Ќазаќстан республикасыныњ



бет20/35
Дата11.10.2023
өлшемі385.5 Kb.
#480446
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Ќазаќстан республикасыныњ

Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін- өзі тануды тереңдету. Қайғы- уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке тереңде жатқан эмоцияларын ашық және әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық проблемаларды (күнделікті тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің және топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен көрсетеді, оның проблемасына қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әрекеттер проблеманы анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті, аффективті және қылық- әрекеттік стильдер анализделеді, проблеманы шешудің конструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады. Психодраманы құрайтын әрекеттер мен дене қимыл- қозғалыстары вербалсыз қылық- әрекеттер сигналы сияқты, өзін және басқаларды танудың маңызды бастамасын қолдану мүмкіндігін арттырады.
Топтық психодрама жұмысы клиенттің өзі таңдаған тақырыбы бойынша сюжетті- рөлдік ойын формасында жүргізіледі. Психодрамадағы рөлдер туындаған проблемаларды терең түсінуге және шешуге ықпал ететіндей беріледі және орындалады. Психодрама өзінің сезімдерін вербализациялауда қиындықтары бар клиенттерге көмектесуге бағытталған. Психодрамалық ситуацияда клиент бір мезгілде өзінің драмасының басты кейіпкері де, оның шығарушысы да, өзін және өзінің өмірін зерттеуші де болып табылады.
Бұл әдіс ауытқушы мінез- құлқы бар балалар мен жеткіншектердің адекватты емес эмоционалды реакцияларын жою үшін және әлеуметтік перцепция дағдыларын өңдеу үшін қолданылады. Терапевтикалық драматизацияның әр- түрлілігі үшін А. Вольтман биодрама және қуыршақ драматизациясын қолданады. Биодраманың ерекшелігі, мұнда балалар арасында аңдар рөлі бөлінеді. Бұл әдістің авторлары балаға, әсіресе мектепке дейінгі балаларға өзінің рөлін алғаннан гөрі, жануарлардың рөлін алған жеңілге түседі деп санайды. Қуыршақ драматизациясы кезінде үлкендер балалардың алдына оның конфликтерін немесе оған деген маңызды ситуацияларды қуыршақ спектаклі арқылы көрсетеді.
Басқа да формасы болуы мүмкін, яғни топ мүшелерінің біреуі театрленген формада өзінің өмірі жайында әңгімелеп береді.
Психодраманы топтық жұмыстардың басқа әдістемелерімен (мысалы топтық дискуссия, психогимнастика) комплексті түрде қолданған тиімдірек болады.
Топтық жұмыстың құрамдас бөлігі ретінде психодрама эмоционалды бұзылулармен коррекциялық жұмыста, кейбір психосоматикалық ауруларда, балалармен және жеткіншектермен жұмыста, сонымен қатар жанұялық психокоррекция жұмысында кең түрде қолданылады.
Әңгімелеуші таңдалынған жұмыс формасына байланысты қатысушы немесе көрермен бола алады. Психодраманы жүргізудің маңызды шарты- топтағы жағымды атмосфера, әрекет- қылықтың еркіндігі және импровизация. Маңызды ситуацияларды қайтадан бастан кешіру арқылы, адам проблеманы, өзінің әсерлену жолдарын, жағдайға деген қатынасын, құндылықтарды, нақты іс- әрекеттерді жаңаша түсінеді. Ол қарым- қатынас құрудың жаңа мүмкіндіктерін аша бастайды.
Психодрамада катарсистік эффектіге басты назар аударылады. Ол ішкі конфликтердің әсерінен пайда болады және психодрамалық әрекет кезінде сыртқа шығады.
Психодраманың элементтері басқа бағыттарда да кең қолданылады: гештальттерапияда, қылық- әрекеттік терапияда, әлеуметтік- психологиялық тренингте, іскерлік ойындарда, т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет