Кәсіпорын қаржылары оның өндірістік – шаруашылық қызметі барысында пайда болатын және оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды сипаттайды.
Қаржылық қатынастар құрамында кәсіпорынның ақшалай қатынастарының келесідей топтарын бөліп көрсетеді:
контрагенттермен – бастапқы табыстарды қалыптастыру және шаруашылық ішіндегі мақсатты қорларды құру мен қолдану бойынша (жарғылық капитал, жинақтау мен тұтыну қорлары);
ұйымдар мен кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу бойынша, бұл жағдайда қаржылық ресурстардың қозғалысы қор сипатында емес түрде жүзеге асырылады (келісім шарттық міндеттемелерін бұзған жағдайда айыппұл төлеу, әртүрлі пайлық салымдар салу, бірлескен қызметтен түсетін пайданы үлестіру, мемлекет пен басқа да кәсіпкерлік ұйымдардың құнды қағаздарын сатып алу, олардан дивидендтер алу);
өнім тұтынушылармен – кәсіпорындар олармен байланысқа түсе отырып келісім – шарттардың түрлері мен нысандарын өзі таңдайды. Міндеттерді орындау шарттары мен санкцияларды пайдалану тәртібін өздері анықтайды. Өз өнімдеріне деген бағаны өздері қалыптастырады. Жабдықтаушылар бағаларының негізділігін өз бетінше анықтайды. Жоғарыда аталған факторлар кәсіпорынның қаржылық шекті нәтижелеріне біршама әсер етеді;
сақтандыру ұйымдарымен – міндетті және ерікті сақтандырудың әр түрлі түрлерін таңдау бойынша;
банктік жүйемен – қарыздарды алу және өтеумен, пайыздарды төлеумен байланысты есепті-кассалық қызмет көрсету бойынша, сонымен қатар банктерге өзінің бос ақша қаражаттарын белгілі бір ақы үшін уақытша пайдалануды ұсыну бойынша;
мемлекетпен – бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құрастыру және қалыптастыру, қолдану бойынша. Ақшалай қатынастардың бұл тобы бюджетке және бюджеттен тыс қорларға алуан түрлі салықтарды, алымдарды, жарналарды және т.б. төлеу арқылы жүзеге асырылады. Екінші жағынан, өндірістік емес сфераны, мақсатты бағдарламаларды және т.б. бюджеттік қаржыландыру түрлері жүзеге асырылады;
Достарыңызбен бөлісу: |