Ќазаќстан республикасыныњ



бет19/35
Дата11.10.2023
өлшемі385.5 Kb.
#480446
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Ќазаќстан республикасыныњ

Топтық психотерапия.
Кеңес берудің топтық формалары. Топтық терапияның даму тарихы. «Топтық динамика»,Курт Левин мектебінде «алаң» түсініктерінің қолданылуы. Топтағы динамикалықпроцестер. Топтық терапия процесінің кезеңдері. Лидер және әртүрлі терапевтік топтардағы жұмыс. Тренердің ролдік позициясы. Әлеуметтік –психологиялық тренинг. Тренинг топтар; тарихы, дамуы, негізгі түсініктері және жүргізілу барысы.


Кездесу топтары.
Тарихы және дамуы. Негізгі түсініктері, өзін ашу, өзіндік сана сезімі, жауапкершілік, сезімдеріне назар аудару,, осы жерде және қазір. Негізгі жүргізілу барысы,байланыс, сенімді қатынас орнату, дау-дамайды зерттеу, қарсылық білдіруді зерттеу, қолдау көрсету. Бағалау; жетістіктері және шектеулері.
Психодрама
Тарихы, дамуы, негізгі түсініктер (ролдік ойын, катарис, инсайт) және жүргізілу барысы. Бағытты бағалау. Психодрама дағдыларына үйрету.
§ 1.Әдістемеге сипаттама
Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды проблемаларымен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген.
Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892- 1947) соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды.
Мореноның ойынша, психодрама әсер ету әдісі ретіндегі ойлары- өзінің театрындағы бір актердің қалыңдығы жайлы проблемаларымен бөліскеннен кейін пайда болды. Топпен жұмыс кезінде Морено сол актерды жеке проблемаларымен қоса сахнаға шығарады. Бұл эксперимент қалыңдығы мен күйеуіне де, сонымен қатар бүкіл топ мүшелеріне де пайдалы болды.
Осы сияқты топтық эксперименттерін Морено одан әрі жалғастырды. Морено өзінің әдістемелерін жасауда адмның ойнауға деген табиғи қабілеттерін негізге алды. Ситуацияларды ойнау кезінде аяқ- астылық, креативтілік, ситуацияға қатысушылардың арасындағы жалған эмоционалдық байланыс, катарсис пайда болады, ал бұл өз кезегінде шығармашылық белсенділік пен инсайтты тудырады.
Психодрамада адамға өзінің проблемаларына шоғырланған кейіпкер ролі беріледі. Осылайша, ол психолог бағыттаған импровизацияда өз сезімдерін еркін білдіре алады, ал басқа актерлер оның шын өміріндегі басты персонаждарды ойнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет