Ќазаќстан республикасыныѕ


жоғарғы басшылық құрылымдармен



бет54/62
Дата20.10.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463062
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
ОҚӘ Кәсіпкерлік қызмет негіздері пәні бойынша

жоғарғы басшылық құрылымдармен – кәсіпорын ішіндегі қаржылық ресурстарды қайта үлестіру бойынша «тікелей» және «көлденең» өзара байланыстар.

Жоғарыда аталған қаржылық қатынастар үшін ортақ нәрсе, ол:

  • олардың ақшалай нысанда сипатталуы және ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелеуі;

  • екі жақты сипатқа ие болатындығы және кәсіпорынның нарықтың басқа да қатысушыларымен белгілі бір шаруашылық операцияларының нәтижесі болып табылатындығы;

  • ақшалай қаражаттың қозғалу үрдісінде, қаржылық қарым – қатынастық негізінде әр түрлі бағыттағы кәсіпорынның ақшалай қорлары қалыптасады.

Кәсіпорынды қаржыландыру көздері - ішкі (меншікті капитал) және сыртқы (қарыз және тартылған капитал) болып бөлінеді. Ішкі қаржыландыру өз қаржысын пайдалануды, оның ішінде ең алдымен – таза пайда мен амортизациялық аударымдарды пайдалануды қарастырады.
Ішкі және сыртқы көздерден түсетін қаржы ресурстарының құрамы 12 – суретте келтірілген.

Өз қаражаты есебінен қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар:

  • кәсіпорын пайдасынан толтырылу есебінен оның қаржылық тұрақтылығы артады;

  • өз қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұрақты түрде жүргізіледі;

  • сыртқы қаржыландыру бойынша шығындар азаяды (несие берушілерге қарыз бойынша қызмет көрсету);

  • қосымша шығындарды жабу көздері алдын-ала белгілі болғандықтан, кәсіпорынды дамыту бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісі жеңілдейді.

Кәсіпорынның өзін – өзі қаржыландыру деңгейі тек оның ішкі мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортасына (мемлекеттің салықтық, амортизациялық, бюджеттік, кедендік және ақша- несие саясатына) да байланысты болады.
Негізінде, кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін қаржыландырудың негізгі ішкі көздері пайда мен амортизациялық аударымдар болып табылады. Кәсіпорын пайдасы оның шекті нәтижесі болып өндірістік қызмет үрдісінің барысында қалыптасады. Бәсеке жағдайында еңбек ұжымы пайданың өсуіне мүдделі болып табылады. Өйткені ол өндірістің өсуінің, сәйкесінше кәсіпорын қызметкерлерінің әл – ауқатының жақсару көзі болып табылады. Бірақ, кәсіпорынның мұндай көз ретінде жалпы табыс емес, тек оның бюджетке барлық салықтар мен төлемдерді төлеп болғаннан кейінгі таза пайдасы болып табылады. Ол резервтік қорды, жинақтау және тұтыну қорларын қалыптастыру үшін қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында қаржыгерлер «капитал» түсінігін негізге алады, ол пайданы алу үшін әсер етудің нақты объектісі болып табылады. Капиталдың және қаржылық ресурстардың табиғаты бір, ол – ақшалай қаражаттар. Бірақта капитал – бұл кәсіпорынмен айналысқа жіберілген және осы айналымнан табыс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі. Бұл жағдайда капитал ұзақ уақыт бойынша ақша қаражаттары түрінде қала алмағандықтан қаржы ресурстарының айналмалы түрін сипаттайды.
Амортизациялық аударымдар негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтердің тозу құнының ақшалай сипаттамасын бейнелейді.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарының сыртқы көздерінің мәні артуда. Олардың ішінде жаңа түрлері пайда болуда, оларды қалыптастыру құрылымы өзгеруде.
Сыртқы қаржыландыру мемлекеттің, қаржы – несие ұйымдарының, қаржылық емес ұйымдардың және азаматтардың қаражаттарын қолдануды қарастырады. Сонымен қатар, ол кәсіпорын құрылтайшыларының ақшалай қаражаттарын қолдануды қарастырады. Қажетті қаржылық ресурстарды осы әдіспен тарту ең қолайлысы болып табылады. Өйткені ол кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және кейіннен банктік несиелерді алу шарттарын жеңілдетеді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметі қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес, оған мыналар жатады: банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ұйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын шығарудан және сатудан түскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік қаржы және т.б.
Қарыздық қаражаттарды тарту кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетуге, жасалатын шаруашылық операцияларының көлемін көбейтуге, аяқталмаған өндірістің көлемдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Бірақ, аталған қаржыландыру көзін пайдалану кәсіпорынға өзіне жүктелген қарыз міндеттемелерінің орындаумен байланысты белгілі бір мәселелердің туындауына әкеледі. Қарыз ресурстарын тартумен қамтамасыз етілген қосымша табыс мөлшері несиені төлеу бойынша шығындарды жапқанша, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болып қала береді, ал қарыз капиталын тарту тиімді болады.
Бұл көрсеткіштер теңестірілген жағдайда, қосымша табысты қамтамасыз етпейтін қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарыз көздерін тарту мәселесі пайда болады. Несие бойынша қарыздың шығындары оны пайдаланудан түскен қосымша табыстардан артқан жағдайда, ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауы әдбен мүмкін.
Осылайша, қарыздық капитал негізінде қаржыландыру онша тиімді емес. Өйткені несие берушілер ақша қаражаттарын қайтымдылық және төлем есебінде ұсынады, яғни өз ақшаларымен кәсіпорынның меншікті капиталына қатыспайды, тек қарыз беруші ретінде шығады.
Қаржыландырудың әртүрлі әдістерін салыстыру кәсіпорынға қаржылық қамтамасыз етудің оптимальды вариантын таңдауға, қызметті пайдаланудың ағымдағы және күрделі шығындарын жабуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет