Ќазаќстан республикасыныњ


Кеңес берудің кеңістіктік және уақыттық аспектілері



бет2/35
Дата11.10.2023
өлшемі385.5 Kb.
#480446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Ќазаќстан республикасыныњ

Кеңес берудің кеңістіктік және уақыттық аспектілері.
Кеңес берудің кеңістігіне келетін болсақ, бұл жұмысты жүргізу үшін, жайлы бөлме немесе үлкен бөлмеде арнайы бөленген бұрыш болуы керек. Клиентті есікке арқаымен отырғызып, кеңес беру процесінде болатын әңгімеге назарын аудару керек. Ең ыңғайлы варианты – психолог пен клиент арасында қашықтық болу керек. Екеуінің арасындағы арақашықтық тым жақын болмағаны жөнінде олардың аяқтары еркін сыятын, керек кезінде еркін отырып тұра алатындай болу керек.
Бөлмеде устел міндетті түрде болады, онда керекті жазбалар болады. Үстелдің үстінде немесе қабырғада ілулі тұрған сағат та – маңызды атрибут. Оған қарап белсенді жұмыс жасау керектігі ескеріледі.
Сонымен, психолог бөлмесі келесі жабдықтармен жабдықталуы керек: жұмыс үстелі, 2 кресло және журналдарға арналған үстелше, орындықтар, кілем, лампа, құжаттарға арналған шкаф, сейф, компьютер (принтер), көрнекі құралдар (тестер, сұрақтар, фигуралар, приборлар) және телефон.
Сейфте «Қызметтік қолдану үшін» деген жазу болуы керек және онда келесі құжаттар сақталады:

  • Психологиялық-педагогикалық тексерулердің жекелей картасы (паспорт);

  • Жекелей кеңес беруді тіркеу журналы;

  • Тест материалдары, олардың жауап-кілттері және олардың анализдері;

  • Келіп түскен және жіберуге керек құжаттар;

  • Психологиялық-педагогикалық консилиум және медико-психолопедагогикалық тексеру материалдары.

Психолог өзінің кеңес берулік жұмыстарын орындаған «жұмыс түрлерін тіркеу» журналына енгізіп отырады. Сонымен қатар жазбаша түрдегі педагогикалық кеңес бекіткен жұмыс режимі, жекелей және топтық кеңес беруге алдын ала жазылу журналы, барлық методологиялық материалдар мен әдебиеттер картотекасы болу керек. Қосымша мына ақпараттар болуы мүмкін:

  • Педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің үй телефондары;

  • Арнайы кеңес беру орталықтары мен медико-психологиялық кеңес беру орталқтарының тізімі мен сенім телефондарының номерлері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет