерді орындау үшін қолданыстағы институционалдық құрылымды нығайту, сондай-ақ олардың туристік индустрияны және саланы дамытудағы жалпы өзара іс-қимыл жасау жүйесін күшейту ұсынылады.

Осыған байланысты:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Туризм жөніндегі кеңестің қызметін кеңейту.

2) Бес туристік кластерді дамытуды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы өңірлік туризм басқармаларының қызметін күшейту және кеңейту.

3) Ірі туристік жобаларды әзірлеу жөніндегі функцияларды «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы еншілес ұйымының атынан ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі операторға, туристік кластерлерді дамыту жөніндегі функцияларды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымына жүктеу мүмкіндіктерін қарастыру.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туризм жөніндегі кеңес

Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатын және қызметін орындаудың негізгі үйлестірушісі ретінде туризм саясатын әзірлеудегі жетекші рөлін сақтайды.

Қазіргі уақытта Туризм жөніндегі кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде жүзеге асырады.

Туризм саласындағы уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, туристік салаға инвестицияларды тартуға, Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жанындағы өңірлік туризм басқармалары

Облыстардағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету және өңірлердегі бес туристік кластерді дамыту үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейлерде мемлекеттік басқару құрылымын одан әрі жетілдіру, оның ішінде бекітілген үлгілік құрылымға өзгерістер енгізу және басқармаларға жүктелген функцияларды оңтайландыру арқылы олардың санын көбейту қажет, оның ішінде:

1) ұсынылатын туристік өнімді өңірлік деңгейде (ұзақ мерзімді жоспарда) жобалау және кәсіби әзірлеу;

2) туристік өнімді, жобаларды өңірлік деңгейде жылжыту мен іске асыруға қолдау көрсету және жәрдемдесу;

3) дестинацияларды жылжыту, оның ішінде бренд жасау және имиджді қалыптастыру;

4) туристік дестинацияларды үйлестіру және басқару;

5) туристік ақпараттық орталықтарды тұрақты қолдау, сондай-ақ олардың туристер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;

6) туризм саласындағы уәкілетті органмен туризмді жылжыту жөніндегі жыл сайынғы жедел және маркетингтік жоспарларды келісу;

7) дестинацияларды дамыту және жылжыту үшін арнайы іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу;

8) қонақ үй типіндегі орналастыру орындарына сертификат беру арқылы жіктеу рәсімдерін жүзеге асыру, орналастыру орындарының туристік қызметтерді орындауын бақылауды қамтамасыз ету.

Сонымен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және туризм саласындағы уәкілетті органның өзара іс-қимылын күшейту ұсынылады.


Дамыту және жылжыту

Елдік туризмді дамыту үшін халықаралық тәжірибе көрсеткендей алғашқы кезеңде орындауға мемлекет белсенді қатысатын екі негізгі функцияны атап көрсету қажет:

Ірі туристік жобаларды дамыту

Аталған функция инвестициялық қызметті қызметтің мынадай бағыттары есебінен қайтарымды негізінде жүзеге асыруға бағытталған:

1) ілеспе бағдарламаларды, атап айтқанда, құрылыс және негізгі инфрақұрылым саласындағы қолдау және іске асыру;

2) түйінді ұлттық жобаларға қатысуға туристік жобалар инвесторлары мен операторларын тарту, осындай жобаларды жоспарлау мен дамытуда негізгі рөлді орындау және ізінше;

3) басқарма есебінен туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асырудан табыс табу және іске асыру үшін инвесторлар мен операторлардың жер учаскелерін пайдалануға/меншікке беруді жүзеге асыру.

Компанияның жылжымайтын мүлік саласындағы жобаларды дамытудағы тәжірибесін ескере отырып, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ атынан «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымына аталған функцияны беруді қарау ұсынылады.


Ұлттық туристік кластерлерді дамыту

Туризмді дамыту контексінде бәсекеге қабілетті кластерлерді құрудағы түйінді бағыттар имидждік стратегияны іске асыру және «жұмсақ» инфрақұрылымды дамыту болып табылады, ол мынаны білдереді:

1) туристік брендті әзірлеу және туризмді ел ішінде, сондай-ақ шетелде де жылжыту;

2) халықаралық туризм мектебі бар біріккен кәсіпорындар мен қонақ үй бизнесін құру;

3) конференц-бюро құру;

4) іс-шараларды кәсіби деңгейде дамыту;

5) аумақтарды туристендіру;

6) құзыреттілік деңгейін және қызмет көрсету саласында көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бөлігінде ШОБ-ты дамытуды қолдау;

7) туризмді дамытуда мәселелерді шешу саласында өңірлік билік органдарына талдамалық қолдау көрсету.

Имидждік стратегия

Имидждік стратегияны дамыту шеңберінде мынадай шараларды шешу мүмкіндігін қарастыру:

1) халықаралық нарықтарда жұмыс істеу үшін туристік бренд әзірлеу, сондай-ақ іздестіру маркетингі (SEM) арқылы ақпаратты, мамандандырылған вебсайттардағы баннерлерді, мобильді жарнаманы орналастыруды, Веб (Web) 2.0 құралдарын жылжытуды қоса алғанда, интернет-маркетинг, сондай-ақ Қазақстан бойынша барлық туристік ұсыныстарды көрсететін және онлайн-брондау функциясын ұсынатын мамандандырылған онлайн-тұғырнама құру;

2) негізгі нарықтарда Қазақстанның туристік өкілдіктерін ашу. Бірінші кезеңде Ресейде, Гонконгте бір өкілдік және Батыс Еуропа елдері үшін біреуін ашу ұсынылады, кейіннен азиялық нарықты анағұрлым толық қамту, сондай-ақ Еуропадағы өкілдіктер санын ұлғайту жоспарланады;

3) қазақстандық туристік компаниялардың өз туристік өнімдерін халықаралық нарықта, оның ішінде халықаралық туристік көрмелерге қатысуын ішінара субсидиялау есебінен ілгерілетуіне қатысуын ынталандыру;

4) Қазақстанның туристік өнімдерін ақпараттандыру және жылжыту мақсатында көшпелі іс-шараларды, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен туризм индустриясының шетелдік кәсіпқойлары үшін Қазақстан бойынша таныстыру турларын ұйымдастыру.


Жылдам әсер ету шаралары

Қазақстанда туристік саланы дамыту келесі екі жылда мынадай талаптарды орындаған кезде сезілетін коммерциялық нәтижелерге алып келуі мүмкін:

1) белгілі бір туристік өнімдерді тиісті жиынтықтау және коммерциялау;

2) Қазақстанның ішінде, сондай-ақ Қазақстан мен басқа елдер арасында әуе қатынастарының көлемін ұлғайту және оның құнын азайту;

3) жылжыту жөніндегі нақты іс-шараларды кәсіби айқындау және іске асыру.

Жоғарыда көрсетілген өлшемдердің негізінде мынадай «жылдам нәтижелерге» қол жеткізуге болады:

1) халықаралық конференциялар мен ірі оқиғалар басымдығы жағдайында Астана және Алматы қалаларында MICE-туризм өнімдерін жасау;

2) конференц-бюро халықаралық кездесулер нарығында Астана мен Алматы қалаларының тиімді жылжуын және өкілдік етуін қамтамасыз ете отырып, қалалық билік пен бизнес арасындағы үйлестіруші және байланыстырушы буын болып табылатын мемлекеттік мамандандырылған компания құру, сондай-ақ бір жыл ішінде күзгі-қысқы мезгілде жаңа іс-шараларды тарту арқылы туристік инфрақұрылым жүктемесін дұрыс бөлу;

3) Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан кластерлерінде, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша бірнеше турлар әзірлеу;

4) жылжыту жөніндегі онлайн-іс-шаралар, оның ішінде Гугл Жер Планетасы және Трип Эдвайзор (Google Earth и TripAdvisor) сияқты жетекші интернет-тұғырнамаларда және «Facebook» және «Twitter» секілді әлеуметтік желілердің көмегімен іс-шаралар өткізу.

Ірі туристік жобаларды іске асыру және құрылған инфрақұрылым объектілерін, туристік ресурстарды кейіннен басқару үшін жоғары буынды туризм мамандарына, туристік индустрия басқарушыларына қажеттілік туындайды. Осыған байланысты Назарбаев Университетімен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Сонымен қатар, 2015 жыл ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы мен ішкі менеджмент жүйесін арттыру мақсатында, оның ішінде Мемлекет басшысының Австрия Республикасына сапары шеңберінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған Австриялық WIFIINTERNATIONAL компаниясын тарта отырып, туризм саласындағы туристік компаниялар мен орналастыру орындары объектілерінің басшылары үшін біліктілікті арттыру жөніндегі тренингтер мен курстар түрінде оқыту жүйесін енгізуді жүзеге асыру ұсынылады. Туристердің ағымдағы ағыны үшін ақпарат ұсыну мақсатында Астана және Алматы қалаларында пилоттық «сапар-орталықтарды» іске қосу ұсынылады.

Сонымен бірге, елдегі туризмді дамытудың қазіргі қарқынын ескере отырып, сондай-ақ экономикаға мультипликативтік әсерді оңтайлы ұлғайту мақсатында тиісті салалық бағдарламалар мен жоспарларға аралас секторларды басым дамытуды бір мезгілде енгізу қажет болады, оның ішінде:

1) тамақ өнеркәсібі, оның ішінде ұлттық өнімдер (азық-түлік өнімдері, сусындар өндірісі);

2) қонақ үйлер мен туристік объектілер салу жөніндегі жобалау және құрылыс қызметтері;

3) ойын-сауық және демалыс индустриясы, оның ішінде кино индустриясы, ойын-сауыққа арналған бұйымдар, ойыншықтар жасау, ойын-сауық саласындағы қызмет және т.б.;

4) қолөнердің барлық түрлері, оның ішінде ұлттық кәдесый өнімі;

5) тамақтандыру индустриясы, оның ішінде қазіргі заманғы ұлттық асхана.
5. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КӨЗДЕЛЕТІН

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ

Тұжырымдаманың бірінші, екінші және үшінші кезеңінде мынадай төменде тізбеленген міндеттерді іске асыру:



  1. бәсекеге қабілетті туристік өнімді әзірлеу және дамыту;

  2. туристік дамытуды жоспарлау, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

  3. жұмыс істеп тұрғандарын дамытуды қамтамасыз ету және жаңа туристік инфрақұрылым құру;

  4. өңірлерде туристік кластерді дамыту;

  5. туристік индустрияны дамытуды салықтық ынталандырудың қосымша шараларын жасау.

Нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу арқылы болжанады, оның ішінде:

  1. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы;

  2. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы;

  3. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Заңы;

  4. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы;

  5. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңы;

6) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шiлдедегi Заңы;

7) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының


2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңы.


Қысқартылған сөздер тізімі:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:

Институттар мен компаниялар:

SMIT – Морокко туризмдегі инжирингілік қоғамы

ЮНВТО – Дүниежүзілік туристік ұйым

ЮНЕСКО – Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар ұйымы



Елдер мен өңірлер:

EО – Еуропалық Одақ

БАӘ – Біріккен Араб Әмірліктері

Басқа да пайдаланылатын терминдер мен қысқартулар:

MICE – кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар/форумдар және көрмелер/оқиғалар

SEM (ағылш.searchengineemarketing) – іздеу маркетингі

ЖІӨ – жалпы ішкі өнім

МҰТП – мемлекеттік ұлттық табиғи парк

ШОБ – шағын және орта бизнес

ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақ

ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме



___________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет